Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет38/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129
165-қосымшасында талаптарына сәйкес Кеме қатынасының тіркелімімен жіберілген топырақты алып тастаусыз жүргізуге рұқсат етіледі.

1694. Егер конструкция пісіруі қайшы температурада орындалып жатса, пісіріліп жатқан жиектер қардан, қырау мен мұздан тазартылуы және құрғақ болуы тиіс.

1695. Конструктивті пісіру реті аса қалдық кернеу мен деформация пайда болмайтындай болуы тиіс.

1696. Егер пісіру алдында бөліктерді қыздыру қажет болса, қыздыру температурасын белгілеу кезінде нақтылауы тиіс: металдың химиялық құрамы, пісіру тәсілі, пісіріліп жатқан бөліктердің қалыңдығы.



Күрделі конструктивті пісіру кезінде қыздыру температурасы әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркекелімінің арнайы қарауына жатады.

1697. Су астында пісіру мен кесу, сондай-ақ сырт жағында су бар конструктивті пісіру жұмыстары Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

1698. Табақтар, тілімшелер пісіру кезінде қатты контурға пісіруден кернеуді түсіретін технологиялық тәсілдер қабылдануы тиіс.

Ескертпе. Осы орындағы табақтар қалыңдығының алпыстан кем ойылған өлшемдерінің бірі периметр бойынша бікітілген қатты контур деп саналады. Контурдың күрделі конструкциясы тіліктің үлкен өлшемінде де қатты деп есептелінеді.

1699. Конструктивті түзету тек қана шектелген көлемде жүргізілуі мүмкін.



Механикалық әсіре бар жылыту мен механикалық қасиеті жоқ жылыту арқылы түзетілуі мүмкін. Сонымен бірге тігіс немесе табақ бет қабатында зақымдануы рұқсат етілмейді. Жылыту арқылы түзету кезіндегі қыздыру температурасы 650 оС жоғары болмауы тиіс, бірақ кез-келген жағдайда қыздырудан металдың конструкцияның өзгерістері болмауы тиіс.

1700. Пісіруден кейін термиялық өңдеу қалдық кернеулерді жою қажет болған кезде талап етіледі.



Термиялық өңдеу түрі материал қасиетіне байланысты кәсіпорынмен белгіленеді және Кеме қатынасының тіркелімімен келісіледі.

1701. Суық иілгіш кеме жасаушы болаттан жасалған бөліктерді пісіру егер иілімнің ішкі радиусы стандарттарғы сәйкес болса, рұқсаттама термиялық өңдеусіз беріледі. Мұндай стандарттар болмаған жағдайда ол кемінде табақ қалыңдығынан үш есе болуы тиіс.

1702. Ерітілген металдағы сутегі құрамы бақыланатын пісіру материалдары сақталуы және қолдану алдында дайындаушы ұсыныстарына сәйкес шынықтырылуы тиіс.

1703. Кемелер корпустары конструкцияларының бұрыштардағы тігістерінің көлемі осы Қағиданың 1-бөлігі талаптарына сәйкес қабылданады.



Басқа да конструкцияларға бұрыштардағы тігістерінің көлемін конструкция жататын Қағида сол бөліктерінің талаптарына сәйкес қабылданады; егер осы бөліктердегі пісіру тігістерінің өлшемдері көрсетілмесе, оларды есептеумен немесе стандарттар бойынша анықтайды.

Тігіс қалыңдығы (оның есепті биіктігі): қолдан пісіру кезде аруч = а; автоматты пісіру кезінде (бірінші кіріс үшін) аас ≥1,4 мұнда a — білікше қимасына жазылған (осы Қағиданың 250-қосымшасы) теңбүйірлі үшбұрыш биіктігі.



к — 1,4а немесе a — 0,7к қабылданатын білікше қимасына жазылған бұрыш тігісінің катеті мен тең бүйірлі үшбұрыш биіктігі арасындағы қатынасы.

Жобамен алдын-ала қарастырылған қолмен пісіруді автоматқа ауыстыру кезінде тігіс қалыңдығы немесе катеті (есеп негізіне қайсысы қабылданғанына байланысты) азайтылуы мүмкін, бірақ бірқабатты тігістерге 30% кем азайтылуы мүмкін. Көп қабатты тігістерге көрсетілген азайту көлемі Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

 

 

123. Кемелер мен кемелік жабдықтар корпустарын пісіру



 

1704. Бөліктерді пісіру салдарынан болатын ең аз кернеуді қамтамасыз ететін технология бойынша жүзеге асырылады. Іліп алу бойынша жұмыстарды тек қана тиісті біліктілігі бар тұлғалармен орындалуы тиіс. Осы немесе бір дәрежеге жоғары конструктивті пісіру үшін қажет дәрежелі пісіру материалдары қолдануға жатады. Іліп алу пісіру жалғанулар сапасын нашарлататын ақаулары болмауы тиіс.

Кеме қатынасының талаптары бойынша іліп алу жұмыстары сызаттар немесе басқа ақаулар болмағанына тексерілуі қажет.

Іліп алу жұмыстары орнатылған жерлерде табылған сызаттар бөлу мен пісіру арқылы жойылуы тиіс.

Пісіру кезінде уақытша бекітілетін бөліктерді ең аз көлемде, ал оларды ерітіп жабыстыру мен іліп алуды тілу, сызаттар және басқа рұқсат етілмейтін ақауларсыз орындалуы қажет.

Уақытша бекітулерді жою кезінде пайда болатын негізгі металдың басқа да зақымдары негізгі металға бір сарын өтуін қамтамасыз ететін мынадай тазалаумен пісірілуі қажет.

Тазалау кезінде негізгі металдың батыру мәні стандарттармен регламенттелген табақтар қалыңдығы бойынша шекті ауытқулардан аспауы тиіс.

Бекітілетін бөліктер тігістерінің шығып тұрған қалдықтары мынадай көрсетілген кеме корпустар конструкциясын тазалаумен жойылуы тиіс:

1) есепті палуба (жүкке арналған люктердің ажырамайтын бойлық комингстерін қоса табақт ар және бойлық жинақтар);

2) түптер (табақтар және бойлық жинақтар);

3) борттар;

4) ширстрека және қаңқалы белдем (табақтар және бойлық жинақтар);

5) цистерналарды шектейтін аралықтар;

6) танктардағы рамалық жинақ;

7) үдемелі діріл ауданында орналасқан конструкция.

Стандарттармен регламенттелген пісіру тігістерін күшейтудің шекті ауытқуларынан аспайтын қалыңдықтары қалуы мүмкін.

Кеме корпустар конструкцияның қалған уақытша бекіту бөліктерінің шығып тұрған қалған тігістерін тазалау қажеттілігін жобалаушы белгілейді.

1705. Түйіскен жалғануларды пісіру кезінде табақ қалыңдығы 0,1 дейін, бірақ 3 мм кем табақтарды өзара ығыстыруы.

1706. бөліктерді дұрыс өңдемеу немесе нақты құрастырылмау салдарынан болған жағдайларда жиектреді ерітінді арқылы түзету тек қана Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша орынадалуы мүмкін.

1707. Пісіру материалдарын осы Қағиданың 250-қосымшасына сәйкес пісірілген болат дәрежесіне байланысты таңдалады. Сонымен бірге мынадай талаптарды басшылыққа алу қажет:

1) қалыпты беріктілік болаты беріктілігі жоғары болатпен пісірілетін, пісіру жалғауларын орындау үшін, осы Қағиданың 251-қосымшасында рұқсат етілген тиісті төменгі дәрежелі және осы тармақтың әрбір болат үшін бөлек пісіру материалдарын (D және Е32 дәрежелі болаттың пісіру жалғануларында 2 дәрежелі пісіру материалдар қолданылуы мүмкін) қолданылуы мүмкін.

2) Болаттың беріктіліктері бірдей дәрежелі, бірақ соғудан майысу сынауларының температурасы бойынша түрлі талаптармен пісіру жалғауларын орындау үшін әрбір болат үшін бөлек осы Қағиданың 251-қосымшасында рұқсат етілген төменгі дәрежелі пісіру материалдары қолданылуы мүмкін (мысалы, D32 және Е32 дәрежелі болаттарының пісіру жалғаулары үшін 2Y дәрежелі пісіру материалдар қолданылуы мүмкін);

3) Беріктілігі жоғары болаттардан жасалған пісіру жалғауларын орындау үшін, сондай-ақ беріктілігі жоғары болатта беріктілігі қалыпты болатпен пісіру кезінде осы Қағиданың 264-қосымшасына сәйкес диффузиялық сутек құрамы бақыланатын пісіру материалдары қолданылуы тиіс. Бұл мақсатпен диффузиялық сутек құрамы бақыланбайтын пісіру материалдарын қолдану тек қана Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша сынаулар жүргізуден кейін көміртекті эквивалентті Сэкв<0,41 (осы Қағиданың 1350-тармағы) болаттарға берілетін Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы рұқсаттамасымен мүмкін болады;



4) А40, D40, Е40 дәрежелі болаттарға тиісті рұқсаттамалар алған пісіру материалдарының А, В, D, Е дәрежелі беріктілігі қалыпты болаттарды пісіру үшін қолдану пісіру материалдарының нақта белгісіне берілетін Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы рұқсатымен ғана мүмкін болады;

5) 1Ү дәрежелі пісіру материалдардың беріктілігі жоғары болатты пісіру үшін қолдану металл қалыңдығы 25 мм қоса жалғаулары үшін ғана рұқсат етіледі;

6) осы Қағиданың 251-қосымшасы бойынша таңдалған пісіру материалдары, сондай-ақ көрсетілген кестеде алдын-ала қарастырылғаннан басқа болаттарды пісіру үшін белгіленген, егер механикалық қасиеті мен химиялық құрамы бойынша бұл болат осы пісіру материалы рұқсат етілген болатпен эквивалентті болса;

7) рутиловый жабылған электродтар мынадай жалғауларды пісіру үшін қолданылмауы тиіс: секциялар арасындағы түйіскен жерлерді жөндеу, сыртқа қаптаманың мұз белдемінің барлық түйіскен жерлері мен паздарын, бойлық жинақтаманың түйіскен белдемдері, қалыңдығы 20 мм аса кемелік корпустарының түйіскен жалғаулары үшін, қатты контур жағдайында пісірілетін массивті өнімдер, түйіскен жалғаулар.

8) жабудың қышқыл типімен электродтар осы Қағиданың 1 бөлігімен регламенттелген пісіру конструкциясында қолданылмауы тиіс;

9) мұз тікелей әрекетіне жататын «М—СП (мұз)»сыныпты кемелер мен мұзжарғыштарының корпустық құрылымын пісіру үшін қолданылатын пісіру материалдары осы Қағиданың 1784-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Сонымен бірге, пісіру жалғаулардың коррозия элементтерінің жылдамдығына қатынасы 0,9 — 1Д шегінде орналасуы тиіс.

1708. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша осы Қағиданың 1773-тармағында көрсетілген мәнінен асатын тіліктерді түзету пісіріп бітеу немесе қырнау арқылы жүргізілу рұқсат етіледі.

 

 

124. Кемелік машина жасау өнімдерді пісіру



 

1709. Осы талаптар Қағиданың осы бөлімі талаптарын сәйкес негізгі және пісіру материалдарды қолданумен жасалатын кемелік машина жасау конструкциясын пісіруге қолданылады. Осы Қағидамен регламенттелмеген материалдардан жасалған конструкцияларды дайындау Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша орындалуы тиіс.

1710. Кемелік техникалық құралдар конструкциясын пісіруге арналған пісіру материалдарын таңдау осы Қағиданың 1707-тармағы талаптарын ескере отырып оларды дайындау үшін қолданылатын нақты болат белгілеріне қатысты жүргізіледі.

1711. Егер конструкциялар жоғары температурада немесе химиялық белсенді ортада жұмыс істейтін болса, осы шарттарды ескере отырып таңдалуы тиіс.

1712. Суық сызаттар пайда болуына қарсы пісіру жалғаулары тұрақтылығын қамтамасыз ететін қалыңдығы 30 мм және одан аса болаттан жасалған кемелік машина жасау бөліктерді пісіру үшін немесе суық сызаттарды болдырмау үшін дайындаушы технологиялық тәсілдерді (қыздыру, термо өңдеу, пісіру кезіндегі қоршаған ауа температурасын ең аз шектеу) қолдануы тиіс.

1713. Динамикалық жүктеме кезінде жұмыс істейтін конструкцияның пісіру тігістері толық пісіру арқылы орындалуы тиіс. Негізгі металдың тігіске өтуі бір сарынды болуы тиіс.

1714. Кемелік білік жетектер біліктері мен иінді біліктерге пісіруді қолдану әрбір жағдай Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады. Сонымен қатар, барлық пісіру тігістерінің бұзылмайтын бақылауы орындалуы және пісіру жалғанулардың босаңсу беріктілігі қамтамасыз етілуі қажет.



Қажет тәжірибелі пісіру көлемі мен сынаулар бағдарламасы жұмыс басталғанға дейін Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.

1715. Кемелік машина жасау өнімдерді жасау мен жөндеу кезінде пісіру, еріту, тозаңдату арқылы металдандыру және сол сияқты тәсілдерді Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар бойынша қолданулы мүмкін.



Тозған немесе бет қабатында сызаттары бар құрамы 0,45 % көміртектен тұратын кемелік біліктерді еріту арқылы қалпына келтірілуі мүмкін, егер сызаттар тозуы немесе тереңдігі біліктің 5 % диаметрінен, бірақ 18 мм кем болса, жұмыстарды Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген технологиямен орындалады.

Сонымен бірге, біліктің барлық бет қабаты ерітуге дейін келісілген тәсілмен сызаттардың болмауы тексерілуі тиіс. Сонда-ақ, ерітуге дайындалған және ерітілген жерлер тексерілуі қажет. Анықталған сызаттар механикалық тәсілмен жойылуы қажет.

Еріту алдында білік барлық қалыңдығы 350 - 650оС температурасына дейін қыздырылуы тиіс.

Көрсетілген температураны толық пісіру кезінде ұстап және бақылануы қажет. Пісіруден кейін білік баяу салқындатылуы керек.

Құрамы 0,4 % көміртек пен 0,8 % кем марганецтен тұратын көміртекті болаттан жасалған кемелік біліктерінің флюс астында автоматты бір немесе екі реттік еріту оларды алдын-ала қыздырусыз өткізіледі.

Алдын-ала механикалық өңдеуден кейін ерітілген металл бетінен аунақшамен суықтай жүріп өткізуге алынуы тиіс.

 

 

125. Кемелік бу қазандары мен қысымда жұмыс істейтін сауыттарды пісіру



 

1716. Қазандардың пісіру тігістері пісіруді қандай пісіруші жүргізгенін анықтауға болатындай етіп таңбалануы тиіс.

Қысым астында жұмыс істейтін коллектор, қазан корпустары мен сауыттардың бойлық және көлденең тігістері қыспақ орындалуы тиіс. Егер қыспақ тігістерді жасау мүмкін болмаса, тігіс конструкциясы Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

1717. Қысым астындағы қазандар мен сауыттарды пісіру үшін пісіру материалдары таңдауы осы Қағиданың 1707-тармағы талаптарын ескере отырып, жасау үшін қолданылатын болаттың нақты таңбаларынан жүргізіледі.

1718. Рутильді және қышқылмен жабылған электродтарды І сыныпты қазандар мен сауыттарды пісіру үшін (осы Қағиданың 2148-тармағы) қолданылуға болмайды, егер көрсетілген өнімдер көміртекті болаттан жасалса және пісіріліп жатқан бөліктер қалыңдығы 20 мм аспайтын жағдайда бұл электродтар II және III сыныпты қазандар мен сауыттарды пісіру үшін қолданылы мүмкін.

1719. Қазандар мен сауыттарды термиялық өңдеу жұмыстары стандарттар бойынша орындалады немесе болатты әзірлеушінің ұсыныстарына назар аударылады.



Олардың көлемі немесе арнайы конструкциясына байланысты бөліктерді пісіру жалғайлары кернеуді тоқтату үшін толығымен термо өңдеуге болмайды, Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша бөліктермен өңделуі мүмкін. Сонымен бірге, термо өңдеу бөліктердің басқа аудандарына жылы кернеу таралуы мүмкін болмайтындай етіп, тігіс бойымен (пісіру тігісінің екі жағынан да шамамен табақты алты қалыңдығы) жеткелікті кең жерде біркелкі қыздырылуы тиіс. Жергілікті өңдеуде пісіру шілтерін қолдануға болмайды.

1720. Қазандардағы саңылаулар қақпақшалармен пісіріп бітеу стандарттар талаптарын орындау шартымен рұқсат етіледі.

1722. Тозған қазандар мен сауыттар қабырғаларын еріту арқылы жөндеу тек қана Кеме қатынасының тіркелімінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Еріту алаңы 500 см2, ал тереңділігі табақ қалыңдығынан 30 % кем болуы тиіс. Егер бұл шарттар орындалмайтын болса, ақауланған жер жаңа табақпен ауыстырылады.

1723. І немесе II (осы Қағиданың 2148-тармағы) сыныбына жататын қысым астында жұмыс істейтін қазандар, жылу алмастырғыш аппараттар мен сауыттарды жасау кезінде мынадай жағдайларда енсіз жұқа тақтайшалары пісірілетінін пісіру жалғаулары тігістерінің механикалық қасиеттері тексеріледі:



1) жекелеген өнімдерді дайындау кезінде;

2) өнімнің негізгі үлгісінде сериямен дайындау кезінде;

3) негізгі узелдер мен өнім бөліктері конструкциясын өзгеруі кезінде;

4) жаңа материалдар мен пісіру тәсілдерін қолдану кезінде.

Қажет жағдайларда Кеме қатынасының тіркеліміне III сыныпқа жататын өнімдерді дайындау үшін әзірленген бақылау енсіз жұқа тақтайшаларды ұсынады.

1724. Бақылау енсіз жұқа тақтайшалар енсіз жұқа тақтайшалардың пісіру тігістері өнім тігісінің жалғасы болатындай етіп, қазан немесе сауыттың бойлық тігістеріне бекітілуі тиіс. Енсіз жұқа тақтайшалардың тігістері өнім тігісіндегі технологиялық шарттарда пісірілуі тиіс.

Сынамалардан дайындалуы және сыналуы тиіс: осы Қағиданың 266-қосымшасына сәйкес ойып кесілген бір көлденең үлгі созылуына, екі көлденең үлгіні майысуына, үш үлгі соғудан майысуға.

III сыныпты конструкцияларға арналған үлгілер Кеме қатынасының тіркелімінің талабы бойынша әзірленуі қажет. Үлгілерді сынамалардан ойып кесу және сынаулар жүргізу шарттар осы Қағиданың 1804 және 1805-тармақтарға сәйкес болуы қажет.



 

 

126. Кемелік құбырларды пісіру



 

1725. Құбырлардың пісірілген жалғауларының типтері стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

1726. Құбырларды пісіруге арналған пісіру материалдарын таңдау осы Қағиданың 1707-тармағы талаптарын ескере отырып, оларды дайындау кезінде қолданылатын болаттың нақты белгілеріне байланысты жүргізіледі.

1727. Түтіктердің пісірілген түйіскен жалғаулары тігіс түбірін толығымен пісірушімен орындалуы тиіс. Жойылатын астар сақиналар пісірілуі мүмкін.

1728. Түтіктің түйіскен жерлеріндегі қалған астар сақиналар пайдалану қасиетіне кері әсер ететін сол құбырларда қолданылуы мүмкін. Түтіктермен қоса ернектердің түйіскен жалғаулары қалған астар сақинада орындалмайды.

1729. Түтіктердің пісірілген жалғаулары аз қоспалы болаттан жасалған түтіктерде немесе 350 оС аса температурада жұмыс істейтін бас бутүтікті газбен пісіру кезінде термо өңдеуге жатады.

1730. Құрамы 0,8 % хромнан және 0,16 % көміртектен тұратын хроммолибден болаттан жасалған түтіктерді пісіру кезінде пісіріліп жатқан жиектер 200—230 оС температураға дейін қыздырылуы тиіс. Бұл температура пісіру процесінде сақталуы тиіс.

1731. Пісірудің алдында қабырға қалыңдығы 5 мм және одан аса мыс түтіктің пісіріп жатқан жиектері 250—350оС температураға дейін қыздырылуы тиіс. Мыс никелді түтіктерді пісіруі қыздырусыз жүргізілуі тиіс. Мыс никельді түтіктер жалғауларын дәнекерлеуге рұқсат етілмейді.

1732. Кемелік құбырлардың зақымданған орындарын пісіру арқылы жөндеу мүмкіндігі әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.



 

 

127. Құймалар мен соғылмаларды пісіру



 

1733. Қоршаған ауа температураға қарамастан болат құймалар мен соғылмаларды пісірудің қажетті сапасын қамтамасыз ететін алдын ала қыздыру немесе басқа технологиялық іс-шаралар мынадай жағдайларды орындалуы тиіс:

1) құймалар мен соғылмалар болаттарында көміртек құрамы 0,25 % аса;

2) құйма болатындағы және шыңдалу көміртегі құрамы кеме корпусы құрамына кіретін мұзды шарттарда жүзу үшін арналған 0,23 % көбірек (ахтерштен құймасы және шыңдалу, форштевня, еспелі біліктің кронштейі және конструкциясы).

1734. Құймалар мен соғылмаларды қыздыру температурасы және термо өңдеу режимдері конструкция, өлшемі және осы Қағиданың 1688, 1696, 1700-тармағына сәйкес пайдалану жағдайына қатысты анықталады.

1735. Болат соғылмалар мен құймалардағы ақауларды осы болаттың пісірілуі тексеріліп және құю немесе тағалған бөліктер шарттарын ескеру жағдайында ғана пісірумен түзету рұқсат етіледі.

Әдетте, ақауларды соңғы термо өңдеуден кейін пісірумен түзетіледі. Соңғы термо өңдеуден кейін ақауларды пісіру тек қана ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Соғылмалар мен құймаларда жүйелі түрде пайда болатын ақауларды пісірумен түзетуге рұқсат етілмейді.

1736. Құймалардағы ақауларды жаншылулар жойылуы мен құймаларды қалыпты материалдардан, бөгде ажыратқыштарының қабыршақтарынан мұқият тазалағаннан кейін пісіріледі. Пісіруге жататын орындар таза металға дейін пісіруді қамтамасыз ететіндей етіп, бөлінуі тиіс.



Пісіру астына дайындалған қабырғалар жайпақ, ал дайындалған тереңділіктің бет қабатында үшкір бұрыштары болмауы тиіс.

 

 

128. Жалатылған болатты пісіру



 

1737. Жалатылған болатты пісіру тәсілі осы Қағиданың 1270-тармағына сәйкес; пісіру материалдары 24-бөлім талаптарына сәйкес болуы тиіс.



Бөліктер жиектерін пісіру үшін бөлу Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе сызбаларға сәйкес жүргізілуі керек.

Бөлуді механикалық өңдеу жолымен орындалуы қажет.

Жинау кезінде бөліктер жиектері бір-біріне жақсылап келтіріліп және жалатылған қабат жағында ығыстырылмауы қажет.

1738. Металл тігісінің жалатылған қабаты жағынан коррозиялық ұстамдылық жалатылған қабаты сияқты болуы тиіс. Тігістің коррозиялық қабатының қалыңдығы жалатылатын қабат қалыңдығынан кем болмауы тиіс.



Жалатылатын қабат бетіндегі тігіс металының (тігіс түбірінің аумағын санамағанда) химиялық құрамы жалатылатын металдың химиялық құрамына сәйкес болуы тиіс.

1739. Әдетте, тігіс ең бірінші негізгі қабат жағынан және екінші кезекте жалатылатын қабат жағынан пісірілуі тиіс. Негізгі қабат жағынан тігіс бөлігін орындау кезінде пісіру жалатылатын қабаты ерітілмейтіндей етіп жүргізілуі тиіс. Жалатылатын қабатты пісіруге дейін тек қана механикалық өңдеумен немесе тегістеу арқылы таза металға дейін тазалануы тиіс. Осы тігістің түбірін пісіріңкіреу үшін жалатылатын қабатты пісіруге қолданалатын пісіру материалдары қолданылуы тиіс. Жалатылатын қабатты пісіру қоспалы металлдың аз қоспасыз металмен біраз араласпайтындай етіп, орындалуы тиіс. Жалатылатын қабатты пісіру үшін пісіру диаметрі мүмкіндігінше аз электродтары мен сымдары қолданылуы тиіс. Пісіруді мүмкіндігінше аз тоқтың күшінде жүргізеді. Жалатылатын қабат жағындағы тігіс кемінде екі қабатта орындалуы тиіс. Жалатылатын қабатты пісіру кезінде электродтың көлденең ауытқуына жол берілмейді. Егер жоғарғы қабат ені оны бірнеше тараптарда орындау қажет болатындай болса, соңғы тарап тігіс ортасында орындалуы қажет.

1740. Егер жалатылған болаттан жасалған түтіктерді пісіру кезінде екі жақты пісіруді қолдану мүмкін емес болса, барлық тігіс жалатылатын қабат материалдарына сәйкес пісіру материалдарымен орындалуы тиіс.

Жалатылған болаттың жұқа табақтарын пісіру кезінде барлық тігіс сол сияқты тігіс жалатылатын қабат материалдарына сәйкес пісіру материалдарымен орындалуы тиіс.

 

 

129. Жоғарғы беріктілікті болатты пісіру



 

1741. Жоғарғы беріктілікті болатты пісіруге арналған пісіру материалдары осы Қағиданың 9.5-тарауы сәйкес, ал сонда қолданылатын пісіру 1270-тармағына сәйкес рұқсат етілуі тиіс.

1742. Пісіру тәсілі мен технологиясы келісілген бағдарлама бойынша технологиялық сынауларды орындаудан кейін Кеме қатынасының тіркелімімен мақұлдануы қажет. Сонымен қатар, пісіру конструкциясын өндіруші пісіру алдындағы қыздыру температурасының мәні, пісіру кезінде ұзына бойы энергиясы, пісіруден кейін термиялық өңдеу режимі, тораптар арасындағы температурасы көрсетілген құжаттамаларды ұсыну тиіс.



Өндіруші тораптар арасындағы температураны өлшеумен қоса тіркеу мен пісіру режимін бақылау жүйесі болуы тиіс және пісірудің жалғауларын Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша көп торапты пісіруден кейін орындайды.

1743. Дәнекерлеу біріктірулері көп өтпелі дәнекермен орындалады.



Бір өтпелі дәнекерлеу Кеме қатынасы тіркелімімен ғана рұқсат етіледі.

Әрбір торап үзіліссіз доғаның ең аз ауытқуымен орындалады.

1744. Доғаны пісіруге дайындалған жиектерінен тыс жерлерде жағуы рұқсат етілмейді.



Монтажды қосымша құралдарды пісіру жергілікті қыздыруды қамтамасыз етілген кезінде өзгешелік ретінде ғана рұқсат етіледі.

Монтажды қосымша құралдар, әдетте, механикалық кесу жолымен әрі қарау негізгі металдың бетін тазалау арқылы жойылады.

1745. Газбен кесуді қолданумен дайындалған жиектер одан кейін тек механикалық тәсілмен өңделуі тиіс. Тігіс түбірін тазалау тек қана механикалық тәсілмен орындалады. Түзету кезіндегі қыздыру температурасы әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады. Сонымен бірге, негізгі метал мен пісіру жалғауларының қажетті қасиеттері қамтамасыз етілуі қажет.



 

 

130. Шойынды пісіру, жоғары температурада пісіру



 

1746. Шойыннан жасалған құймалардағы ақаулар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша сынаулардан өткен тәсілдерді қолданып, пісірумен түзетілуі мүмкін.

1747. Конструкция объектілерінің пісірілген жалғаулары стандарттарға немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес орындалуы қажет.



 

 

131. Алюминий ерітінділерін пісіру, мыс ерітінділері, ауыр металды және басқа түсті металдарды пісіру



 

1748. Пісіру жұмыстары пісірілген тігістің жоғары сапасын, жалғанудың ең үлкен беріктілігін және коррозияға қарсы жеткілікті тұрақтылығын қамтамасыз ететін лайықты тәсілмен жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, тігістің химиялық құрамы негізгі металдікіне жақын болуы тиіс.

1749. Пісіру тігістері мүмкіндігінше аса төмен кернеу ауданында орналасуы тиіс.



Пісіру, әдеттегідей төменгі жағында жүргізілуі тиіс.Пісіру тігістерінің күшеюін тоқтату тек Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етіледі.

1750. Тікелей пісіру алдында (қысып алу) алюминийден жасалған бөліктердің пісірілген жиектерін және оның ерітінділері арнайы еріткішпен (ацетон, спирт және т.б.) майы алынып және болат сымды қылшықпен тазартылуы тиіс. Пісіру алдында қысып алу, сондай-ақ болт қылшығымен тазартылуы тиіс. Көп торапты пісіруде мынаны салар алдында әрбір алдыңғы қабаттар қылшықтармен тазартылуы тиіс.

1751. Алюминийден жасалған пісіру материалдары және оның ерітінділері пісіру алдында оксидті қабыршақпен жою үшін тазартылуы тиіс.

1752. Қалған немесе жойылатын астарларда алюминий ерітінділерін пісіру рұқсат етіледі. Қалған астарлар пісіріліп жатқан бөліктердің маркасымен бірдей ерітінділерден жасалуы тиіс.

1753. Екі жақты пісіру кезінде екінші жағынан тігіс салу алдында тігіс түбірін рубкамен, строжкамен және қопсытумен таза металлға дейін жойылуы қажет. Тігіс түбірін абразивті доңғалақтармен жою рұқсат етілмейді.

1754. Алюминийден жасалған конструктивті және оның ерітінділерін ыстықтай түзету рұқсат етіледі. Түзету кезіндегі қыздыру температурасы осы ерітінді қасиетіне сәйкес болуы тиіс.

1755. Егер пісіру кезінде флюс қолданылса, ол мүмкіндігінше бейтарап болуы тиіс. Егер ерекшелік ретінде флюс қолданылмаса пісіруден кейін ол мұқият жойылуы тиіс.

1756. Алюминий ерітінділерінен жасалған конструутивті жалғау аумағында пісіру жұмыстары тойтару басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

1757. Мыс және оның ерітінділерін, ауыр металлдарды және басқа түсті металлдарды пісіру стандарттар талаптарына сәйкес жүргізіледі, ал соңғылары болмаған кезінде әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

 

 

23-бөлім. Пісіру жұмыстарын бақылау



 

132. Бақылауды ұйымдастыру

 

1758. Конструкция мен бөліктерін жасау кезінде пісіру жұмыстары мен пісірілген тігістерін бақылау кәсіпорынның бақылау органдарымен жүзеге асырылуы тиіс. Бақылау нәтижелері мекемеде белгіленген нысан бойынша тіркелуі, сонда объектіні тапсыруға дейін сақталуы және Кеме қатынасының тіркелімінің талабы бойынша қарауға ұсынылуы қажет.

1759. Пісіру тігістерінің бұзылмайтын бақылауы орындалуы мүмкін:



1) оларды ішкі байқау жолымен (көзбен шолып бақылау);

2) магнит ұнтақты тәсілмен (магнитұнтақты бақылау);

3) капилляр тәсілімен (капилляр бақылауы);

4) радиографиялық тәсілмен (радиографиялық бақылау, рентген немесе гаммаграфиялау арқылы);

5) ультрадыбысты тәсілмен (ультрадыбысты бақылау);

6) өткізбеушілік сынаулары кезінде және нәтижелері бойынша;

Бұзылмайтын бақылаудың нақты тәсілін қолдану жобаның техникалық құжаттамаларында конструкция жауаптылығы мен пісіру жалғауларының типіне қатысты белгіленеді.

Бақылаудың басқа тәсілдерін қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

Бұзылмайтын бақылау Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе тәсілдермен жүзеге асырылады.

Егер пісіру тораптарының термиялық өңдеуі қарастырылса, пісіру жалғауларының соңғы бұзылмайтын бақылауы оны аяқтаудан кейін жүргізіледі.

Жоғары беріктілікті болатты және күрделі пішінді конструкцияны пісіру кезінде бұзылмайтын бақылау пісіру аяқталғаннан соң 72 сағаттан кейін орындалуы тиіс.

Пісіру тігістерінің және нақты бұзылмайтын бақылауы Кеме қатынасының тіркелімімен ультро дыбысты дефектоскопты қолданумен іске асады.

Пісіру тігістерін бақылауды және олардың сапасын бағалауды жүргізетін қызметкер бақылау тәсілдерін қолдануға қойылатын нормалық-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес құзіретті органмен куәландырылған біліктілігі болуы тиіс.

1760. Осы конструкцияда пісіру жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорынның басқару органы Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бақылау сызбасы бойынша бұзылмайтын тәсілмен бақылау орындарын анықтайды. Соңғылардың сапасына күмәнданған жағдайда Кеме қатынасының тіркелімі пісіру тігістерінің қосымша жерлеріне бақылау жүргізуді талап етеді.

1761. Егер рұқсат етілмейтін ақаулар анықталса, бақылауды қанағаттандырарлық нәтижеге дейін осы бөлімнің екі жағынан да жалғастырылуы тиіс. Кеме қатынасының тіркелімі сол пісіру тігістерінің екі орындарын қанағаттандырарлықсыз баллмен бағаланған әрбір сурет бойынша басқа орындарда қосымша бақылауды талап етеді.

Қосымша бақылау нәтижелерін ақауларды түзеткенге дейін алғашқы бақылау құжаттарымен бірге ұсынылу қажет. Егер пісіру тігістерінің алғашқы және қосымша бақылау көлемі оның ұзындығының 50 % асатын болса, осы тігіс барлық ұзындығы бойына қосымша бақылауға алынуы тиіс.

Рұқсат етілмейтін ақаулар түзетілуі тиіс, сонымен қатар, қайта түзетулер Кеме қатынасының тіркелімімен арнайы келісуге жатады.

1762. Негізделген жағдайларда бас инженер пісіру жалғауларының радиографиялық және ультра дыбысты тәсілдерімен пісіру жалғауларының бірде бір жерлеріне бақылауды жүргізуді талап етеді.

1763. Сыртқы қаптамаларының пісіру тігістерін бақылау кезінде сурет осы Қағиданың 252-қосымшасында көрсетілгендей түйіскен жер ось бойының қиылысында бөлігі кертпені де алатындай етіп орналасуы тиіс.

Ультрадыбысты бақылау кезінде паз бөліктерін 100 мм ұзындықта осы Қағиданың 253-қосымшасына көрсетілгендей етіп түйіскен жердің әрбір жағынан бақыланады.



 

 

133. Бұзылмайтын бақылау көлемі



 

1764. Кеме корпусының пісіру жалғауларының бұзылмайтын бақылау көлемі осы Қағиданың 254-қосымшасына сәйкес Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген сызба бойынша белгіленеді.



Кеменің орта бөлігі ауданындағы 0,5Z сыртқы қаптамасының снимок жалғауларының саны мынадай формула бойынша анықталады:

N = L(B+H)T/45

мұнда N — бақылауға жататын бөліктер саны;

L, В, Н — кеме бортының ұзындығы, ені және биіктігі м;

Т — Кеме ұзындығына байланысты және осы Қағиданың 255-қосымшасы бойынша анықталатын коэффициент.

1765. Қазандар, қысым астындағы сауыттар және жылу алмастырғыш аппараттардың пісіру жалғаулары конструкция сыныбына байланысты (осы Қағиданың 2148-тармағы) осы Қағиданың 256-қосымшасында көрсетілген көлемде бұзылмайтын бақылауға жатады.

1766. Осы Қағиданың 322-қосымшасында көрсетілген олардың сыныбына байланысты құбырлардың пісіру жалғаулары осы Қағиданың 257-қосымшасында көрсетілген көлемде бұзылмайтын бақылауға жатады.

1767. Осы Қағиданың 254-257-қосымшасында көрсетілген конструкциялардан басқа жүкке арналған діңгектер, бағаналар және с.т. жалғаулар сияқты құрылғылар элементтері және олардың механизмдері бұзылмайтын бақылауға жатады. Осы конструкциялардағы бақыланатын бөліктер инженермен келісу бойынша белгіленеді.

1768. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері пісіру жұмыстары орындалған нақты жағдайларға байланысты сызбада мақұлданған бақылаудан басқа бұзылмайтын бақылау бөліктер бөлуді белгілейді.

1769. Радиографикалық және ультра дыбыстық бақылау негізінде ұйым алты айда кем дегенде бір рет дәнекерленген жалғаулар ақауының пайызын анықтауы және нәтижесін Кеме қатынасының тіркеліміне хабарлауы тиіс.

1770. Пісіру жалғауларының ақау көрсеткіштері К, % мынадай формула бойынша анықталуы тиіс: %: К= 100l/s, мұнда l — пісіру тігістерінің қанағаттанбаушылық сапасы белгіленген бақылау бөліктерінің жалпы ұзындығы, м;



Егер ақау пайызы 5% асатын болса, онда көрсетілгеннен жоғары болса әрбір пайызға Кеме қатынасының тіркелімі бақылау бөліктерінің 10% ұлғаюын талап етеді.

Егер пісіру жұмыстарының деңгейі Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен қанағаттандырарлық деп танылса бақыланып жатқан бөліктер саны азаюы мүмкін.

1771. Кемелерді және жүзу құралдарын қайта жабдықтау мен жөндеу кезінде бақыланатын бөліктер саны пісіру жұмыстарының көлемі мен осы Қағиданың 1764-1770-тармағы талаптарын ескере отырып конструкция жауаптылығына қатысты Кеме қатынасының тіркелімімен анықталады.



 

 

134. Пісіру тігістерінің сапасын бағалау



 

1772. Радиографиялық немесе ультрадыбысты бақылау кезінде пісіру жалғауларының бағалау сапасы Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бес немесе үш балдық межелік немесе басқа межеліктер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Бағалаудың бес балдық межелік бойынша критерилері Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттарға сәйкес қабылданады.

Үш балдық межелік бағалау критерийлері осы Қағиданың 1774-тармағына сәйкес белгіленеді.



Бақылаудың басқа тәсілдерін қолдану кезінде сапасын бағалау рұқсат етілген белгілі кемдіктерін ескере отырып немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе басқа критерийлер негізінде жүргізілуі тиіс.

1773. Бақылаудың бөлек түріндегі бағалау критерийлері және рұқсат етілген баллдары осы Қағиданың 258, 259-қосымшасында көрсетілген.



Бақылауды жүргізуден кейін ақауланған бөліктер, көлемі, түрі, ақаулар баллы және олардың орналасуының көрсетілген хаттама жасалуы тиіс.

1774. Болатты конструкцияның пісіру жалғауларының сапасын бағалаудың үш балдық межелігі:



1) балл III - пісіру тігістерінде ішкі ақаулар жоқ немесе бар:

бөлек газды және металды (вольфрамды) ажыратулар, әрқайсысының тігіс қалыңдығы 0,1, бірақ 2 мм аспайды;

бөлек қожды ажыратулар, әрқайсының тігіс қалыңдығы 0,3-ке дейін, бірақ 3 мм аспайды, және алаңы мм2 аспайды.

Жоғарыда көрсетілген ақаулар саны орташа тігіс ұзындығының 100 мм бірден көп болмау тиіс.

2) балл П - пісіру тігістерінде сызаттар, қаяулар, пісірілмеген, ерітілмеген жерлері жоқ. Осы Қағиданың 260-қосымшасында көрсетілген әрбір 100 мм бақыланып жатқан бөліктерінде қуыстардың рұқсат етілген ең ұзын ұзындығы, ені және қосынды ұзындығы, қожды немесе вольфрам қосулар, тізбек және осы ақаулардың жиналулар және тотықты ажыраулары;

3) балл І - пісіру тігістерінде сызаттар, қаяулар, пісірілмеген, ерітілмеген жерлері жоқ. Осы Қағиданың 261-қосымшасында көрсетілген әрбір 100 мм бақыланып жатқан бөліктерінде қуыстардың рұқсат етілген ең ұзын ұзындығы, ені және қосынды ұзындығы, қожды немесе вольфрам қосулар, тізбек және осы ақаулардың жиналулар және тотықты ажыраулары.

 

 

24-бөлім. Пісіру материалдары



 

135. Жалпы ережелер

 

1775. Кеме қатынасының тіркелімімен техникалық бақылауға жататын конструктивті пісіру олармен рұқсат етілген пісіру материалдарымен орындалады.

1776. Пісіру материал мен оны пайдалану облысын және осы бөлімнің талаптарына сәйкес онымен келісілген бағдарлама бойынша Кеме қатынасының тіркелімінің техникалық бақылауында сипаттайтын техникалық құжаттамаларды қарау нәтижесі негізінде жаңа пісіру материалы жіберіледі.



Осы Қағидада толық сынаулар тізімі қарастырылмаған немесе қоспалы болатты пісіруге арналған пісіру материалдарына рұқсат беру кезінде Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша сыналуы қажет.

1777. Егер ерекшесі айтылмаса, пісіру материалдары рұқсат ету кезінде белгіленген олардың қасиеттері мен сапасын растау үшін Кеме қатынасының тіркелімінің инженерінің қатысуымен осы Қағиданың 1788-тармағына сәйкес жыл сайынғы сынауларға жатады.

1778. Рұқсат етілген пісіру материалдары қасиеттері, химиялық құрамы немесе оны жасау технологиясы өзгерген кезінде қайта сынаулар жүргізу қажет.

1779. Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынылатын пісіру материалдарының техникалық құжаттамаларында кемінде мынадай мәліметтерден тұруы қажет:



1) пісіру материалының дайындаушы-кәсіпорын атауы;

2) пісіру материалының атауы, таңбасы, типі және міндеті;

3) Қағидаға сәйкес пісіру материалдарының категориясын;

4) ерітілген металдың химиялық құрамы;

5) ерітілген металл мен пісіру жалғауларының механикалық және технологиялық қасиеттері;

6) технология және пісіру режимі;

7) пісіру материалының жасау технологиясының қысқаша мазмұны, сапасын бақылау тәсілі.

 

 

136. Кеме жасауда қолданылатын болатты пісіруге арналған пісіру материалдары



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет