Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
3. Қолжетiмдiлiк
|
3.1. Қызметтi ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерiсi
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына
қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
|
|
|
«Бала тууға және бала күтiмi
бойынша жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдарының тiзбесi
Р/с
№
|
Комитеттiң аумақтық органының атауы
|
Комитеттiң аумақтық органы орналасқан заңды мекенжай (индекс, қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) № )
|
Телефон нөмiрi, электронды поштаның мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Ақмола облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесi, 179 а
|
8-7162-76-38-61 mt_kokshetau_org@gcvp.kz
|
2
|
Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 101
|
8 (7132) 56-76-43 mt aktobe omk@gcvp.kz
|
3
|
Алматы облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Алматы қаласы, Мәуленов көшесi, 92 (бұрынғы Абылай хан даңғылы, 93/95)
|
8 (7272) 67-71-94 mt_almaty2@gcvp.kz
|
4
|
Атырау облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Атырау қаласы, Махамбет көшесi, 118 б
|
8 (7122) 35-56-18 depatyrau@mail.kz
|
5
|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 32
|
8 (7232) 47-15-33 DPVKO@yandex.ru
|
6
|
Жамбыл облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Тараз қаласы, Абай даңғылы, 120 в
|
8 (7262) 45-96-22 deptaraz@enbek.kz
|
7
|
Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Орал қаласы, Сарайшық көшесi, 44/2
|
8 (7112) 50 68 28 depzko@enbek.kz
|
8
|
Қарағанды облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Қарағанды қаласы, Ермеков көшесi, 73
|
8 (7212) 432097 mt_karaganda@mintrud.kz
|
9
|
Қостанай облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесi, 4
|
8 (7242) 50-04-17 depkost@enbek.kz
|
10
|
Қызылорда облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Қызылорда қаласы, Жақаев көшесi, 47
|
8 (7142) 27-28-15 depkyzyl@enbek.kz
|
11
|
Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, 7
|
8 (7292) 60-52-44 mt_aktau@mintrud.kz
|
12
|
Павлодар облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 59
|
8 (7182) 32-29-28 deppavlodar@enbek.kz
|
13
|
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64
|
8 (7152) 46-86-06 depsko@enbek.kz
|
14
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 а
|
8 (7252) 50-01-44 mintrud_shym@mail.ru
|
15
|
Астана қаласы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Астана қаласы, Иманбаева көшесi, 68а
|
8 (7172) 20-07-72 astana_dmtszn@mail.ru
|
16
|
Алматы қаласы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтiк қорғау комитетi
|
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2
|
8 (7272) 79-58-01 mt_depalmaty1@gcvp.kz
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы
№ қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 393 қаулысымен
бекiтiлген
«Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлiгiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетедi.
Өтiнiштердi қабылдау және рәсiмделген құжаттарды берудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдiк орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1, 2-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау және төлеудiң ережесi 2-тарауының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiндегi, орталықтағы стендiлерде;
5) порталда орналастырылады.
Мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде немесе орталықта:
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама беру не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап.
2) порталда:
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелдi жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) орталық уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама бередi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде мемлекеттiк қызмет алушының өтiнiшi немесе мемлекеттiк қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тiркелген сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде.
Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде алушыны немесе орталықты хабардар етедi.
Порталда мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу – уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ақпараттық жүйесiне сауал түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.
2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн (тiркеу, талон алу кезiнде) мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Жұмыс кестесi:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
Мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн азаматтарды қабылдауды кезекшi мамандар жүргiзедi.
Қабылдау алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
2) орталықта – мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электронды кезек» тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Мобильдi орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бiрақ бiр елдi мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;
3) порталда – тәулiк бойы.
10. Мемлекеттiк қызмет мыналарда көрсетiледi:
1) қызмет көрсетiлетiн уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң жеке кiреберiс, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажеттi құжаттарды дайындау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимаратында.
Уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерiнiң үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.
2) мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттық стендiлер бар.
3) порталда – жеке кабинетте.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;
4) өтiнiш берушiнiң (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (мекенжай анықтамасы не селолық округ әкiмдерiнiң анықтамасын).
Салыстырып тексеру үшiн жәрдемақы тағайындауға қажеттi құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi не нотариалды расталған көшiрмелерi уәкiлеттi ұйымның бөлiмшелерiне ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары және құжаттардың қабылданғандығы туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады.
Мемлекеттiк қызмет алу үшiн алушы орталық арқылы өтiнiш бергенде осы тармақтың 2) – 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн:
1) уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызмет үшiн өтiнiш берген мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiнде уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң маманы бередi.
2) орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
3) портал арқылы мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу туралы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.
13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.
2) орталықта «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
1) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi;
2) орталыққа өтiнiш бергенде:
сұраудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
орталық құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты, және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
3) портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алатын күнi мен уақыты көрсетiлген мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
15. Мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнде, орталықта алушы жеке өзi келген кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алушы қызметтiң нәтижесiн алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
Алушы портал арқылы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiне жiберiледi.
16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
Орталық қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат берiледi.
Мемлекеттiк қызмет алушы көрсетiлген кемшiлiктердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздемелерде қаралады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.
Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) тiкелей уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң басшысына. Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны басшысының атына берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
24. Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн субъектiге немесе лауазымды адамға жолдануы керек.
Шағымда оның тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке тұлғасын куәландыратын құжатта болғанда), пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтiнiш беру себебi және талаптары көрсетiледi.
25. Қабылданған шағым уәкiлеттi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмдерде қаралады. Өтiнiш берушiге күнi мен уақыты, өтiнiштi (шағымды) қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi. Өтiнiш берушiнiң шағымын қарау нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық кеңсесiнде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнында тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» Әкiмшiлiк ғимараты, 6-кiреберiс және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.
«Арнаулы мемлекеттiк
жәрдемақыны тағайындау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |