Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Корпустардың техникалық жай-күйін анықтау жөнінде жалпы нұсқаулар



бет5/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
16. Корпустардың техникалық жай-күйін анықтау жөнінде жалпы нұсқаулар

 

179. Техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі жалпы нұсқаулар, осы Қағиданың 10-тарауында, ал темір корпустардың техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар осы Қағиданың 25-қосымшасында айтылған.

180. Корпустардың техникалық жай-күйі, негізгі байланыс тобының қалдық қалыңдығы, кескінін өзгерту параметрлері және корпустың жалпы беріктігі мен жекелеген конструкцияларының жергілікті беріктігін төмендететін басқа ақаулар бойынша белгіленеді.

181. Егер қосымша бекітулер енгізілген және/немесе тозған және нысаны өзгерген байланыс немесе тұтас корпустың жеткілікті беріктік қорын растайтын есептер ұсынылған жағдайда, Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасында белгіленгеннен өзгеше қалдық қалыңдықтармен және нысан өзгерту параметрлермен кемені пайдалануға болады.

182. Жарықтар бірнеше рет орын алған жағдайда, олардың пайда болу себебі жойылғанға дейін, корпустың техникалық жай-күйі жарамсыз болып танылады.

183. Егер кеме суға батырылған күйде болса, корпустың техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылады.

184. Кеменің жалпы иіліміне қатысатын қондырма байланыстарының қалдық қалыңдық нормалары, корпус байланыстары қалыңдығының нормалары секілді қабылданады.

Кеменің жалпы иіліміне қатыспайтын қондырманың, сондай-ақ рубка байланыстарының қалдық қалыңдық нормалары, корпустың шеті байланыс қалыңдығының нормалары сияқты қабылданады.

 

 

17. Болат корпустардың техникалық жай-күйін анықтау



 

185. Осы Қағидада рұқсатты қалдық қалыңдығының және жергілікті қалдық нысанын өзгерту нормалары кемелердің екі топқа бөлінуін ескере отырып белгіленеді.

1) І топ: ұзындығы 50 м және одан артық ішкі жүзудегі; «өзен-теңіз» суларда жүзетін кемелер;

2) ІІ топ: барлық қалған кемелер;

Рұқсат етілетін қалдық қалыңдықтардың және қалдық деформациялардың нормалары корпус ауданына байланысты белгіленеді.

Сонымен бірге:

кеме ұзындығы мидель-шпангоуттан алдыңғы-артқы жағына 0,5L-дан 0,25L дейінгі тең ауданы корпусының орта бөлігі болып саналады;

тиісінше алдыңғы және артқы жағынан 0,15L перпендикуляр тұратын кеме ұзындығы бөліктері шеттері болып саналады;

орта бөліктермен және шеттері арасында орналасқан кеме ұзындығының өтпелі аудандар бөліктері деп саналады.

186. Егер корпустың қалдық қалыңдығы және зақымдану параметрлері осы Қағиданың 187—190-тармақтарының талаптарына сәйкес келсе, техникалық жай-күйі жарамды болып танылады.

Егер осы Қағиданың 23-қосымша талаптарына сәйкес орындалған корпустың жалпы беріктілігі нақты жалпы беріктілік сипаттамасы кемеге белгіленген пайдалану шарттарына сәйкестігі расталса, осы Қағиданың 187, 188-тармақтарда және 190-тармағының 4) тармақшасында қалдық келтірілген табақтардың орташа қалдық қалыңдықтары және жергілікті қалдық деформацияның параметрлер нормалар шеңберінен шығуы қабылданады.

Осындай есептер нақты кемеге немесе пайдалану шектеулері бірдей (жүзу ауданы және кезеңі, толқындату бойынша шектеулер, жүк көтерімділігі, рұқсат етілетін жүктеме және балластта жағдайлары) пайдалануға жарамды деп танылған бір немесе сол жоба кемелер тобына қатысты орындалуы мүмкін.

Соңғы жағдайларда есептеулер нәтижелері қалдық қалыңдықтар және жергілікті қалдық деформациялардың жеке нормалары ретінде ресімделуі мүмкін.

187. Корпустың негізгі байланыс тобының орташа қалдық қалыңдығының нормалары осы Қағиданың 2-қосымшасында келтірілген.

188. Жинақпен қоса қаптама табақтарының жергілікті қалдық деформациялар (жапыру) нормалары осы Қағидаға 3-қосымшасында көрсетіледі.

189. Қаптама табақтарының ең аз қалдық қалыңдықтар нормалары осы Қағидаға 4-қосымшасында көрсетіледі.



Осы Қағидаға 4-қосымшасын пайдаланғанда мыналарды ескеру қажет:

1) желілік немесе арналық тозу аудандарында шекті қалдық қалыңдық мәні сыртқы қаптама, палуба мен екінші түп төсеніші, ішкі борт қаптамасының және кемеге көлденең бағытталған тозу желісіндегі көлденең аралықтар үшін 15 % және қалған жағдайларда 30 % азаюы мүмкін, шекті мәнге дейін тозған учаскенің ұзындығы 200 мм артық болуы, ал осындай учаскелердің бір табақтағы саны үштен артық болмауы қажет;

2) Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша қалыңдықтар мәндері жасау немесе жөндеу кезінде қосымша бекітілген табақтар үшін кемітіледі, сонымен бірге, қалдық қалыңдық кемінде мынадай болады:

салу қалыңдықтары 3,0 мм және кем ұзындығы 25 м кем «Л», «Р», «О», «О-ПР», «М» және «М-ПР» сыныпты кемелер үшін 2,0 мм;

ұзындығы 80 м кем көрсетілген сыныпты кемелер үшін 2,5 мм;

жоба қалыңдығы 3 мм немесе 0,5, сонымен бірге, қалған жағдайларда едәуір аса мән қабылданады.

190. Корпустың техникалық жай-күйі, мынадай жағдайларда жарамсыз болып танылады, егер:



1) осы Қағидаға 2-4-қосымшасында келтірілген нормалардың шеңберінен параметрлердің ең болмағанда біреуі шыққан жағдайда, ал кеме иесі осы Қағиданың 186-тармағымен 189-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қажетті негіздемелерді ұсынбаған жағдайда;

2) корпустың жалпы қалдық иілуі (асыра иіп жіберу) үзілумен, жарықтанумен, бойлық жинақ аралықтар мен олардың кництерінің, жүк люктері комингстерінің орнықтылығының жойылуы, палуба төсенішінің, борт, түп қаптамасының көлденең қатты қатпарлануымен немесе басқа бүлінген сыну белгілермен қосарланған жағдайда;

3) жаншылу иілу жебесінің жоспардағы оның ең аз мөлшеріне қатынасы f/l 0,1 артық болса немесе иілу жебесінің мәні 250 мм артық болғанда;

4) гофрлау — кеме жинағының бірнеше тізбектеліп орналасқан аралықтарының арасындағы табақтардың жергілікті қалдық иілулерінде — жинақ аралықтарының арасында 0,1 артық, ал корпустың орта бөлігіндегі жинақтың көлденең жүйесінде палуба конструкциясына, түбі және ширстрек белбеу 0,05 артық қашықтыққа иілу жебесі болған жағдайда (егер осы Қағиданың 186-тармағына сәйкес қажетті негіздемелер ұсынылған жағдайда аралықтар арасында иілу жебесін қашықтыққа 0,1 дейін көбейтуге болады);

5) шығанақтар — кеме жинағы аралықтарының арасындағы жергілікті жеке орналасқан табақтардың қалдық иілулерінде — кеме ұзындығы бойынша кез келген учаскеде кеме жинағы аралықтарының арасында 0,1 артық қашықтыққа иілу жебесі болатын жағдайда;

6) кесінді бойлық палуба астылық немесе түп аралықтарын көлденең рамалық байланыстар немесе көлденең аралықтарға жалғайтын, палуба немесе түптің бір көлденең қимасындағы жалпы кницалардың 25 % артық кницалар санының орнықтылығы жойылған жағдайда;

7) сыртқы қаптаманың, палуба едендері мен екінші түптің, ішкі борттар мен су өткізбеу аралықтарының су өткізбеушілігі бұзылғанда;

8) аралықтарды өзара және қаптамамен жалғайтын жинақ аралықтары мен дәнекер жіктерінің үзілуі мен жарықтанған жағдайында;

9) ең терең зақымдану ауданындағы қалдық қалыңдығы 1,5 мм кем, ал «М-СП» сыныпты кемелерде — 2,5 мм кем болғанда;

10) қаптамамен жалғану сызығының бойында пайда болған, арналық тозу аймағындағы жинақ аралық қабырғалардың қалдық қалыңдығы 2 мм кем болғанда;

11) жинақтың кейбір аралықтар қимасы қалдық ауданының жобада қабылданған аралық қимасының ауданына қатынасы палуба мен түптің бойлық аралықтары үшін 0,6 (0,7) кем болғанда және қалған аралықтар үшін 0,5 (0,6) кем болғанда (жақшада — «М-СП» сыныпты кемелерге).

Жасалуынан бастап пайдалану шарттары өзгермеген (сыныбы, жүк көтерімділігі, толқындату бойынша шектеулер) кемелер үшін жобада қабылданған аралық қимасының ауданына бөлек аралық жинағының қима ауданының қалдығы анықталуы мүмкін.

12) ақаулар өлшемдері осы Қағиданың 192-тармағының 8)-11) тармақшаларында, 192-тармағының 14)-15) тармақшаларында көрсетілген шектерден асса;



13) жинақ аралықтарынан шектелген бөлек ұяшықтарындағы табақтың жергілікті бөлігінде немесе жинақ аралықтарының элемент бөлігінде қалдық қалыңдық, осы Қағиданың 189-тармағында және 190-тармағының 11-тармақшасында регламенттелетін қалыңдықтың 85 % кем құрайды.

191. Егер осы Қағиданың 128-тармағына сәйкес енгізілген шектеулерді ескере отырып, осы Қағиданың 186-тармақтың шарты орындалған жағдайда, корпустың техникалық жай-күйі жарамды болып танылады.

192. Корпустың техникалық жай-күйін анықтау барысында мынадай аталған ақаулар ескерілмейді:

1) иілу жебесіне және жинақ бойынша жарық пен үзілуді жою жағдайында f/l қатынасына қарамастан, жоспарда мөлшері 0,6 м артық болмай жеке орын алған жаншылулар;

2) корпус ені бойынша таралу дәрежесіне қарамастан 20 мм дейін иілу жебесі бар жаншылулар;

5) борттың, екінші түптің, барлық кемелердегі ішкі борттарының салыстырмалы жаншылуы; кеменің ұзындығы бойынша жаншылудың орналасуына қарамастан алаң-кемелердің жүк палубаларының жаншылуы (рамалық жинақты қозғамай);

6) егер бір бөлікте олар үштен артық және бүкіл корпус бойынша алтыдан артық болмаған жағдайда, су өткізбейтін цемент бітеулер. Сонымен бітеудің әрбір тарабы шпациядан (бос аралықтар арасындағы қашықтық) артық болмауы тиіс;

7) егер табақ қалыңдығы қаптаманың немесе төсеніштің жобалық қалыңдығынан кем болмаған жағдайда, осы Қағиданың 156-тармағына сәйкес уақытша қосарланатын табақтар;



8) егер қабырғаның бүлінген бөлігінің биіктігі көршілес бос аралықтарының биіктігінен артық болмаған жағдайда, рамалық аралықтар қабырғаларының (олардың қаптамамен жалғану ауданында аралықтар қабырғаларының майысуы) және аралықтардың жиектік деформациясы;

9) егер томпайуы иілу жебесінің биіктігіне қатынасы 0,1 артық, сондай-ақ аралық қаптамасы және тұғырлардың иілу жебесімен бірге беріктік қабырғаларының арасындағы қашықтығы 0,1 артық болмаған жағдайда, рамалық аралықтар қабырғаларының томпайуы;

10) егер ауытқу мәнінің аралықтар биіктігіне қатынасы 0,2 артық болмаған жағдайда, бос аралықтарының жазықтықтан ауытқуы;

11) егер иілу жебесінің байланыстардың толық ұзындығына қатынасы 0,005 артық болмаған жағдайда, пиллерстердің және жүк  палубалары қиғаш тіректерінің деформациясы;

12) корпустың жалпы иілуіне қатыспайтын фальшборттың, рубка және қондырма қабырғаларының деформациясы;

13) кемені басқаруды нашарлатпайтын және бұранда, руль және зәкір құрылғыларының қалыпты жұмысына кедергі болмайтын штевеннің майысуы;

14) сыртқы қаптама және палуба төсенішінің дәнекерлік жіктерінің түйіскен жерлерінің негізгі темірден 1 мм төмендеуі, жинақтың қосарлы аралықтарының арасындағы учаске ретінде қабылданатын, жік ұзындығының 20 % артық болмай бойлап, тозуы;

15) дәнекерлік бұрыш жік катетінің 30 % артпай азайып, тозуы;

16) шеген жалғаулардың ағып жайылуы (ізі қалу) түрінде білінетін су аққыштығы;

17) осы Қағиданың 190-тармағының 2) және 6) тармақшаларында жазылған жағдайларды қоспағанда, бос аралықтарды өзара және рамалық аралықтармен жалғайтын кництердің орнықтылығын жоғалту;

18) көлденең рамалық жинақ аралықтарының кництері, белдіктері мен фланцтерінің орнықтылығын жоғалту.

193. Осы Қағиданың 156-тармағына сәйкес уақытша қосарланатын табақтар, осы Қағиданың 192-тармағының 12), 13), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген ақаулар, сондай-ақ параметрлері осы Қағиданың 190-тармағының 8) — 11), 14) және 15) тармақшаларында келтірілгенге жақын ақаулар сыныптамалық куәландыру алдында кемені слиптеуде жойылады.



 

 

18. Жеңіл қорытпа корпустардың техникалық жай-күйін анықтау



 

194. Жеңіл қорытпа (дюралюминий немесе алюминий-магний) корпустың техникалық жай-күйі, осы Қағиданың 195, 196, 197-тармақтарында көрсетілген нормалар шеңберінен шықпаған жағдайда, жарамды болып танылады.

195. Негізгі байланыс топтарының қалдық қалыңдығының нормалары осы Қағиданың 5-қосымшасында келтірілген.

Осы Қағиданың 5-қосымшасын пайдаланғанда мыналарды ескеру қажет:

негізгі байланыс топтарының қалдық қалыңдығының нормалары кеменің орта бөлігі мен шеттеріне жарамды болуы;

қосымшаға осы Қағиданың 185-тармағының 2) тармақшасының нормалары қолданылады;



қосымшада көрсетілген нормалар шеңберінде қаптама мен жинақтың бүлінуі — бетінің жырылуы, тырналуы, кесілуі және басқа жергілікті сипаттағы ақаулар мүмкін болады.

196. Конструкциялардың жергілікті қалдық деформацияларының нормалары осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген.

197. Корпустың техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда жарамсыз болып табылады, егер:

1) параметрлердің ең болмағанда біреуінің мәні осы Қағиданың 4 және 5-қосымшаларында келтірілген нормалар шеңберінен шыққан болса;

2) жаншылудың иілу жебесінің оның жоспардағы ең аз мөлшеріне қатынасы f/l, дюралюминий және алюминий - магний қорытпаларынан жасалған корпустар үшін 0,05 және 0,07 артық болса;

3) гофрлы қыртыс иілудің ең көп жебесі, дюралюминий және алюминий - магний қорытпалары үшін, кеме жинағы аралықтарының арасындағы қашықтығынан тиісінше, 0,03 және 0,05 артық болса;

4) шығанақты иілудің ең көп жебесі, дюралюминий және алюминий - магний қорытпалары үшін, кеме жинағы аралықтарының арасындағы қашықтығынан тиісінше, 0,05 және 0,07 артық болса;

5) шеген жалғауларының босауы су өткізбеушілікке әкелсе;

6) кристаллитаралық және қабық тотығуына (қалыпты қақ тұру, терең жара, темірдің ісінуі мен қатпарлануы) бейімді сыртқы қаптама табақтары мен палуба төсенішінің қосынды ені осы қимадағы негізгі байланыс топтарының енінен 0,2 артық болса.

7) осы Қағиданың 190-тармақтың 2, 7, 8-тармақшаларында көрсетілген ақаулар болса.

198. Корпустың техникалық жай-күйі, егер енгізілген шектеулерді ескерсе, осы Қағиданың 186-тармақ шарттары орындалса, осы Қағиданың 128-тармағына шектеулермен қоса жарамды болып танылады.



 

 

19. Темір бетонды корпустардың техникалық жай-күйін анықтау



 

199. Темір бетонды корпустың техникалық жай-күйі, егер әрбір нормаланатын параметрлер осы Қағиданың 7-қосымшасының талаптарына сәйкес болса, жарамды деп саналады.



7-қосымшаны қолданған кезде мыналар ескеріледі:

темір бетонды корпустар тақта ретінде жинақпен шектелген палубаларды, борттардың, түптердің, транцтардың, көлденең және бойлық аралықтардың тақталары айтылады;

қосымшада көрсетілген ақаулар және зақымдар нормалары кеменің орта бөліктері және шеттері үшін (корпус ішінен және сыртынан);

кессона көмегімен бітелген саңылау арматураны қалпына келтіру мен және жоба маркасын қолданумен қатар, сондай-ақ қисық емес жарықты бітеуде техникалық жай-күйін анықтау назарға алынбайды.

200. Корпустың техникалық жай-күйі, егер параметрлердің осы Қағиданың 7-қосымшасында қандай да бір көрсетілген нормаға сәйкес болмаса, жарамсыз деп танылады.

201. Темір бетонды корпус мынадай жағдайларда жүзу қауіпсіздігін осы Қағиданың 128-тармағына сәйкес қамтамасыз ететін шектеулермен пайдалануға жарамды болады:

1) зақымданған бөліктегі су деңгейінің жоғарылауы 2 см/тәулік аспаса;

2) арматура бөлектеп жалаңаштануы тақта ауданының 20 % ауданынан аспаса;

3) су ағатын орындарда толық толтырумен бітелген пробоин және өтпелі саңылаулардың ауданы тақта ауданының 50 % аспаса.

 

 

20. Пластмассалы корпустардың техникалық жай-күйін анықтау



 

202. Пластмассалы корпустың техникалық жай-күйі, егер негізгі байланыс топтарының қалдық қалыңдығы осы Қағиданың 7-қосымшасында көрсетілген норма шеңберінен шықпаған жағдайда жарамды болып танылады.

7-қосымшаны пайдаланғанда мыналарды ескеру қажет:

нормалар кеменің орта бөлігі мен шеттеріне жарамды болуы;

қосымшада көрсетілген нормалар шеңберінде қаптама мен жинақтың корпустың су өткізбеушілігін бұзбайтын бүлінуі — текстурасының қатпарлануы, бетінің жарықтануы, жырылуы, тырналуы, кесілуі, шайылуы, жалғаушысының түленуі немесе басқа жергілікті ақаулар мүмкін болады.

203. Пластмассалы корпустың техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда жарамсыз болып танылады:



1) қаптаманың су өткізбеушілігін бұзатын, қатпарлануы және босауы;

2) жинақтың қаптамасы мен элементі қалыптарының қабатталуы;

3) қаптама мен жинақ бойынша жарықтың пайда болуы.

204. Пластмассалы корпус, егер орташа қалдық қалыңдығының мәні осы Қағиданың 7-қосымшасында келтірілген нормативтіктен 0,10 t артпай, кем болса, осы Қағиданың 128-тармағына сәйкес жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектеулерімен бірге уақытша пайдалануға жарамды болып танылады.



 

 

21. Ағаш корпустарының техникалық жай-күйін анықтау



 

205. Егер байланыстың қандай да бірінің қалдық қалыңдығы осы Қағиданың 8-қосымшасында көрсетілген норма шектерінен шықса, суға төзімді фанерадан жасалған немесе тақташалардан жиналған сыртқы қаптамасы бар ағаш корпустың техникалық жай-күйі жарамды деп танылады.



Осы Қағида 8-қосымшаны қолдану кезінде мынаны ескеру қажет:

қосымшада көрсетілген нормалар кеменің орта бөлігі және шеттеріне жарамды;

қосымшада көрсетілген нормалар шегінде корпус өткізбеушілігін бұзбайтын шіру, қаптама және жинақ зақымдануы - фанера қатпарлануы, бетінің сызаттары, тәуекел, жарықтар, ойықтар және басқа ақаулар болады.

206. Корпустың техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1) байланыстардың негізгі тобының қандай да бір қалдық қалыңдығы осы Қағидаға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет