Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті туралы ереже



Дата09.06.2016
өлшемі49.21 Kb.
#125207

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті туралы ереже



Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
жауапты хатшысының
2012 жылғы «__5_» __04_______ № _153___
бұйрығымен бекітілген
 

 

 



 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Су көлігі департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Су көлігі департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Теңіз порттарын және ішкі су көлігін дамыту басқармасы;

2) Теңіздегі кеме қатынасы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. Міндеті: су көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту.

Функциялары:

1) су көлігі саласында инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік саясаты, тасымалдау процессін және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қалыптастырады;

2) су көлігі саласында Департамент жауапты болып табылатын инвестициялық жобалардың іске асырады;

3) су көлігі саласында халықаралық шарттарды мақсаттылықпен ратификациялауға ұсыныстар енгізу және оларды ратификациялау бойынша жұмыстарға қатысады;

4) Министрлікпен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы астында уақытша жүзуге рұқсат беру ұсыныстарын және шетел мемлекетінің туына уақытша ауысуға өтініштерді қарайды ;

5) Министрлікпен ішкі су жолдарындағы кемелерге атау қою (немесе қоюдан бас тарту) туралы шешімді қабылдау үшін өтініштерді қарайды;

6) Министрлікпен сауда мақсатында шетел мемлекетінің туымен теңізде жүзуге байланысты каботажды және өзге де қызметті жүзеге асыруға шешім қабылдау үшін өтініштерді қарайды;

7) су көлігі саласында нормативтік құқылы актілердің мониторингін жүргізеді;

8) теңіз портының акватория шекарасын анықтау бойынша ұсыныстар енгізеді;

9) су көлігі саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді.

6. Міндеті: су көлігімен тасымалдаудың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін талаптарды жасау.

Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, сондай-ақ су көлігі саласында техникалық регламентті әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

2) Министрлікпен әзірленетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындауға, соның ішінде министрліктің өзге құрылымдық бөлімшелерімен әзірленгендерін келісу арқылы қатысады;

3) су көлігі мамандарын әзірлеу жүйесін қамтамасыз етеді;

4) су көлігі ұйым қызметтерінің Каспий теңізінде қызмет жасайтын, тіркелген кемелер санының мониторингін жүргізеді;

5) су көлігімен жолаушылар және жүк тасымал мониторингін жүргізеді.

7. Міндеті: кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы белгіленген заңнамасы шегінде Департаментке ведомстволық ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

2) ішкі су жолдарының және шлюздердің кеме қатынас жағдайын ұстауды қамтамасыз етеді;

3) кемелерге, порттарға, жейік объектілерге, кеме қатынасының гидроқұрылғыларына, жасанды аралдарға, сондай-ақ теңіздегі құрылғыларға куәландыру өткізуді ұйымдастыруды іске асырады;

4) Каспий теңізінде және ішкі су жолдарында кемелердің навигациялық жүзуін қауіпсіздігін іске асырады;

5) ішкі су жолдары бойынша кеме жүзу шартының навигациялық-гидрографиялық Қазақстан Республикасының шекаралық учаскі зонасынан өзгелерді қамтамасыз етуін жүзеге асырады.

8. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

8.1. Департамент мыналарға:

1) Департамент өз өкілдігі шегінде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес және басқа шаралар өткізеді;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және көлік-коммуникация кешенінің ұйымдарынан Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды (есептерді, материалдарды) сұратады және алады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

8.2. Департаменттің міндеттері:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салса, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде өз құзыреті шегінде қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

3) Департамент қызметкерлерімен әкімшілік мемлекеттік қызметкерінің этикалық нормасын сақтауды қамтамасыз ету;

4) Департамент құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасары болады.

12. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

13. Департамент директоры Миинистрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Директор осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін басқармалар бастықтарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президент актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директорына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.



17. Департамент директоры, оның орынбасары және басқарма басшылары сыбайлас жемкорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет