Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 3. Пайдаланылған газдардың құрамын өлшеу



бет28/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
§ 3. Пайдаланылған газдардың құрамын өлшеу

 

34. ПГ құрамын өлшеу Кеме қатынасының тіркелімімен немесе Кеме қатынасының тіркелімімен берілген Тану туралы куәлігі бар ұйыммен орындалады.

35. ПГ құрамын өлшеу оның тағайын мынадай қарағанда осы басшылыққа 2-қосымшада көрсетілген қозғалтқыштың жұмыс режимінде жүргізіледі. Өлшеулерді номиналды (толық) қуат режимінен бастап және бұдан әрі жүктемені ең аз мәнге дейін ретімен түсіру ұсынылады.

36. Өлшеулерді бастаудан бұрын газ саралауыштарды дайындаушының нұсқаулығына сәйкес қыздырады және калибрлейді.

37. Газ саралауыштардың көрсеткіштер есебін әрбір режим үшін кемінде 1 минут интервалмен үш рет, онымен бірге бірінші есепті қозғалтқышты сынау режиміндегі температура күйінде орнатудан кейін кемінде 2 минут кейін орындайды. Үш ретті есептердің нәтижелері ±3,5 % аса ерекшеленбеуі қажет. Өлшеулер нәтижелері ретінде үш есептердің орташа арифметикалық мәнін қабылдайды. Тіркейтін өздігінен көшіріп жазушы болған кезде өлшеулер нәтижелері ретінде, егер жазу уақытында бастапқы мәннен ауытқу ±3,5 %  аспаса, 1 минут бойы жүргізілген тұрақты жазбалардың орташа мәнін қабылдайды.

38. Пайдаланылған газдардың құрамы өзгерумен қоса, бір уақытта нормаланатын параметрлерді анықтау үшін қажет қозғалтқыштың көрсеткіштер мәндерін тіркейді.

39. Қозғалтқышты сынау нәтижелері бойынша қозғалтқыштың зиянды заттар және пайдаланылған газдардың түтіні шығудың техникалық нормаларына сәйкестігі туралы сынаулар хаттамасы әзірленеді осы Қағиданың 35-қосымшасына сәйкес.

 

 

§ 4. Өлшеулер нәтижелерін өңдеу

 

40. Массалық сағаттық отын шығыны қажетті нақтылықты қамтамасыз ететін тәсілдер арқылы сынаулар жүргізудің әрбір режимінде өлшенеді. Отын шығынын есептеу мүмкін емес болған жағдайда, қозғалтқышты орнату орнында сынау кезінде қозғалтқышты стендті сынау хаттамасынан алынған қорытынды мәліметтерін қолданумен есепті тәсілдерін қолдануға болады. Есепті тәсілдерді қолдану кезінде, әсіресе ауыр отын пайдаланған жағдайларда есептің мүмкін болатын кемдігін бағалау жүргізіледі.

41. Пайдаланылған газдардың көлемді шығынын Vexh бұдан әрі стандартты атмосфералық шарттарға келтірумен өлшейді немесе ауа және отын шығынының өлшенген мәндері бойынша, ал әрбір сынау режимін мынадай формула бойынша есептейді, м3/с:

 

Vexh = Vair + FfBf;             (5)

 

мұндағы Vair — қалыпты атмосфералық шарттарға келтірілген көлемді ауа шығыны (То= 273 К, ро= 101,3 кПа), м3/с;

Вf — салмақты сағаттық отын шығыны, кг/с;

Ff — пайдаланылған газдардың «құрғақ» немесе «ылғал» күйінде осы басшылықтың 3-қосымшасы бойынша қабылданатын (немесе отын құрамының коэффициенті) түрлі отындардың сұйытылмаған жанатын өнімдердің шығынын (м3/кг) қалыпты атмосфералық шарттарға келтірілген коэффициенті.

Пайдаланылған газдардың «ылғалды» күйі зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу 298 К температурада жүзеге асырылатын болған жағдайда қабылданады.

Қалған жағдайларда пайдаланылған газдардың «құрғақ» күйін қабылдайды.

42. Қозғалтқыштың қарқынды қуаты сынаулар жүргізудің әрбір режимінде қажетті нақтылықты қамтамасыз ететін тәсілдермен анықталады.

43. Пайдаланылған газдармен зиянды заттардың i-ші салмақты орташа өлшенген шығуын мынадай формула бойынша анықтайды:

 

        (6)

 

мұндағы i — i-ro ластайтын заттардың, немесе көрсетілген оның эквивалентінің молекулярлы салмақ:

N02 = 46, со = 28, СН1,85 = 13,85, кг/кмоль;

m — сынақ циклындағы режимдер саны;

j — сынақ циклындағы сынау режимінің реттік нөмірі;

i — ластайтын заттың индексі;

Сij — j-нде белгіленген режимі кезіндегі пайдаланылған газдардың j-ның ластайтын заттардың топтауы, %;

Wexhj - «құрғақ» немесе «құрғақ» күйде қалыпты атмосфералық шарттарға келтірілген пайдаланылған газдардың көлемді шығыны (Т0=273К, ро= 101,3 кПа), нм3/с;

 — осы сынау режим үшін қозғалтқыштың қарқынды қуатының номиналды қарқынды қуатына қатынасы;

Р — қозғалтқыштың номиналды қарқынды қуаты, кВт;

Wj — режимнің салмақ коэффициенті.

 

 

§ 5. Пайдаланылған газдардың түтіндеуін оптикалық тәсілмен өлшеу

 

44. ПГ түтіндеуін өлшеуді өлшенген ПГ құрамы сияқты қозғалтқыштар жұмыс режимінде жүргізіледі.

Оптикалық типті түтін өлшегішті орнату сызбасы осы басшылыққа 4-қосымшада көрсетілген.

45. Өлшеулер алдында дайындаушының нұсқаулығына сәйкес құралдар жинағына кіретін эталондық жарық сүзгісі бойынша қыздырады және калибрлейді.

46. Қозғалтқыштың әрбір режимінде түтіндеу параметрлерін өлшеуді соңғы екі реттік өлшеулер арасындағы кемінде 1 минуттан кемінде 3 рет жүргізіледі. Әрбір өлшеулерден кейін түтіндеу индикаторының нөлдік күйдегі жебесін тексереді және қажет болған жағдайда оны нөлдік күйге келтіреді. Егер шкала бойынша N соңғы екі көрсеткіштер арасындағы ауытқулар ± 2 % аспаса, ал үш өлшеулер нәтижелері бір қалыпты кемуі немесе өсуіне келтірмесе өлшеулер дұрыс деп есептелінеді. Егер осы шарттар орындалмайтын болса, онда өлшеулер сериясын көзделген нәтижелерді қанағаттандыратын үш реттік көрсеткіштерге дейін жалғастырады. Өлшеулер нәтижесін үш көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәні ретінде қабылдайды.

47. Өлшеулер нәтижелерін сынаулар қорытындысы туралы хаттамаға жазады.

 

 

§ 6. Пайдаланылған газдардың түтіндеуін сүзгілеу әдісімен өлшеу

 

48. Сүзгілеу типті түтін өлшегішті орнату сызбасы осы басшылыққа 5-қосымшада көрсетілген.

Өлшеулер алдында дайындаушының нұсқаулығына сәйкес құралдар жинағына кіретін эталондық көрініс бойынша қыздырады және калибрлейді.

49. Сынаманы таңдау түтін өлшегішті дайындаушысымен жасалған пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді. Сынаманы, нәтижені қайта тексеру және оның орташа мәнін алу үшін жаңа сынаманы өткізетін, бұдан әрі түтін өлшегіштен алып тастайтын және жаңасына ауыстыратын сүзгіден өткізеді. Дымқылданған немесе стандартты сүзгілерді қолдану ұсынылмайды.

50. Қозғалтқыштың әрбір жұмыс режимінде түтіндеуін өлшеуді кемінде үш рет соңғы екі реттік өлшеулер арасында кемінде 1 минут инервалмен жүргізіледі. Әрбір өлшеуден кейін түтіндеу индикаторы жебесінің нөлдік күйін тексереді және қажет болған жағдайда оны нөлдік күйге келтіреді. Өлшеулер шкала FSN бойынша соңғы екі көрсеткіштер арасындағы ауытқу ± 0,2 FSN аспайтын болса, ал үш өлшеулердің нәтижелері бір қалыпты кемуі немесе өсуіне келтірмесе өлшеулер дұрыс деп есептелінеді. Егер осы шарттар орындалмайтын болса, онда өлшеулер сериясын көзделген нәтижелерді қанағаттандыратын үш реттік көрсеткіштерге дейін жалғастырады. Өлшеулер нәтижесін үш көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәні ретінде қабылдайды.

51. Өлшеулер және есептеулер қорытындысын сынаулар қорытындылар туралы хаттамаға жазылады.

 

 

7. Өлшенетін параметрлер және өлшеу құралдары

 

52. Зиянды заттардың шығуын және пайдаланылған газдардың түтіндеуін өлшеу және техникалық нормаларын есептеу үшін келесі көрсеткіштерді анықтау және бақылау қажет:

1) Р тиімді қуатын, кВт;

2) п иінді біліктің айналу жиілігін, минут-1;

3) G отын шығынын, кг/сағат;

4) қалыпты атмосфералық шарттарға келтірілген пайдаланылған газдардың шығыны Vexh, м3/сағат: pа= 101,3 кПа, Тa=273 К;

5) жіберудегі ауа температурасы Тa, К;

6) барометрлік қысым рa, кПа;

7) ауаның қатысты ылғалдылығын , %, немесе ауаның абсалютті ылғалдығы Н, г/кг;

8) салқындатқыш сұйықтың температурасын (су және майдың), К;

9) техникалық паспортпен қарастырылған басқа да жұмыс параметрлері.

53. Пайдаланылған газдармен зиянды заттардың шығуының техникалық нормаларын мынадай өлшенген көрсеткіштер бойынша анықтайды:

пайдаланылған газдардағы көміртек тотығының топтауы Ссо, %;

пайдаланылған газдардағы азот тотығының топтауы (NO2 келтірілген) CNOх, %

пайдаланылған газдардағы көмірсутек сомасының топтауы (СН1,85 келтірілген) Ссн, %;

пайдаланылған газдардағы көміртек диоксидының топтауы Ссо, % (пайдаланылған газдардың шығынын көміртек балансы негізінде есептеу шартымен осы Қағиданың 33-қосымшасының 13-қосымшасына сәйкес);



пайдаланылған газдардағы оттегі топтауы ССО2 % (пайдаланылған газдардың шығынын оттекті баланс негізінде есептеу немесе жеңілдетілген өлшеулерді орындау кезіндегі пайдаланылған газдардың араласу дәрежесін есептеу тәсілін қолдану шартымен, осы Қағиданың 37-қосымшасына сәйкес).

54. Зиянды заттардың шығуын және ПГ түтіндеуін өлшеу құралдарында мемлекеттік тексеру туралы әрекеттегі куәлік болуы және осы басшылыққа 6-қосымшада көрсетілген өлшеулерден аспайтын кемдікті қамтамасыз етуі қажет.

55. ПГ құрамы газ саралауыштармен өлшенеді. Газ саралауыштар көлемді пайыздарда градуирленуі немесе ррm және саомписецті қосу мүмкіндігі үшін немесе өлшеу комплексте пайдалану үшін стандартты біріздендірілген шығыс сигналы болуы қажет. Сынама алу жүйесіне қосылған газ саралауыштардың көрсеткіштері кешігуі 3 секундтан аспауы қажет.

56. Көміртек тотығының газ саралауыштарда дисперсияланбаған қызыл детекоры болуы және СО концентратының 0,01 ден бастап 0,5 % дейінгі диапазонда өлшеуін қамтамасыз етуі қажет.

57. Көмірсутек газ саралауыштарында (453±10) К температурасына дейін қыздырылатыниондалған жалынды-детекторы болуы және көмірсутек концентратының СН1,85 эквиваленті бойынша 0 ден бастап 0,2 % дейінгі диапазонда өлшеуін қамтамасыз етуі қажет.

58. Азот тотығының газ саралауыштарында хемилюминесцентті детектор немесе NOX тен NO қа түрлендіргіші бар қыздырылатын хемилюминесцентті детекторы (пайдаланылған газдар сынамасының «ылғал» күйінде) болуы қажет. NO2 түрлі тотығының эквивалентті көлемді бөлігі арқылы көрсетілген барлық NOX азот тотығының сомасы өлшенетін компонент болады. Газ саралауыш жеке тотықтардың кез келген құрамында NO2 эквиваленті бойынша 0,005-ден бастап 0,5 % дейінгі өлшеулерді қамтамасыз етеді.

59. Пайдаланылған газдардың көлемді шығынын есептеу үшін көміртекті және көміртек-қышқылды баланстар тәсілін қолдану кезінде пайдаланылған газдарда СО2 көміртек диоксидінің және О2 оттегінің концентраттарын өлшеуді орындау қажет.

60. Көміртек диоксидінің газ саралауыштарында дисперсияланбаған инфрақызыл детекторы болуы және СО2 концентратын 0-ден бастап 0,2 % дейінгі диапазонда өлшеуін қамтамасыз етуі қажет.

61. Оттегі газ саралауыштарында парамагнитті немесе электр химиялық детекторы болуы және О2 концентратын 0-ден бастап 25 % дейінгі өлшеуді қамтамасыз етуі қажет.

62. Эквивалентті және қажет етілетін нақтылықты қамтамасыз ететін ПГ альтернативті өлшеу құрылғысын қолдану рұқсат етіледі.

63. Сынама алу жүйесі сынама алу зондынан және сынама алу магистралынан тұрады.

64. Сынама алу зондты газдардың шығу жүйесінен атмосфераға шығуына дейін кемінде 0,5 м және газдар сынама температурасы кемінде 373 К қамтамасыз ету үшін қозғалтқышқа жеткілікті жақын арақашықтықты орнатылады. Зондты түтіктің шығару коллекторының жалғанған фланецтен бастап тура учаскенің 6 диаметр арақашықтықта орнату ұсынылады.

65. Сынама алу магистралінің ұсынылатын ұзындығы - 5 м аспайды. Аса ұзын сынама алу магистральдерді пайдалану кезінде жабдықты жасаушының тәсілі бойынша сынама құрамының ауытқу дәрежесін анықтау керек. Сонымен бірге, өлшеудің қосымша ауытқуы ±2% рұқсат етіледі. Ұзындығы 20 м асатын магистральдарды қолдану рұқсат етілмейді.

66. Зиянды заттар шығуының техникалық нормаларын есептеу үшін қажет қозғалтқыштардың көрсеткіштерін өлшеу құрылғыларында мемлекеттік тексеру туралы әрекеттегі куәлігі болуы және осы осы Қағиданың 34-қосымшасының 7-қосымшасында көрсетілген өлшем ауытқуынан аспауы қажет.

 

 

8. Зиянды заттардың шығындары және пайдаланылған газдардың

түтіндеудің нормаланған параметрлерінің шекті рұқсат етілген мәндері

 

67. Пайдаланудың типтік пайдалану жағдайларын еліктейтін толық сынау циклін орындау кезінде онымен жасалатын қозғалтқыштың қарқынды жұмысының 1 киловатт-сағатына келетін граммдағы салмақты орташа өлшенген шығуы - шығатын газдары бар зиянды (ластайтын) заттардың шығуларындағы газ құрамының нормаланатын параметрлері болып келеді.

68. Жаңа қозғалтқыштарды стендті сынау кезіндегі шығулардың газ құрамының нормаланатын параметрлерінің кемінде рұқсат етілетін мәндері осы басшылыққа 8-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

69. Қозғалтқыштарды күрделі жөндеуден кейін шығулардың газды құрамының нормаланатын параметрлерінің аса рұқсат етілген мәндері осы нұсқаулықтың 6 кестесі бойынша осы басшылыққа 9-қосымшада көрсетілген түзету коэффициенттеріне көбейту арқылы алынады.

70. ПГ түтіндеуінің шекті рұқсат етілген мәндері қалыпты шарттарға (температура 273 К және қысымы 101,3 кПа) келтірілген номиналды қуатта ылғалды пайдаланылған газдардың шығынының (Vexh, дм3/с) қатынасынан анықтайды.

Түтіндеуді оптикалық түтін өлшегішпен өлшеу кезінде жарық шуағы әлсіреуінің табиғи көрсеткішінің шекті рұқсат етілген мәндері және оларға сәйкес түтін өлшегіш шкаласына L = 0,43 м базасында көрсетілген жарық ағыны әлсіреу коэффициентінің мәндері осы басшылыққа 8-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес келеді.

Бағана ұзындығы LF= 0,405 м сүзгілеу түтін өлшегішпен түтіндеуді өлшеу кезінде FSN сүзгісінің түтіндік санының шекті рұқсат етілген мәндері осы Қағиданың 34-қосымшасының 10-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болады.



71. Қозғалтқышты орнату орнында сынау кезіндегі жарық шуағы нашарлауының нақты көрсеткішінің шекті рұқсат етілген мәні мынадай формула бойынша есептелінуі мүмкін:

 

К = 11,4/Р0,48;            (7)

 

мұндағы Р — қозғалтқыштың хабарланған (номиналды) қуаты, кВт.

Жаңа қозғалтқыштар, пайдаланудағы қозғалтқыштар және күрделі жөндеуден кейінгі қозғалтқыштар үшін қатынас графигі осы басшылықтың 28 және 29-қосымшасында белгіленген.

72. Күрделі жөндеуден өткен қозғалтқыштар түтіндеуінің ең көп рұқсат етілген нормалары осы басшылықтың 28 және 29-қосымшасында көрсетілген мәндеріне қатысты 20 % көбейтіледі.

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

34-қосымшасына

1-қосымша

 

 

Нормаланған параметр

Мәні

Қозғалтқыштың тағайымы

О2 = 15 %, млн-1 оттегі тотығына келтірілген зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мәні

О2=15%, млн-1 тотығына келтірілген азо қышқылының тотығы (NOX)

CNOх

2=15%)

Қосымша

700

Негізгі

1300* айналу жиілігі кезінде п < 130 мин-1; 0,32п* диапазонда

130 < n ≤ 2000 мин-1;

700* кезінде п > 2000 мин-1

О2=15%, млн-1 тотығына келтірілген көміртек қышқылының тотығы (СО)

Ссо

2=15%)

Кез келген

1000

О2 = 15%млн-1 тотығына келітірілген көмірсутек тотығы (СН1.85)

СCн

2=15%)

Кез келген

200

* азот қышқылының тотығы CNOx(O2=15%)

Ескертпе: қозғалтқыштарды орнату орнында жеңілдетілген процессі бойынша сынау кезінде техникалық нормалардың шекті рұқсат етілген мәндері уақытша тағайындалады және 2010 жылға дейін әрекет етеді.

Репрезентативті мәліметтерді зиянды заттардың фактімен шығуы бойынша жинағаннан кейінгі шекті рұқсат етілген мәндер нақтылануы мүмкін.

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет