§ 1. Өткелдер
1860. Басты және көмекші қозғалтқыштар, агрегаттар және жабдықтар, машиналық бөлімде олардың басқару постарынан және қызмет көрсету орындарынан шығуларға еркін өткелдер қамтамасыз етілетіндей болып орналасу тиіс. Өткел ені оның ұзына бойына 600 мм кем болмау, ал биіктігі - 1900 мм кем болмауы тиіс. Жарық бойынша өткел енін 500 мм дейін жергілікті төмендетуге рұқсат етіледі.
Корпусы су бетінде қалқып жүретін және әуе кемелерінде, сондай-ақ ұзындығы 25 м кем су ығыстырғыш кемелерде негізделген жағдайларда өткел ендерін 400 мм дейін төмендетуге рұқсат етіледі.
1861. Басты қозғалтқыштармен басқару постарының, сондай-ақ басты қозғалтқыштар арасының жағынан өткел ені 1000 мм кем болмауы тиіс.
Басты қозғалтқыштарды дистанционды басқару кезінде өткел ені 800 мм дейін төмендетілуі мүмкін.
§ 2. Шығу жолдары
1862. Әрбір машиналық бөлімше (осы Қағиданың 1863-тармағында көрсетілгеннен басқа), білік жетектердің туннелдері, сондай-ақ басты бөліп тұратын қалқандар орналасқан әрбір бөлмеде,біреуі су өткізбейтін есік арқылы бөлмеге апаратын өз бетінше шығу жолы бар екеуден кем емес шығатын жолдары болуы тиіс.
Екінші шығу жолы тікелей ашық палубаға апаруы тиіс; бұл шығу ретінде тік болатты трап қолданылуы мүмкін. Шығулар барынша бір брінен қашық орналасуы тиіс. Трап орналасқан шахта жарығына қарай өлшемдер 600x600 мм кем болмауы тиіс.
1863. Екінші шығу жолы:
1) ауданы 25 м2 аспайтын машиналық бөлімшеден, егер шығатын жолы көршілес машиналық бөлімшелерге немесе үй-жайларға апармайтын болса;
2) ұзындығы 25 м аспайтын кемелерде;
3) өртке қауіпсіз және машиналық бөлімшенің ішінде қоршалған, екі шығу жолы бар қосымша бөлімдерден;
4) басты бөлгіш қалқандар орналаспаған жабық орталық басқрау постарынан;
5) сұйық отында жұмыс істейтін қозғалтқыштары жоқ бөлімдерден талап етілмейді.
1864. Егер екі көршілес бөлімдер есіктер көмегі арқылы хабарланса және осы бөлімдердің әрқайсысы ашық палубаға қарай бір ғана шығу жолы болса, онда бұл шығулар қарама қарсы борттар бойынша орналасуы тиіс.
1865. Мұнай құюға арналған кемелердегі жүк сорғыларының бөлімдері тікелей ашық палубаға апаратын кемінде бір шығу жолы болуы тиіс.
§ 3. Траптар
1866. Ұқсас траптардың баспалдақтары 150 мм кем емес тереңдікте және 560 мм кем емес ені болуы тиіс. Олар табақшалардың және торлардың сырғанап кету қатынасында қауіпсіз болып жасалуы тиіс. Траптардың еңкеюі көлденеңге 60о жоғары болмауы тиіс.
Корпусы су бетінде қалқып жүзетін кемелерде және әуе жастықтарында, сондай-ақ ұзындығы 25 м кіші су ығыстырғыш кемелерде ұқсас траптардың енін 500 мм дейін төмендетуге рұқст етіледі.
1867. Тік траптардың ені 500 мм кем болмауы тиіс. Жекелеген баспалдақтар аралығының арақашықтығы 300 мм жоғары болмауы тиіс.
§ 4. Түпкі төсеніштің табақшалары, платформалар, торлар және қоршаулар
1868. Машиналық бөлімшедегі түпкі төсеніштің табақшалары (слани) кедір-бұдырланған табақша материалдардан жасалуы тиіс. Олар алып-салмалы болуы және ығысуды болдырмайтындай сенімді құрылғысы болуы тиіс. Табақшалар қалыңдығы пайдалану шарттарында олардың майысуы болмайтындай болуы тиіс. Табақшалардың көлемі және өлшемі оларды бір адамның көтеруін қамтамасыз етуі тиіс (бір табақшаның ең үлкен көлемі 25 кг).
Қозғалтқыштардың, агрегаттардың және армтуралардың бөліктерінің өткелдерінде түпкі төсеніштің бақша үстіне шықпауы тиіс. Мұндай өткелдерге кіру төсеніш табақшаларының қақпағы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қақпақтар және оларды көтеру үшін бейімдеулердің шығу бөліктері болмауы тиіс.
1869. Қозғалтқыштарға, жабдықтарға, құралдарға және басқа да құрылғыларға қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуге арналған алаңдардың ені 450 мм кем болмау және биіктігі 900 мм кем емес берік тұтқасы болуы тиіс.
Егер алаңдар машиналық бөлімшедегі ауаның дұрыс циркуляциясын бұзатын болса, олардың орнына мықты болат торлар қарастырылуы тиіс.
Алаңдар және торлардың сыртқы жиектері биіктігі 40 мм кем емес комингстармен қапталуы тиіс.
1870. Қозғалтқыштың, агрегаттардың, жабдықтардың және жетектердің персоналдарға қызмет көрсетуге қауіпті жылжитын барлық бөліктері тұтқалармен немесе бүркеніштермен қоршалуы тиіс.
§ 5. Ұқсас және жарықты люктердің есіктері, қақпақтары
1871. Машиналық бөлімшеден шығу жолу болуы мүмкін есіктер, сондай-ақ ұқсас және жарықты люктердің қақпақтары сыртқа қарай ашылу, сыртынан жабылуы және ашылуы іштен ашылатындай болуы тиіс.
Ұқсас люктардың қақпағында оларға қандай да бір элементтерді жинап салуға тыйым салынатын анық жазу болуы тиіс. Шығуға арналмаған жарық люктердің қақпақтары оларды сыртынан жабатын құрылғысы болуы тиіс.
1872. Мұнай құюға арналған кемелердегі сорғылық бөлімнің люктерінің есіктері мен қақпақтары сыртқа қарай ашылу, ал жабылғанда ішінен де сыртынан да жабылу тиіс. Олардың конструкциясы тұтанудың болу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
1873. Жарық люктердің шынылары механикалық зақымдардан торлармен қорғалу және өрт болған жағдайда олар құламайтындай етіп орнатылуы тиіс.
153. Энергетикалық қондырғылар объектілерінің орналасуы
1874. Энергетикалық қондырғылар объектілері, жабдықтар, құбырлар және арматура оларға қызмет көрсету және жөндеу үшін еркін кіру қамтамасыз етілетіндей орналасуы тиіс. Энергетикалық қондырғылардың басқа объектілерін бөлшектеусіз объектілерді ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда оларды жөндеу үшін кіру қарастырылмаса да болады.
1875. 60оС жоғары температурада қызуға душар болатын және персоналдарды қызмет етуге қауіп тудыратын энергетикалық қондырғылардың және құбырлардың барлық бөліктері, жылулық сәулеленуді (теплоизоляция, экрандау) болдырмайтын немесе шектейтін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Энергетикалық қондырғылардың 220оС жоғары қызыған үсті, соның ішінде құбырлар жанбайтын материалдардан жасалған оқшаулануы болуы тиіс. Егер оқшау мұнай жорамалды болса, онда отын немесе май сақталатын машиналық бөлімшеде оқшаулау металл табақшалармен немесе басқа эквивалентті мұнай өткізбейтін материалдармен қоршалуы тиіс. Дірілден және механикалық зақымдардан оқшаудың бұзылуын болдырмайтын шаралар қарастырылуы тиіс.
1876. 1875-тармақта көрсетілген объектілердің сыртқы бетінен сұйық отынның цистерна дуалына дейінгі арақашықтық 600 мм кем болмауы тиіс.
Ұзындығы 25 м кем кемелерде, қоршаудың сыртқы бетінің температурасы 60 оС аспаған жағдайда бұл арақашықтықты 400 мм дейін төмендетуге рұқсат етіледі.
1877. Ішкі жану қозғалтқышымен бір бөлімде орналасқан қазандар отындық құрылғылар ауданында металл жақтаулармен қоршалуы тиіс. Отындық құрылғыдан шығару кезінде бөлімді жалынның әсер етуінен қорғайтын жабдық, басқа да конструктивті шаралар қарастырылуы мүмкін.
1878. Платформада немесе аралық палубаларда орналасқан және су өткізбейтін аралықтармен қоршалмаған сұйық отында жұмыс істейтін қазандар, биіктігі 200 мм кем емес су өткізбейтін комингстермен қоршалуы тиіс.
Комингстермен қоршалған, қазандар астындағы палуба (платформа) осындай су өткізбейтін болуы тиіс.
1879. Мұнай құюға арналған кемелердің қазандары жүкке арналған мұнай цистерналарының зонасынан тыс коффердамалар артында орнатылуы тиіс
Бу ұшқынының температурасы 45оС дейін кемелерді қоса, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мұнай құятын кемелерде, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін кемелерде, сондай-ақ тез тұтанатын жүктерді тасымалдауға арналған жүк кемелерінде қатты отында жұмыс істейтін қазандарды орнатуға тыйым салынады.
1880. Отын және жанар жағар май цистерналары, сондай-ақ сулы мұнайы бар жиынтық цистерналар ішкі жану қозғалтқыштарының, қазандардың, газ шығарушы құбырлардың, түтін жолдарының, электр жабдықтары мен энергетикалық қондырғылардың басты элементтерімен басқару постарының трап үстінде орналаспауы тиіс.
1881. Жүк сорғыларын және мұнай құю кемелеріндегі сорғылық бөлімнің желдеткіштерін жетектеуге арналған қозғалтқыштар, тиісті орындалған (осы Қағиданың 5-бөлімі 455-тарауы) болуы, гидравликалық және электрлік қозғалтқыштарды қоспағанда жүк сорғылық бөлімдерде орнатуға рұқсат етілмейді. Бұл қозғалтқыштар орналасуы тиіс:
1) сорғылықпен көршілес, бірақ онымен тікелей хабарласпайтын бөлмелерде;
2) сорғылық бөлім ішінде орналасқан жақсы желденетін және герметикалық қоршалған бөлімдерде орналасу қажет.
Жетек біліктердің аралықтар немесе палубалар арқылы өту жерлерінде май ағызбайтын нығыздағыш орналасуы тиіс.
154. Қозғалтқыштарды, қазандарды және жабдықтарды орналастыру
1882. Оларды кемеде комплекті ауыстыру мүмкіндігі болған жағдайда немесе кемеде тұрақты жөндеу құжаттамаларында қарастырылған жағдайларда конструкциясының ерекшелігіне байланысты қызмет көрсету, ревизия және жөндеу үшін барлық бөлшектеріне қалыпты кіру қамтамасыз етілмеген қозғалтқыштарды орнатуға рұқсат етіледі.
1883. Қозғалтқыштар, қазандар және жабдықтар берік және қатты іргетастарда орнатылуы тиіс.
1884. Су өткізбейтін аралықтарда, білік жетектер туннелінің дуалдарында және сұйық отынның немесе май цистерналарының дуалдарының сыртқы қаптамасында жабдықтарды орнату оларды қабырға қаттылығы ауданындағы қаптамаға пісірілген қабырға қаттылығына немесе кронштейндерге бекіту жағдайында рұқсат етіледі.
1885. Іргетастар және тірек плиталарының арасында орналасқан төсемдер екі бөліктен жоғары емес болуы тиіс.
1886. Амортизаторларда қозғалтқыштарды және жабдықтарды орнату кезінде амортизаторлар конструкциясы Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлдануы тиіс.
Амортизаторларда орналасқан ішкі жану қозғалтқыштарының тербеліс амплитудасы (цилиндрлердің жоғарғы блоктары) мыналардан аспау тиіс:
f ≤ 17 Гц болғанда 0,3 мм;
f > 17 Гц болғанда 5/f мм,
мұндағы f — тербеліс жиілігі.
1887. Басты және қосымша қозғалтқыштар, тапсырулар, білік жетектердің және автономды қазандардың тіректік білік тіректері кемелік іргетастарға тығыз әкелінген болттармен немесе кемені пайдалану кезіндегі мүмкін болатын барлық жүктеменің түрлерінің араласып кетуін болдырмауға арналған арнайы тіректермен бекітілуі тиіс.
1888. Басты және қосымша қозғалтқыштарды, қазандарды кемелік іргетастарға білік жетектердің білік тіректерін бекіту өздігінен бұрылып кетуді болдырмау үшін болттар сенімді тоқтатылуы тиіс.
155. Бензинді қозғалтқыштарды қолдану
1889. Бензинді қозғалтқыштарды қолдану қажет:
1) ұзындығы 12 м кем кемелерде және құтқару шлюпкаларында;
2) барлық кемелердегі ауыспалы өрт сөндіргіш және құрғату сорғыларын жетектеу үшін, мұнай құюға арналған және тез тұтанғыш жүктерді тасымалдайтындарды қоспағанда.
1890. Ашық кемелерде қозғалтқыштар қорғаныш бүркеніштермен жабылуы тиіс. Жанатын материалдардан жасалған қорғауыш бүркеніштер ішінен асбест қабаты бойынша болат жамылтқымен жабылуы тиіс.
1891. Қозғалтқыштың алдында және артында өткізбейтін орындаудағы флорлар орнатылуы тиіс. Осы флорлармен бөлінген жабық машиналық бөлімшенің қозғалтқышын орнату жерін, сондай-ақ жылу бактары, қолмен сорғылау немесе қозғалтқыштан әрекетке келтірілген сорғылар орналасқан бөлімдерді құрғату мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
1892. Қозғалтқыштардың карбюраторлары және отынды сорғылары, карбюратордан отынды сорғыға жалын түспейтіндей етіп орнатылуы тиіс.
1893. Карбюраторлардың сорғы құбырлары алмалы бүркеніш шегіне шығарылуы және олардың 500 мм кем емес жоғарылауы тиіс. Сорғы құбырларының ұштарында жалын үзетін арматурамен мойын орнатылуы тиіс.
1894. Жабық жайларда қозғалтқыштарды орнату кезінде карбюраторлардың сору құбырларының қабылдау саңылаулары цилиндрлердің қақпақтарының үстінде 300 мм кем емес биіктікте орналасу және жалын үзгіш торлармен жабдықталуы тиіс. Ауаның карбюраторға кіретін жерінде сору құбыры болмаған кезде жалын үзетін арматуралар орналастырылуы тиіс.
1895. Сұйық отынның ағып кетуі мүмкін қозғалтқыштар, отындық сорғы бактарының, арматуралардың және отын жүйелерінің басқа да түйіндері астындағы ағаш кемелерде, сұйық отынның трюмге өтіп кетпеуін болдырмайтын түп орнатылуы тиіс. Түптің жиектері кертпек болуы тиіс.
1896. Үздіксіз палубалы кемелерде бензин бак ішкі жану қозғалтқыштары бөлімінен оқшауланған бөлікте (қоршауда) орналасуы тиіс. Бөліктер (қоршаулар) бензин буын ұшыру үшін табиға желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
1897. Қозғалтқыштардың, машиналық бөлімшелердің, отын бактары орналасқан жайлардың қорғауыш бүркеніштері қиыстырылған -керілген желдеткіштері болуы тиіс
Бұл бөлімдердің желдеткіш құбырлары бір бірімен байланыспауы тиіс.
Қозғалтқыштардың бүркеніштерінен желдеткіш құбырлар, сондай-ақ отын бактарынан газ шығарушы құбырлар жалын үзгіш арматуралармен жабдықталуы тиіс.
1898. Бензин багынан және саңылаудан әуе құбырлары бөлек болуы қажет, ал олардың шығу саңылаулары біреуі бірінен алыс жойылуы және жалын үзетін арматуралармен эжекторлық мойынмен жабдықталуы тиіс.
1899. Жабық моторлы жайлар қозғалтқышты іске қосқанға дейін жиналған бензин буларын жоюды қамтамасыз ететін желдеткіші болуы тиіс.
Электрлік керілген желдеткіш ұсынылады.
1900. Отын баутары және отын жетектер отын ортасының әсерінен коррозияға ұшырамайтын темалдан жасалуы тиіс.
1901. Отын бактарын толтыру үшін палубаға қарай патрубкалары корпус ішіне отынның түсіп кетуін мүмкіндігін болдырмайтын құю патрубкалары шығарылуы тиіс.
Ағаш кемелерде құю патрубкаларының айналасындағы ағаштың тиісті қаптамасы болуы тиіс.
1902. Отын бактарында түтік тәрізді шыны отынның деңгейін көрсеткіштерді орнатуға рұқсат етілмейді.
1903. Бактағы электрлі бензин деңгейін көрсеткіш жарылуға қауіпсіз заттан жасалуы тиіс.
1904. Отын бактарында тұрақты іске қосу құрылғысын көздеу ұсынылмайды. Мұндай құрылғылар болған жағдайда өздігінен жабылатын арматуралар шығу ұштарында қосымша бұрандалы тығындармен жабдықталуы тиіс, ал цистерна астында түп орналасуы тиіс.
1905. Жылу өткізгіштерде қозғалтқыш алдында кемені басқару постынан құбырды жабуға мүмкіндік беретін тікелей жапқыш құрылғы орнатылуы тиіс.
Жылу өткізгіштер механикалық зақым келулерден қорғалуы тиіс және оларды құбыр ұзындығы бойынша бақылау қамтылатындай етіліп орналасуы тиіс. Құбырлар қосымша гайкамен қатты дәнекерленген нипел көмегі арқылы жалғануы тиіс.
1906. Бензин құбырын жалғау төсемсіз орындалуы тиіс. Бензин құбырлары көзге көрінетін жерде орналасуы және зақым келулерден қорғалуы тиіс.
Амортизаторларда қозғалтқыштарды орнату кезінде иілтіп жалғауға арналған материал әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
1907. Отын жүйесінің барлық бөліктерін шығарушы коллектордың қарама қарсы жағына орналастыру қажет.
1908. Бензиндік қозғалтқыштармен жабдықталған кемелерде, машиналық бөлімшеде және отын бактары немесе отын жүйесінің бөліктері орналасқан бөлімдерде орналасқан екеуден кем емес өрт сөндіргіш қарастырылуы тиіс.
1909. Моторлы жайларда карбюраторға немесе отын жіберетін аппаратқа қарама қарсы жағында тек қана жабық жәшікте аккумуляторды орналастыруға рұқсат етіледі. Соратын желдеткіш қарастырылуы тиіс.
Отын бактарының астында аккумуляторларды орналастыруға тыйым салынады.
27-тарау. Ішкі жану қозғалтқыштары
156. Жалпы талаптар
1910. Осы бөлімнің талаптары қуаттылығы 55 кВт және одан жоғары қозғалтқыштарды қамтиды.
1911. Осы бөлімнің талаптарының қуаттылығы 55 кВт кіші қозғалтқыштарға таралуы әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
1912. Қозғалтқыштың бөлшектерін дайындауға арналған материалдар 294-қосымшаның 3-бағанында көрсетілген талаптарды қанағаттындыруы тиіс.
1913. Қозғалтқыш бөлшектері үшін қоспасыз болатты қолдану, оның ішінде ыстыққа берік, ыстыққа төзімді және жоғары берікті болаттарды немесе болат қоспасыз шойынды қолданған жағдайда, олардың міндеті бойынша қолдану мүмкіндігін растайтын химиялық құрамы, механикалық және арнайы құрылғылар бойынша мәліметтерін Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынуы тиіс.
1914. Шар тәрізді графитпен шойынды 300оС температураға дейін, сұр шойынды - 250оС температураға дейін қолдануға рұқсат етіледі.
1915. Дәнекерді қолданумен бөлшектерді дайындау кезінде осы Қағиданың 2-бөлімі орындалуы тиіс.
157. Бөлшектерді бақылау
1916. Қозғалтқыштардың болат бөлшектерін дайындау кезінде 295-қосымша талаптарына сәйкес ультрадыбысты бақылауға жатады.
Ультра дыбысты бақылау осы Қағиданың 2-бөлімі 1297-тармағы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
1917. 296-қосымшада көрсетілген қапталған болат және құйма бөлшектер олардың пісіру жалғауларын қоса, дайындау барысында магнитті немесе түрлі түсті дефектоскоп тәсілімен жоғарғы ақаулардың болмауына бақылаудан өтуі тиіс.
1918. Негізделген жағдайларда қозғалтқыштардың басқа бөлшектерін және олардың дәнекер жалғауларын бұзбай бақылау жүргізуді талап етеді.
158. Гидравликалық сынақ
1919. Соңғы механикалық өңдеуден кейін қорғаныш жабу қондырылғанға дейін артық қысымда жұмыс істеуші бөлшектер, құбырлар және қозғалтқыш қуыстары 297-қосымша талаптарына сәйкес байқалатын қысымда сыналуы тиіс.
1920. Отын жүйелерінің және майлау жүйелерінің элементтері астындағы түптер Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген тәсілмен беріктілікке сынаққа алынуы тиіс.
159. Жалпы техникалық талаптар
1921. Қозғалтқыштар 1 сағаттан кем емес уақыт ішінде номиналды 10% қуатқа тең жүктемеде жұмыс істеу мүмкіндігі болу керек, сонымен бірге осындай жұмыс режимінің мерзімділігі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
1922. Қондырғыларда винтке тікелей тапсыруға басты ретінде қолдануға арналған реверсті қозғалтқыштар, артқы жүріспен жұмыс істеу кезінде номиналды айналу жиілігінің 85 % дамытуы тиіс.
1923. Басты қозғалтқыштардың винтке тікелей тапсыруымен айналу жиілігінің ең аз тұрақтылығы номиналды айналу жиілігінен 30 % жоғары болмауы тиіс.
1924. Басты қозғалтқыштардың иінді біліктерінің қауіпсіз бұрылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
1925. Қозғалтқыштың жылжымалы бөліктерінің тіреу бөліктері, сондай-ақ кіруі қиын жерде тұрған тірек бөлшектер олардың өздігінен әлісреуі және берілуін болдырмайтын қабілеті немесе тиісті конструкциясы болуы тиіс.
Қозғалтқыштардың жылжымалы бөліктері жабық бүркеніштермен жабылуы тиіс.
1926. Бөлшектреді және қуыстарды майлауға арналған құрылғы қозғалтқыштардың жұмыс істеуі кезінде қызмет көрсету үшін оңай жерде және қауіпсіз болуы тиіс.
1927. Сақтандырғыш және қорғау құрылғылары конструкциялануы керек және олардың жұмыс істеу нәтижесінде, олар өрт сияқты қызмететуші персонладарға қауіп тигізбейтіндей орнатылуы тиіс.
1928. Дистанционды және автоматты басқарудың жүйелері осы Қағиданың 37-бөлім қолданылатын талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1929. Қозғалтқыштардың жүйелері және құбырлары осы Қағиданың 35-бөлімін қолданылатын талаптырын қанағаттандыруы тиіс.
1930. Турбо айдамалаудың роторлары есепті 1,2 тең айналу жиілігінде келтірілген кернеулер кез келген қимада бөлшектердің материал ағымдылығы шегінен 0,95 жоғары болмауы тиіс.
160. Арқау негіздер
1931. Қозғалтқыштың картерін құрушы арқау негіздерінің бөлшектерін жалғау жазықтығы, тығыз және газ және май өткізбейтін, калибрленген бөлшектер көмегімен өзара бекітілген болуы тиіс.
1932. Люктердің картері және алмалы қапақтары жеткілікті берік болуы тиіс; сонымен бірге люктердің қақпақтары олардың жарылыс кезінде жылжымайтындай етіп бекітілуі тиіс.
1933. Қозғалтқыштың және олармен тірелген бөлшектердің арқау негіздерінде дренажды құрылғылар қарастырылу қажет (ағын жыралар, құбырлар), сондай-ақ циркуляциялық майға отынның және судың түсіп кетуін болдырмайтын басқа да шаралар қарастырылуы тиіс.
Блоктардың кертілетін кеңістіктері, оларды толық құрғатуды қамтамасыз ететін іске қосу құрылғылары болуы тиіс.
1934. Қозғалтқыштардың картерлерін желдету, сондай-ақ сыртқы ауаның картерге қосылуын тудыратын құрылғыларды қолдану ереже сияқты рұқсат етлімейді. Егер картерден газды мәжбүрлі шығару қарастырылса (мысалы, онан түттінді байқау үшін), онда ваккумда 250 Па аспауы тиіс.
Сорылатын аумен қозғалтқышқа майдың түсіп кетпеуін болдырмайтын, сенімді май бөлгіштерді орнату жағдайында, қуаттылығы 750 кВт дейінгі қозғалтқыштар үшін турбо айдамалағыш және ауа үрлегіштер арқылы картерден ауаны сорып алуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Екі картер немесе одан көп қозғалтқыштардан әуе немесе дренажды майлы құбырларды біріктіруге рұқсат етілмейді.
Картерден әуе құбырының диаметрі барынша кіші болу қажет; сонымен бірге құбырдың ұштары жалын үзетін арматуралармен жабдықталуы қажет және қозғалтқышқа судың кіріп кетуін болдырмайтындай етіліп орналасуы тиіс.
Әуе құбырлары жоғарғы ашық палубаға немесе тиісті сору қамтамасыз етілген жерлерге шығарылуы тиіс.
1935. Қозғалтқыштың картерлері мынадай талаптарға сәйкес сақтандырғыш клапандармен жабдықталуы тиіс:
1) диаметрі 200 мм цилиндр және одан жоғары, бірақ 250 мм аспайтын қозғалтқыштарда, егер цилиндрлер саны сегізден аз болса сақтандырғыш клапандар әрбір картер ұшында орнатылуы тиіс; цилиндрлер саны сегіз және одан жоғары болғанда картердің ортаңғы бөлігінде қосымша сақтандырғыш клапандар орнатылуы тиіс;
2) диаметрі 250 мм жоғары цилиндр, бірақ 300 мм аспайтын қозғалтқыштарда сақтандырғыш клапандар картерде біреуден бір цилиндрден кейін орнатылады, сонымен бірге картерде барлық жағдайларда клапандар саны екеуден кем болмауы тиіс;
3) цилиндр диаметрі 300 мм асатын қозғалтқыштарда, сақтандырғыш клапандар картерде біреуден әрбір цилиндрге қарама қарсы орнатылуы тиіс;
4) таратқыш біліктің жетек қимасы сияқты толық көлемі 0,6 м3 асатын картердің жекелеген кеңістіктері қосымша сақтандырғыш клапандармен жабдықталуы тиіс;
5) цилиндр диаметрі 200 мм кіші немесе картер көлемі 0,6 м3 аспайтын қозғалтқыштарда сақтандырғыш клапандарды орнату талап етілмейді.
1936. Сақтандырғыш клапандар Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлдануы қажет. Клапандар конструкциясы мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) картерде 0,02 МПа жоғары емес қысымның көтерілуі кезінде клапандардың лезде ашылуын және картерге ауа кіріп кетпеуін қамтамасыз етуі;
2) клапандардың шығу саңылаулары шығарылатын жалынның мүмкін болатын қаупін төмендету үшін тиісті түрде экрандалуы тиіс.
1937. Қозғалтқыштардың картерлерінің сақтандырғыш клапандарындағы өткел қималарының қосынды ауданы картердің толық көлеміне әрбір куб метрге 0,0115 м2 кем болмауы тиіс. Картердің толық көлемін есептеу кезінде, картердің ішінде орналасқан қозғалтқыштардың жылжитын бөліктерінің көлемін азайтуға рұқсат етіледі.
1935-тармақтың талабына сәйкес картерде орнатылатын әрбір сақтандырғыш клапан, өткел қимасының кіші ауданына сәйкес екі топталған клапандармен ауыстырылуы тиіс, сонымен бірге әрқайсысының өту қимасының ауданы 0,0045 м2 кем болмауы тиіс.
1938. Картердің дренажды саңылаулары дренажды құбырға бөтен заттардың түсіп кетуін болдырмайтын торлар немесе шілтерлері болуы тиіс.
Көрсетілген талаптар құрғақ картерлі қозғалтқыштарды да қамтиды.
1939. Цилиндрде номиналды параметрлердің жұмысында жану қысымының ең көп артуы 40% жоғары емес қысымға реттелген, Диаметрі 230 мм және одан жоғары цилиндрлер әрбір жұмыс цилиндрінде сақтандырғыш клапан болуы тиіс.
161. Иінді білік
1940. Осы бөлімнің талаптары екі көрші түпкі мойынның арасында бір ғана шатунды мойын орналасқан, қозғалтқыштардың цилиндрлерінің бір қатарлы және V- тәрізді орналасуымен болат және шойын біліктерін қамтиды; сонымен бірге қозғалтқыштардың цилиндріндегі тұтану аралығының интервалы өзара тең.
Осы тармақта көрсетілгеннен айырмашылығы бар цилиндр орналасқан қозғалтқыштардың иінді біліктері, негізделген түрде есептер немесе экспериментальды мәліметтер ұсынылған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен жіберілуі мүмкін.
1941. Кеме қатынасы тіркеліміне келісуге жіберліген техникалық құжаттамада иінді біліктің беріктілік есебінің нәтижелері болу керек.
1942. Иінді біліктерінің мойындарындағы осьтік саңылаудың диаметрі 0,4dш мұндағы dш аспауы тиіс - иінді біліктің мойын диаметрі.
1943. Тұтастай немесе жартылай құрамды иінді біліктердің мойыннан шекеге қарай өтетін ойысының радиусы 0,05 dш кем болмауы тиіс.
Фланец болғандағы біліктің мойнына қарай өту ойысының радиусы 0,08 dш кем болмауы тиіс.
1944. Майлы каналдардың мойынның жоғарғы жағына қарай шығуын ең кіші жүктемені қабылдайтын зонада орналастыру ұсынылады.
Майлы каналдардың мойынның жоғарғы жағына қарай шығуының жиектері канал диаметрінен 0,25 кем емес радиуспен домалақтануы және тегістелуі тиіс.
1945. Иінді біліктердің мойындарын жоғарғы термикалық нығайту біліктер толықтай нығайтылатын жағдайдан басқа ойыстарға тарамауы тиіс.
1946. Құрамды иінді біліктердің конструкциясы мойыннан шекеге қарай өту орнында кернеу концентрациясы ең кіші болатындай болуы тиіс.
1947. Мойындарды шекеге ыстық отырғызуда керу (0,0014 - 0,0018) dш. шегінде болуы тиіс.
Шекелердің түпкі және шатунды мойындармен жалғау жеріндегі сыртқы беттерінде бақылау қауіп қатері қондырылуы тиіс.
1948. Қозғалтқыштың рамасында орналасқан тіректі мойын тіректерде мойынтірек ауданындағы тірек білігінің диаметрі түпкі мойын диаметрінен кем болмау қажет, сондай-ақ 3-бөлім формуласымен есептелгеннен кем болмауы тиіс.
162. Үрлеу және ауа жабдықтау
1949. Турбо айдағыш қатардан шығып кеткенде басты қозғалтқыштың есептіден 20 % кем еместі құрайтын төмендетілген қуаттылықта жұмыс істеу мұмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
1950. Үрленген ауалардың жел өткізетін ресиверлерде салқындатылуы кезінде әрбір ауа салқындатқыштан кейін конденсатты іске қосатын термометр және краниктер қарастырылуы тиіс.
1951. Ауа ресиверлерінен жиналатын тұнбаларды түсіру қарастырылуы тиіс.
1952. Қозғалтқыштардың ауа сорғыш патрубкалары құбыр компрессорлары және жел жіберетін агрегаттар, патрубкаға бөтен заттардың түсіп кетуін болдырмайтын сақтандырғыш торлармен жабдықталуы тиіс.
1953. Турбо айдағыштың роторларың осы Қағиданың 2037-тармағына сәйкес құрамда қалпына келтірілуі тиіс.
163. Отынды аппаратура
1954. Басты қозғалтқыштардың жоғары қысымды отынды сорғысы қозғалтқыштың кез келген цилиндріне отынның берілуін жылдам тоқтататын құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Алып тастау цилиндр диаметрі 180 мм жоғары емес блок типті отынды сорғысы бар қозғалтқыштар үшін рұқсат етіледі.
1955. Жоғары қысымды отын құбырлары пісірілмеген немесе аралық жалғаулары дәнекерленбеген болатты тігіссіз қалың құбырлардан жасалуы тиіс.
1956. Қозғалтқыштағы отын жүйесі жоғары қысымды қолмен айналдыру құбырларының мүмкіндігін рұқсат етуі тиіс.
1957. Жоғары қысымды құбырлар бақылауға және жылдам ауыстыруға ыңғайлы жерде орналасу және сенімді бекітілуі тиіс.
1958. Кемелік қозғалтқыштардың жоғары қысымды отынды құбырлары, құбыр жарылып кеткен жағдайда отынның қозғалтқышқа, сондай-ақ қоршаған жабдықтарға түсіп кетуін болдырмау мақсатында қорғалуы тиіс. Сонымен бірге қозғалтқыштарда тиісті құрылғылар қарастырылуы қажет отын құбырының зақымдануы туралы саңылауды бұрып жіберіп және дабыл беру құрылғысы қарастырылуы тиіс.
1959. Отынның ағуын арнайы сыйымдылыққа құятын құбыр қарастырылуы тиіс. Ағып кеткен отын майлау жүйесіне түспеуді қарастыратын шаралар қабылдау керек.
164. Майлау
1960. Турбо айдағыштардың біліктіректерін майлау жүйесі үрленген ауаның майға түсіп кетуін болдырмауы тиіс.
1961. Қозғалтқыштың конструкциясымен қозғалтқышты тоқтатуға команда орындалғаннан кейін шығу кезеңіне турбо айдамалаудың біліктіректерін жақсылап майлау қарастырылуы тиіс.
1962. Егер майлы жүйеде әрбір қозғалтқыштың жекелеген май жинаушылары болса, онда дренажды майлы құбырларды екі және одан жоғары қозғалтқыштармен біріктіруге рұқсат етілмейді.
1963. Турбо айдамалағыш біліктіректердегі майдың ағуына бақылау құралын көздеу ұсынылады.
165. Салқындату
1964. Қозғалтқыштар сулы салқындатқыш жүйелермен жабдықталуы тиіс.
Басты және қосымша қозғалтқыштар үшін ауа салқындатқышын қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы келісіміне жатады.
Авариялы генераторлардың алғашқы қозғалтқыштарында ауа салқындатқыштары болуы мүмкін.
1965. Салқындатқыш сұйықтықтарды поршеннің ішкі қуыстарын салқындату мақсатында жеткізуге телескопиялық құрылғыларды қолданған жағдайда гидравликалық соққылардан қорғау қарастырылуы тиіс.
166. Іске қосу құрылғылары
1966. Басты іске қосу клапанынан цилиндрлерді іске қосу клапанына ауаны жеткізу желісінде, іске қосқаннан кейін осы желіні қысымнан жеңілдететін бір немесе бірнеше сақтандырғыш клапандар және құрылғылар орналастыруы тиіс.
Сақтандырғыш клапандар іске қосу желісіндегі ауа қысымынан 1,2 жоғары емес қысымға реттелуі тиіс. Жеңілдететін құрылғы және сақтандырғыш клапан тікелей басты іске қосу клапанында орналасуы мүмкін.
Құбырда жарылыс болған кезде іске қосу желісін бұзылудан қорғайтын басқа да құрылғыларды орнатуға рұқсат етіледі.
1967. Іске қосу клапандарына ауаны жеткізуші әрбір партубкада реверсті қозғалтқыштар цилиндрінің қақпақтарында жалын үзгіштер орнатылуы тиіс (от шектегіштер).
Реверсті емес қозғалтқыштар үшін, іске қосу клапандарына қозғалтқыш цилиндрлеріне ауа жеткізу жүзеге асырылатын, басты іске қосу клапанынан ресиверге ауа жеткізу желісінде барынша кіші жалын үзгіш орнату міндетті.
Цилиндр диаметрі 230 мм және одан кіші қозғалтқыштар үшін жалын үзгіштерді орнату міндетті емес.
1968. Электрстартерлі іске қосылатын қозғалтқыштар іске қосылатын аккумуляторлы батареяларды автоматты түрде зарядтау үшін ілмелі генераторлармен жабдықталуы тиіс.
167. Газ шығарушы
1969. Газ шығарушы коллекторлардың конструкциясы олардың жылу таралуын және діріл кезінде коллекторлардың герметикалығын қамтамасыз етуі тиіс.
1970. Цилиндр диаметрі 180 мм және одан жоғары екі ырғақты қозғалтқыштардың газ шығарушы коллекторлары коллектор ұштарында орналасқан түсіру крандарымен және коллекторды және цилиндрлік төлкелердің пайдаланылған терезелерін тазарту үшін люктермен жабдықталуы тиіс.
Төрт ырғақты қозғалтқыштар үшін түсіру крандарының және люктердің болуы ұсынылады. Салқындатқышы бар газ шығарушы коллекторлар су қуыстарын тазартуға арналған люктермен жабдқыталуы тиіс.
1971. Газ шығарушы коллекторларды және құбырларды конструкциялау кезінде турбоайдағыштар алдында және артында газ температурасын өлшеу мүмкіндігін көздеу ұсынылады.
1972. Газтурбинді үрлеудің импульсивті жүйесімен екі ырғақты қозғалтқыштарда, турбоайдағышқа поршень сақиналарының сынықтарының түсіп кетуіне кедергі келтіретін құрылғылар қарастырылуы тиіс.
168. Басқару және реттеу
1973. Іске қосу және реверсивті құрылғылар мыналардан болдырмауы тиіс:
1) тапсырылғанмен салыстырғанда иінді біліктің айналу бағытын өзгерту;
2) отын беру қосылған кездегі қозғалтқыштың реверстелуі;
3) аяқталмаған реверстеуде қозғалтқыштың іске қосылуы.
1974. Әрбір басты қозғалтқышта, қозғалтқыштың айналу жиілігі 15% жоғары аспайтындай күйге келтірілген реттегіші болуы тиіс.
Реттегішке қосымша қарым-қатынасты тоқтату муфтісі көмегімен білік жетектерден ажыратылуы мүмкін, қуаттылығы 220 кВт және одан жоғары әрбір басты қозғалтқышта, қозғалтқыштың айналу жиілігінің ең жоғарысы 20% аспайтындай болып реттелген жеке шекті сөндіргіші болуы тиіс.
1975. Генераторды әрекетке келтіретін әрбір қозғалтқышта, сипаты мынадай талаптарды қанағаттандыратын айналу жиілігінің реттегіші болуы тиіс:
1) 100 % жүктемені лезде тастау кезінде қозғалтқыштың айналу жиілігінің лездік өзгеруі номиналдыдан 10 % аспауы тиіс, ал 5 секунд өткеннен кейінгі орнатылған айналу жиілігі алдыңғы айналу жиілігіннің режимінен номиналды айналу жиілігінен 5 % артық өзгешеленбеуі тиіс.
2) 70 % жүктемені лезде тастау кезінде, сондай-ақ қалған 30 % кейіннен тастау кезінде қозғалтқыштың айналу жиілігінің лездік өзгеруі номиналдыдан 10 % аспауы тиіс, ал жүктемені тастағаннан кейін 5 секунд өткеннен кейін орнатылған айналу жиілігі алдыңғы айналу жиілігіннің режимінен номиналды айналу жиілігінен 5 % артық өзгешеленбеуі тиіс; қозғалтықшытң үрлену деңгейіне байланысты жүктемені лездік тастау мәні Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен 50 % дейін төмендетіледі;
3) тұтынушылардың электр қондырғыларында жиіліктің жоғары тұрақтылығын талап ететін жекелеген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімімен орнатылған айналу жиілігінің уақытын қалпына келтіру уақытын жоғарылатуға рұқсат етілуі мүмкін;
4) авариялы генератордың жетекті қозғалтқышының айналу жиілігін реттеуішінің сипаттамасы 100 % жүктемені шығару және қабылдау кезінде жоғарыда көрсетілген айналу жиілігінің өзгеруіне қатысты талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Қуаттылығы 220 кВт және одан жоғары генератордың жетекті қозғалтқышында реттегішке қосымша, қозғалтқыштың айналу жиілігінің ең жоғарысы 20 % аспайтындай болып реттелген жеке шекті сөндіргіші болуы тиіс.
Осы Қағиданың 1974-тармағы және осы тармақта көрсетілген жеке шекті сөндіргіш реттегішпен байланысы жоқ құрылғы болу қажет және реттегіш немесе оның жетекті механизмі істен шығып кеткен жағдай әрекет етуі тиіс.
1976. Ауыспалы тоқтың дизель-генераторының орнатылған айналу жиілігінің тербелісі номиналды электр қуатынан 25-тен 100 % дейін жүктеме кезінде номиналды айналу жиілігінің 1 % шегінде болуы тиіс. Реттегіш жергілікті және айналу жиілігінің дистанционды өзгеруіне арналған құрылғысы болуы тиіс.
169. Бақылап -өлшегіш құралдар
1977. Басты және қосымша қозғалтқыштармен жергілікті басқару посты мыналардан өлшеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс:
1) иінді біліктің айналу жиілігін, қарым-қатынасы муфталар болған жағдайда - және еспелі біліктің айналу жиілігін;
2) қозғалтқыш алдындағы май қысымы;
3) салқындату контурының ішіндегі су қысымы;
4) салқындату жүйесіндегі борт сыртындағы су қысымы;
5) басты іске қосу клапанының алдындағы жіберу ауасының қысымы;
6) жоғары қысымды сорғылар алдындағы отын қысымы (отын-айдағыш сорғы болған жағдайда);
7) форсундарды және поршендарды салқындату жүйесіндегі қысым;
8) реверсті құрылғы жүйесіндегі қысым;
9) қозғалтқышқа кіру жолындағы үрленген ауаның қысымы;
10) әрбір цилиндрдегі шығарушы газдың температурсы (цилиндр диаметрі 1810 мм және одан жоғары қозғалтқыштар үшін);
11) қозғалтқышқа кіретін және әрбір цилиндрден және поршеннан шығатын су мен майдың температурасы (қуаттылығы 220 кВт және одан жоғары қозғалтқыштар үшін), қозғалтқыштан шығудағы суды және майды салқындату температурасы (қуаттылығы 220 кВт кіші қозғалтқыштар);
12) қозғалтқыш алдындағы май температурасы;
13) үрленген ауаларды салқындатқаннан кейінгі ауа температурасы;
14) заряд тізбегіндегі тоқ күші және кернеуі және іске қосылатын аккумуляторлы батареялардағы тоқты ажырату тізбегіндегі кернеулер (электрстартерлі іске қосылатын қозғалтқыштар үшін);
15) жоғары қысымды сорғылар алдындағы отын температурасы (қыздыруды талап ететін отындар үшін).
Ескертпе. Егер қысымды (6), 7), 9) тармақша) және температураны (10), 11), 12), 13) тармақша) өлшеу тікелей қозғалтқышта орналасқан жергілікті құралдармен жүзеге асырылса, онда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен жергілкті басқару постында құралдарды орнатпауға болады.
1978. Қозғалтқыш картерінде майлы булардың жарылысқа қауіпті концентрациясының пайда болуы туралы сигнал беретін құралды орнату ұсынылады.
170. Бензинді қозғалтқыштар
1979. Шығарылатын коллекторлар және жалғаушы патрубкаларда сулы салқындатқыштар болуы тиіс.
1980. Осы бөлімде айтылған талаптар бензинды қозғалтқыштарды да қамтиды. Бұдан басқа осы Қағиданың 155-тарауы талаптары орындалуы тиіс.
28-бөлім. Білік жетектер
171. Жалпы талаптар, материалдар, сынаулар
1981. Білік жетектердің бөлшектерін жасауға арналған материалдар 298-қосымшаның 3-бағанында көрсетілген талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Басқа материалдарды қолдану техникалық құжаттаманы қарау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
1982. Қоспасыз болаттан жасалған, соның ішінде коррозияға тұрақты және жоғары беріктілікті білік жетектерді қолдану кезінде Кеме қатынасы тіркеліміне оларды міндеті бойынша қолдану мүмкіндігін растайтын химиялық құрамы, механикалық және арнайы құрылғылар бойынша мәліметтер ұсынылуы қажет.
1983. Аралық, тіректік және еспелі біліктер 430-дан 690 МПа дейін уақытша қарсыласатын болаттан жасалуы тиіс. Басқа сипатты болаттарды қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
Көрсетілген біліктер жасау кезінде бұзбайтын бақылауға алыныу тиіс. Бұл бақылаудың әдістері, көлемі және нормалары Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
1984. Аралық, тіректік, еспелі біліктер (шпилькалар), сондай-ақ жалғаушы және бекітуші болттар осы Қағиданың 1436-тармағына сәйкес болаттан жасалуы мүмкін.
1985. Еспелі біліктердің, дейдвудты біліктіректердің төлкелері және кронштейндердегі еспелі біліктердің тіректік біліктіректерінің қаптамаларын Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен пластмассадан немесе басқа металл емес материалдардан жасауға рұқсат етіледі.
1986. Еспелі біліктердің қаптамалары, дейдвудты құбырлар механикалық өңдеуден өткеннен кейін 0,2 МПа қысымда гидравликалық сынақ жүргізілуі тиіс.
1987. Монтаждаудан кейін біліктіректерді майлау кезінде дейдвудты құбырларды нығыздау 0,1 МПа кем емес қысымда гидравликалық сынаққа душар болуы тиіс.
1988. Біліктердің диаметрін есептеу үшін осы бөлімдегі келтірілген формулалар пайдалану кезеңінде біліктердің жұмыс мойнына мынадай ағуына әдіпті ескермей ең кіші өлшемді анықтайды.
1989. Барлық кемелерде еспелі біліктің дейдвудты майланудан шығып кетуін және еспелі білік сынып қалған жағдайда машиналық бөлімшенің батып кетпеуін болдырмауы тиіс.
172. Біліктер өлшемін анықтау
1990. Осы бөлімде келтірілген формула бойынша біліктер диаметрінің есептері, айналдырғыш схемалар қалпына келтірілгеннен кейін білік жетектердің барлық элементтерінің өлшемдері айналыс тербелісінен кернеу есебінің нәтижесі бойынша, оның ішінде ұзақ жұмыс үшін тыйым салынған тиісті айналу жиілігі режимінде анықталатын болғандықтан алдын ала болып табылады.
Білікжетектердің элементтерінің геометриясы ерекше болғандықтан (580) формула көмегімен біліктердің диаметрін анықтау мүмкін болмаған жағдайда Кеме қатынасы тіркеліміне арнайы беріктілік есептері ұсынылуы қажет.
1991. Аралық, тіректік немесе есеплі біліктердің диаметрі, мынадай формуламен анықталғаннан кем болмауы тиіс, мм:
мұндағы Rm - білік материалының уақытша қарсыласуы, МПа. Формула (580) Rm = 400—600 Мпа болғанда дұрыс, Rm > 600 Мпа болған жағдайда Rm = 600 Мпа қою керек;
к — коэффициент:
қапталған фланцтармен немесе фланецті буантсыз муфталармен аралық біліктер үшін к = 130;
буантты муфталы аралық біліктер үшін к = 140;
шайқалудағы біліктіректердің тіректік біліктері үшін к = 142;
еспелі біліктің еспелі бұранда күпшегінің алдыңғы жақ қырынан бастап 4 есе диаметр арақашықтықтағы еспелі біліктер үшін
к = 160;
еспелі біліктің еспелі бұранда күпшегінің алдыңғы жақ қырынан бастап 4 есе диаметрден жоғары арақашықтықтағы еспелі біліктер үшін к = 150;
Cew - күшейту коэффициенті:
мұзсыз күшейтілетін кемелер үшін Cew = 1,0;
жарылған мұзда жүзуге арналған кемелер үшін, Cew = 1,05;
мұзжарғыш типті мұзжарғыштар және кемелер үшін Cew = 1,07;
Р - білікпен берілетін есепті қуаттылық, кВт;
п - есепті айналу жиілігі, минут-1;
d1 - біліктің осьтік тесігінің диаметрі, мм, егер осы диамтер 0,4rfr тең немесе кіші болса, онда d [- 0 тең деп қабылдауға болады.
dr - біліктің нақты диаметрі, мм. Дейдвудты учаскеден фланцқа немесе муфтаға дейін еспелі біліктің алдыңғы жақ бөлігінің диаметрі біртіндеп аралық біліктің 1,05 диаметріне дейін төмендетілуі мүмкін. Біліктің бірыңғай қаптамасы немесе тиімді коррозияға қарсы қорғауы болмаған жағдайда, сумен байланысы бар еспелі бұранданың учаскесі (580) формула көмегімен анықталғаннан 5 % жоғары болатын сыртқы диаметрі болуы тиіс.
173. Коррозиядан қорғау
1992. Еспелі біліктер Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған тәсілмен қорғалуы тиіс.
1993. Қаптаманы орнату кезінде оларды дайындауға арналған материал 298-қосымша талаптарына жауап беруі тиіс.
1994. Біліктің қола қаптамасының қалыңдығы s мынадай формуламен анықталғаннан кем болмауы тиіс, мм:
s = 0,03 d'r + 7,5, (581)
мұндағы d'r — еспелі біліктің нақты диаметрі.мм.
Біліктіректер аралығының қаптамасының қалыңдығы 0,75s дейін төмендетілуі мүмкін.
1995. Бірыңғай қаптамаларды қолдану ұсынылады. Жекелеген бөліктерден тұратын қаптамалар пісіру көмегімен немесе басқа Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған тәсілмен жалғануы тиіс. Дәнекерленген тігістің жапсарларын қаптаудың жұмыстан тыс жерінде орнату ұсынылады.
1996. Еспелі біліктің конусына су түсіп кетпеуін болдырмау үшін тығыздау орнатылуы тиіс.
Ұзындығы 25 кіші кемелерде тығыздауды қарастырмауға рұқсат етіледі.
174. Саңылаулар және біліктердегі тіліктер
1997. Білікте радиалды саңылауды орындау кезінде білік диаметрі ұзындықта саңылаудың жеті диаметрінен кем емес 10 % ұлғайтылуы тиіс. саңылау біліктің қалыңдатылған бөлігінің ортасында болуы тиіс, ал оның диаметрі біліктің ұлғайтылған диаметрінен 0,2 аспауы тиіс.
Саңылау жиектері 0,35 диаметрден кем емес радиуста домалақтануы қажет, ал саңылаудың үсті мұқият тегістелуі тиіс.
1998. Бойлық тілік орындалған біліктің диаметрі d мынадай формула бойынша анықталғаннан кем болмауы тиіс, мм:
d = 1,2d0+ 0,114(1,5ℓ+ b), (582)
d0—(582), формула бойынша анықталған білік диаметрі,мм;
ℓ— тіліктің толықтай ұзындығы, мм;
b — тіліктің ені, мм.
Біліктің қалыңдатылған бөлігі, есепті білік диаметрінен 0,25 кем болмайтындай әрбір жағынан тілік шегінің мәнінен шығатындай болуы тиіс. Ұлғайтылғаннан есепті диаметрге біртіндеп өтуі тиіс.
Тілік ені 0,1 кем еместі құрауы тиіс, бірақ біліктің 0,25 есепті диаметрінен d0 жоғары емес. Тіліктің ұштары тілік енінің жартысына тең радиуспн домалақтануы тиіс.
Жиектері тілік енінен 0,35 кем емес радиуспен домалақтануы тиіс. Тіліктің үстіңгі беті мұқият тегістелуі тиіс.
1999. Біліктің цилиндрлік бөлігіндегі буатты кертік болған кезде, буатты кертіктің ұзындығын жабатын учаскеде (580) формула бойынша анықталған білік диаметрін 5 % ұлғайту қажет.
Егер кертік біліктің конусында орындалса, біліктің диаметрін ұлғайту міндетті емес.
175. Білікжетектерді конструктивті рәсімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |