§ 6. Өткізбейтін аралықтар
260. Берік өткізбейтін көлденең аралықтардың санын және орналасуын кеменің сыныбы, түрі және міндетіне байланысты анықтайды.
Осы Қағиданың 13-бөліміне сәйкес суға батпауды қамтамасыз ету, көлденең аралықтардың және жартылай аралықтардың санын және өткізбейтіні талап етілетін кемелерде, тиісті суға батпайтындық есебімен негізделу қажет.
261. Барлық кемелерде форпиктік және ахтерпиктік көлденең өткізбейтін аралықтар болу қажет.
Форпиковті аралықтардың алдыңғы жағанан перпендикулярынан артқы жағына корпус енінің жартысынан кем болмайтындай орналасу қажет. Ені 14 м жоғары кемелер үшін Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша форпик ұзындығын кемітуге рұқсат етіледі.
262. Итерумен кез келген ұшына тізбектелуге бейім, итеруші кемелер үшін екі пиктік көлденең аралықтар форпиковтіге ұсынылатын талаптарды қанағаттандару қажет.
263. Өздігінен жүретін кемелердің, машиналық бөлімшені шектейтін, өткізбеуші көлденең аралықтардың болуы қажет.
264. Барлық өткізбеуші көлденең аралықтар түптен су үсті бортының палубаларына қарай жүруі қажет.
265. Форпик және ахтерпикті аралықтарда есіктерді және лаздарды орналастыруға рұқсат етілмейді.
Егер берік көлденең өткізбеуші аралықтарға есіктер және лаздар орнатса, онда олар өткізбейтін және екі жағынан жабылатын, ал суға батпаушылық талап етілетін кемелерде - бұдан басқа басты палубадан жабылатын болу қажет.
266. Өткізбейтін аралықтар арқылы өтетін барлық құбырлар, кабельдер, штуртросты және білікше өткізгіштер үшін қозғалғыш бөліктерді аралықтардың өткізбеуін қамтамасыз ететін тығыздаманы немесе басқа құрылымдарды қолдану арқылы көлденең стакандарға салынады.
267. Құрғақ жүк тасуға арналған кемелерде өткізбейтін көлденең аралықтардың ең аз саны, форпиковті және ахтерпиковті қоса кеменің:
1) 20 - 60 м - 3;
2) 61 - 80 м - 4;
3) 81 - 100 м — 5;
4) 101 м жоғары ұзындығында — 6 болу қажет.
268. Екі түпті және екі бортты кемелерде көлденең аралықтарды жүк трюмі шегінде орналастырмауға болады.
Мұндай жағдайда борт арасындағы өткізбейтін жартылай қалқаларды (диафрагмалар) 15 шпациядан кейін кем болмайтындай болып орналдастырады.
Жартылай қалқалардың қалыңдығы осы Қағиданың 245-тармаққа сәйкес анықталады, ал олардың жиынтығы 271, 272, 274, 275-тармақтарының талаптарына жауап береді.
Әрбір екінші борт аралық жартылай аралықтарды өткізбейтін етіп орындауға рұқсат етіледі.
269. Кеме-алаңдарында ең аз дегенде ДП бір қалқа және көлбеу фермалар немесе аралықтыраның арқашықтығы 2,5 м аспайтын пиллерстер қатары орнатылу қажет. Пиллерстер аралығының арқашықтығы екі еселенген флорлар арлығының арқашықтығынан аспауы қажет.
Ұзындығы 50 м кем кемелерде Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен ДП-дағы бойлық аралықтың орнына көлбеу ферма орналасуы мүмкін.
Осы Қағиданың 267-тармағында қарастырылған көлденең аралықтан басқа бұл кемелерде көлденең қиғаш орнаталған ферма бекітілуі қажет.
Бойынша көлденең аралықтардан басқа бұл кемелерде көлденең көлбеу фермалар орналасуы қажет. Көлденең көлбеу фермалар аралығының немесе көлденең көлбеу фермалар мен аралықтар аралығының арақашықтығы биіктігі 2,5 м кемелер үшін 12 шпация, 2,5 м жоғары болса 18 шпациядан аспауы қажет.
270. Өткізбейтін аралықтар жазық немесе кеңірдектелген болуы;
өткізбейтін аралықтар қаптамасының ең аз қалыңдығы осы Қағидаға 47-қосымшадағы суретте көрсетілгеннен кем болмауы қажет.
271. Жазық аралықтар жиынтықпен нығайтылуы қажет.
Кильсондар және карлингстер жазықтығында орналасқан көлденең аралықтардың тіреуі рамалық болуы қажет.
Егер кильсондар және карлингстер бір тік жазықтықта орналаспаған жағдайда, жақын жердегі қайраңға жететін және осы Қағиданың 27-қосымшасындағы в) суретке сәйкес бос тіреулер арқылы өтетін, ал көлденең қабырғаларда - ұзындығы рамалық тіреудің 1,5 биіктігінен кем болмайтын кницамен аяқталатын және қабырға қаттылығына дейін жететін ішінара рамалық тіреулер орнатуға болады.
Бойлық аралықтардың рамалық және бос тіреулерін рамалық және бос борттық шпангоуттың жазықтығына сәйкес орнату керек.
Белдікпен жалғасқан тік рамалық тіреудің көлденең қимасының қарсыласу сәті, мұзсыз нығайтуларын және осы Қағиданың 38-қосымшасын ескермей талап етілген белдікпен жалғасқан рамалық борттық шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәтінен кем болмауы қажет.
272. Борттық стрингерлер болған кезде олардың жазықтығындағы аралықтарда қайраң орнатылу қажет.
Белдікпен жалғасқан қайраңның көлденең қимасының қарсыласу сәті, талап етілген борттық стрингердің көлденең қимасының қарсыласу сәтінен кем болмау қажет.
273. Форпиковті қалқалардағы бос тіреулерді бір-бірінен 0,6 м жоғары емес қашықтықта орналастырылады.
Басқа қалқаларда бом тіреулер аралығының арақашықтығы 0,75 м аспауы қажет.
Палубаның және түптің бойлық жиынтық жүйесі кезінде көлденең қалқалардың бос тіреулері палубаның бойлық қабырға қаттылығы және түп жазықтығында орналастыру және оларға кницамен бекітілу қажет.
274. Өткізбейтін аралықтар үшін белдікпен жалғасқан бос тік тіреудің көлденең қимасының қарсыласу сәті белдікпен жалғасқан бос шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәтіне талап етілгеннен кем болмауы қажет.
275. Өткізбейтін аралықтардың көлденең қабырға қаттылығы аралығының арақашықтығы 550 мм тең деп қабылдау ұсынылады. Белдікпен жалғасқан бұл қабырғалардың көлденең қимасының қарсыласу сәті осы Қағиданың 176-формуласымен талап етілгеннен кем болмау қажет. Сонымен бірге d, м, мәнітік рамалық тіреу аралығының қашықтығына тең деп қабылдануы қажет.
276. Бойлық аралықтар үшін белдікпен жалғасқан жоғары көлденең қабырғасының көлденең қимасының қарсыласу сәті палуба үшін осы Қағиданың 249-тармағына сәйкес талап етілгеннен кем болмауы қажет.
277. Кеңірдектенген аралықтардың құрылымының мынадай нұсқауларын сақтай отырып орындайды:
1) корпустың кеңірдектенген көлденең аралықтары бірыңғай өткізбейтін флорларға немесе тікелей түптік қаптамаға және екінші түп төсенішіне орнатылады.
Көлденең аралықтардың тік гофрларының тік сызықтары кильсондардың аралықтарына жанасатын дуал жазықтығымен бірігуі қажет.
Палубаның және түптің карлингстері, кильсондары, және бойлық қабырға қаттылығы гофрға кницаман бекітіледі;
2) гофрмен тік орналасқан аралықтар борттық стрингерлер жазықтығында орнатылған қайраңдармен нығайтылу қажет.
Гофрмен көлденең орналасқан аралықтар рамалық шпангоут немесе кильсон және карлингс жазықтығында орнатылған рамалық тіреулермен нығайтылу қажет;
3) аралықтардың гофрлары осы Қағиданың 274 және 275-тармақтардың талабынан кем болмайтын қарсыласу сәті болуы қажет;
4) гофрлардың көлденең қимасының қарсыласу сәті (осы Қағиданың 41-қосымшасы), см3 мынадай формулалар бойынша анықтауы қажет:
трапеция тәрізді гофрлар үшін
W = th (a + b/3); (200)
толқынды гофрлар үшін
мұндағы
5) гофр өлшемдері мынадай өзара қатынас болатындай түрде таңдалуы қажет:
трапеция тәрізді гофрлар үшін
толқынды гофрлар үшін
R/t < 65. (204)
§ 7. Пиллерстер және фермалар
278. Пиллерстің және көлбеудің көлденең қимасының ауданы м2, мынадай формула бойынша анықталғаннан кем болмауы қажет
F = 98,lfm/(nReН), (205)
мұндағы f - пиллерспен қолданатын, қарастырылып жатқан аудандағы жүк люктерін қоса палубаның немесе платформаның ауданы, м2;
n - мәніне байланысты осы Қағиданың 55-қосымшасына сәйкес анықталған коэффициент
мұндағы - мыналар тең деп қабылданатын коэффициент:
құбыр қимасы үшін — 1;
екі қырлы тең бүйірлі бұрыштардан құралған төртбұрышты қорап тәрізді және крест түріндегі қима үшін - 0,61;
бір тең бүйірлі үшбұрыш түріндегі қырдың қимасы үшін - 0,44 деп қабылданатын коэффициент;
ηт - мыналарға тең коэффициент
l - пиллерс ұзындығы, м;
RеH - болат ағымдылығының шегі, МПа;
m — жүк орналастыруға арналған құрғақ жүк тиеуге арналған палубаға тең коэффициент,
m = M/f, (208)
мұндағы М - палубада мынадай ауданда орналасқан жүктің ең үлкен көлемі, т,
жүк орналастыруға арналмаған палу учаскелері үшін,
m = 0,5j, (209)
мұндағы j - пиллерспен қолданатын палуба саны;
құйма кемелердің жүк бөліктерінің палубалары үшін
m = 1,0. (210)
279. Пиллерстің немесе көлбеудің көлденең қимасының ең аз қарсыласу сәті, см4, мынадай формуламен есептелгеннен кем болмау қажет
І = β2F2, (211)
мұндағы β- осы Қағиданың 252-тармағына сәйкес анықталған коэффициент;
F - осы Қағиданың 278-тармағына сәйкес есептелген пиллерстің немесе көлбеудің көлденең қимасы.
280. Әртүрлі қырдан құралған пиллерстер 1 м жоғары емес кейін орналасқан жалғастырушы төсемдерде орнатылу қажет.
Жүк палубаларын және құйма кемелердің палубасын қолдайтын пиллерс ұштары түпкі және палубалық жиынтыққа төрт кницамен бекітілу қажет; басқа палубаларды қолдайтын книц ұштарын тек қана екі кницамен нығайтуға рұқсат етіледі.
Книц биіктігі пиллерстің көлденең қималарының екі есе биіктігінен кем болмау қажет.
281. Пиллерстерді флордың кильсонмен және карлингстің бимспен қиылысқан түйіндерінде орнату ұсынылады.
Кильсондар және флорлар дуалдарындағы пиллерс астындағы тіліктерге рұқсат етілмейді. Пиллерсті кильсонның флормен қиылыспаған түйінінде орнатқан кезде оның астында түп бойынша осы жердегі екі жағынан да жақын жердегі байланысқа жететін негізгі рамалық жиынтықтың өлшеміндегі байланыстар орнату қажет. Ұқсас құрылымдар пиллерсті рамалық палубалық жиынтықпен жалғастыру кезінде де болу қажет.
282. Пиллерс осінің өрнектелген жиынтығы жиынтықтың тік дуалдарымен сәйкес келуі;
өрнектелген жиынтықта орнатылатын құбырлы пиллерстер көлденең кництерге тірелуі қажет.
283. Қондырма және басты палуба бөлмелерінде пиллерс осьтерін біртіндеп тік орналастыру ұсынылады.
284. Көлденең және бойлық көлбеу фермдердің конструкциялары (осы Қағиданың 17-қосымшасы) пиллерстерге және көлбеулерге қатысты флорлар және бимстерге немесе кильсондар және карлингстерге сәйкес жасалу қажет.
285. Бойлық және көлденең көлбеу фермдердің белдігін құраушы бойлық және көлденең жиынтық (тиісті кильсондар, карлингстер және флорлар, бимстер) таңбалық қырдан болуы қажет.
286. Көлбеу ұштары бойынша көлбеу қиылысының түйіндерінде книц немесе бракеттер орналасу қажет.
Книц немесе бракет өлшемдері оларға қырдың екі есе биіктігіне тең көлбеу ұшын бекітетіндей қабылдайды. Книц қалыңдығы (бракет) сәйкес фермалар белдігінің дуал қалыңдығынан кем болмау қажет.
287. Бірнеше бірдей қырдан құралған көлбеулерде сызбасы осы Қағиданың 16-қосымшасы а) және б) сәйкес келетін фермдер үшін үштен кем емес жалғастырушы төсемдер болу және сызбасы осы Қағиданың 16-қосымшасы в) сәйкес келетін фермалар үшін екеуден кем емес жалғастырушы төсемдер болуы қажет.
288. Фермдер пиллерісін осы Қағиданың 279-283-тармақтар талабын сақтаумен дайындайды.
§ 8. Машиналық үй-жайдағы корпус жиынтығы
289. Бірыңғай флорларды әрбір шпангоутта орналастыру керек.
Рамалық шпангоут және бимс аралығының арақашықтығы үш шпациядан аспауы;
шпация кеменің ортаңғы бөлігінен үлкен болмауы;
түптік, борттық және палубалық байланыстар осы Қағиданың 206-259-тармақтарында бекітілген талаптарға жауап беруі және оның өлшемдері грейфермен жүкті тиеу және жүкті түсіруге қосымшаны ескермей кеменің ортаңғы бөлігіндегі тиісті байланысына талап етілетін өлшемнен кем болмауы;
машинналық бөлімнің байланыстары машиналық бөлімшеге жанасатын бөлік байланыстарымен тиісті конструктивті байлауы болуы қажет.
290. Флорлар және кильсондарды қайырылған ернектермен қолданылмайды.
291. Машиналық бөлімшедегі флорлар дуалының қалыңдығы талап етілетін кеменің ортаңғы бөлігіндегі флорлар дуалының қалыңдығынан 1 мм-ге кем болмауы қажет.
Құрғақ жүк тасуға арналған кемелер үшін ортаңғы бөлігіндегі флорлар дуалының қалыңдығын мұндай жағдайда грейфермен жүкті тиеу және жүкті түсіру шартынан оның ұлғаюын ескермей анықтайды.
292. Кильсондар саны және оның орналасуы машиналық іргетас және көршілес бөліктердегі кильсондардың орналасуымен келісуі;
басты қозғалтқыштардың іргетасындағы бойлық белдемдердің бірі кильсондармен бірігуі қажет.
Кильсондарды басты қозғалтқыштардың бойлық іргетастық белдемдерімен біріктіру мүмкін болмаған жағдайда бойлық іргетастық белдем жазықтығында көлденең аралықтардың тік рамалық тіреулерімен байланған машиналық бөлімшенің ұзына бойына (аралықтан аралыққа дейін) қосымша кильсондар орнату қажет.
Машиналық бөлімше кильсондарында флор өлшемінен кем емес өлшем болу қажет.
§ 9. Ұш жиынтығы
293. Борттың ұшындағы жиынтық жүйесі көлденең болуы;
жиынтық көлемдері кеменің ортаңғы бөлігіне талап етілетін өлшемдерден кем болмауы, сонымен бірге осы Қағиданың 294-296-тармақтар талабы сақталуы;
белдемдер аралығының арақашықтығы кеменің ортаңғы корпусына арналған мәннен кем болмауы қажет.
294. Алдыңғы жағының ұшының жиынтығы мынадай нұсқауларды сақтаумен орындайды:
1) алдыңғы жағының ұшында флорлар, 550 мм кем болмайтын әрбір көлденең шпацияда орналасу қажет.
Флорлар дуалының қалыңдығы кеменің ортаңғы бөлігіне талап етілетіннен 1 мм-ге жоғары болуы;
жабдықталмаған жағаға қарай алдыңғы жағымен байланушы кеме форпигіндегі флорлар дуалының қалыңдығы кеменің ортаңғы бөлігіндегі Қағидамен талап етілгеннен 2 мм жоғары болуы қажет.
Осы Қағиданың 308-тармағына сәйкес есептелген формуласы бойынша есептелген алдыңғы жағының ұшы шана тәрізді және қасық тәрізді нысандағы кемелер үшін белдікпен жалғасқан флорлардың көлденең қимасының қарсыласу сәті 1,5 есе ұлғайтылу қажет, сонымен бірге В1 форпиковты аралықтарға жақын флор белдігінің деңгейінде анықталады. Сүйір тәрізді нысандағы кемелердің алдыңғы жағының ұшындағы флорлар биіктігі кеменің ортаңғы бөлігінің флорлар биіктігінен 80% кем болмау қажет;
2) орташа кильсон - штевнямен, ал транц болған жағдайда - транцтың диаметралды рамалық тіреуімен жалғасқан болу қажет.
Кильсон қырларының өлшемі флорлар өлшемінен кем болмау қажет;
3) рамалық шпангоут аралығының арақашықтығы екі шпациядан аспау қажет.
Рамалық және бос шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәті осы Қағиданың 171 және 174-формуласы талабымен салыстырғанда 25% ұлғайту қажет;
4) борттық стрингерлерді осы Қағиданың 339-тармағына сәйкес орнатылады.
Егер борттық стрингер форштевенде аяқталса, онда оны қалыңдығы стрингер қалыңдығына тең болатын брештукпен жалғастыру керек.
Брештук ұзындығы бір шпациядан кем болмауы;
брештуктің бос белдігінің өлшемі борттық стрингердің бос белдігі өлшеміне сәйкес келуі қажет.
295. Ахтерпикте шпация 550 мм кем болмау қажет.
«М», «О» және «Р» сыныпты кемелерде ахтерпиктегі флорларды әрбір шпангоутта орналастырады.
Флорлар ескіш білік немесе дейдвудты құбыр үстіне флор дуалындағы бөлік диаметрінен кем емес биіктікке шығарылу қажет. Жоғарыда шпангоутқа олардың көлденең байланыстырушы тілік қимасын белдікпен пісіру қажет, оларды сондай-ақ ескіш білік немесе дейдвудты құбырға дейін жеткізуге болады, тілік қима қалыңдығы флорлар қалыңдығына тең болу қажет (осы Қағиданың 56-қосымшасы).
Кильсондар артқы жағына қарай кильсондар және машиналық бөлімшенің тағандық белдемінің жалғасы сияқты созылу қажет. Рамалық шпангоут аралығының арақашықтығы екі шпациядан жоғары болмау қажет.
Толық жиектелген алдыңғы жақты кемелерде қаптамаға қалыпты орналсқан бұрылма шпангоут орнатылады. Радиал шпангоут аралығының арақашықтығы кеменің ортаңғы бөлігі үшін қабылданған шпациядан жоғары болмау керек.
Белдікпен жалғасқан рамалық және бос шпангоуттардың көлденең қимасының қарсыласу сәті осы Қағиданың 171 және 174-формулалардың талабымен салыстырғанда 15% ұлғайтылуы қажет.
296. Итерілетін кемелердің ұштары, тіректен күштер бортқа және корпустың бойлық байланысына бірқалыпты таралатындай нығайтылады.
Тірек жазықтығында кеме корпусымен мықты байланысқан және форпик (ахтерпик) аралықтарына дейін жеткізілген бойлық аралықтар және көлбеу фермалар орналастырады.
Тірек аудандарында тұйық шпангоуттық рамалар орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |