61-тармағының мәліметтеріне қосымша, кемелерді кезектен тыс куәландыру актісінде мынаны көрсету қажет:
1) қондырғы тоқтап қалу алдындағы жұмыс параметрлері;
2) компрессорлардың, сорғылардың, буландырғыштардың, құбырлардың және олардың арматураларын, сақтау құрылғыларының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) қолданыстағы хладагенттің төлқұжат қасиеттеріне сәйкестігі, кеме иесінің қолындағы соңғы жөндеулер, реттеулер, сынаулар, қолданылатын бөлшектер мен материалдар туралы құжаттар бойынша мәліметтер.
68. Егер бүліну, тоқтап қалу себебі айқын болмаған жағдайда, барлық ықтималды себептері және оларға сырттай ілеспелі белгілері қисынды талданады, олар қолдағы бүлінудің (тоқтап қалу) сыртқы белгісі бойынша мәліметтерімен және объект параметрлерінің бүлінуіне дейін орын алған мәндерімен салыстырылады.
69. Осындай салыстыру нәтижелері бойынша болған оқиға себептері белгіленеді.
Бүліну (тоқтап қалу) себептерін белгілеу сызбасы осы Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген.
70. Егер кемеде бүліну, тоқтап қалу себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бүлінуге себеп болған конструктивтік, өндірістік және пайдаланым факторларын (материал сапасы, әзірлеу технологиясы мен бұйымды, техникалық қызмет көрсетуді бақылау) анықтау мақсатында нақты зерттеулер жүргізуді талап етеді.
71. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бүлінген объектіні куәландыру бойынша соңғы әзірлеуден кейін үш күн мерзімде Кеме қатынасы тіркеліміне жібереді.
Кезектен тыс куәландыру актісі бүлінуге байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бекітеді және үш күн мерзімінде Кеме қатынасы тіркеліміне жібереді.
72. Техникалық себептер бойынша бүлінгеннен кейін кемелерді куәландыру нәтижесі бойынша Кеме қатынасының тіркелімі бұзылуға әкелген жағдайға талдау жасайды және кеме иесіне ұқсас бұзылулар болдырмау бойынша қажет шара қолдануды ұсынады.
73. Кеме қатынасының тіркелімі техникалық себептер бойынша туындаған кеменің бұзылуына байланысты техникалық жай-күйін төмендетуге әкелген барлық жағдайларды есепке алады, кеменің техникалық құралдарына және бұзылған кемелерге мониторинг жүргізеді.
7. Кемелерді белгіленген жүзу ауданынан тыс жерде бір жолғы
өткізу кезінде кезектен тыс куәландыру
74. Кеменің сыныбымен анықталған жүзу ауданынан жағдайы бойынша елеулі ерекшеленетін бассейндер арқылы бір жолғы жүзіп өтуге жататын кемені кеме иесі осы тараудың талаптарына сәйкес дайындайды.
75. Кемелерді бір жолғы өткізу мен жүзіп өту (бұдан әрі - «жүзіп өтуі») әдеттегідей кемеге елеулі конструктивтік өзгеріс жасамай жүргізіледі.
Кемелік құжаттамаларда көзделгеннен өзге, разряды жоғары бассейн арқылы жүзіп өту туралы мәселені шешу кезінде кеме сыныбының негізгі рәмізіне сәйкес жел-толқын режимі бойынша шектеулер белгіленеді.
76. Кеме сыныбы көздеген жүзу ауданынан елеулі ерекшеленетін жүзу ауданында жүзіп өтуге жататын кеме үшін, кеме иесі жүзіп өту жобасы әзірлейді. Теңізде жүзіп өтуге арналған ішкі жүзу кемелері үшін жүзіп өту жобасын әзірлеу міндетті болады.
Жүзіп өту ауданы мен тағайындау портына байланыссыз кемелерді жүзіп өткізу жобасын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі.
77. Жүзіп өтуге белгіленген шарттар бойынша жүзуге жарамды деп жүзіп өтуге дейін 12 ай бұрын доктық куәландыру жүргізілген (слиптеу) және корпусында уақытша іргесінде цемент құймалары жоқ кемелер теңізде жүзіп өтуге жарамды деп танылады.
78. Жүзіп өтуді ұйымдастыру мәселелері Кеме қатынасы тіркелімінің құзыретіне жатпайды, бірақ жүзіп өту жобасын әзірлеу кезінде олар нақтылануы қажет.
79. Жүзіп өтетін кемелерде жолаушыларды тасымалдауға болмайды.
80. Сыйымдылығы жеткілікті балласт цистерналары жоқ кемелерге қолайлы тиеу нұсқасын қамтамасыз ету үшін жүкті қабылдау мүмкін болады.
81. Егер Кеме қатынасының тіркелімі талаптарына сәйкес кемені елеулі өзгерту немесе қосымша жабдықтауға талап қойылмаған жағдайда, соның салдарынан жүзіп өту жобасын әзірлеу орынсыз болғанда, жүзіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені және капитан үшін нұсқаулық әзірленеді.
Аталған құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне келісу үшін ұсынылады.
82. Кеменің жүзіп өту жобасын немесе шаралар тізбесін әзірлеу процесінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне кемені жүзіп өтуге дайындау бойынша қойылған талаптарды анықтау мақсатында, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының көлемін бақылау үшін кеме алдын ала куәландыру жүргізуге ұсынылады.
83. Егер кеменің жүзіп өтуіне су үстіндегі бортын, орнықтылығын немесе беріктілігін көтеруге талап қойылған жағдайда, кеменің қолайлы балласталуын немесе тиелуін таңдау, корпусын бекіту немесе жүзіп өтуді қиындататын конструкциясы мен жабдығын бөлшектеу жолымен, Кеме қатынасының тіркелімі талаптарын орындау үшін барлық орынды және жүзеге асатын шаралар қабылданады.
84. Егер Қағиданың талаптарына толық сәйкес болуы үшін елеулі конструктивтік өзгерістер қажет болғанда, жел-толқын режимі, маусымдық, тәуліктің жарық уақытын пайдалану (бұдан әрі - ауа райы бойынша) қосымша шектеулер белгіленеді.
Ауа райы бойынша қойылған шектеулер беріктік, орнықтылық және су үстіндегі борттың есептерімен негізделеді, сонымен осы аудандағы бір типті немесе ұқсас кемелер тәжірибесі ескеріледі.
Ауа райы бойынша шектеулерді негіздеген кезде, сонымен қатар кеменің өлшемдері мен олардың ара қатынасымен үйлестірілген жалпы теңізде жүзгіштігі, қондырмасының болуы және теңізде жүзгіштігінің корпустық құрауларының, ватерсызығы үстінен кеменің бас-аяғының көтеріңкі болуын қамтамасыз ету дәрежесі, қондырмасы мен рубкаларының болуы ескеріледі.
Корпус құраулары бойынша теңізде жүзгіштігіне жатпайтын кемелерге (понтон типті кемелер) ауа райы бойынша шектеулер, Кеме қатынасының тіркелімі Қағидасындағы беріктік, орнықтылық және су үстіндегі борты жөніндегі талаптардың орындалуынан басқа бір типті немесе ұқсас кемелердің жүзіп өту тәжірибесін ескере отырып белгіленеді.
85. Кемелерді жүзіп өтуге балластау немесе сыйымдылығы жеткілікті балласт цистерналары жоқ кемелерді тиеу кезінде беріктік, орнықтылық және су үстіндегі бортты ең қолайлы қамтамасыз ету нұсқасы таңдалады.
Жүзіп өту кезінде бір мезгілде орындалатын балластау және тиеу слемингті болдырмау және есу бұрандасының талап етілетін бату дәрежесі үшін жеткілікті отыру қамтамасыз етіледі.
86. Тынық суда жүру жылдамдығы кемінде 13 км/сағат болатын кемелер өз жүрісімен теңізде жүзіп өтуге жіберіледі. Кеменің жылдамдығы төмен болған кезде сүйреткіш кемемен немесе қажет болған жағдайда оны сүйрете алатын кемемен ілесіп жүзіп өтеді.
87. Жүзіп өту уақытында есіктер, жүк және басқа люктер, қылталар, иллюминаторлар, желдеткіш, ауа, өлшеу құбырлары және корпустағы, қондырма мен рубкадағы басқа саңылауларда су өтпеуін қамтамасыз ететін қақпақтар болады.
88. Жүзіп өтуде пайдаланылмайтын түпті - борттық арматура штаттық қақпақтармен бекітіледі, ал олар жоқ болған кезде басып тасталынады.
89. Кемелердің ашық палубаларындағы леер қоршауларының немесе фальшборттың биіктігі Кеме қатынасының тіркелімінің талаптарына сәйкес болуы қажет. Палубаның ашық учаскелері арқылы экипаждың өту кезінде, оларда жеткілікті дәрежеде дауылдық леерлер саны орнатылады.
90. Экипажсыз жүзіп өтетін кемелерге сүйреткіш кеменің кезекші шлюпкамен адам қабылдау құрылғылары бар жабдықтар орнатылады.
91. Экипажсыз сүйретілетін кемелердің рульдері мықтап ажыратылады.
92. Кемені зәкірлермен және зәкір шынжырлармен қамту ең кемінде кемені тұрақты пайдалану ауданына сәйкес болуы қажет.
93. Сүйрететін кемеде сүйреу арқанын бекіту тәсілін таңдау жүзіп өтуді жүзеге асыратын ұйымның құзыретіне жатады. Корпус пен құрылғыларды сүйреу арқандарының бүлдіруін болдырмайтын шаралар қабылданады.
94. Бортында экипажы бар кемелердің құтқару құралдары жүзіп өту ауданына арналған Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес болуы қажет. Құтқару шлюпкаларын, қосынды сыйымдылығы жөнінен барлық құтқару қайықтарының сыйымдылығына тең құтқару салдарымен, ауыстыруға болады.
Керуен құрамында, сүйретілетін немесе оларды сүйреуге қабілетті кеменің ілесуіндегі жүзіп өтетін кемелердегі, құтқару құралдарының саны, дегенмен ұжымдық пайдаланымдағы құтқару құралдарының сыйымдылығы бүкіл экипажды жайғастыруға жеткілікті болған жағдайда кемітілуі мүмкін.
95. Жүзіп өтетін кемелердің авариялық және навигациялық жарақтары жүзіп өту ауданындағы Кеме қатынасының тіркелімі Қағидасының талаптарына сәйкес болуы қажет.
Кейбір жағдайда осы жарақтың құрамы керуен құрамында, сүйретілетін немесе оларды сүйреуге қабілетті кеменің ілесуіндегі жүзіп өтетін кемелерде кемітіледі.
Экипажсыз жүзіп өтетін кемелерде навигациялық жабдықты орнату талап етілмейді.
96. Жүзіп өтетін кемелердің сигнал беру құралдары жүзіп өту ауданындағы Кеме қатынасының тіркелімінің талаптарына сәйкес болуы қажет.
Экипажсыз жүзіп өтетін кемелер сигналды-ерекшелендіру фонарімен және сигнал беру бейнелерімен жабдықталады.
Тәуліктің қараңғы уақытындағы сигналды-ерекшелендіру фонарьларының штаттық және сигнал беру бейнелерін қою жұмысы жүзіп өтудің барлық уақытына қамтылады.
97. Кемелерді өрттен сақтау жарақтарымен жабдықтау жүзіп өту ауданына арналған Кеме қатынасы тіркелімінің Қағида талаптарына сәйкес болуы қажет.
98. Бір жолғы жүзіп өтетін кемелердегі жүзіп өтудің барлық жол бағытында авария, қауіпсіздік және жеделдік туралы хабарлауды беру және қабылдауды қамтамасыз ететін байланыс құралдары болуы қажет. Кеме жүзіп өту ауданына белгіленген талаптарға сәйкес байланыс құралдарымен жабдықталған және онымен тұрақты байланыстағы басқа кемемен қоса ілесіп жүзіп өтетін болса, осы талаптардан босатылады.
99. Осы Қағиданың 86-тармағына сәйкес теңізде басқа кемемен ілесіп жүзіп өтетін кеме екі жақты радиотелефон байланысының (бұдан әрі - УҚТ) ультрақысқа толқында аппаратурасымен жабдықталады.
Теңізде өздігінен жүзіп өтетін кеме екі жақты радиотелефон байланысының УҚТ-аппаратурасымен, құтқару құралдарының радиолакациялық жауап бергішімен және КОСПАС - САРСАТ авариялық радиобуймен, сондай-ақ жүзіп өту жолының кез келген нүктесінен жағалау радиостанциясымен тұрақты байланысты қамтамасыз ететін байланыс құралдармен жабдықталады.
100. Жүзіп өтуді іске асыратын кемелерде кеме сорғыларымен, сүйреткіш кеме немесе ілеспе кеме сорғыларымен кеме бөліктерінен су айдау мүмкіндігі көзделеді.
101. Жүзіп өту жағдайына бекітпелері есептелмеген қозғалтқыштар, қазандар, механизмдер, жабдықтар мен жарақтар қосымша ажыратылады.
102. Егер бас қозғалтқыштардың жұмысы көзделмеген жағдайда, сүйретілетін өздігінен жүзетін кемелердің ескек біліктері тежеледі.
103. Жүзіп өту кезінде кеме корпусының жалпы шекті беріктігінің жеткіліктілігі осы Қағиданың 26-қосымшасына сәйкес тексеріледі.
104. Кеме корпусының шекті беріктігін анықтауда мыналар есепке алынады:
1) қаралатын қиманың тынық судағы иілу сәті, кеменің жүзіп өту кезіндегі салмақ жүктемесін ескере отырып анықталады;
2) жүзіп өту ауданына қарамастан, қор коэффициентінің Ктлн мәні 1,15 тең болып қабылданады.
105. Егер жүзіп өтуде белгіленген толқын биіктігі осы сыныптағы кеме үшін нормативтік толқын биіктігінен елеулі шамаға артық болған жағдайда, жергілікті беріктік есептері жүргізіледі.
Сонымен, корпус байланыстарына есептік жүктемелер Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес қабылданады, ал рұқсат етілетін кернеулер мынадан артық қабылданбайды:
0,95RеН — флорлар, рамалық шпангоуттар және бимстер, кеме шеттеріндегі бойлық жинақ, бос көлденең жинақ, қондырма мен рубка қабырғаларының шеткі жинақтарынан;
0,5RеН — орта бөлігіндегі бойлық жинақтан (кильсондар, карлингстер мен беріктік қабырғасы).
мұндағы RеН — корпус материалының ағымдылық шегі.
106. Кеменің орнықтылығы жүзіп өту ауданы мен ауа райы шектеулерін ескере отырып, орнықтылықтың негізгі белгісі бойынша Кеме қатынасының тіркелімі талаптарына сәйкес болуы қажет.
107. Су үсті борт жүзіп өту ауданын ескере немесе ең болмағанда, осы сынып кемелері үшін Кеме қатынасының тіркелімі Қағидасының талап етілетін биіктіктен төмен болмайтын Кеме қатынасының тіркелімінің талаптарына сәйкес болуы қажет.
108. Жүзіп өтуге әзірленген кеме орындалған жұмыстардың келісілген жүзіп өту жобасына және Кеме қатынасы тіркелімінің жүзіп өтуге ресімделген құжаттарына сәйкестігін тексеру үшін кезектен тыс куәландырылады.
109. Бекіту, қосымша жабдықтау және конверттеу бойынша орындалған жұмыстар сапасы жүзіп өту жобасының талаптарына сәйкес болуы және кемені куәландыруға ұсынғанға дейін жұмыс жүргізген ұйымның техникалық бақылау қызметінің актісімен айғақталуы қажет.
110. Куәландыру нәтижелері дұрыс болған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезектен тыс куәландыру актісі ресімдейді және қосымша жабдықтау мен конверттеу бойынша жұмыс жүргізілген айлақтан бағытталған жерге дейін Бір жолғы жүзіп өтуге куәлік береді.
111. Кезектен тыс куәландыру актісінде кемеге қандай жобаның негізінде қашан және кіммен келісіліп, толық жабдықтау жүргізілгені көрсетіледі.
Актінің қорытысында толық жабдықтау мен конверттеу айлағынан ішкі су жолдары және теңіз аудандары бойынша бағытталған жерлерге дейін кеменің жүзіп өту жағдайы көрсетіледі. Жүзіп өту жағдайы (жел-толқын режимі, қозғалу тәсілі, бортта адам болу мүмкіндігі, балласттау қажеттілігі) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жобаға сәйкес тағайындалады.
112. Теңізде жүзіп өту аяқталғаннан кейін барлық кемелер кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.
113. Кезектен тыс куәландыру актісінде кеменің техникалық жай-күйі мен жүзіп өту жобасына сәйкес орындалған бекітулер, конверттеулер және қосымша құрылғылар көрсетіледі. Кеме жүзіп өту кезінде бүлінген жағдайда, осы Қағиданың 6-тарауына сәйкес куәландыру жүргізіледі.
114. Темір шығынына жазылған кемелер үшін кемені жүзіп өтуге және құжаттар ресімдеуге дайындау тәртібі осы тарауға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тараудың техникалық талаптарын осындай кемелерге қолдануға байланысты мәселелер, кеменің жекелеген құрылғыларын, жабдығын, энергия қондырғыларын, электр жабдығына жүргізілген немесе болжалған бөлшектеуді ескере отырып, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері келіседі.
115. Кез келген жағдайда, темір шығынына жазылған кемелерге мынадай жағдайлардың қамтамасыз етілуі талап етіледі:
1) жел-толқын режимі және жүзіп өту маусымдылығы бойынша шектеулер сақталған кезде болжалған аудандағы жүзіп өту беріктілігі мен орнықтылығы;
2) су үстіндегі борт палубасынан төмен орналасқан, ал жоғары орналасқандарда - жел-толқын режимі бойынша белгіленген шектеулерге байланысты орындалғанын ескере отырып, корпус және саңылаулардың су өткізбеушілігі;
3) сүйретуге және/немесе итеруге арналған құрылғыларының беріктігі;
4) сигналды - ерекшелендіргіш фонарьлары мен оларды қоректендіру көздері, сондай-ақ күндізгі сигналдар;
5) кеменің немесе құрамның зәкірде тұру мүмкіндігі;
6) сүйреткіш кеменің кезекші қайығынан адамдарды сүйрету кемесіне рұқсаттың болуы.
8. Жолаушы тасымалдамайтын кемелерде ұйымдасқан адамдар тобын
тасымалдауға байланысты кезектен тыс куәландыру
116. Жолаушы тасымалдамайтын кеме, осы тараудың талаптарына сәйкес, осындай кемені Кеме қатынасы тіркелімінің талабына арнайы толық жабдықтаған кезде ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдау үшін (жұмыс орнына және кері қарай жеткізу) Кеме қатынасы тіркелімі жарамды деп таниды.
117. Жолаушы тасымалдамайтын кемелерде ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдауды Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеменің осындай тасымалдауларға дайындығын тексергеннен және кеме құжаттарына тиісті жазбаларды енгізгеннен кейін жүзеге асырады.
118. Жолаушы тасымалдамайтын кемелерде ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдау кемеде белгілі адамдар санын тасымалдау мүмкіндігі және осындай тасымалдаудың (адамдарды жайғастыру, олардың кемеде жүруін шектеу, сүйретуге тыйым салу) барлық шарттары көзделіп, жазылған орнықтылық және батпаушылығы жөніндегі ақпарат бар болғанда жүзеге асырылады.
119. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тасымалданатын адамдар санына байланысты отыруға арналған жабдықталған орындардың бар болуын тексереді.
120. Рейстің ұзақтығы екі сағаттан артық болмаған жағдайда, жолаушы тасымалдамайтын кемелерде ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдауға рұқсат етіледі.
9. Кемелерде ірі ауқымды және/немесе ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауға байланысты кезектен тыс куәландыру
121. Кемеде ірі ауқымды және/немесе ауыр салмақты жүктер деп мынадай жүктер есептеледі, егер оларды кемеге орналастырған кезде:
1) палуба төсенішіне, екінші түп немесе люк қақпақтарына меншікті жүктемелер жобадан жоғары болса;
2) жүктің салмақ орталығы мен жүк желкенінің ортасы жобадан жоғары болса;
3) даналап саналатын жүктің салмағы немесе ауқымдық өлшемі жобадан жоғары болса;
4) штаттық сигналды - ерекшелендіргіш фонарьлары бөгелгенде және олардың орнын өзгерту қажет болғанда;
5) жабудың штаттық люк қақпақтарын жабу мүмкін болмағанда.
122. Кеменің және онда орналасқан ірі ауқымды және/немесе ауыр салмақты жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеме иесі, осы жүкті қауіпсіз тасымалдау мүмкіндігін растайтын және қосымша конструктивтік шараларды, жүк бекіту тәсілдерін, Тиеу және түсіру нұсқаулығына қосымшаны, сондай-ақ Кеменің орнықтылығы мен батпаушылығы жөніндегі ақпаратты сипаттаудан тұратын техникалық құжаттамаларды Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынады.
123. Кеме толық жабдықтаудан кейін, оның ірі ауқымды және/немесе ауыр салмақты жүктерді тасымалдау дайындығын тексеру мақсатында кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.
10. Техникалық жай-күйді анықтау
124. Сыныпты беру, растау, қайта жаңарту немесе қалпына келтіру, кеменің жүзу жарамдылығын белгілеу, қажетті жөндеу көлемін тағайындау кеме элементтерінің техникалық жай-күйіне сәйкес жүзеге асырылады.
125. Кеме элементтерінің техникалық жай-күйі Кеме қатынасының тіркелімінің талаптарында немесе Кеме қатынасы тіркелімімен танылған нормативтік құжаттарда рұқсат етілген ақаулар нормасын ескере отырып, қарау, өлшеу, сынақтан өткізу, жұмыс барысында тексеру нәтижесінде және кеме иесінің ұсынатын құжаттарының негізінде анықталады.
Кемені немесе оның жеке элементтерін куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің күмәны болған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері құрал немесе құралдар жинағын қолданады. Құралдарды қолдан бойынша нұсқаулық Кеме қатынасы тіркелімінің ішкі актісімен бекітіледі.
126. Кеме корпусының және басқа элементтерінің, техникалық жай-күйін анықтау және жөндеуге қажетті көлемін белгілеу мақсатында ақауын анықтау, әдетте кезекті куәландырумен бірге жүргізіледі.
Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін «М-СП», «М-ПР» және «О-ПР» сыныпты мерзімі 15 және одан жоғары кемелердің сыныбын жаңарту және қалпына келтіру мақсатында кеменің типі және ұзындығына байланыссыз корпустың техникалық жай-күйін анықтау үшін олардың келесі бес жылға немесе кеме иесі мәлімдеген пайдаланудың қысқа мерзіміне беріктігі жеткілікті болуының негіздемелері ұсынылады.
Негіздемелер осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |