406. Негізгі жарықтандырудың тізбектерін қоректендіру
3983. Негізгі жарықтандырудың таратқыш қалқандары бөлек фидерлар бойынша қорек алуы тиіс. Негізгі жарықтандырудың қалқандарынан қуаты 0,25 кВт дейін жауапты емес міндетті электр жетектерді және номиналды тоғы 10А дейін бөлек каюталық электр грелкаларды қоректендіру рұқсат етіледі.
3984. Жарықтандыру тізбектерінің соңғы тармақтандырғыштарының қорғаушы құралдары номиналды тоғы кемінде 16 А, қосылған тұтынушылардың жүктемесінің соммалық тоғы 80 % аспауы тиіс.
3985. Тұрғын және қоғамдық бөлімшелердің жарықтандыру соңғы тармақтандыру тізбектері мынадан аса қоректенбеуі тиіс:
1) 55 В дейінгі кернеу кезінде 10 жарықтандырғыш нүктелері үшін;
2) 127 В кернеу кезінде 14 жарықтандырғыш нүктелер;
3) 220 В дейін керней кезіндегі 24 жарықтандыратын бөлмелер.
Осы Қағиданың 3984-тармақ талаптарын орындау және Кеме қатынасының тіркеліміне кернеу түсуі мен тармақталған тізбектің барлық бөліктерінде кабельдер қимасының есептерін ұсыну шартымен аса көп жарықтандырғыш нүктелерді орнату рұқсат етіледі.
Каюталық желдеткіштер мен жарықтандыру тізбектерінен басқа ұсақ тұтынушыларды қоректендіру рұқсат етіледі.
Лампалық патрондар бір-біріне өзара жақын орналасқан және тізбекке иілімді сымдар арқылы қосылатын кезінде гирляндалық немесе рамалық жарықтандыру жағдайында әрбір тізбектегі максималды жұмыс тоғы 10 А аспайтын шартымен жоғарыда көрсетілген мәндерінен асатын жарықтандырғыш нүктелерді бір тізбекке қосуға болады.
3986. Коридорлардың, машиналық бөлімшелердің негізгі жарықтандыру шамдары, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын кемелерде шлюпкалық палубаға келтіретін салондарда, траптарды және жолдарды жарықтандыру шамдары екі тәуелсіз сызықтар бойынша қоректенуі тиіс. шамдар орналасуы қорек жойылуы кезінде сызықтардың бірінде жарықтандырудың мүмкін аса теңдігі қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.
3987. Тұрғын бөлмелердегі жергілікті жарықтандыру шамдары, сондай-ақ штепсельді розеткалар жалпы жарықтандыру шамдарының қоректендіру сызықтарымен байланысты емес бөлек сызық бойынша жарықтандыру қалқанынан қорек алуы тиіс.
Талап жеке штепсель-трансформаторларға жатпайды.
3988. Егер кеме өртке қарсы зоналарға бөлінсе (осы Қағиданың 3840-тармағы), онда әрбір зонаны жарықтандыру желісінен басқа өртке қарсы зоналардың жарықтандыру желісін қоректендіретін сызықтарға қарамастан бөлек сызық бойынша қоректенуі тиіс.
Жарықтандыру желісінің кабельдері бір зонадағы өрт басқа зонада жарықтандыру желісін қоректендіретін кабельдерді зақымдамайтындай етіп салынуы тиіс.
3989. Кабельдің қимасын есептеу кезінде әрбір каюталық штепсельді розетка 110 В және одан аса кернеу кезінде 100 Вт-қа, ал трюмды люстраларға арналған штепсель - 300 Вт. Кернеуі 12 В ауыспалы жарықтандыру кезінде 15 Вт тең, ал 25 Вт тең 24 В кезінде қабылдануы тиіс.
407. Жарықтандыру тізбектеріндегі ажыратқыштар
3990. Жарықтандырудың барлық тізбектерінде екі полюсты ажыратқыштар қолданылуы тиіс.
Жарықтандыру тізбектері үшін бір полюсты ажыратқыштарды қолдану тек аз кернеу кезінде, сондай-ақ тұрғын және қызметтік бөлмелерді жарықтандырудың бөлек шамдары рұқсат етіледі.
3991. Сыртқы жарықтандырылатын стационарлы шамдары үшін басты рубкадан немесе басқа жоғарғы палубадағы тұрақты вахталық орнынан барлық шамдарды ажыратудың орталық құрылғысы қарастырылуы тиіс.
3992. Бос тұрған таратқыш қалқандар артындағы жарықтандыруды ажыратқыштар қалқан артына кірер алдында орнатылуы тиіс.
3993. Рефрижераторлы, моншалар, душты және басқа аса шикі бөлмелерді жарықтандыру ажыратқыштары осы бөлмелерден тыс орналасуы тиіс.
3994. Жүк бөлмелердегі стационарлы жарықтандырғыш тізбектер жүк бөлімшелерден тыс орнатылатын көп полюсты ажыратқыштармен тоқтан ажыратылуы тиіс. Тізбектерде кернеу болуын көрсететін құралдар қарастырылуы тиіс.
408. Штепсельді жалғаулар
3995. Штепсельді розеткалардың байланыс ұяшықтары қадалық істіктері бар штепсельді шанышқымен байланыс кезінде тұрақты басуын қамтамасыз ететін конструкциялы болуы тиіс.
3996. Ауыспалы лампалар мен аз қуатты құралдардың штепселді рзеткалары осы Қағиданың 3985-тармағында көрсетілгендей орнатылуы мүмкін.
3997. 250 В жоғары кернеу жүйесіне арналған штепсельді розеткалар кемінде 16 А номиналды тоққа есептелінуі тиіс.
3998. Айырылған қадалық істіктері бар шанышқыны қолдану рұқсат етілмейді. 10 А аса тоқ үшін штепсельді шанышқалардың қадалық істіктері цилиндрлі бірыңғай немесе толық болуы тиіс.
3999. Жерлендіруді қажет ететін тұтынушыларды қосуға арналған штепсельді розеткалар немесе шанышқыда тұтынушы кабелінің жерлендіретін жібін қосу үшін байланыстары болуы тиіс. Шанышқыны штепсельді розеткамен жалғау кезінде шанышқының жерлендіретін бөлігі штепсельді розетканың жерлендіретін бөліктерінен тоқ жүргізгіш қадалық істіктерді жалғауға дейін кіруі тиіс.
4000. IP55 бастап корпустары бар штепсельді розеткалар, розетка шанышқыда тұрғанына қарамастан қорғау дәрежесі қамтамасыз етілетіндей етіп жасалуы тиіс.
4001. Штепсельді розеткаларда 16 А дан жоғары номиналды тоққа шанышқымен соңғысы тек өшірілген күйде алынуы мүмкін шанышқымен оқшаулануы ұсынылатын ажыратқыштар орнатылуы тиіс.
4002. Оқшаулауы жоқ штепсельді розеткалардағы ауа бойынша және оқшаулау материалы бойынша байланыстар арасындағы арақашықтық номиналды кернеу кезінде номиналдыдан 25 % аса тоқпен жүктелген шанышқыны жою кезінде доғаны асыру салдарынан қысқа матасу болдырмауы тиіс.
4003. Штепсельді розеткалардың және шанышқылардың конструкциясы розеткаға тек қана бір тоқжүргізгіш штырьды немесе тоқжүргізгіш штырьды жерлендіру ұяшығына салуға болмайтындай етіп, ал айналу бағыты (немесе әрекеті) фазалар немесе полюстардың өзгеруіне байланысты қозғалтқыштарды (немесе құрылғыларды) қосуға арналған розеткалардың конструкциясы қосымша реттің өзгеру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
4004. Штепсельді розеткалар мен вилкаларда сақтандырғыштар орнатылмауы тиіс. Осы талап штепсель-трансформаторға таралмайды.
4005. Түрлі кернеулермен қоректенетін штепсельді розеткалар бір кернеудің аса жоғары кернеуге арналған розеткаларға қосуды болдырмайтын конструкциясы болуы тиіс.
4006. Ашық палубалардағы штепсельді розеткалар олардың суға түсу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орнатылуы тиіс.
4007. Штепсельді розеткалардың міндеті және келтірілген кернеу мәні розеткаларды орнату орындарында көрсетілуі тиіс.
409. Ауысымды жарықтандыру желісі, бықсу разрядының шамдары
4008. Ауысымды жарықтандыруға арналған штепсельді розеткалар орнатылуы тиіс:
1) радио қондырғыны түрлендіргіш орналасқан бөлімшеде;
2) авариялық агрегат орналасқан бөлімшеде;
3) меңгерікті және басқару құрылғы орналасқан бөлімшеде;
4) машиналық бөлімшелерде;
5) басты таратқыш қалқан артында;
6) арнайы электр бөлімшелерінде;
7) басқару рубкасында;
8) радиорубкада;
9) лаг пен эхолот қоршауларында;
10 гирокомпас бөлімшесінде.
4009. Дроссельдер және конденсаторлар жерлендіргіш металды қаптамалармен қорғалуы тиіс.
4010. Сыйымдылығы 0,5 мкФ және аса конденсаторлар разрядты құрылғымен жабдықталуы тиіс. Разрядты құрылғы конденсатор ажыратылғаннан кейін 1 мин кейін оның кернеуі 50 В аспайтындай етіп орындалуы тиіс.
4011. Үлкен индуктивті қарсыласуы бар дроссельдер мен трансформаторлар олар арналған шамдарға мүмкіндігінше жақын орнатылуы тиіс.
4012. 250 В аса кернеумен қоректенетін бықсу разряд шамдарында кернеу мәнін көрсететін жазулары болуы тиіс. Кернеу астында тұрған осындай шамдардың барлық бөліктері қорғалуы тиіс.
410. Сигналы ерекшеленетін фонарьлар
4013. Сигналы ерекшеленетін қалқандарының фонарьлары тікелей немесе трансфоматор арқылы; бір сызық бойынша - басты таратқыш қалқаннан (осы Қағиданың 3762-тармағы) немесе авариялық таратқыш қалқан арқылы (егер ол болса), екі сызық бойынша - екінші сызық бойынша - жарықтандырудың жақын топтық қалқан немесе басқару пульты.
Ұзындығы 25 м кем кемелерде сигналы ерекшеленетін фонарьлар қалқанында бір сызық бойынша, соның ішінде кемемен басқару пультымен берілуі тиіс.
4014. Сигналы ерекшеленетін фонарьлармен басқару құралдары басты рубкада орналасқан пультта орнатылу рұқсат етіледі.
Егер пульт электр энергияны басты таратқыш қалқаннан екі фидер бойынша алатын болса, осы құралдарды қоректендіру пульттан жүзеге асыру рұқсат етіледі.
4015. Сигналы ерекшеленетін қалқанның фонарьларына бөлек сызықтар бойынша қоректі алу қажет:
1) топтық («үш бұрыш» итергіштердегі топтық фонарьлары қоса);
2) борттық;
3) кеменің диаметральды жазықтығына корымдық;
4) борттар бойынша корымдық.
Борттар бойында орнатылған артқы жағындағы фонарьларды, сондай-ақ итергіштердегі топтық фонарьлардағы «үш бұрыштарын» біріктіруге және оларды қалқанның бөлек топтарына қосуға болады. Сонымен бірге, бақылау сигнал бергіш бөлек фонарьлардың, сондай-ақ барлық фонарьлардың өшуінен шағылысуы тиіс.
4016. Осы Қағидада көрсетілмеген фонарьларды қоректендіру бөлек таратқыш қораптардан немесе жақын жердегі таратқыш қалқан мен басқару пультынан жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Уақытша көтерілетін фонарьлар жарықтандырудың штепсельді розеткаларынан қорек алуы мүмкін.
4017. Фонарьлары кеменің жүрістегі режимінде зарядтау агрегатымен паралель жұмыс істейтін аккумулятор батареяларына қосылған кемелерде сигналы ерекшеленетін фонарьлардың қалқаннан резервті қоректенуді қарастырмауға болады.
4018. Сигналы ерекшеленетін фонарьлардың коммутаторы басты рубкада орнатылуы тиіс, оған жағын егер ондай орнатылмаса қоректенуді айырып-қосқыш орнатылуы тиіс.
4019. Сигналы ерекшеленетін фонарьлардың әрбір тізбектерінде фонарьлардың екеуінде де (соның ішінде және электр энергияны таратудың бір сымды жүйелі кемелерде) қорғанысы болуы тиіс; осы Қағиданың 4015-тармағында атап өткен фонарьлар тізбектерінде сигналы ерекшеленетін фонарьлардың әрекетінің автоматты түсті көрсеткіші болуы тиіс.
Түсті көрсеткіш, оның зақымдануы сигналы ерекшелентін фонарьлардың ажыратуына әкеп соқтырмайтындай етіп орындалуы және орнатылуы тиіс.
Түсті сигнал бергішке қарамастан ажыратқыш қосылып тұрған кезінде қандай-да бір сигналы ерекшеленетін фонарьдің ақаулығы болған жағдайда автоматты түрде іске қосылатын түсті сигнал бергіш қолданылуы мүмкін.
Түсті сигнал бергішті қоректендіру сигналы ерекшеленетін фонарьлардың коммутатор сызықтарын қоректендіретінге қарағанда басқа қоректендіретін сызықтан немесе аккумулятор батареясынан жүзеге асырылуы тиіс.
Сигналы ерекшеленетін фонарьлардың жұмыстарын тікелей басты рубкадан бақылануы мүмкін кемелер үшін дыбысты сигнал бергішті қолданбауға болады.
4020. Сигналы ерекшеленетін фонарьлардың желісі сигналы ерекшеленетін фонарьлар коммутаторында бақылау лампаның зақымдануы немесе бұралу кезінде фонар лампасы жанып тұратындай болып орындалуы тиіс.
4021. Сигналы ерекшеленетін фонарьлардың тізбектеріне қосылған көрсеткіш элементінде кернеудің азаюы номиналдыдан 3 % аспауы тиіс.
59-бөлім. Ішкі байланыс және сигнал бергіш
411. Машиналық электр телеграфтары
4022. Телеграфтар қоректендіру тізбегінде кернеу және авариялық көзден қоректенген электр энергияның жойылуы туралы ескертетін түсті және дыбысты сигнал бергішпен жабдықталуы тиіс.
4023. Басты рубкада орнатылатын телеграфтар шкалалары жарықты реттеу мүмкіндігі бар жарығы болуы тиіс.
4024. Телеграфтар қоректі басты таратқыш қалқаннан немесе навигациялық құрылғылар қалқанынан немесе кеменің басқару пультынан және жүрісін бақылауынан алуы тиіс.
4025. Командалық хабарлағышты басқару тұтқасының сабы кеме жүрісі туралы нұсқаулар беру кезінде, ол кеменің бағыты ауыстырылатындай етіп орнатылуы тиіс. Саптың вертикалды тұруы, әдетте, «Тоқта» командасына сәйкес болуы тиіс.
4026. Басқару пультының көлбеу панельдерінде машиналық телеграфтар мен қозғалтқыштармен қашықтан басқару құрылғыларын орнату кезінде «Тоқта» деген күйдегі сап вертикалдан ауытқуы мүмкін.
4027. Бір-біріне тікелей жақын (көріну шегінде бір палубада) орналасқан хабарлағыш-қабылдағышы бар екі немесе одан аса қолонкалары болған жағдайда команданы олардың кез-келгенінен беру және қандай-да бір қосымша айырып-қосықштарсыз бір уақытта барлығынан жауап алуын қамтамасыз етуі тиіс. Басты рубкадан көрінбейтін колонкадан басқаруға өту үшін басты рубкада орналасқан айырып* қосқыштар қолданылуы тиіс.
4028. Әрбір машиналық телеграфта орындау туралы команда мен жауапты беру кезінде жүрістегі көпіршікте және машиналық бөлімшеге дыбысты сигнал беретін дыбысты сигнал құрылғысы болуы тиіс. Дұрыс жауап бермеген кезде дыбысты сигнал әрекеті тоқтамауы тиіс.
412. Қызметтік телефон байланысы
4029. Кемеге, әдетте, басты рубка мен мыналар арасында батареясыз қос телефон байланысы қарастырылуы тиіс:
1) машиналық - қазан бөлімшеде;
2) зәкірлі-швартовты құрылғымен басқару орны;
3) артқы жағындағы зәкірлі-швартовты құрылғымен басқару орнымен.
4030. Телефондық байланыс қарастырылуы тиіс:
1) басты рубка мен басты қозғалтқыштарды басқару орны арасында;
2) орталық басқару орны мен басты рубка арасында;
3) негізгі қызметтік бөлмелер мен посттар арасынан: басты рубка, авариялық таратқыш қалқанның бөлмесі, гирокомпасты, көлемді өртті өшіру станциясы, еспелі электр қозғалтқыштар;
4) басты қозғалтқыштармен орталық басқару орнымен немесе басты қозғалтқыштарды жергілікті басқару орны мен машиналық команданың тұрғын бөлмелері арасынан.
4031. Егер телефон аппараттары бір-біріне жақын немесе шу қарқындылығы жоғары бөлмелерде орнатылған болса, онда шақыру қандай аппаратқа түсетінін көрсететін түсті сигнал бергішпен жабдықталуы тиіс.
4032. Қызметтік телефондар тілдесудің нақты жүруін қамтамасыз етуі тиіс.
Басты таратқыш қалқан шиналарында кернеу болмауы кезінде телефондар жұмысын қамтамасыз ету қасиеті бар басқару тобының телефондарын қоректену көзіне сәйкес қарастырылуы тиіс.
4033. Телефон желісі оқшауланған болуы тиіс.
4034. Бір аппараттың зақымдануы немесе ажырауы басқа аппараттардың жұмысын бұзбауы тиіс.
4035. Осы тарау талаптары ұзындығы 25 м кем кемелерге қолданылады.
413. Авралды сигнал бергіш
4036. Бүкіл дауыспен хабарландырулар Адамдар болуы мүмкін барлық бөлмелер мен аймақтарда естілмеуі мүмкін кемелер барлық осындай бөлмелер мен аймақтарда сигналдардың жақсы естілуін қамтамасыз ететін электр авралды жүйемен жабдықталуы тиіс.
4037. Дыбысты сигнал бергіш орнатылуы тиіс:
1) машиналық бөлмелерде;
2) егер оның ауданы 100 м2 асатыны қоғамдық бөлмелерде;
3) ашық палубаларда;
4) тұрғын, қызметтік және қоғамдық бөлмелер коридорларында.
Негізгі дыбыс сигнал бергіш орнына радиорубкада оператордың көз алдында тұрған қызыл түсті авралды сигнал бергіш лампа орнатылуы тиіс.
4038. Авралды сигнал бергіштің қоректенуі тікелей авариялық аккумулятор батареясынан немесе бөлек батареядан жүзеге асырылуы тиіс. Аралды сигнал бергіш қореткенуі оның тәулік бойы кемені пайдаланудың кез-келген шартында кернеу астында орналасқан кезіндегі кемелік желіден рұқсат етіледі.
4039. Авралды сигнал бергіштің дыбысты құралдары сигнал осы бөлмеде нақты есітілетіндей етіп орналасуы тиіс. Шудың қарқындылығы жоғары бөлмелерде орнатылған дыбысты құралдар түсті сигнал бергішпен жабдықталуы тиіс. Авралды сигнал бергіштің құралдар дыбысы басқа сигнал бергіш түрлерінің құралдарынан ерекшеленуі тиіс.
4040. Авралды сигнал бергіш басты рубкадан және егер ондай кемеде бар болса, портта тұру кезінде вахталық қызмет жүргізуге арналған бөлмелерден қайта айналатын тұйықтағыш көмегімен жүргізілуі тиіс. Тұйықтағыштың қосылған күйде оқшаулау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Тұйықтауыштарда олардың тағайымы мен «Өшірілген» және «Қосылған» күйдегі мәндері көрсетілген жазулары болуы тиіс.
Егер авралды сигнал басты рубкадан немесе орталық посттан естілмейтін болса, онда тұйықтауыш тізбегіне авралды сигнал бергіш желісіне кернеу берілуін бақылауға арналған лампа орнатылуы тиіс.
4041. Авралды сигнал бергіш тізбектерінде осы Қағиданың 4040-тармақта көрсетілген тұйықтауыштан басқа, коммутациялық құрылғылар орнатылмауы тиіс. Тұйықтауышпен қосылатын электр магнитті аппараттарды қолдану рұқсат етіледі, сонымен бір сәуледе бірден аса аппараттар болмауы тиіс.
4042. Авралды сигнал бергіш жүйесінің дыбысты құралдары, ажыратқыштары және таратқыш құрылғыларында жақсы көрінетін ерекшеленетін мәндері болуы тиіс.
414. Өртті анықтау сигнал бергіші
4043. Кеменің типі мен конструкциялық ерекшеліктеріне қатысты кемелік бөлмелер мынадай жүйелермен жабдықталуы тиіс:
1) қолмен өртті-хабарлау сигнал бергішпен (бу тұтануының температурасы 60 оС төмен жолаушылар тасымалдайтын кеме, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған кеме құйғыш кемелер, екі немесе одан аса палубалары бар кемелер);
2) өртті автоматты анықтау сигнал бергішпен (ұзындығы 100 м аса жолаушылар тасымалдауға арналған кемелердің жүк бөлмелерді, тұрғын бөлмелер, коридорлар, вестибюльдер және тамбурлары; оларды тұрақты вахталары жоқ энергетикалық қондырғыларын автоматты түрде басқарылатын қуаты 165 кВт аса қозғалтқыштары бар кемелердің осы Қағиданың 331-қосымшасында 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында атап өткен машиналық бөлмелері);
3) сұйықтықты жіберуге дейін кемінде 30 с бұрын берілетін көлемді өртті сөндіру жүйесін іске қосуды жүргізу туралы алдын-ала сақтандыратын автоматты түсті және дыбысты сигнал бергішпен (қалыпты пайдалану кезінде тұрақты немесе уақыт сайын адамдар болуы мүмкін екі немесе одан аса адамдар экипажы бар кемелер бөлмелерінде).
Дыбыстар басқа барлық сигналдардан ерекшеленуі және қорғалып жатқан бөлменің кез-келген жерінде көрінуі және естілуі тиіс;
4) басты рубкада және орталық басқару орнының өрт магистралында су қысымы болуы туралы автоматты түсті сигнал бергіш.
4044. Автоматты өрт сигнал бергіш датчиктері басты және авариялық таратқыш қалқандар үстінде, отынды сорғылар мен қазандар қасында, басты қозғалтқыштар мен дизель-генераторлар үстінде, кеме құйғыш кемелердің сорғы бөлмелерінде және басқа өртке қауіпті орындарда орнатылуы тиіс.
Датчиктерді орнату кезінде ауа ағынының сипаттамасы датчиктер жұмысына кері әсер етуі мүмкін, сондай-ақ олардың зақымдануы мүмкін орындарын шеттету қажет. Сүйреп әкелгіште орнатылған датчиктер қалқалардан кемінде 0,5 м қашық тұруы тиіс. Егер жүк бөлімінің конструциясы осы талаптың орындалуына мүмкіндік келтірмесе, Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша датчиктерді орнату бойынша басқа шешім қабылдануы мүмкін.
Датчиктерді жүк бөлмелерде орнату осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |