§ 1. Жалпы ережелер
1780. Қалыпты беріктілікті кеме жасаушы болатты пісіруге арналған пісіру материалдары 1, 2 және 3 категорияларына, жоғары беріктілікті кеме жасаушы болат - 1Y, 2Y, 3Y категориясына, ал жоғары беріктілікті кеме жасаушы болат - 3Y, 4Y, 5Y категорияларына бөлінеді.
Жоғары беріктілікті болатты пісіруге арналған пісіру материалдарының категориялары материалдарының ең аз ағымдылық көрсетілетін қосымша индекстер белгіленеді (осы Қағиданың 143-бөлімі).
Автоматты түрде рұқсат етілген пісіру материалдарының байланыстары мынадай индекстермен белгіленеді:
екі торапты пісіру - Т;
көп торапты пісіру - М;
екі торапты және көп торапты пісіру - ТМ.
Жартылай автоматты түрде пісіруге жіберілген материалдар байланысы S индексімен белгіленеді.
1781. Ерітілген металдың механикалық қасиеті мен соғу жұмысы KV осы Қағиданың 262-қосымшасы, пісіру материалдарының тиісті категорияларының пісіру жалғауларын - 263-қосымшаны қанағаттандыруы тиіс.
1782. Кеме жасаушы болаттарға арналған пісіру материалдарын таңдау осы Қағиданың 251-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
1783. Осы Қағиданың 1789-тармағына сәйкес анықталатын ерітілген металда диффузиялық сутек құрамына байланысты пісіру материалдарына Кеме қатынасының тіркелімімен осы Қағиданың 264-қосымшасы сәйкес «Н», «НН» или «ННН» индекстері берілуі мүмкін. Сутек құрамын анықтау тәсілі рұқсат ету кезінде сынаулар хаттамасында көрсетілуі тиіс. Диффузиялық сутек құрамы температура мен қысымы бойынша стандартты жағдайларда есептеумен келтіріледі.
1784. 0,22 % және одан аса көміртектен тұратын қалыпты беріктілікті болатты пісіруге арналған кез-келген категориялы немесе басқа болаттармен сол тектес болаттарды, сондай-ақ жоғары беріктілікті болатты пісіруге арналған пісіру материалдары -25 оС температураға дейін пісіруден кейін тігіс металындағы және пісіру жалғауларындағы салқын сызаттар болмауы, ал ерітілген металдағы күкірт пен фосфор құрамы әрбір элементтің кемінде 0,03 % болуы тиіс.
1785. Аралас жүзу кемелер корпустарын пісіруге арналған пісіру материалдары пісіру жалғауларының (тігіс металын және термиялық әсер ету зонасының) және негізгі металдың теңіз суындағы тегіс немесе өте жақын коррозия жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс.
1786. Дайындаушының өтініші бойынша егер пісіру материалдары жыл сайынғы сынаулар кезінде осы категория талаптарын қанағаттандыратын болса, оны аса жоғары категорияға көшіруге болады.
§ 2. Сынақтар кезіндегі жалпы талаптар
1787. Пісіру материалдарына рұқсат беру мен Кеме қатынасының тіркелімімен дайындаушы- кәсіпорынды тану кезінде жалпы жағдайда анықталуы тиіс:
1) ерітілген металдың механикалық қасиеттері;
2) метал тігісінің және пісірілген түйіскен жалғауларының механикалық қасиеттері;
3) таврды сынаманы пісіру кезінде ыстық сызаттардың пайда болуына қарсы тігіс металының және пісіру жалғауларының тұрақтылығы.
Бұл қажет болғанда, немесе дайындаушының ықыласы бойынша пісіру материалдарына рұқсаттама беру кезінде анықтайды:
1) ерітілген металдағы диффузиялық сутектің құрамы (осы Қағиданың 1783 және 1789-тармағы);
2) тігіс металының және пісіру жалғауларының салқын сызаттар пайда болуына қарсы тұрақтылық (осы Қағиданың 1784 және 1790-тармағы);
3) теңіз суындағы коррозияға қарсы пісіру жалғауларының тұрақтылығы (осы Қағиданың 1783 және 1789-тармағы).
Нақты пісіру материалдарының сынаулар көлемі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген осы Қағиданың 1792 және 1711-тармағына сәйкес бағдарламамен белгіленеді.
1788. Осы Қағиданың 1777-тармағына сәйкес пісіру материалдарын жылсайынғы сынаулар кезінде теңіз суларында салқын сызаттар мен коррозия пайда болуына қарсы тігіс металлының және пісіру жалғауларының тұрақтылығын анықтауға арналған Осы Қағиданың 1787-тармағында көрсетілген сынаулар. Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген сынаулар көлемі азаюы мүмкін.
1789. Бұл қажет болғанда сутек құрамын анықтау вакуумды тәсілдің екеуінің бірі бойынша жүргізілуі тиіс:
осы Қағиданың 166-қосымшасында көрсетілген әдістеме бойынша;
сынапты - вакуумды аппаратураны қолдану әдістемесі бойынша.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сутек глицеринді тәсілімен анықталуы жүргізуге болады.
1790. Тігіс металының және пісіру жалғауларында салқын сызаттар пайда болуына қарсы тұрақтылықты Осы Қағиданың 164-қосымшасында көрсетілген әдістеме бойынша анықталады.
Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынауларды басқа әдістемелермен жүргізуге рұқсат етіледі, сонымен бірге, кемелерді жасау кезінде жағдайларға ұқсас жағдайларда орындалуы қажет.
1791. Теңіз суларында пісіру жалғауларының коррозияға қарсы тұрақтылығы осы Қағиданың 163-қосымшасында көрсетілген әдістеме бойынша анықталады. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынауларды басқа тәсілдер бойынша анықтау рұқсат етіледі.
137. Сынамаларды, үлгілерді дайындау және нәтижелерді бағалау
§ 1. Сынамаларды дайындау
1792. Барлық пісіру материалдары үшін ерітілген металл құрамын анықтауға арналған сынамалар кез келген категориялы кеме жасаушы болаттан жасалуы мүмкін.
Түйіскен және таврды жалғаулардың сынамалары тағайындалған пісіру материалының категориялы болаттан жасалуы тиіс. Егер пісіру материалы түрлі категориялы болатты пісіруге арналған болса, түйіскен жерлердің сынамалары ең жоғары категориялы болаттан жасалуы тиіс.
Сынамалар қалыпты температурада пісірілуі тиіс, оған қоса келесі қабаттар алдыңғы қабаттар кемінде 250оС дейін, бірақ 100оС кем емес суыған соң ерітіледі, сынамаларды пісіру қалыпты температурада орындалуы тиіс.
Түйіскен жалғаулар сынамалары үлгілерге кесулерге дейін нәтижелері рұқсат етілмейтін ақаулардың болмауын растайтын радиографиялық бақылауға алынуы тиіс.
Сынамаларды пісіру Кеме қатынасының тіркелімі бас инженерінің немесе Кеме қатынасының тіркелімінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен орындалуы қажет.
1793. Егер пісіру материалдары тұрақты және ауыспалы тоқта жіберілуге тиісті болса, онда сынамаларды ауыспалы тоқта пісіру керек. Кеме қатынасының тіркелімі сынамаларды тұрақты тоқта да пісірулі талап етеді.
§ 2. Үлгілерді дайындау
1794. Пісіру жалғауларының сынамаларынан үлгілерді пісіру жалғауларының пісіру металының ерітілген металын созылуына, майысуына және соғудан майысуға сынаулар үшін кесіледі. Үлгілер өлшемдері осы Қағиданың 17-бөлімнің талаптарына сәйкес қабылданады.
Пісіру жалғауларының үлгілер созылуына сынау үшін оның өлшемдері осы Қағиданың 265-қосымшасында көрсетілген.
Цилиндрлі үлгілердің пішіндері мен көлемдері созылуына сынау үшін стандарттарға сәйкес болуы тиіс.
Созылуға сынау алдында сутектерді жою үшін 16 сағат бойы 250оС аспайтын температурада ұсталынуы тиіс.
1795. Соғудан майысу үшін сынауларға арналған үлгілер пісіру жалғауларының сынамаларынан осы Қағиданың 266, 267-қосымшасында сәйкес ойып кесілуі тиіс.
1796. Созылу мен майысуына сынау үшін пісіріліп, түйіскен жалғаулардан кесілген үлгілердегі тігістердің күшеюі негізгі металмен екі жағынан да жойылуы тиіс. Майысуға сынау үшін үлгілер жиектерін кемінде 2 мм радиусқа шеңберленіп рұқсат етіледі.
§ 3. Сынақтар нәтижелерін бағалау
1797. Үлгінің үш қалыңдығына тең оправканың майысуынан кейін үлгінің шешіліп жатқан жағында сызаттар пайда болмаса, майысу сынаулары қанағаттандырарлық деп саналады. Бетінде пайда болған ұзындығы 3 мм кем сызаттар саналмайды.
1798. Егер созылу мен майысу сынауларының нәтижелері талаптарға сәйкес болмаса, үлгілердің екі еселенген көлемінде қайта сынаулар жүргізу қажет.
1799. Соғудан майысу сынаулары температурасы 2оС нақтылымен бағылануы тиіс үш үлгілерде жүргізіледі. Алынған соғу жұмысының орташа мәні осы Қағиданың 262, 263-қосымшасында талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сынаулар кезінде алынған бір үлгі үшін соғу жұмысы талап етілген орташа мәннен кем болуы мүмкін, бірақ кемінде оның 70% құрауы тиіс.
1800. Егер үлгілерді соғудан майысу сынаулар нәтижесі осы Қағиданың 262, 263-қосымшасында талаптарына сәйкес болмайтын болса, үш үлгіден тұратын комплектіні қосымша сынау жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Егер сынақ кезінде алынған соққы жұмысы екі үлгінің талап етілген орташа мәндерден төмен және артық болуына қарағанда, олардың бірі осы мәнінен төмен болмайтын 70% құрауына қарағанда артық болмаса, қосымша сынақтар рұқсат етіледі.
1801. Дәнекерлеу материалдарын ыстық жарықтың пайда болуына қарсы сынау осы Қағиданың 1806-тармағына сәйкес іске асуы тиіс. Сынаудың нәтижесі қанағатты болып саналады егер, дәнекерлеу тігістерінде таңбалы сынама жоқ болса жазықтық және ішкі жарықтар, сондай-ақ елеулі кеуектілер.
1802. Салқын жарықтардың пайда болуына қарсы беріктігіне сыналған бағалау нәтижесі осы Қағиданың 164-қосымшасында баяндалған әдістемеге сәйкес жасалынады.
1803. Теңіз суда пісіру жалғауларының коррозияға қарсы тұрақтылығын анықтау үшін сынаулар нәтижелерінің негізінде тігіс металлының және термиялық әсер ету зоналарының коррозияға тұрақтылығының орташа жылдамдығы, пісіру жалғау зонасындағы және пісіру жалғауларынан бірнеше қашықтықтағы коррозияның орташа жылдамдығы анықталуы тиіс. Сонымен бірге, пісіру жалғаулары элементтерінің коррозия жылдамдығының қатынасы 0,9—1,1 шегінде болуы тиіс.
138. Қолдан доғалы пірісу үшін электродтарды сынау
§ 1. Ерітілген металды және пісіріліп түйіскен жалғауларды сынау
1804. Төмен орналасқан күйдегі ерітілген металлды сынау үшін екі сынама пісірілуі тиіс, сонымен бірге олардың бірі диаметрі 4 мм электродтармен, ал басқасы - өндірістік диаметрінен едәуір электродтармен пісіріледі. Егер электродтар тек қана бірдей көлемді болып жасалса, бір сынама жеткілікті.
Ерітілген металдың сынамасы осы Қағиданың 268-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
Тігіс металлы бірнеше қабаттармен ерітілуі тиіс, сондай-ақ әрбір мынадай реттегі қабатты алдыңғысына қарама-қарсы бағыттау қажет. Әрбір қабаттың қалыңдығы кемінде 2 мм және 4 мм аспауы тиіс.
Осы Қағиданың 268-қосымшасына сәйкес сынамалардан ойып кесілген үлгілерді сынаулар нәтижелері осы Қағиданың 262-қосымша талаптарына сәйкес болуы тиіс.
1805. Пісірудің әрбір күйінде үшін (төменгі, төменнен жоғары тік, тік жоғарыдан төнменге, төбелік, тік жазықтықта көлденең) электродтар арналған пісіріліп, түйіскен жалғаулардың қасиеттерін анықтау үшін бір сынамадан пісірілуі тиіс. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша төменгі және тура төменнен жоғары күйде пісіру үшін арналған электродтар тура жазықтықта көлденең күйде пісіру үшін қолданылуы мүмкін.
Егер электродтар төменгі күйде пісіру үшін ғана арналған болса, осы күйде екі сынамалар пісірілуі тиіс. Пісіріліп, түйіскен жалғаулардың сынамаларының электродтарын сынау үшін осы Қағиданың 269-қосымшасында сәйкес болуы тиіс.
Төбелік күйде пісірілген сынамалардан соғудан майысу сынаулары үшін үлігелірді дайындау талап етілмейді.
Сынамаларды пісіру мынаны ескере отырып орындайды.
1) төменгі күйде - бірінші жолды диаметрі 4 мм электродпен, соңғы екі қабаттарды санамағанда, қалған жолдарды диаметрі 5 мм немесе одан аса электродтармен орындалуы қажет.
Екі соңғы қабаттардың жолдары өндірілген диаметрі едәуір аса электродтармен орындалуы қажет.
Төменгі күйде екінші сынама қажет болған жағдайда бірінші жолды диаметрі 4 мм электродтармен, мынадай жолды 5 немесе 6 мм диаметрлі электродтармен, қалған жолдары едәуір өндірілген диаметрлі электродтармен орындалуы қажет.
2) көлденең күйі - бірінші жол диамтері 4 немесе 5 мм электродтармен, мынадай жолдар - диаметрі 5 мм электродтармен орындалуы қажет;
3) төменнен жоғары тура күйде және төбелік - бірінші жол диаметрі 3,25 мм элеткродтармен, қалған жолдарды диаметрі 4 немесе 5 мм электродтармен орындалу қажет, егер мұндай диаметрлі электродтар осы күйдегі пісіру жұмыстары үшін ұсынылатын болса;
4) жоғарыдан төменге қарай тура күйде - электрод диаметрі және сынамаларды пісіру тәртібі жасаушының ұсынысы бойынша қолданылады.
Қайта пісірілетін тігіс негізгі тігіс орындалған сол пісіру күйіндегі тігіс түбірін таза металға дейін кесіп алудан кейін диаметрі 4 мм электродтармен орындалады.
Осы Қағиданың 269-қосымшасында сәйкес сынамалардан ойып кесілген үлгілерді сынаулар нәтижелері осы Қағиданың 263-қосымшасында талаптарына сәйкес болуы тиіс.
§ 2. Тігіс металының және пісіру жалғауларының ыстық
сызаттарының пайда болуына қарсы тұрақтылықты сынау
1806. Ыстық сызаттар пайда болуына қарсы тұрақтылықты анықтау үшін осы Қағиданың 270-қосымшасында көрсетілгендей үш таврлы сынамалардан пісірілуі тиіс. Мүмкіндігінше сынамалар түрлі диаметрлі элетродтармен пісіріледі.
Тура табақшалардың төменгі жиегі тең және төменгі табақша тығыздығына айдалуы тиіс. Тегіс емес жерлер жойылуы тиіс.
Тік қойылған пластиндардың кесілген жерінде орындалады. Төменгі пластинада қосымша қаттылық беру арқылы үш көлденең қабырға олардың майысуын болдырмауы тиіс.
Дәнекерлеу «қайық» жағдайында жасалынуы тиіс. Бұрыштық тігістер осы тип үшін дайындаушымен ұсынылатын және электрод диаметрі бір өтетін жерлі және ең жоғарғы тоқта орындауы тиіс.
Екінші тігіс бірінші тігіс аяқталғаннан кейін тез арада орындалуы тиіс және бірінші тігіс басталған жерден сынаманың соңында бітеді. Екі тігісте тербелмелі қозғалыссыз тұрақты жылдамдықта орындалуы тиіс.
Ұзындығы 120 мм тігістерді пісіру үшін қажет электродтардың ұзындығы осы Қағиданың 271-қосымшасында көрсетілген.
Пісіруден кейін тігістерден қож жойылады, толық суыған тігістерде сызаттарды анықтау үшін бақылау мен бұзылмайтын бақылауға жатады.
Содан соң бірінші білікше станокта кесіледі немесе кескішпен шабылады, ал екінші білікше тігіс түбірі созылатындай етіп сынады.
§ 3. Бұрыштық тігістерді пісіруге ғана арналған
электродтарды сынау. Флюс сымдарының үйлесімділігін сынау
1807. Еңісті және жататын элктродтарды пісіруге арналған электродтарды қоса бұрыштық тігістерді пісіруге ғана арналған электродтар мынадай сынауларға жатады:
1) осы Қағиданың 1804-тармағына сәйкес ерітілген металының қасиетін анықтауға;
2) таврды жалғауларды сынауларға;
3) осы Қағиданың 1789-тармағына сәйкес сутек құрамын анықтау.
Таврлы жалғаулардың пісірілуі осы Қағиданың 272-қосымшасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Таврлы сынамалар электродтар арналған әрбір күйде (төменгі, тура, төменнен жоғары, жоғарыдан төмен, тура, төбелік) пісірілуі тиіс. Сынамалар пісірудің осы күйіне дайындаушымен ұсынылған диаметрлі электродтарды пайдалану арқылы пісірілуі тиіс. Сынамалар ұзындығы бір электродты толық еріту кезінде алынатын тігістер орындала алатындай болуы тиіс. Сынама бойынша бірінші тігіс едәуір өндірілген диаметрлі электродтармен, екінші диаметрі ең аз электродтармен пісірілуі тиіс. Ені шамамен 25 мм үш бөліктерден үш макро тілімтас жасалуы тиіс. Үш ірі тілімтастарда осы Қағиданың 272-қосымшасында көрсетілгендей тігіс металының қаттылығы, термиялық әсер ету және негізгі метал зоналары өлшенуі тиіс.
Тігіс металы қаттылығы мен термиялық әсер ету зонасының орташа мәні қалыпты және жоғары беріктілікті кеме жасаушы болатты пісіру кезінде 350 HV аспауы тиіс (100 Н жүктемеде алмас пирамидасы көмегімен анықталатын қаттылық).
Тігістердің бірін строжка немесе кескішпен жоюдан кейін сыну сынаулары қалған тігіс түбірі созылатындай етіп жүргізіледі. Сынулар беттерінде сызаттар мен мағыналы кеуектілік болмауы тиіс.
1808. Осы талаптар көп жолды және екі жолды автоматты пісіруге арналған флюс-сымдарының үйлесімділігіне қолданылады. Егер үйлесімділік тәсілдердің екеуіне де арналатын болса, онда сынауларды әрқайсысына жүргізу қажет.
139. Көп жолды пісіруге арналған үйлесімділік
§ 1. Ерітілген металды және пісіріліп түйіскен жалғауларды сынау
1809. Сынама осы Қағиданың 273-қосымшасына сәйкес астыңғы күйде пісірілуі тиіс.
Әрбір мынадай қабаттың ерітілген пісірулері алдыңғысына қарама-қарсы болуы тиіс. Әрбір жол қабатының қалыңдығы сым диаметрінен, соныымен бірге 4 мм кем болмауы тиіс.
Осы Қағиданың 272-қосымшасына сәйкес сынамалардан кесілген үлгілерді сынаулар нәтижелері 262-қосымшасына талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1810. Сынама осы Қағиданың 274-қосымшасына сәйкес төменгі күйде пісірілуі тиіс.
Әрбір жол қабатының қалыңдығы сым диаметрінен, сонымен бірге 4 мм кем болмауы тиіс. Осы Қағиданың 274-қосымшасына сәйкес сынамалардан ойып кесілген үлгілерді сынау нәтижелері 263-қосымшасына талаптарына сәйкес болуы тиіс.
§ 2. Әрбір екі жолды пісірудің үйлесімділігі
1811. Осы Қағиданың 275-қосымшасына сәйкес екі сынама пісірілуі тиіс:
1) 1 және 1Y категориясы үшін қалыңдығы 12-15 мм бір сынама және қалыңдығы 20-25 мм басқа сынама;
2) 2, 2Y, 3, 3Y категориясы үшін қалыңдығы 20-25 мм бір сынама және қалыңдығы 30-35 мм басқа сынама.
Егер пісіру материалдары қалыпты және жоғары беріктілікті болатты пісіруге арналған болса, беріктілігі жоғары болаттан екі сынама дайындау қажет. Кеме қатынасының тіркелімі, сондай-ақ, қалыпты беріктілікті болаттан дайындауды талап етуі мүмкін.
Болат категориясын, сымдар диаметрін таңдау, сынама пісіру кезінде жиектерді дайындау осы Қағиданың 275-қосымшасына талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Табақшаның жиектерінің арасындағы ара-қашықтығы 1 мм аспауы тиіс. Сынама екі жолда орындалып бітуі тиіс. Бірінші жолды орындаудан кейін және мынаны орындаудың алдында сынама 100 0С температураға дейін ашық ауада сууы тиіс.
Осы Қағиданың 275-қосымшасына сәйкес ойып кесілген үлгілерді сынау нәтижелері 262, 263-қосымшасына талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |