Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі №215 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет7/12
Дата09.07.2016
өлшемі1.21 Mb.
#187332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
22-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Сынақ бір операциямен немесе екі операциямен жүргізіледі.

415. Айырлары бар блогтар сынамалы жүктің іліктірілуі арқылы ол Қағиданың 23-қосымшасында көрсетілгендей сыналады.

416. Өндірісі шығарушы-зауытпен жүзеге асырылатын стандартталатын ауыстырылатын бөлшектердің басты үлгілері, сондай-ақ ауыстырылатын бөлшектері екіреттенген сынамалы жүктемеге тең келетін шекті жүктемемен осы Қағиданың 408-тармағына сәйкес жүргізіледі; Кеме қатынасы тіркелімі мұндай сынақтамаларды басты алмалы-салмалы бөлшектерге де талап ете алады. Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша ауқымды жүк көтергіш бөлшектері (10 т және одан да асатын) егер сынамалы жүктеменің сынауының нәтижелері бойынша олардың жеткілікті беріктілігі расталса олар сынамадан өткізілмеуі де мүмкін.



Кеме қатынасының тіркелімі жасалып шығарылатын ауыстырылатын бөлшектердің сапасының кезеңі бойынша тексерілуін талап ете алады; мұндай сыналуға тиіс бөлшектердің саны Кеме қатынасы тіркелімімен келісім арқылы анықталады.

Егер шекті жүктеме кезінде ол қирап қалмаса, онда бөлшек сынақтан өтті деп саналады. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бөлшектің қирауына дейін жеткізілетін сыныманы жүргізуді талап етеді.

Шекті жүктемемен сынақталған бөлшектер пайдаланылмайды және жөнделмейді.

Шекті жүктемемен сынақтан өткізу шығарушы-зауытпен Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің қатысуымен өткізіледі. Сынау нәтижелері шығарушы-зауыттың актісінде жазылады және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен расталады.

417. Басты үлгілердің өзіндік көлемдері немесе алмалы-салмалы бөлшектердің сериялы емес жекелеген бұйымдары өлшеніп белгіленуі керек.



 

 

46. Жүк көтергіш құрылғыларды жинау кезінде сынау және куәландыру



 

418. Зауытпен жинақталған күйінде шығарылатын крандар, шығырлар мен тартпалар осы Қағиданың 24-қосымшасында көрсетілген жүктеме кезінде кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған сынау бағдарламасына сәйкес шығарушы-зауытта Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің қатысуымен сыналып, куәландырылады.



Осы сынаулар мен куәландыруларды өткізу құзыретті тұлғаның қолы қойылған шығарушы-зауыт құжатының сертификатымен расталады.

Сыналған крандардың, шығырлардың, тартпалардың таңбалануы және таңбалануы осы Қағиданың 51-тарауына сәйкес жүргізіледі.

Жүктемеге ұшырайтын бөлшектерді жылумен оқшаулау және бояу сыналып, куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.

419. Сынау және куәландыру алдында кемеге жүк көтергіш құрылғыны орнатқаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне құзырлы тұлғаның қолы қойылған тиісті куәліктер ұсынылуы тиіс; жұмыстың операциялық бақылануы және дәнекерленген қосылулар сапасы бойынша актілер; материалдар мен бұйымдарға және термиялық өңдеу жұмыстарының өткізілуіне арналған сертификаттар;



Жаңғырту және жөндеу жұмыстарынан кейінгі жүк көтергіш құрылғыларының конструктивті өзгерістері кезінде ұсынылатын құжаттама көлемі жүргізілген өзгерістерге сәйкес келуі қажет.

Пайланудағы және қайта жабдықтауға ұшырамаған жүк көтергіш құрылғыларын сынау және куәландыру кезінде ұсынылатын құжаттама көлемі Қағиданың жоғарыда көрсетілген 50-тарауына сәйкес келуі қажет.

420. Жүк көтергіш құрылғы кеме жинақталуы кезінде дайындалған түрінде ұсынылуы қажет.

Сынау алдында құрылғы зауыттың кемеде монтаж бен орнатуды жүзеге асырған жауапты тұлғамен немесе сынаудан өткізуге жауапты тұлғамен толық куәландырылуы тиіс. Егер куәландыру кезінде сынау кезінде қауіпсіздікке әсерін тигізетін ақаулар табылмаса, құрылғы сынаудан өткізілуі үшін ұсынылуы тиіс.

421. Кемеде жүк көтергіш құрылғыларын орнату кезінде пайдалануға енгізу алдында барлық крандар, шығырлар және соларға қатысты бөлшектер осы Қағиданың 24-қосымшасы бойынша сынама жүктемден өткізіледі.



Алғашқы және кезең бойынша жүргізілетін куәландыру кезіндегі сынамалар сынама жүкпен ғана жүргізілуі тиіс. Кезең бойынша сынама арасында жүктемені алып жүретін қандай да бір бөлігінде ауыстыру немесе жөндеу аяқталғаннан соң (мысалы, ескертулерді шектегеннен кейін немесе/және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен қойылған талаптарды орындағаннан кейін) Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша, сынама жүктің орнына егер жүк көтергіш құрылғы сынама жүкпен сыналса, жүк көтергіштік құрылғысының SWL 15 т аспаса сенімді және нақты бекітілген серіппелік немесе гидравликалық динамометрлер пайдаланылуы мүмкін.

Динамометрлер +2% нақтылықпен өлшеніп белгіленуі қажет. Сынама кезінде олардың көрсеткіштері бес минуттан кем болмайтын уақытқа дейін өзгеріссіз қалуы керек.

Егер гидравликалық жетектегі жүк көтеру механизмімен қысымның болмағаны салдарынан осы Қағиданың 29-қосымшасында көрсетілген сынама жүкті көтеруге мүмкіндік болмаса, онда оның зауытта сынама жүкпен сыналуын растайтын Сертификат негізінде гидравлика жүйесінде ең жоғары шекті қысым кезінде ауқымды жүктің көтерілуін жүргізген жеткілікті болады. Бұл жағдайда крандарды жинақталған күйінде жасап шығаратын зауытта сынама жүтемемен сынау жүргізуді жүктің көтерілген гак ішіне басқа жүк көтергіш құрылғының іліктіру жолымен жүргізуге болады.



Егер шығырдың тарту күші сынама жүкті көтеруге жеткіліксіз болса, оны басқа шығырмен көтеруге болады, дегенмен, сынама жүкті тежеу және ұстап қалу сыналатын шығырмен жүргізіледі.

Егер ауыр жебемен жұмыс үшін алмалы штагтар көзделіп алынса немесе ванттар алынса, сынау кезінде жебелер орнатылады.

Бір жерден алып екінші жерге қоятын жүк жебелерді оларға көзделіп қойылған әр тірек бойынша сынама жүктемемен сыналады.

Екі люкке арналған бір жерден екінші жерге алынып қойылмайтын жебелер әр люкке қатысты сыналады. Екі желкеле жебелер әр желкеде сынамалы жүктемемен сыналады.

Сынамалы жүк бағыттау ұшында жебемен жоғары қарай көтерілуі тиіс, жиекке 15 градустан кем болмайтындай орналасуы керек ол жеңіл бағыттағыштар үшін, ал ауыр бағыттағыштар үшін 25 градус болуы керек, ал төмен қарай бағытталудың бұрышы болмаса, олар ауқымды үлкендікпен осы бұрышқа қарай орнатылады.

Механизирленген жебелер сынамалы жүкпен төмен қарай бағыттаудың ең жоғары ауқымдылығы кезінде жүзеге асырылады.

Жебелердің төмен қарай бағыттау бұрыштары осы Қағиданың 458-тармағына сәйкес Куәлікте көрсетіледі.



Жебелердің ауыспалы ұшырылуындағы механизирленген крандармен бағыттағыштарда сынамалы жүк жоғары көтерілуі тиіс, ал ауыспалы бағыттағыш кезінде ең үлкен және ең кіші аралығында ол әр жүк көтергіштікке қатысты болады.

Крандардың жебелердің ұшырылуы Куәлікте көрсетіледі, ал ауыспалы ұшырылуында олар кранға да белгіленіп қойылады.

Жоғары көтерілгеннен соң сынама жүк кранның бұрылуындағы шекті жағдайына ауысуы керек.Жүк шығырлары, кранның, бағыттағыштардың тежелу жұмыстары сынамалы жүктің жобалап алғанда 3 м-ге төмен түсірілуімен және оның жедел тежелуімен жүргізіледі. Бұл сынақ былайша алғанда, жебелердің екі жағдайында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ шығырдың өшірілген жетегі кезінде және тежегішті қолмен өшіру кезінде сынама жүктің салмағы бойынша ұсталынып тұруы тексерілуі тиіс.

Ауыр жебелер үшін топенантты шығырдың тежегішін тексерумен бағыттағыштың сынама жүк үстіне ұшырылуының өзгеруі жүргізіледі. Сынау кезінде сондай-ақ авариялық сөндіргіштердің жұмысы және жүк шығырларының және топенант тартпаларының, сонымен қатар контртартқыштар мен автономды жетектің шектелу жұмыстары тексерілуі тиіс.

422. Кранды сынамалы жүктемемен сынағаннан кейін ол көтеру, бұру, жебенің ұшырылуының өзгеруі және ең жоғары жылдамдықпен жылжу механизмдерінің жүк көтергіштікке тең болып келетін жұмысы кезінде ол жүкпен сыналуы тиіс; сондай-ақ жедел тежелумен оның бұрылу, аралықтың өзгеруі және жылжу механизмдерінің жұмысы да тексеріліп өтуі қажет.



Сонымен қатар, сынау кезінде соңғы сөндіргіштер мен бағыттағыш аралығы көрсеткіштерінің жұмысы тексеріледі.

Егер кранда қозғалыстар біріксе (көтерілу, өзгеру, аралық, бұрылу және қозғалу) кранның жұмысы тексеріледі.

Кранда жүк көтергіштік шектегіші бар болған жағдайда олардың қозғалысы осы Қағиданың 195-тармағына сәйкес сынамалы жүктің жоғары көтерілуіне байланысты жүргізіледі.

Осыған іспеттес тәртіпте сондай-ақ механизирленген жебелер да сыналады.

423. Егер машиналық бөлімшелерде, есі білігінің кіреберісінде және басқа да жабық үй-жайларда көтергішті сынау жүргізу технологиялық және конструктивті себептер бойынша мүмкін болмаса, онда Кеме қатынасы тіркелімнің келісімімен оның сыналуын осы үй-жайдан тыс арнайы жабдықталған стендте өткізуге рұқсат етіледі.



Монорельстік жолдарға сынама жүргізу динамометрдің көмегімен кемеде жүргізіледі, және оған монорельстің ұзындығы бойынша түрлі жерлерінде сынамалы жүктеме қоса беріліп жүргізіледі. Монтаждан кейін кемеде көтеру жұмысы тексеріледі.

Жоғарыда көрсетілген жүк операцияларына арналған желкелер желке құлақшасына берілетін шекті жүктеменің екі реттілігіне тең келетін сынамала жүктемемен жүргізіледі. Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша бұл сынауды динамометрдің көмегімен өткізуге болады.

Оң нәтижелер шығарылған болса, кеме жүк бағыттағыштарын, кеме крандарын және олардың көтергіштерін сынау және куәландыру Куәлікпен расталады.

424. Қосақталған шкентельдермен жабдықталған бағыттағыштар әр қайсысы жеке осы Қағиданың 421-тармағына сәйкес сынамалы жүктемемен сыналуы тиіс. Сонымен қатар, қосақталған шкендельдерім қосылған бағыттағыштар қосақталған бағыттағыштармен жұмыс кезіндегі 1,25 жүк көтергіштікке тең келетін жүкпен сыналады.



Сынау кезінде жүктің жебе шкентельдердің үйлеспеуіне жақын келетін бір аяғынан екінші аяққа ауысуы қамтамасыз етіледі.

Егер түрлі схемаларды пайдалану үшін бағыттағыштар тиісті жабдықталған болса, онда сынау контротартқыштардағы күшейтілімнің аса ауқымды үлкендігін қамтамасыз ететін схемасы бойынша жүзеге асырылады.

Егер қосақталған шкентельдермен жұмыс кезінде құрылғының қандай-да бір элементінде (мысалы, бағыттағыштағы осьтік күшейтілім) бір реттік бағыттағыш жұмысы кезінде күшейтілім жоғары болса, осы Қағиданың 150-тармағына сәйкес онда қосақталған бағыттағыштардың мұндай схемасы бойынша құрылғы қосымша сынақтан өткізіледі.



Жебелерді орнатуда схемаларды таңдау қосақталған жебелермен жұмыс кезінде есептеулерді талдауды талап етеді, соның салдарынан бұл таңдау жобалау процесі кезінде жүргізіледі және сынама бағдарламасына енгізіледі.

Сынау кезінде шкентельдердің үйлеспеуінің бұрышын бақылау мүмкіндігі тексеріледі.

Сынақтан өткізгеннен кейін қосақталған жебелердің жабдықтары мен бөлшектері олардың ақауларының және деформациялануының жоқтығын анықтау үшін Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылады.

Оң нәтиже кезінде сынақтан өткізу және куәландыру жұмыстары Куәлікпен расталады.

425. Кеме лифтілерінің статикалық сыналуы лифт, кабина, арқан және олардың бекітілуі, сондай-ақ тежегіштер әрекеті механизмдерінің беріктілігін тексеру үшін жүргізіледі. Тракциялық шығыры бар лифте статикалық сынау кезінде арқан өткізу шкивтеріндегі арқандардың сырғанап өтуінің болмауы тексеріледі.



Статикалық сынау мыналарға тең келетін сынамалы жүкпен жүргізілуі керек:

РСТ = 1,5Р — барабанды шығырлар бар жүк лифтері үшін;

РСТ = 2Р — барлық типтегі жолаушылар лифтісі және тракционды шығыры бар жүк лифтері үшін,

мұнда Р — лифтің жүк көтергіші.

Статикалық сынауда көрсетілген жүктемедегі кабина 10 минуттан кем болмайтындай уақытта төменгі жұмыс жағдайында болуы тиіс.

Лифтің статикалық сынауының лифтің оның жүк көтергіштігін 50 % асыратын жүкпен арқанөткізгішпен үш реттік төмен түсірілуіне ауыстырылуы мүмкін.

426. Кеме лифтерінің динамикалық сыналуы лифт тежегіш, ұстағыштар және буфер механизмдерінің әрекетін тексеру үшін жүргізіледі. Динамикалық сынау мыналарға сәйкес келетін сынамалы жүкпен жүзеге асырылуы тиіс:



 

РДИН = 1,1Р,

 

мұндағы Р — лифтің жүк көтергіші.

Баяу тежелетін қарпығыштарын және гидравликалық буферлерді сынау кезінде шығыр тежегішінің әсері жойылуы тиіс.

427. Шығыр, тежегіш және буфер әрекеттерін тексеру номиналды жылдамдықпен жүргізіледі. Буферлерді сынау кезінде шеттегі тұрақтардың қабатты сөндіргіштері өшіріледі. Қарпығыштарды және буферлерді сөндіру тежелген тежегіш кезінде жүргізіледі. Егер буферлерді сынау кезінде серіппе қираса немесе плунжер желінсе, сынау нәтижелері қанағаттандырмаған болып еептеледі.

428. Жылдамдықты шектеуден туындаған қарпығыштарды сынау лифтің жұмыс жылдамдығында өткізіледі.

Жылдамдықты шектейтін қарпығыштарды сынау кезінде төменгі жағдайдағы кабина тірекке орнатылса немесе көмекші арқанда іліктірілсе, тартқыш арқандар созылып, содан соң тірек жойылып кетеді. Өткізілетін кабина жолы еркін құлау кезінде 100 мм-ден аспауы қажет.

Қарпығыштарды сынау Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған басқа да тиімді әдіспен жүргізіледі.

429. Сынамалы жүкпен сыналғаннан кейін лифт оның жүк көтергіштігіне тең келетін функционалды сынамаға ұшырайды. Сонымен қатар, басқару жүйелері, белгі беру құралы, есік арқандар, соңғы сөндіргіштері және басқа механикалық құралдар тексеріледі. Лифтің жұмыс қабілеттігі сондай-ақ кеменің жүру сынағымен тексеріледі.



Оң нәтиже кезінде кеме лифтерін сынау және куәландыру Куәлікпен расталады.

430. Кеме көтеру платформаларының статикалық сынауы 1,25 жүк көтергіштікке тең келетін сынамалы жүкпен жүргізіледі.



Кеме көтеру платформаларының динамикалық сынаулары осы тараудың қолданылатын талаптарына сәйкес 1,1 жүк көтергіштікке тең сынамалы жүкпен жүргізіледі.

431. Сынамалы жүкпен сыналғаннан кейін кеме көтеру платформасы пайдалану шартына сәйкес келетін жүк көтергіштікке тең келетін функционалды сынамаға ұшырайды.

Функционалды сынаулар пайдаланудың шарттарымен көзделген бірнеше толық көліктік операцияларды өзіне енгізу керек: жүктелген трейлерлермен және соған сәйкес келетін басқа да машиналармен. Сонымен қатар, осы Қағиданың 366-тармағын ескере отырып, платформа деформациясының өлшенуін жүзеге асыру қажет. Әсіресе қауіпсіздік құралдарын, палуба бөліктеріндегі ашылып жабылатын қондырмларды және платформаның стопорлы құрылғысын тексеру қажет. Тоқтатқыш құрылғысы жоқ платформаларда жұмысшы палуба деңгейінде жүк операцияларын жүргізу кезінде платформа және палуба биіктігі арасындағы ең үлкен қашықтық 20 мм жоғары емес қабылданады.

Оң нәтижелер шығарылған кезде, сынау және куәландыру куәлікпен расталады.

432. Жүк көтергіш құрылғысын сынағаннан кейін металл конструкциялар, механизмдер, жабдықтар және қауіпсіздік құралдар, бөлшектер және тростар Кеме қатынасының тіркеліміне ақаулардың және деформациялардың жоқ екендігіне көз жеткізу үшін ұсынылады.



Егер куәландыру кезінде ақаулар табылса, зақымданған бөлшектер мен бұрыштар ауыстырылуы немесе жөнделуі тиіс, содан соң қайтадан сынақтан өткізіледі.

Сыналғаннан кейін жүк көтергіш құралдарын таңбалау осы Қағиданың 456-тармағына сәйкес жүргізіледі.



 

 

47. Кезең бойынша куәландыру, қарау және сынау



 

433. Бағыттағыштарды, діңгектерді және палубаларды үнемі бекітілген барлық жебелер мен бөлшектер (топенантардың шынжырлы стопорларын қоса алғанда) Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен 12 айда бір рет жыл сайынғы қаралудан өткізілуі тиіс және Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен 5 жылда бір рет куәландырылады.

Қарау және куәландыру нәтижелері кеме жүк көтергіш құрылғылардың Тіркеу кітабының 1-бөлігінде көрсетіледі.

434. Кемелік крандар, көтергіштер, бағыттағыш шығырлары, механизирленген жебелер, кеме лифтері, кеме көтеру платформалары Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен 12 айда бір рет куәландырылады.

435. Барлық ауыстырылатын және алмалы-салмалы бөлшектер Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен 12 айда бір рет куәландырылады.

436. Мерзімді толық куәландыру және жыл сайынғы қарау кезінде Жүк көтергіш құрылғылардың, ауыстырылатын және алмалы-салмалы бөлшектердің және тростардың сыналуы туралы куәліктердің болуы, тиісті таңбалау мен сынаудан өткізген таңбаның болуы, сондай-ақ ауыстырылған бөлшектерді кезең бойынша термиялық өңдеуден өткізу туралы құжаттамалардың болуы тексеріледі және металл конструкциялардың бұрыштарының және қосылуларының, механизмдерінің және бөлшектерінің техникалық жай-күйі анықталады.



Егер кезең бойынша куәландыру кезінде ақау мен деформациялар анықталған болса, немесе тозған, өз жылдамдығынан асырылып қолданылған және тағы да осыған іспеттес тозулар, зақымданулар анықталып жатса, бұл бөлшектер ауыстырылады немесе жөнделеді, ал кемшіліктері жойылады.

Металл конструкциялардың куәландыруға қиын жабық көлемдері, олар 0,03 МРа артық қысымды үрлеумен сыналады. Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша сынаудың басқа түрін қолдануға рұқсат етіледі.

Металл конструкциялар қалдық жуандығының өлшемдері 5 жылда бір жүргізіледі.

Қажет жағдайларда бөлшектерді ауыстырғаннан және жөндегеннен кейін осы Қағиданың 48-тарауына сәйкес кезектен тыс куәландыру және сынау жұмыстары жүргізіледі.

437. Жүк көтергіш құрылғыларын құрамда мерзімділік сынау осы Қағиданың 46-тарауында қолданылатын талаптар бойынша 5 жылда бір рет жүргізіледі.

Осы Қағиданың 48-тарауына сәйкес өткізілген кезектен тыс сынаулар мерзімділік бойынша өткізілетін сынаулар ретінде есептелінеді.

Өткізілген сынаулар және оларға байланысты куәландырылулар куәлікпен расталады.

438. Халықаралық рейстерді орындамайтын кемелердің жүк көтергіш құрылғыларын мерзімді куәландыру кеменің мерзімінен бұрын берілетін ұзартылымды қолдана отырып, жыл сайынғы куәландырылуымен бірге жүргізіледі.



 

 

48. Кезектен тыс куәландыру және сынау



 

439. Жүк көтергіш құрылғыларын, олардың механизмдерін, металл конструкциялар немесе бөлшектерді ауыстыру, қайта жабдықтау кезінде жүк көтергіш құрылғылар осы Қағиданың 46-тарауындағы қолданылатын талаптар көлемінде куәландырылып, сынаудан өткізіледі.

Әсіресе, мұндай куәландыру мен сынаулар мынадай жағдайларда өткізіледі:

1) жүк көтергіш құрылғысын жалпы ауыстыру кезінде немесе оны басқа жерге ауыстырғанда;

2) жүк көтергіш құрылғыларын қайта жабдықтау кезінде, оған нақты жөндеу жұмыстары жүргізілгенде;

3) нақты жөндеу жұмыстары жүргізілгенде, металл конструкцияларын, алмалы-салмалы бөлшектерін ауыстыру немесе өзгерту кезінде;

4) топенант нығайтылуының биіктігін өзгерткеннен кейін немесе вант және штаг нығайтылымдарын ауыстырған кезде;

5) шығырдың немесе тежегішін нақты жөндегеннен кейін, кабина, қарсы салмақ, арқандардың ауыстырылуы мен жөнделуінен кейін;

6) жүк көтергіш құрылғыларды демонтаждағаннан кейін, және оны бұрынғы орнына қайта бекіткеннен кейін.

Ауыстырылатын және алмалы бөлшектерді, тростарды ауыстырғаннан кейін жүк көтергіш құрылғысын жинақтау кезінде оларға сынау өткізу жұмыстары талап етілмейді, дегенмен оларда бөлшектер мен тростарға арналған куәліктері болуы тиіс.

Алайда, спредерлерді ауыстырғаннан кейін жүк көтергіш құрылғысына спредерді және контейнермен пайдалануға сәйкес режимде іліктірумен сынау жүргізіледі. Қарпығыштар, буферлерді немесе жылдамдық шектегіштерін ауыстырған кезде кеме лифтінің статикалық сынаманың жүргізілмеуіне рұқсат етіледі.

Басқарудың электр схемасының өзгеруі немесе басқару шынжырының кабелінің ауыстырылуында, сондай-ақ соңғы сөндіргіштің конструкциясын, автоматты құлыптарды, тартпалы сөндірушілерді, орталық қабатты аппаратты немесе басқа да аппараттарды өзгерту ауыстыру кезінде кеме лифтінің динамикалық және статикалық сынауы жүргізілмеуіне рұқсат етіледі. Бұл кезде осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет