Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Зәкірлі және швартовты механизмдердің электр жетектері



бет71/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129
391. Зәкірлі және швартовты механизмдердің электр жетектері

 

3907. Қысқа матасқан роторлы ауыспалы тоқтың электр қозғалтқыштарын қолдану кезінде номиналды жүктемеде зәкірлі және швартовты механизмдердің электр жетектері 30 минуттық жұмыстан кейін номиналды жүктемеде зәкірлі механизмдер үшін кемінде 30 с және швартовты механизмдер үшін 15 с бойы электр қозғалтқыштардың тоқ астында тұру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Полюстары ауысатын қозғалтқыштар үшін осы талаптар едәуір іске қосу сәті жасайтын орауыштары бар қозғалтқыштарының жұмысына қолданылады.

Фазалық роторлы тұрақты тоқты және ауыспалы тоқты электр қозғалтқыштар жоғарыда көрсетілген тоқ астында тұру режимге, бірақ номиналдық 200 % тең сәт кезінде төзімді болуы тиіс, оның ішінде кернеу номиналдыдан кем болуы мүмкін.

Тоқ астында тұру режимінен кейін температураны асыру жұмыстың номиналды режимі кезінде температура мәнінен кемінде 30 % құруы тиіс.

3908. Тек швартовты операциялар үшін және зәкірді көтеруге арналмаған жылдамдық сатыларының зәкірлі - швартовты сүмбі және шығырда электр қозғалтқыштың шамадан асудан тиесілі қорғауы қарастырылуы тиіс.



 

 

392. Қайықша шығырларының электр жетектері



 

3909. Қайықша шығырларының электр жетектерін басқару органдары «Тоқта» деген күйде өздігінен қайта қалпына келетін құрылғысы болуы тиіс.

3910. Тұтқалы қол жетектерді қолдану кезінде шығырдың электр жетектерін қосу мүмкіндігі болмауы тиіс.

3911. Тікелей қайықша шығырларды басқару орындарында электр қозғалтқыштың күшті тізбектерін қосқыш орнатылады.

3912. Қайықша шығырларды басқару орны оператор оны судан орнату орнына дейін көтерудің барлық жолын бақылайтындай етіп орналасуы тиіс.



 

 

393. Сорғылар мен желдеткіштердің электр жетектері



 

3913. Өрт сорғыларының электр жетектерін қоректендіру тізбектерінде термореле принципі бойынша жұмыс істейтін шамадан артудан қорғау құрылғысы қолданылмауы тиіс. Шамадан артудан қорғау құрылғылары сигнал бергішпен ауыстырылуы мүмкін.

3914. Отынды және май айдағыш сорғылар және сепараторалардың электр қозғалтқыштары осы сорғылар бөлмелерінен тыс және машиналық бөлмелер шахталарынан тыс орналасқан қашықтан ажырататын құрылғылармен жабдықталуы тиіс, бірақ осы бөлмелерден тікелей шығыстарға жақын жерде осы бөлмелерден, сондай-ақ басты рубкада, ал ұзындығы 25 м кем кемелерінің басты рубкасында.

3915. Қашықтан басқарылатын өрт сорғылары сондай-ақ жергілікті басқару орны болуы тиіс.

3916. Машиналық бөлмелердің, жүк трюмдардың, камбуздардың желдеткіштердің және жалпы кемелік желдеткіштердің электр қозғалтқыштары басты рубкада орналасқан ажыратқыш құрылғысы болуы

3917. Көлемді өрт сөндіргіш жүйемен қорғалған қызмет ететін бөлменің ағынды және сығымды желдеткіш жүйе қосылған кезде автоматты түрде ажыратылуы тиіс.

3918. Желдеткіштердің қашықтан басқару құрылғылары электр жетектердің тоқтауы туралы түсті сигнал бергіші болуы тиіс.

3919. Оны қашықтан басқару кезінде желдеткіштің электр жетектері қосылуы туралы түсті сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

 

 

394. Жүк көтергіш құрылғылардың электр жетектері және электрлі жабдықтары



 

3920. Егер жүк көтергіш құрылғыда жүкті тиісті көтеруге арналған электр жетектері бар екі тәуелсіз шығырларда жүк көтергіш құрылғысы бар болса, онда осы шығырлардың электр жетектері олардың бірін тоқтан ажырату кезінде бір уақытта тоқтауы және екі де механизмдердің тежеуді қамтамасыз етуі тиіс.

3921. Жылжымалы жүк көтергіш құрылғылардың қоректенуі үшін және оларды басқаруда автоматты төсеуі бар иілімді шлангті кабельдер қолданылуы тиіс. Жалаң сымдарды (оқшауланбаған) қолдану рұқсат етілмейді.

3922. Лифт арқан үзілу кезінде электро магнитті тежеуіштермен, соңғы ажыратқыштармен, сондай-ақ арқан үзілу кезінде кабинаны автоматты тоқтататын және оны түсірудің аса ұлғаюы кезіндегі ұстағышпен жабдықталуы тиіс.

Кабина ісінің басталу сәтінен бастап лифтті, «Тоқта» кнопкасынан басқа, кез-келген кнопкамен басқару мүмкіндігі болмауы тиіс. Басқару орнында лифт бос емес дегенді көрсететін сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

3923. Лифттердің электр жетегі кабинаның есіктері ашық кезінде, арқан босатылған және кабинаны ұстағышқа отырғызу кезінде оның қосылу мүмкіндігін болдырмау тиіс.



 

 

395. Басты рубканы көтеруге арналған электр жетек, электромагнитті тежеуіштер



 

3924. Басты рубканы көтеруге арналған құрылғының электр жетектерінде бірі басты рубкада, басқасы - жетектермен басқару орнында болуы тиіс кемінде екі ажыратқышы болуы тиіс.

3925. Тежеуіштің іске қосылуы (тежеу) тежеуіш орауышында кернеудің жойылуы кезінде жүргізілуі тиіс.

3926. Тежеуіштің қыздырылған күйінде номиналды кезінде кернеудің 30 % азаюы оның тежеуіне келтірмеуі тиіс.

3927. Электр магнитті тежеуіштер қолмен тежеу мүмкіндігін болдыруы тиіс.

3928. Электрмагнитті тежеуіштер кемінде екі қысымдағы серіппесі болуы тиіс.

3929. Аралас қызған тежеуіштердің паралель қызуының орауыштары тежелмеген күйде, келесі ретті орауышта тоқ өтпейтін болса да, тежеуді ұстау қажет.

3930. Тежеуіштердің паралель қызу орауыштары оларды өшіру кезінде пайда болатын кернеудің шамадан артуында зақымданбайтындай етіп жасалуы немесе қорғалуы тиіс (осы Қағиданың 3885-тармағы).

 

 

56-бөлім. Аккумуляторлар



 

396. Аккумуляторлар конструкциясы

 

3931. Аккумуляторлар сауыттары және саңлаулары жамаулары сауыттың кез-келген бағытта 40о бұрышқа дейін көлбеюі кезінде төгілмей және шашырамайтындай етіп құрастырылуы тиіс.

Жабулар электролит әрекетіне мықты және төзімді материалдан жасалуы тиіс. Жабулар конструкциясы аккумуляторда газ қысымы көбеюіне жол бермеуі тиіс.

3932. Аккумуляторлар орналасқан жәшіктерді жасау үшін қолданылатын материалдар электролит әрекетіне төзімді болуы тиіс. Жәшіктерде орналасқан бөлек аккумуляторлар олардың өзара орын ауыстыруы мүмкін болмайтындай етіп бекітілуі тиіс.

3933. Қолданылатын шайырлар 30 дан +60 оС дейінгі диапазонда қоршаған орта температурасы өзгеруіне тұрақты болуы тиіс.

3934. Толық зарядталталған аккумуляторларда жүктемесіз (20+5) оС температурада 30 тәуліктен кейін өздігінен разрядтау салдарынан жүктемелік вилкамен өлшенген сыйымдылығын жоғалту қышқылды аккумуляторлар үшін номиналды сыйымдылығы 30 % және сілтілі аккумуляторлар үшін 15 % аспауы тиіс.



 

 

397. Аккумуляторларды қорғау



 

3935. Ішкі жану қозғалтқыштарды қосуға арналған батареялардан басқа, аккумуляторлар батареялар үшін қысқа матасу тоқтарынан қорғау құрылғысы алдын- ала қарастырылуы тиіс.

3936. Аккумуляторды зарядтаудың әрбір жүйесі зарядты құрылғыны қоректендіретін кернеу азаюы немесе жойылуы салдарынан батареяның разрядталуынан тиісті қорғанысы болуы тиіс.



 

 

398. Аккумуляторлы батареялардың қуаттау құрылғылары



 

3937. Жауапты міндетті тұтынушылар қоректендіретін аккумуляторлы батареяларды зарядтау үшін зарядтау құрылғысы қарастырылуы тиіс. Бұл құрылғы батареяларды тоқпен 8 сағ аспайтын уақытта зарядтауға есептелінуі тиіс.

3938. Зарядтау құрылғы батарея мен зарядты тоқтың шығыстарында кернеуді өлшеу мүмкіндігін қарастырылуы тиіс.

3939. Аккумуляторлы бар ауыспалы тұтынушылары бар кемелерде осы аккумуляторларды зарядтау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

3940. Авариялық дизель - генератордың стартерлі батареясы кемелік желіден зарядталу мүмкіндігі болуы тиіс.



 

 

399. Стартерлы батареялардың сыйымдылығы



 

3941. Батарея сыйымдылығы салқын күйден бастап зарядтаусыз әрбір басты қозғалтқыштартардың 10 реттік іске қосылуды қамтамасыз етуі тиіс.

3942. Басты және қосымша қозғатқыштардың стартерлі аккумулятор батареялары бақылау құралдардың, сигналы бергіштердің және осы қозғалтқыштардың электр энергиясының штатты тұтынушыларын қамтамасыз етуі тиіс.



Стартерлі батареяға сигналды фонарьларды, негізгі жарықтандыру шамдарын, меңгерік күйінің көрсеткіштерін, аз қуатты жауапты емес тұтынушыларды қосу рұқсат етіледі.

Оны зарядтаусыз батарея сыйымдылығы әрбір қозғалтқыштың іске қосып санын және кемінде 8 сағ бойы оған қосылған тұтынушылардың қоректенуін қамтамасыз етуі тиіс.

3943. Қосымша қозғалтқыштың стартерлі батареясының сыйымдылығы зарядтаусыз салқын күйден бастап кемінде 6 рет қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.

3944. Батареялардың сыйымдылығын есептеу кезінде әрбір қосылудың кемінде 5 с ұзақтылығы қарастырылуы тиіс.

3945. Ішкі жану қозғалтқыштарды іске қосуға арналған аккумуляторлардың батареялары үшін батареяны тұтынушылардан ажырататын, аккумуляторлар жағынан тізбек басынан ажыратқыш орнату қажет, сонымен қатар ажыратқышты бір полюста орнату жеткілікті.



 

 

400. Аккумуляторлы батареяларды орналастыру



 

3946. Зарядтау құрылғысының сипаттамасының негізінде максималды заряд тоғы және аккумулятордың номиналды кернеуі бойынша есептелген кернеуі 50 В аспайтын, және де зарядтау үшін 2 кВт қуат қажет аккумулятор батареялары аккумулятор бөлмелерінде, қуыстарды, басты палубадан алуға болатын жәшіктерде орнатылады. Зарядтау үшін 0,2 ден 2 кВт дейін қуат қажет батареялар басты палуба астында шкафта немесе жәшікте орнатылуы мүмкін.

Қуаты 0,2 кВт кем батареялар тұрғын және қызметтік бөлмелерден басқа, кез-келген бөлмелерде су әрекетінен және механикалық зақымданудан қорғануы және қоршаған жабдықтарға зиянды әсер келтірмейтіндік шартымен орнатылады.

3947. Қышқылды және сілтілі аккумуляторлар бір бөлмеде немесе бір жәшікте орналаспауы тиіс. Түрлі электродтары бар батареяларға арналған сауыттар және құралдар бөлек орнатылуы тиіс.

3948. Аккумуляторлар үшін бөлменің немесе жәшіктің ішкі бөлімі, сондай-ақ электролит немесе газдың зиянды әсеріне шалдығуы мүмкін барлық конструкциялық бөліктер тиісті тәсілмен қорғалуы тиіс.

3949. Аккумуляторлы батареялар мықты бекітілуі тиіс. Сауыттары астар мен кергі үшін өтетін материалдардан жасалған бөлек аккумуляторларды орнату үшін ылғал жұтпайтын оқшаулау материалдары қолданылуы тиіс.

3950. Батареяларды немесе бөлек аккумуляторларды орнату кезінде ауа айналымы үшін барлық жағынан кемінде 15 мм саңылауды қамтамасыз ететін олардың арасындағы астарлар мен кергілер қарастырылуы тиіс.

3951. Аккумуляторлы батареялар оларды ауыстыру, бақылау, сынау, толықтыру және аккумуляторларды тазалау кезінде бос қызмет етуі және палубадан жоғарғы белдеудің айырықтарына дейін арақашықтық 1500 мм аспайтындай болуы қамтамасыз етілуі тиіс.



Егер аккумуляторлар бірі екіншісінен жоғары екі және одан аса текшелерде орнатылса, онда текшелердің алдыңғы және артқы жағынан ауа айналымы үшін кемінде 50 мм саңылау көзделуі тиіс.

 

 

401. Аккумулятор батареяларының жылуы және желдеткіші



 

3952. Пайдалану кезінде температурасы +5 оС азаюы мүмкін аккумуляторлы бөлмелер сулы немесе булы радиаторлармен жылынуы тиіс немесе аралас бөлмелерден жылудың келуін қамтамасыз етуі тиіс.

3953. Жылу жүйесінің қақпақтары аккумуляторлы бөлмелерден тыс орналастырылуы тиіс.

3954. Аккумуляторлы бөлмелерді жылыту үшін ауаны кондицияға келтірудің кемелік жүйесі қолданылмауы тиіс.

3955. Аккумуляторлы бөлмелер, шкафтар және жәшіктер олардың өртке қауіпті қоспалардың жиналуын алдын алатын жеткілікті желдеткіші болуы тиіс. Желдеткіш жүйелерге қойылатын талаптар осы Қағиданың 238-тарауында көрсетілген.



Аккумуляторлы бөлмелердегі төсеніштер тегіс, беттеспейтін конструкциялы болуы тиіс, керісінше жағдайларда іркіліс зоналары болмас үшін әрбір қабат бөлек желденуі тиіс.

3956. Жасанды желдеткішпен жабдықталған аккумуляторлы бөлмелерде желдеткішті қосуға дейін аккумуляторды зарядқа қосу мүмкіндігін алдын алатын құрылғылары болуы тиіс. Зарядталу желдеткіштердің тоқтауы кезінде автоматты өшірілуі тиіс.



 

 

402. Жарылыстардан сақтау тәсілдері



 

3957. Аккумуляторлы бөлмелерге, сондай-ақ аккумуляторлары бар жәшіктер мен шкафтарда кіретін есіктерінде жарылыс қауіпі туралы сақтандыратын жазулары болуы тиіс.

3958. Аккумулятор бөлмелеріне орнатылатын электр жабдықтардан тек қана сыртында жарылыс өткізбейтін қабықтары бар шамдар газды қоспасы ПС категориялы және газ қоспасы Т1 тобына жататын шамдар және аккумуляторлар мен мен шамдарға баратын жергілікті кабельдерден тұру керек.



Аккумуляторларға баратын жергілікті кабельдер ашық салынуы тиіс.

 

 

57-бөлім. Электрлі жылу және қыздыру құралдары



 

403. Жалпы талаптар

 

3959. Осы бөлім талаптары электрлі кабмузды плиталар, су қыздырғыштарға, грелкалар, калироферлер және басқа қыздыратын құралдарды қамтиды.

3960. Қыздырғыш құралдардың негізгі тіреулері, сондай-ақ қаптамалардың ішкі беттері жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.

3961. Қыздырғыш және жылытқыш құралдар жұмысында қызмет ететін қызметкерлер қолданатын немесе олармен жанасуы мүмкін олардың тұтқалары және басқа элементтерінің температура конструкциясы осы Қағиданың 399-қосымшасында көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.

3962. Жылытатын құралдар және суды қыздырғыштарда температураны автоматты реттеуге арналған құрылғысы болуы тиіс. Су қыздырғыштары вертикалдан 30о бұрышқа дейін көлбею кезіндегі кез-келген бұрышта қауіпсіз жұмыс істеуі тиіс.

3963. Коммутациялық құрылғылар және жылытқыш және қыздырғыш құралдардың ажыратқыштарында сөндірілген және қосылған күйдегі, сондай-ақ реттегіштің басқа болуы мүмкін күйлерінің жақсы көрінетіні белгілері болуы тиіс.

3964. Орнатылған ажыратқыш құрылғыларымен жабдықталмаған жылытқыш және қыздырғыш құралдарында құралдар орналастырылған бөлмелерде ажыратқыш құралдар қарастырылуы тиіс.

3965. Суды электрлі ағынды қыздырғыштар жылулық қорғанысы болуы тиіс. Қыздырғыштарда біреуі сақтандырғыш, ал екіншісі - реттегіш болуы тиіс екі термореттегіш қарастырылуы тиіс.

3966. Майлы және отынды цистерналардағы электрлі қыздырғыштар осы Қағиданың 4227-4229-тармақтар талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3967. Автоматты режимде жұмыс істейтін стационарлы электр қыздырғыш құралдарда температура бойынша қорғанышы болуы тиіс.

Тікелей бөлмеге кірерде қыздырғыш құрылды қосқан кезде бір уақытта қосылатын қызыл түсті сигнал орнатылуы тиіс. Осы сигнал кеме жүргізушіге кедергі келтірмеуі тиіс.

 

 

404. Жылытқыш және қыздырғыш құралдар



 

3968. Жылытқыш құралдар қаптамаларының конструкциясы оларда қандай да бір заттарды орналастыру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

3969. Бөлмелерде жылытуға арналған қыздырғыш құралдар стационарлы типті болуы тиіс.



Құралдар олардың бөлек бөліктерінің температураларының рұқсат етілгеннен аса жоғарылау жағдайында қоректі ажырататын тиісті құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

3970. Камбузды қыздырғыш құралдар ыдысты кернеу астындағы бөліктермен жанасуын болдырмайтын, ал сұйықтық ағуы қысқа матасуға немесе оқшаулаудың зақымдануына келтірмейтін конструкциялы болуы тиіс.

3971. Кернеуі 380 В стационарлы жылытқыш құралдар арнайы құрал-саймандарсыз кернеу астында тұрған бөліктерге жету мүмкіндігін болдырмайтын қорғаушы орындауы болуы тиіс.

3972. Судың электрлі қыздырғыштары (титандар) су деңгейі рұқсат етілгеннен төмендеген кезде автоматты түрде ажырауы тиіс.

3973. Сауналарға арналған электр каминдерде мыналар болуы тиіс:

1) Сауна температурасы 120оС жеткен кезде қыздырғыш элементтерді өшіретін электрокаминге немесе бөлек орнатылатын термореттегіш;

2) электрокаминмен басқару қалқанында және жақын жердегі кемелік дәліздерінде немесе кезекші администраторлар бөлмелерінде бір уақытта электрокаминге қорек беру сәтінен қосылатын қызыл түсті сигналдар орнатылуы тиіс.

 

 

58-бөлім. Жарықтандыру және сигналы ерекшеленетін фонарьлар



 

405. Жалпы талаптар

 

3974. Жүзу қауіпсіздігі, техникалық құрылғылар мен құралдармен басқару, жолаушылар мен экипаждың қалыпты мекендеуі үшін қажет жарықтандыру барлық кемелік бөлімшелерде, орындарда және аумақтарында негізгі жарықтандырудың стационарлы шамдары орнатылуы тиіс.

Негізгі жарықтандыру шамдарына қосымша авариялық жарықтандыру шамдары орнатылуы тиіс бөлімшелер, орындар және аумақтар тізімі осы Қағиданың 392-қосымшасында ұсынылған.

Шыны қалпақтардың механикалық зақымдануы мүмкін бөлімшелер мен аумақтарда орнатылатын шамдар қорғаушы торлармен жабдықталуы тиіс.

3975. Сыртқы жарықтандыру шамдары кемелік жүргізуге түсті кедергі жасамайтындай етіп орнатылуы тиіс.

3976. Аккумулятор бөлімшелері аралас өртке қауіпсіз бөлмелерде орналасқан шамдармен шыныланған газ өткізбейтін иллюминаторлар немесе бөлімшелер ішінде орнатылған өрттен қорғалған шамдар арқылы жарықтандырылуы тиіс.

3977. Көрінетін айналатын бөліктері бар механизмдер орналасқан люминесцентті лампалармен жарықтандыратын бөлімшелерді немесе орындарда стробоскопиялық эффектті жою бойынша тәсілдер қабылдануы тиіс.

3978. Жүк трюмдерінің жарықтандырудың стационарлы шамдары арнайы таратқыш қалқаннан қоректенуі тиіс. Осы қалқанда, сақтандырғыштар мен ажыратқыштардан басқа, жарықтандырудың бөлек тізбектерін бақылау түсті сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

3979. Арматуралар корпустары жалында баяу тарқайтын және тиісті механикалық беріктілігі бар коррозияға-тұрақты материалдардан жасалуы тиіс.



Ашық палубада орнатуға арналған салқындатылған бөлімшелерде және басқа дымқыл орындардаға арматура корпустары латууннан, қоладан немесе оған тең ерітіндіден немесе тиісті сапалы пластмассадан жасалуы тиіс.

Егер алюминийден жасалған болаттар немесе ерітінділер қолданылатын болса, онда тиісті коррозияға қарсы қорғанысты қолдану қажет.

3980. Тоқ жүргізгіш бөліктер бекітілетін оқшаулау материалдар 500оС қоса дейінгі температура кезінде газдардың электр шашырандыларынан тұтанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.

3981. Шамдарды жанатын материалда немесе оған жақын орнату кезінде шам оның бетіндегі температура 90оС аспайтын болатындай етіп таңдалуы тиіс.

3982. Әрбір шамда лампаның максималды рұқсат етілген қуаты көрсетілген таңбалауы болуы тиіс.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет