§ 1. Жалпы талаптар
297. Лифтің электр жабдықталуы осы осы Қағиданың арнайы талаптарында регламенттенбеген бөлігінде Сыныптау қағидасының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
298. Лифттің электр жетегінің өнімі басты, сондай-ақ секциялық немесе топтамалық бөлгіш қалқан арқылы лифтің машиналық үй-жайындағы шыға беріс есігіне жақын орналасқан арнайы сөндіргіш құрылғысы (сөндіргіш) арқылы жүзеге асырылады.
Сөндіргіш жетек қозғалғышының өнімінің және басқару шынжырларының бір мезгілде өшірілуін қамтамасыз етуі қажет.
Егер машиналық үй-жайда бірнеше лифтілі жетек механизмдері орнатылған болса, олардың әрқайсысына деген өнім беру жеке сөндіргіш арқылы жүргізілуі тиіс.
299. Лифтің электр жетегі оның қайта қосылуы кезінде сөндірілуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қысқа өшірілімдерден қорғайтын жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
300. Лифтің электр жетегімен басқару шынжырлары сөндіруші құралдарымен қамтылуы тиіс және олар қысқа өшірілуілерден қорғалуы тиіс.
301. Барлық типтегі лифтер электр қозғалғышының өшірілуімен, тежегіштің әрекет етуімен және лифтің тоқтауымен қамтамасыз ететін құрылыстармен:
1) әрекеттің барлық жағдайларында кабина ұстағыштарымен;
2) бір немесе бірнеше тартқыш арқандардың үзілуі кезінде кабина және теңестірілген салмақ жағынан ұстағыштармен;
3) кабина 200 мм-ден асатын шектелген тоқталымына көшкен жағдайда;
4) тартқыш құралының шекті жұмыс қалпының қайта ауысуы кезінде;
5) кабинаның немесе шахтаның есіктерінің ашылуы кезінде;
6) шахтаның есіктерінің автоматты түрде ашылуы кезінде (автоматты құлыптар қатты, яғни қозғалмайтын құралмен жабылған кезде) жабдықталуы тиіс.
302. Қолмен басқарылатын сөндіргіштердің қозғалмайтын құрылымдарында «өшірілді» және «қосылды» жағдайлары, яғни жазбалары нақты көрсетілуі тиіс.
303. Лифт кабиналарының төменге түсуі кезінде кабельдің тарамысының бірі немесе тоқ өткізбесінің бірі қолданылуы тиіс.
Қосымша төмен түсіру өткізбесі ретінде кабельдердің алып жүретін тростары, сонымен қатар кабинаның алып жүретін арқандары қолданылады.
304. Кабинаның және теңестірілген салмақтың темір бағыттаушылары, сонымен қатар шахтаның қоршалуындағы металлконстукрциялар кеме корпусымен сенімді төмен түсіретін қосылуларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
§ 2. Электр жетегі
305. Жолаушылар лифтінің электр жетегі кабинаның қозғалысының баяулығын, жеделдетудің бір қалыпты өсуін, тежелу баяулығын және кабина қозғалысының тоқтауға келгендегі төмен түсуін, сондай-ақ оның шахта есігінің жанында нақты тоқтауын қамтамасыз ететін құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.
Сонымен қатар, оның ең жылдам жеделдетілуі (төмен түсірілуі) лифтің жұмыс қалпында қозғалысты есепке алмағанда 2 м/с аспауы қажет.
Осы Қағиданың 310-тармағына сәйкес «Қауіпсіздік» баспасымен тоқтау кезінде кабинаның шекті төмен түсірілуі 3м/с аспауы қажет
306. Жетекті электр қозғалтқышының қосылуы лифтің әрбір тоқтауы кезінде электр қозғалғышының өнім беру шынжырының екі реттік алшақтануын қамтамасыз ететін екеуден кем болмайтын аппаратпен жүзеге асырылуы тиіс.
307. 0,71 м/с асатын номиналды жылдамдықтағы лифтердің электр жетегі кабинаның 0,35 м/с асатын жылдамдықпен қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет шахтаны қарау жылдамдығы осы Қағиданың 313-тармағына сәйкес жүргізіледі.
308. Электр магнитті тежегіштің тежелуі жетекті электр қозғалғышының бірыңғай қосылуымен немесе оның тікелей қосылуымен қамтамасыз етіледі. Жетекті электр қозғалғышының тоқтауы электр магнитті тежегіштің әрекет етуімен немесе электр магнитті тежегіштің кезекті әрекет етуі бойынша ілестірілуі қажет.
§ 3. Басқару және сигнал беру жүйелері
309. Басқару шынжырларының лифтің электр жетектерімен өнім алуы осы электр жетегінің өнім фидерінен алынып жүзеге асырылуы тиіс. Фидерге сөндіргіш құралынан кейін қосылу қажет.
310. Лифтер арнайы баспалы аппараттармен басқарылады. Кабинаны жүк түсіру палубасында шақыртуға арналған басқарудан басқа, басқарудың барлық аппараттары электр жетегінің өнімін өшіруді қамтамасыз ететін «қауіпсіздік» баспаларымен жабдықталуы тиіс. Бұл баспалар қызыл түсті болулары керек, нақты көрінетін жазбалары болуы тиіс және олар басқару баспасына жақын орналастырылуы қажет.
311. Жолаушылар лифтілерімен басқару аппараттары кабинада бекітілуі тиіс, ал жүк лифтілері - жүк түсіру палубаларында бекітілуі тиіс.
312. Жүк түсіру палубаларында орнатылған жолаушылар лифтінің жүктелген кабинасын жол бойы шақырту шахта және кабина есіктерін бір мезгілде жабылуы кезінде жүргізіледі. Жүк лифтілерінде жүктелген кабинаның қозғалысы кезінде роны жол бойына кездейсоқ шықыртуға тйым салынады.
313. Шахтаны және оның ішкі құрылысын қарау үшін басқарманың стационарлы және ауыспалы посты арқылы кабина төбесінен лифтің электрлік жетегімен басқару мүмкіндігі көзделуі тиіс. Сонымен қатар, кабина қозғалысының жылдамдығы осы Қағиданың 307-тармағында көрсетілгеннен аспауы қажет. Баспалы аппарат басқарманың екі баспасымен жабдықталуы тиіс (біреуі - жоғары көтеру үшін, екіншісі - төмен түсіру үшін) және ол «тоқта» қалпына қайта оралуы тиіс. Лифтің машиналық үй-жайында электржабдығын жалпы тексеру үшін «жоғары», «төмен» және «тоқта» делінген баспалары бар аппарат жабдықталуы тиіс.
Кабина 0,70 м/с номиналды жылдамдығындағы лифтер және одан төмендер басқарманың аппараттарымен тек кабинаның төмен түсірілуі үшін жабдықталуы тиіс. Кабинаның төбесінен лифтің электр жетегімен басқару кезінде немесе машиналық үй-жай ішінде басқару кезінде, егер осылардың барлығы көзделсе, басқарманың басқа аппараттары шектелуі немесе автоматты түрде сөндірілуі тиіс.
314. Жүк түсіру палубаларында егер кабина жүк тасымалдау құрылғысымен жабдықталған болса, онда лифтің жүктемесін көрсететін жарықтандырғыш белгі беру орналастырылуы тиіс; кабинаның есігінде және шахтаның ашық есігінде де орнатылуы тиіс. Белгі беру шақыру аппаратына бекітіліп жасалуы тиіс немесе оған жақын арада орналасуы қажет.
315. Жолаушылар лифтінің электр жетегі лифтің жүк көтергіштігі 10 % асатын жүк жоғары көтерілсе, оның «Лифт толтырылды» делінген дыбыстық немесе белгі беру арқылы ол автоматты түрде сөндірілуі тиіс.
316. Жолаушылар лифті лифттің дұрыс жұмыс істемеуі мүмкіндігіне қатысты онда белгі беру байланысы орнатылуы тиіс (кабиналардың палубалар арасында авариялық тоқтауы, кабинаның ұстағыштарда тоқтауы кезінде). Осы белгі беру байланысының шынжыры күш шынжырынан және басқару шынжырынан бос болуы керек. Осы жүйеге өнім беру кеме қуатының авариялық көзінен алынуы тиіс. Мұндай белгі беретін байланыстың орнына телефонды немесе басқа да екі жақты сөз сөйлеу байланысы қолданылуы мүмкін.
317. Сөндіргіштер ішкі және сыртқы басқарманы сөндіруі үшін арнайы кілтпен әрекетке енгізілуі тиіс.
318. Шахтаның приямкасы атоматты белгі беру құрылғысымен жабдықталуы тиіс, ол приямкаға судың немесе басқа да сұйықтықтың жиналып кеткен кезінде өз әрекет жасауы тиіс.
§ 4. Алдын ала сақтандыру құрылғылары
319. Басқарудың шынжырында әрекет ететін төмен түсіру және жоғары көтерудің соңғы сөндіргіштері, есік байланыстыры және қарпығыштар байланыстары өз қалпына қайта оралуы тиіс, және оның өз қалпына қайта оралуы мәжбүрленген әрекеттің қолданылғанынан кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс.
320. Шахтаның және кабинаның әрбір есігі басқарманың шынжырына қосылған электрлік байланыспен жабдықталуы тиіс және төмендегі жағдайларды:
1) кабинаның төмен түсірілуі және қозғалысы шахтаның және кабинаның есіктерінің жабық қалпында жүргізілуі тиіс. Лифт кабинасының қозғалысы шахтаның құлыпталмаған емес жабық есіктерінің қалпында, тоқтаудан 150 мм аспайтын қашықтықта жүргізіледі;
2) кабинаның немесе шахтаның есіктерін ашу, шахтаның есігін автоматты түрде ашу кезінде жылжып келе жатқан кабина тоқтауы тиіс.
Есік контактілері есік ашылу кезінде басқару шынжырына алшақтау арқылы жұмыс істеуі қажет; өшірілу жұмысына тыйым салынады;
3) шахтаның немесе кабинаның көп жерден ашылатын есігі болса, оның ол барлық жағынан жабылуына бақылау жүргізілу керек.
321. Басты тоқтың сөндіргішін осы Қағиданың 298-тармағына сәйкес оны басты сөндіргіш ретінде қолдануға болмайды.
322. Шахтаның приямкасында, сондай-ақ шахтаның астыңғы жағында блоктардың орнатылуының орнына басқарудың шынжырын қолмен өшіретін сөндіргіштер орнатылуы тиіс.
323. Жапқышының ашылған кезінде лифт кабинасының қозғалысын жоятын кабина беткейінде жапқыштың электрлік шектегіші орналастырылуы тиіс.
§ 5. Жарықтандыру
324. Лифтің кабиналары, шахтасы, приямкасы, машиналық үй-жайы және отырғызу алаңдары Сыныптау қағидасының талаптарына жауап беретін стационарлы электр жарықтандыруымен жабдықталуы тиіс.
325. Лифт кабинасының жарықтандыру желісінің өнімі электр жетегі өнім беру фидерінен тәуелсіз, жеке фидер арқылы (кемені жарықтандыру желісінен) жүзеге асырылуы тиіс.
326. Лифт кабинасы шахталардың есіктерінің ашық кезінде, сондай-ақ жолаушылар лифті үшін - кабинада адамдар және жүк болған кезде әрдайым жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
327. Лифт кабиналарындағы жарық беру шамдары олар жолаушыларға сондай-ақ жүкті түсіру, көтеру кезінде кедергі болмайтындай, сонымен қатар жүк түсіру операцияларын жасау кезінде қирап қалмауы үшін алшақтанған қалпында орнатылуы тиіс.
328. Лифтің машиналық үй-жайында, сондай-ақ шұңқырдағы қауіпсіз қысымдағы тоқпен өнім алатын ауыспалы лампаларға арналған штепсельді розеткалар орналастырылуы тиіс.
329. Жолаушылар лифтінің кабинасы стационарлық авариялық электр жарықтандырғышымен жабдықталады, Сыныптау қағидасының талаптарына жауап береді.
8-бөлім. Кеменің көтеру платформалары
37. Жалпы ережелер
330. Осы бөлімнің талаптары тікелей тегістіктегі жүктерді және дөңгешек техникасын тиеуге, көтеруге және түсіруге арналған 1 т және одан астам жүк көтергіштігі бар, көтеру және түсірудің 0,1 м/с жылдамдығындағы кеменің көтеру платформаларына (бұдан әрі - ККП) қолданылады.
331. Кеменің көтеру платформаларының конструкциясына және орналасуына әрдайым қауіпсіз күтім қажет.
332. Сыныптау қағидасының талаптарын ескере отырып, ашық палубалардағы және қорғалмаған құрылыс жерлеріндегі жүк бұрылғыштарын жабу үшін арналған платформалар теңіз әсеріне бағынбайтындай болуы тиіс.
333. Жоғары көтерілу және төмен түсу, сондай-ақ жүк операцияларын өткізу кезінде осы Қағиданың 19-қосымшасын ескере отырып, платформаның үсті кеменің төменге қарай төмендеуі кезінде әрдайым тегістікте болуын қамтамасыз ету керек.
334. Бір алып жүретін құрал қираса, қалған құралдар платформаның бағыттаушы бөлшектермен өзара әрекеттестігін конструктивті және функционалды қамтамасыз етуі тиіс.
Осындай іспеттес авариялық жағдайларда кеме көтергіш платформасының жетек агрегаттары автоматты түрде тоқтауы тиіс.
Сәйкес жағдайларда көмекші құрал арқылы платформаның бақыланатын төмен түсіргіш құралын оны жүктен босататын жағына қару қою қажет.
335. Тросты және шынжырлы ілгіші бар болуы кезінде платформалар былайша алғанда төрт алып жүруші құралдарымен бекітілуі тиіс. Әрбір тросты және шынжырлы ілгіштің сөндіргіші болуы керек, және олар жекелеген авариялық жағдайларда автоматты түрде өшірілуі керек.
336. Кеменің көтергіш платформаларына арналған тростар шектелген ортасысыз да қолданыла алады. Сымды ауқымды тартқан кезде номиналды беріктілік жүгіргіш такелажға қатысты таңдап алу керек.
337. Кеменің көтергіш платформалары үшін алдын ала созылған тростарды қолдануға болады. 30 мин кем болмайтын уақытта әрекет ететін созылмалы жүктемесі тростың ең аз жүктемесінен 0,7 құрастыруы керек.
338. Кемедегі монтаж кезінде кеменің көтеру платформаларының болаттан жасалған соңдарын тросты патрондарға жалғастыру керек. Жүктеме ішіндегі қосылуларды сынау осы Қағиданың 430-тармағына сәйкес орындалу тиіс.
339. Кеменің көтеру платформасының конструкциясы мен қондырмасы жүк түсіру орындарында платформа мен жүк палубасының бір деңгейде болуын және соны жүк операциялары кезінде сақтауын қамтамасыз ету керек.
Егер икемді алып жүруші құралдар қолданылса, мысалы тростар, және деңгейі теңестіруші құралдармен автоматты түрде қалпына келмесе, онда түсіру кезінде платформаны палуба бойына ықшамдап алу қажет. Мұндай шектегіштің пульт арқылы жұмыс істейтін оптикалық белгі беруі болуы керек. Платформаның жоғары көтерілуі және төмен түсуі тек оның автоматты түрде шектелгенінен кейін немесе белгі берудің өшкенінен кейін жүргізіледі.
Басқарудағы қателіктерден аулақ болу үшін, басқару схемасын бағдарламалық құрылғыларды қолдануға дейін басқаруға мүмкін туады.
340. Платформаны «жүру бағыты» орналастыру кезінде оның палуба бойына ықшамдалуы және жарық белгі беруі көделіп жасалуы керек. Кеменің қозғалысы кезінде пайда болған крендер және дефференттер платформаның ықшамдалуына жол бермеуі керек.
341. Кеменің көтеру платформасының жетегі платформа қозғалысының баяу басталуын, жылдамдық бірыңғай үлкейтілуін, тежелудің баяулығын және платформа қозғалысының ақырындауын қамтамасыз етуі қажет.
342. Кеменің көтеру платформаларының жабық кеме үй-жайларында орналасқан жетек агрегаттары осы үй-жайларға арналған ауа ылғалдылығы диапазонын ескере отырып жасалуы қажет.
343. Қирау кезінде платформаның өз бетімен төмен түсірілуін жоятын гидравликалық жетек агрегаттарында тежегіш платформасының төмен түсуін орнатпауға болады.
344. Кеменің көтеру платформаларының пульттері қызметкерлер өздері тікелей немесе белгі берудің көмегімен платформаның барлық жолын тексере алатындай етіп жасалуы қажет. Дегенмен басқару пульті ешқандай жағдайда платформаға арналған палубадағы кескіннен 1500 мм-ден кем болмайтын қашықтықта орналастырылуы тиіс.
345. Кеменің көтеру платформасының басқару пультіндегі коммутациялық элементтер нөлдік жағдайға қайта оралатындай етіп әзірлену керек. Қозғалу кезінде пайда болатын кеменің төмен қарай бағыттауы көтеру жетектерінің өз еркімен төмен түсірілуіне жол бермеуі тиіс. Авариялық сөндіргіштерді осы Қағиданың 77-тармағына сәйкес орналастырған жөн.
346. Басқарудың бірнеше пульттерінің болғаны жағдайында тек бір пульттің бірыңғай қолданылуы және сәйкесінше байланыс құрылымының болуы қамтамасыз етіледі.
347. Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша кеменің көтеру платформасын платформадан басқаруға мүмкіндік беріледі.
348. Басқару пультінде мынадай жарық және дыбыс белгі берулері бекітілуі керек:
1) қорғаудың кез келгенінің әрекет етуі;
2) платформаның қозғалысы кезінде (өшіп-жанып тұратын лампа);
3) қоршаудың жабылмауы;
4) электр немесе гидравликалық схемалардағы кемшіліктер.
Кеме иесінің көзқарасы бойынша басқарулар құзырлы емес тұлғалармен қосылуынан қорғалатын арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
350. Басқару және белгі беру элементтерінде орыс және ағылшын тілінде жуылмайтын және өшірілмейтін бояумен нақты және түсінікті жазылған жазбалар болуы керек.
351. Кеменің көтеру платформалары платформаның ең жоғарғы және ең төмен жағдайына қатысты соңғы сөндіргіштермен жабдықталуы керек, сондай-ақ жүктің толып кетуінен сақтандыратын (жүк көтергіштік шектегіші) құрал орнатылуы керек. Гидравликалық жетектер алдын ала қорғау клапандарымен жабдықталуы тиіс, олардың әрекет етуіндегі қысымы ең үлкен есептелген қысымнан 1,1 аспауы қажет.
352. Басты көтеру механизмінің авариясы жағдайында қауіпсіздік құрылғылары платформаны автоматты түрде тоқтатуы тиіс.
353. Платформаларға арналған палубалардағы кескіндер 1 м-ден асатын биіктікте қоршалуы тиіс. Жылжымалы қоршалымдар платформаның қозғалысына қатысты осы қоршалмдарды автоматты түрде шектейтін немесе шектемейтін құрылғылармен жабдықталуы керек. Қоршаулар мен қорғаушы рельстер алдын ала ескертетін және жарық беретін құрылғымен қамтылуы тиіс.
354. Егер платформада жүктерді түсірумен айналысқан адамдар тасымалданатын болса, машина жүргізушінің кабинасында отырып ғана емес, сонымен қатар сол платформада, жекелеп алғанда платформаның белгілі бір жағында алмалы-салмалы қоршалмның болуын көздеп алу қажет, сондай-ақ өшірілмейтін бояумен платформада адамдардың бар екендігін көрсетіп жазу керек.
Қоршалым биіктігі 3 м-ден аспайтын тұрақтар арасынан алғанда 1 м-ден кем болмауы қажет. Аралық леердің биіктігі 0,5 мм-ден кем болмауы тиіс.
355. Рычагты-тартқыш жүйесімен, шпидельдермен жылжитын платформа астындағы кеңістік бөтен адамдардың кіруінен қорғалуы қажет. Қарсы салмақ үшін жабық шахталарды көздеп алу қажет. Платформаның қозғалысы кезінде қауіпті болып келетін бөліктерді ескерту жазылған бояулармен немесе белгімен анықтау қажет.
38. Есептеу
§ 1. Жалпы талаптар
356. Егер басқасы көрсетілмесе, кеменің көтеру платформасында беріктілік және орнықтылық есептеуінде жүк көтергіш құрылғыларға арналған, жекелеп алғанда осы Қағиданың 2 және 5-бөлімдерінде көрсетілген крандар үшін қолданыстағы жалпы және арнайы талаптарды ескерген жөн.
357. Платформаның тек портта ғана 0,1 м/с жылдамдықпен төмен тусуі және жоғары көтерілуі есептеу шарты болып табылады. Алып жүруші құралды түсіру кезінде платформа палуба деңгейіне қарай ықшамдалуы тиіс.
358. Кеменің көтеру платформасының шекті жүктемесі, ең аз дегенде, қоршалған палубаның шекті жүктемесіне сәйкес келуі керек.
359. Есептеу ең жағымсыз жүктемесінің жұмыс жағдайларында жүргізілуі мүмкін.
360. Ашық палубаларда және қорғалмаған палубаларда жүк кескіндерін жабу үшін көзделген платформалар Сыныптау қағидасының талаптарын ескере отырып есептеледі.
§ 2. Есептеу жүктемелері
361. Кеменің көтеру платформалары үшін есептеу жүктемелері осы Қағиданың 19-қосымшасында келтірілген.
362. Осы Қағиданың 19-қосымшасында көрсетілген жүктемеден басқа платформа дөңгелек техникасындағы дақты ескере отырып, көлік құралының кіндігіне әрекет ететін статикалық жүктемеге қатысты есептелуі тиіс.
Тиісті жүктемелер және олардың орналасуы Сыныптау қағидасында көрсетілген.
§ 3. Шекті жүктемелер, беріктілік қорлары және орнықтылық өлшемдері
363. Осы Қағиданың 38-тарауының § 2 көрсетілген жүктемелердің әрекеті кезінде кеменің көтеру платформаларының металл конструкциялары мен алмалы-салмалы бөлшектерінде көрсетілген қысым осы Қағиданың 20-қосымшасында көрсетілген мағынадан аспауы тиіс.
364. Алшақтаумен жұмыс жасайтын алып жүретін құралдардың (тростар, шынжырлар) беріктілік қоры 5-тен кем болмауы керек.
Жүктеме түскен жағдайда, осы Қағиданың 19-қосымшасындағы 2-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес алшақтаудан алынғандағы беріктіліктің қажетті қоры дұрыс жағдайда талап етілетіннен 50 % кем болып қабылдану мүмкін.
365. Кеменің көтеру платформаларының бөлшектерінің тұрақтылығын есептеу кезінде осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |