5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
Теміржол көлігі
1-міндет. Теміржол саласының жұмыс істеуінің оңтайлы жүйесін құру және жүк пен жолаушыларды ұлттық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттігі және дамуы үшін жағдайлар жасау.
Теміржол саласының жұмыс істеуінің оңтайлы жүйесін қалыптастыру үшін теміржол саласының нысаналы моделі қалыптастырылады.
Саланың нысаналы моделі тасымалдау қызметі мен МТЖ-ны ұйымдық бөлуді болжайды және қызметтің үш түрін:
-
жүк тасымалдарын;
-
жолаушы тасымалдарын;
-
МТЖ-ның көрсетілетін қызметтерін қамтиды.
Жолаушылар тасымалын ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы және жекеше тасымалдаушылар жүзеге асыратын болады. Жүктер тасымалын ұлттық тасымалдаушылар жүзеге асыратын болады.
Ұлттық тасымалдаушылар инфрақұрылым операторы – компаниямен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтік құрылымының құрамына кіретін болады.
Бұл ретте тасымалдаушылар вагондар мен локомотивтер парктеріарқылы әрекет етеді және тасымалдау процесіне қатысатын активтердің жай-күйіне, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған активтердің жаңартылуына, техникалық және коммерциялық бақылаудың қамтамасыз етілуіне толық жауапты болады, сондай-ақ маневрлік жұмыстарды жүзеге асырады.
Вагондар операторлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен (ұлттық жүк тасымалдаушысы және МТЖ операторы) және клиенттермен заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 709 бұйрығымен бекітілген Вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес тиісті шарттар жасау арқылы өзара іс-қимыл жасайтын болады.
Теміржол инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу және жекеше тасымалдаушылардың жүк тасымалдауды жүзеге асыруы ЕЭО шеңберінде заңнаманы үйлестіру және теміржол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудан болған шығынды мемлекеттік субсидиялау жүйесіне қатысты экономикалық саясаттың өзгеруі (шығынсыз деңгейге жеткізу) және тасымалдау қызметін мемлекеттік бағалық реттеуді жою мәселелерінің шешілуіне қарай қосымша қайта қаралатын болады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының корпоративтік құрылымын қайта ұйымдастыру.
Саланың нысаналы моделі шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтік құрылымын мынадай бизнес-бағыттар бойынша қайта ұйымдастыру жүзеге асырылатын болады:
1) корпоративтік орталық;
2) ұлттық инфрақұрылым операторы;
3) ұлттық жүк тасымалдаушысы;
4) ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы;
5) ұлттық мультимодальдық көлік-логистикалық оператор.
Бұл ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтік құрылымы шеңберінде МТЖ операторы, тасымалдаушылар, сондай-ақ теміржол көлігі саласындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші мемлекеттік органдар арасында функцияларды, активтер мен персоналды қайта бөлу жүзеге асырылатын болады.
«ҚТЖ – Инфрақұрылым» АҚ құрылуымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны қайта ұйымдастыруды іске асыру мақсатында көрсетілген қайта ұйымдастыру жүргізілген жағдайда сөзсіз орын алатын салықтық салдардың алдын алу мәселесін пысықтау қажет.
Бұл ретте, салалық модельді жүзеге асыру мерзімінің ұзақтығына орай өтпелі кезеңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ құқықтық мәртебесі мен құзыреті мәселесін пысықтау қажет.
Мемлекеттік реттеу.
Көрсетілетін қызметтерге баға белгілеудің нарықтық тетігін іске асыру мақсатында салада 2014 жылдан бастап оның шеңберінде жүк тасымалдау және тұтастай, тасымалдау қызметі үшін вагондық құрамдауыштың тарифтік саясаты (баға белгілеу) мәселесін пысықталатын жұмыс басталды.
Бағдарламаны кешенді іске асыру бәсекелестікті және сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тетігі негізінде бағаны еркін қалыптастыру мүмкіндігін дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
МТЖ көрсететін қызметтерге тарифтер мемлекеттің реттеуінде болып қала береді.
Республикалық бюджеттің мүмкіндігіне қарай теміржол көлігіндегі жүк тасымалдаудан түсетін кіріс есебінен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалының шығынын тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп алшақтау жоспарланған.
Бұл ретте, жолаушыларды тасымалдаушылар үшін локомотивтік тартқыш пен МТЖ-ның көрсетілетін қызметтері үшін тарифтерді ұлғайту тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қарастырылатын болады.
Компания қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыратын тасымалдардың технологиялық процесінің нарықтық реттеу құралдарын енгізу мәселесі пысықталатын болады.
Теміржол саласына бәсекелестікті табысты енгізудің халықаралық тәжірибесі теміржол тасымалдарының бәсекелес нарығының оңтайлы құрылымы нарықтың 90%-ға дейінгі үлесін алатын, нарықтың барлық сегменттерінде жекелеген маршруттарда («тауаша операторлар») жұмыс істейтін жеке тасымалдаушылармен бәсекелесетін тасымалдау қызметтерінің ірі жеткізушісін («желілік ықпалдастырушы») қамтитынын көрсетеді.
Бұл ретте, тасымалдаушылар арасындағы тиімді бәсекелестіктің маңызды шарты:
1) ұлттық тасымалдаушының қызметін коммерцияландыру және әлеуметтік маңызы бар қызметтерді жүзеге асырудың нарықтық қағидаттарына көшу есебінен ұлттық тасымалдаушыға;
2) теміржол инфрақұрылымының магистральдық және жергілікті қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жеке тасымалдаушыларға қатысты әркелкі шарттардың қолданылуын жою болып табылады.
Бұлай болмаған жағдайда Ұлттық тасымалдаушының бәсекеге қабілетті болмауы мен кірісті және шығынды қызметтерді өзі мен жеке тасымалдаушылар арасында бөлу тәуекелдері туындайды.
Ұлттық жүк тасымалдаушының үлесі үстем теміржол тасымалдары нарығының құрылымы «ауқым әсері» және қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін нарықтық күштердің қысымы арасындағы оңтайлы арақатынасты қамтамасыз етеді.
Ал шоғырландыруды жасанды түрде төмендету нарықтың жекелеген сегменттерінде жергілікті монополистердің құрылуына және тиісінше тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтер құнының артуына әкеп соғады.
Ресей мен Белоруссияның (БЭК және ЕЭО елдерінің) ұлттық заңнамаларында тәуелсіз тасымалдаушылардың инфрақұрылымның көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділігін көздейтін ережелердің болмауына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында ғана көрсетілетін тасымалдау қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының көрсетілетін көлік қызметтерінің ұлттық нарығының одан әрі дамуында белгілі бір тәуекелдерге әкеп соқтырады.
Көлік қызметтерін көрсету сегментінде мемлекетаралық тепе-теңдік туралы уағдаластықтарды сақтау және қолданылатын тәсілдері үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық жолаушылар тасымалдаушысының, ұлттық жүк тасымалдаушысының және жекеше жолаушылар тасымалдаушысының инфрақұрылымның көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет.
Қазақстандық жүк жөнелтушілердің жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін арттыру және жүк вагондары паркін пайдаланудың көрсетілетін қызметтеріне бағаларды төмендету мақсатында Қазақстанда тиісті электрондық ақпараттық алаң құру қажет.
Бұл ретте нарық жағдайында сұраныс пен ұсыныстардың негізінде көрсетілетін қызметтерге мөлшерлеме мен бағаны еркін қалыптастыру оның жұмыс етуінің негізгі қағидаты болады.
Электрондық алаңның қалыптасуы мемлекеттік емес сектордың инвестицияларын тарту арқылы жекеше бастама негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті органмен сәйкес нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жолымен электрондық алаңның қызмет етуі үшін институционалдық жағдай қамтамасыз етіледі.
Бұдан басқа, әдетте автомобиль көлігімен тасымалданатын азық-түлік өнімдерін (көкөніс, сүт, майдан жасалған және ет өнімдерін) ел ішінде тасымалдау кезінде көліктік шығындарды азайту мақсатында тез бүлінетін тауарларды Оңтүстіктен Солтүстікке және кері қарай тасымалдауды қамтамасыз ететін жүрдек жүк поездарын құру қажеттілігі туралы мәселе пысықталатын болады.
Жолаушы тасымалдарын ұйымдастыру тетігін жетілдіру.
Жолаушы тасымалдары жүйесін жақсарту мақсатында мемлекет пен әлеуетті тасымалдаушы арасында конкурстық негізде жасалатын әлеуметтік маңызы бар жолаушы тасымалдарын субсидиялаудың жетілдірілген тетігі енгізілетін болады.
Жолаушы тасымалдарын қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу қосымша жолаушылар ағынын тарту, шығыстарды оңтайландыру және жолаушы вагондарын оңтайлы пайдалану жолымен тасымалдаушыларда кірістерді ұлғайту уәжінің пайда болуына әкеп соғады.
Жүрдек жолаушы қозғалысын енгізу. Жүрдек жолаушы қозғалысын енгізу шеңберінде 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша ірі елді мекендерді байланыстыратын 4 жүрдек бағдар ұйымдастырылатын болады.
Бұдан басқа, жүрдек қозғалысты және алыс, өңірлік (қала маңы/ауданаралық) қатынастар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жылжымалы құрам паркін кезең-кезеңімен жаңарту жүзеге асырылады.
Қала маңындағы теміржол қатынастарын дамыту. Қала маңындағы және ауданаралық тасымалдарды меншікті немесе жалға алынған жылжымалы құрамы және қажетті жергілікті инфрақұрылым объектілері бар тасымалдаушылар жүзеге асыратын болады.
2-міндет. Теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту.
Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттіліктерін негізге ала отырып, қозғалысты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа теміржол желілерін салуға және қолданыстағы желіні жаңғыртуға (жөндеуге) бағытталатын болады.
Өңірлер арасында жүк тасымалын оңтайландыру, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерге жеткізу мерзімдерін қысқарту және транзиттік жүктерді мейлінше қысқа маршруттар бойынша тарту мақсатында мынадай инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады:
1) «Жезқазған – Бейнеу» теміржол желісін салу – 1 036 км;
2) «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол желісін салу – 214 км;
3) Алматы станцияларынан айналып өтетін теміржол желісін салу – 74,7 км;
4) Құрық портының жағалау инфрақұрылымының объектілеріне теміржол желісін салу – 14 км.
Бұдан басқа, шамамен 6 000 км жолдың жоғарғы қабатын жаңғырту және «Мойынты – Ақтоғай» теміржол учаскесін электрлендіру жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, теміржол инфрақұрылымының ірі жобаларын, оның ішінде жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша іске асыру шеңберінде жеке инвесторлардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында қатысу мәселесі пысықталатын болады.
3-міндет. Вокзал шаруашылығын жаңғырту және дамыту.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде теміржол вокзалдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен «Теміржол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсету» ұлттық стандартына сәйкес келтірілетін болады, ол барлық вокзалдарда күрделі жөндеу жүргізуді көздейді, оның барысында мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:
1) ішкі және сыртқы инженерлік желілер мен коммуникацияларды (су құбыры, кәріз, жылыту, электр) жөндеу;
2) дәлдігі төмен бейнебақылау, күзет-өртке қарсы дабыл және дыбыспен хабарландыру жүйелерін сәйкестікке келтіру;
3) мүгедектердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету (билеттер беру терезелері, санитариялық тораптар, пандустар) бойынша қажетті жағдайлар жасау;
4) вокзал ғимараттарының ішкі интерьері мен фасадтық бөлігін безендіру.
4-міндет. Теміржол саласы өндірісінің негізгі құралдарын жаңарту және жаңғырту.
Локомотивтер. Локомотивтер паркінің тозу деңгейін төмендету үшін 2020 жылдың соңына дейін 500-ден аса локомотив сатып алынады және шамамен 90 локомотив күрделі жөндеуден өтеді.
Бұл ретте тартқыш жылжымалы құрам «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС отандық өндірушілерінен сатып алынады. Бұл General Electric американдық компаниясы жобалаған ТЭЗЗА (Evolution) сериялы тепловоздар, ТЭПЗЗА сериялы тепловоздар және KZ4At сериялы жолаушы электровоздары, сондай-ақ «Alstom» компаниясының технологиясы бойынша шығарылған және құрастырылған KZ8А сериялы жүк электровоздары.
Жүк вагондары. Жүк вагондары паркінің құрылымын жақсарту және жаңарту жүк көтергіштігі, сыйымдылығы мен сенімділігі жоғары жаңа буындағы жүк вагондарымен толықтыру арқылы жүзеге асырылады, бұл жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдаудың өзіндік құнын, пойыздардың тартқышына арналған пайдалану шығыстарын, сондай-ақ жүк вагондарының қолданылу циклінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жүк вагондарының тозу деңгейін төмендету үшін 15 000-нан астам жүк вагоны сатып алынады.
Жүк вагондары паркінің тозу деңгейін төмендету мақсатында тораптар мен қолданыстағы вагондар бөлшектерінің ресурсын оларды жоспарлы жөндеу және қызмет ету мерзімін ұзарта отырып жөндеу кезінде жаңғырту есебінен арттыру жөніндегі жұмыстар да жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда, Бағдарлама шеңберінде 3 000-ға жуық жүк вагоны күрделі жөндеуден өтеді.
Жолаушы вагондары. Жолаушы вагондарын жаңарту мақсатында 1 000 бірліктен астам жаңа жолаушы вагондары сатып алынды.
5-міндет. Отандық теміржол машинасын жасауды дамыту.
Теміржол саласында ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру және өнім экспорты үшін теміржол көлігінің техникалық құралдарының өндірістерін құру жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады.
Қазақстанда шығарылған тартқыш жылжымалы құрамға қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сервистік орталықтар желісі ұйымдастырылды.
Ірі вагон құю бұйымдарын, рельс, бағыттағыш бұрма және бағыттағыш электр жетектерін шығару, сондай-ақ электрмен жабдықтау және дабыл жүйелері жабдығының өндірісі жолға қойылады.
Отандық тауар өндірушілер игеретін теміржол өнімдерінің номенклатурасы 5 200 мың өнім атауына дейін ұлғайтылады.
Өнім көлемі «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды сатып алу жоспарына және зауыттардың жобалық қуатына қарай ұсынылады. Бұл ретте, нақты шығарылым тапсырыс берушінің қажеттілігі есебінен азайту жағына қарай түзетілуі мүмкін.
6-міндет. Тасымалдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Поездар қозғалысына байланысты жұмыскерлердің лауазымдық міндеттемелер мен талаптарды, заңнамалық, нормативтік-техникалық, технологиялық актілердің нормативтік талаптары мен компанияның қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы жергілікті актілерін тиісті деңгейде орындамауы теміржол желілерінде поездар қозғалысының қауіпсіздігінде жол берілетін бұзушылықтардың негізгі себебі болып табылады.
Теміржол көлігі саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету теміржол қызметі нарығындағы барлық субъектілер, оның ішінде жолаушы тасымалдаушылар қызметінің аса маңызды элементі болып табылады.
Бұған қоса, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін ұлттық компанияның күшімен ғана қамтамасыз етудің тарихи қалыптасқан практикасы саланың қолданыстағы және нысаналы институционалдық құрылымына сәйкес келмейді және ұлттық компанияға тиісті заңдық өкілеттіліктер беру мүмкіндігінің болмауына байланысты жолаушылар тасымалдары қауіпсіздігінің сенімді деңгейін және жүйелік жақсаруын ұзақ мерзімді перспективаға қамтамасыз ете алмайды.
Бүгінгі күні қауіпсіздік талаптарын бұзу жылжымалы құрамның жолаушыларды тасымалдауға арналған лицензия сияқты тиісті реттеу тетіктерін енгізу мүмкіндігі мәселелерін мемлекеттік деңгейде қарауды қажет ететін Қазақстан Республикасы теміржол саласының жалпысалалық проблемасы болып табылады.
Автожол саласы
1-міндет. Өңіраралық қатынастағы магистральдық байланыстарды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 2018 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына сәйкес инвестициялар экономикалық өсімді қолдаудың маңызды факторына айналады. Сондықтан саланың 2020 жылға дейінгі негізгі міндеті республиканың өңіраралық қатынасының магистральдық байланысын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру болып табылады. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобаларға мыналар жатады:
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізін реконструкциялауды аяқтау;
2020 жылдың соңына қарай «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс» және «Орталық – Батыс» бағыттары бойынша 3 ірі жобаны аяқтау;
«Астана – Қостанай – Челябі», «Таскескен – Бақты», «Омбы – Майқапшағай», «Алматы – Үшарал – Достық», «Самара – Орал – Ақтөбе», «Астрахань – Атырау – Ақтөбе», «РФ шекарасы (Астраханьға) – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы» республикалық желісі бойынша басқа халықаралық бағыттарды дамыту жөніндегі жұмысты аяқтау;
басқа автожолдарды іске асыру: Алматы – Өскемен, Астана – Петропавл, Омбы – Павлодар – Майқапшағай, Өскемен – Зырян – Рахманов қайнары, Щучье – Зеренді, Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Жымпиты – Чапаев, Мерке – Бурылбайтал, Қызылорда – Павлодар – Успенка, Орал – Каменка, Бейнеу – Ақжігіт, Жезқазған – Петропавл;
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жол саласының бірінші концессиялық жобасын іске асыру.
Автожол инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы І және ІІ техникалық санаттағы автомобиль жолдарының пайызын 2020 жылдың соңына қарай 52 %-ға арттыру арқылы қол жеткізілетін болады.
Өңірлік инфрақұрылымды дамыту жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне жауап беретін жобаларға шоғырланады. 2020 жылдың соңына дейін 1124 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жүргізу жоспарлануда.
Сонымен бірге, жол секторын басқару жүйесін реформалау шеңберінде республикалық жол желісін дамыту, сондай-ақ оларды жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру «ҚазАвтоЖол» АҚ (бұдан әрі – Ұлттық оператор) мемлекеттік тапсырмасының негізінде іске асырылатын болады.
2-міндет. Күрделі және орташа жөндеудің жөндеуаралық циклдерінің артта қалуын қысқарту, сондай-ақ ақаусыз күтіп-ұстауға көшу.
Жыл сайынғы жөндеу жұмыстарымен қамту 10 жыл ішінде республикалық желі бойынша 16%-ға, жергілікті желі бойынша бес есеге өсті. Алайда, орташа жылдық күрделі және орташа жөндеу қарқыны өткізіп алған жөндеуаралық циклдердің орнын толтырып үлгермеуде. Бүгінгі күні бұзылу мен күрделі және орта жөндеу сатысындағы жолдардың ұзындығы 56,5 мың км астам жалпы пайдаланымдағы, олардың 20%-ы республикалық маңызы бар автожолдарды құрайды.
Осыған байланысты, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша 2020 жылға қарай 22 796 км, оның ішінде: 10 195 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және 12 601 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда. Сонымен бірге, осы жөндеу қарқыны бағдарламалық кезең шеңберінде қажеттілікті жабуға мүмкіндік бермейді. Осы үрдіс сақталатын болса, жөндеуаралық циклдердің артта қалуын 2035 жылға қарай ғана өтеуге болады.
Ағымдағы жөндеу және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау стратегиясында елеулі өзгеріс болмақ. Автомобиль жолдарының сапа көрсеткіштерін және пайдаланушылардың қанағаттануын ескере отырып, ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде ақаусыз күтіп-ұстау қағидаттарына көшу жүзеге асырылатын болады.
Саланы реформалау шеңберінде реформаның маңызды аспектісі жобаларды республикалық бюджет есебінен іске асыру кезінде Халықаралық инженер-консультанттар федерациясы (International Federation of Consulting Engineers – FIDIC) қағидаттарына ауысу, сондай-ақ 2017 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жолдарды басқарудың процестік әдістеріне көшу болып табылады. Нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың көлік-пайдалану жай-күйін өлшеудің жыл сайынғы сапалы көрсеткіштері халықаралық тегістік индексі негізінде айқындалатын болады.
3-міндет. Саланы қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.
Бағдарламаның іс-шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде автомобиль жолдарын дамытуға, күрделі және орташа жөндеуге, сондай-ақ күтіп-ұстау және басқару жүйесін жетілдіруге қаржыландырудың едәуір көлемі қажет.
Бағдарлама шеңберінде бәсекеге қабілетті транзиттік-көлік жүйесін құру, сондай-ақ жергілікті желіні дамыту қаржыландырудың қомақты көлемін болжайды. Бұл ретте жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту және жөндеу бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің өңірлік теңгерімсіздігін төмендету, сондай-ақ аталған мәселе бойынша қоғамдық ашықтығын құру мақсатында көрсетілген процесті әдістемелік реттеу және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу бойынша жобаларды іріктеуді жетілдіру жоспарланып отыр.
Халықаралық қаржы институттарының қарыздарын тартудың теңгерімделген саясаты. Қазіргі уақытта үкіметтік қарыздың ІЖӨ-ге қатынасы 12%-ды құрайды. Аталған қарыздың деңгейі ел дамуына қауіп төндіретін шектен аспайды. Болжанатын түсімдерді және жоспарланып отырған тапшылықты төмендетуді негізге ала отырып, жол саласын дамытудың айтарлықтай әлеуеті ұзақ мерзімді инвестицияларлардың сыртқы нарықтарындағы қарыз қаражатының резервтері болып табылады. Бұған қоса, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау орта мерзімді кезеңде Қазақстан өзінің борыштық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмайтын шарттардың жоқ екенін болжауға мүмкіндік береді.
Сол себепті алдағы уақытта аталған тетікті мемлекеттік қарызбен байланысты әлеуетті тәуекелдерді анықтауды ескеретін қаржылық реттегіштерді негізге ала отырып пайдалану жоспарланып отыр.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жолдарды күтіп-ұстауды қаржыландыруға қатысу үлесін арттыру. 2020 жылға қарай республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша ақылы жүйе 6 186 мың км құрайды. I санаттағы автомобиль жолдарында («Астана – Щучье», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орталық – Батыс») ақылылықты енгізу барлық автокөлік түрлері үшін, ал ІІ санат бойынша жүк автокөлігі үшін жүзеге асырылатын болады.
км
Кезең, жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
Ақылы жолдардың ұзындығы
|
211
|
211
|
841
|
3 772
|
4 878
|
5 178
|
6 186
|
Жүріп өткені үшін ақы алудан ақша қаражатының түсуі жиынтығы 2020 жылға қарай 88,9 млрд. теңге көлемінде деп күтілуде. Бұл ақылы жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар қажеттілігін нормативтік күтіп-ұстау шеңберінде толық жабуға және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Отандық және шетелдік капиталдың жол секторының инвестициялық жобаларына қатысуы үшін жағдайлар жасау. Жол секторының инвестициялық жобаларын іске асыруға «ұзын ақша» тарту үшін оңтайлы жағдайлар жасау отандық және сол сияқты шетелдік капиталдың қатысу деңгейін кеңейтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде пәрменді құқықтық конструкцияларды қалыптастыруға негізделеді.
Сонымен қатар автожол жеке инвестицияларды тарту мақсатында қажетті құқықтық база қалыптастыру және концессиялық жобаларды іске асыру тетіктерін жетілдіру басталады.
Атап айтқанда, ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту тетігін пайдалану және мемлекет пен Ұлттық оператор арасындағы қарыздық жүктемені тікелей немесе жанама қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайту ұсынылады. Негізгі қарызды өтеу сомасы бюджеттен жүзеге асыралады, ал пайыздық сыйақыны өтеуді Ұлттық оператор жүзеге асырады.
4-міндет. Автомобиль жолдарын басқарудың процестік әдістеріне көшу.
Қазіргі уақытта не республикалық, не жергілікті деңгейде автомобиль жолдарын басқару жүйелері жоқ. Негізгі мүкәммалдық дерекқорлар мен бағдарламалық-талдамалық кешендердің болмауы ұйымды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары стратегиясын әзірлеуге ықпалын тигізбейді. Сонымен бірге басқару жүйесінің және жол жабынын талдау құралдарының болмауы жолдарды күтіп-ұстау қажеттігін егжей-тегжейлі бағалауға мүмкіндік бермейді. Оның орнына басқару органдары жолдардың неғұрлым проблемалы учаскелері туралы құрылымданбаған білімге сүйенеді.
Батыстың көптеген елдерінде жол автивтерін басқарудың ақпараттық жүйелерін ұдайы пайдалануға көшу жүйелерді әзірлеу, енгізу және тиімді пайдалану үшін 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт жұмсалады.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылға дейін екі бағыт бойынша бағдарланған автомобиль жолдарын басқарудың процестік әдістеріне толығымен ауысу жоспарланып отыр:
1) 2016 жылдың соңына қарай автомобиль жолдарын басқару жүйесін (PMS/HDM не басқа құралдар) енгізу;
2) 2017 жылға қарай ақылы автомобиль жолдарында көлік ағындары мен ауа райы жағдайлары мониторингінің зияткерлік көлік жүйелерінің пилоттық учаскелерін іске қосу.
Енгізілетін автомобиль жолдарын басқару жүйелерінің негізін сапа, тиімділік, үнемділік және инновациялылық қағидаттары құрайды.
Жол желісінің дерекқорларын құру және кейіннен жаңарту техникалық және ақпараттық инновацияларға негізделетін болады. Камералық режимдегі шұғыл диагностика мен автомобиль жолдарының және олардағы инженерлік құрылыстардың (автомобиль жолдарының диагностикасы бойынша мамандандырылған көпфункционалды кешендер) көлік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты өңдеу кеңейтілетін болады.
Мұнымен бір қатарда Аталған саланы қамтитын стандарттауды дамыту саласындағы дәйекті саясат жүзеге асырылады.
5-міндет. Нормативтік-техникалық саясатты жетілдіру.
Қазіргі уақытта салада қолданылатын нормативтік құқықтық құжаттарды өзектілендіру проблемасы туындауда.
Автожол саласын техникалық реттеу жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі жаңа экономикалық жағдайларды есепке алуға, жол жұмыстарына жұмсалатын шығындарды төмендетуге, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тұтынушылық қасиеттерін айқындайтын отандық және халықаралық нормаларды үйлестіруге бағдарланатын болады. Сол үшін 2014 жылдың ортасына қарай автожол секторын 2020 жылға дейін дамытуды ғылыми-техникалық сүйемелдеу жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдама пысықталатын болады. Автожол саласының ғылыми-техникалық бағдарламалары шеңберінде мынадай тұжырымдамалық бағдарлар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар жүзеге асырылатын болады:
1) сенімді инфрақұрылым – беріктік деңгейі жоғары және пайдалану мерзімі ұзақ, құрылыс және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындары төмен автомобиль жолдарын салу және жөндеу;
2) жасыл инфрақұрылым – жол құрылысының қоршаған ортаға және адам мекендейтін орындарға теріс ықпалын барынша азайтуға бағытталған іс-қимылдарға шоғырланады;
3) қауіпсіз және ақылды инфрақұрылым – ұстаным жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жайлылыққа және жүргізушілердің қателігін барынша азайтуға кепілдік беретін қауіпсіз конструкциялар мен көпфункционалды ақпараттық жүйелер арқылы трафик ағындарын оңтайландыруға негізделген. Құрылыс және реконструкциялау жобаларына жобаның міндетті бөлігі ретінде қауіпсіздік аудитін енгізу үшін әдістемелік негіздер құру;
4) адамға арналған инфрақұрылым – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттілігін ескеретін эргономикалық инфрақұрылым құру.
Сонымен бірге 2014 жылы техникалық регламенттердің, стандарттардың салалық ақпараттық қорын және еркін қолжетімділік қағидаттарында жұмыс істейтін техникалық реттеу жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр.
6-міндет. Жол бойындағы сервистік қызмет көрсетудің сапасын дамыту және арттыру үшін қолайлы институционалдық орта құру.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 2 357 сервис объектісі орналасқан, олардың 41%-ы автомобиль жанар-жағармай құю станцияларына, 42%-ы сауда және тамақтану пункттеріне тиесілі, 5,3%-ын қонақ үйлер, 7,3%-ын техникалық қызмет көрсету станциялары алады, қалған автотұрақтар 4,4%-ын құрайды. Тұтастай алғанда, автомобиль жолдарының республикалық желісіндегі жалпы қажеттілік 400-ден астам кешенді сервис объектілерін құрайды. Бүгінгі күні барлық сервистік қызметтерді толығымен қамтитын 44 кешенді объекті ғана бар, бірақ сонымен бірге осы объектілер әртүрлі иеленушілердің меншігінде және дизайндары жағынан әртүрлі. Сонымен бірге, жол маңы сервис объектілерінің көп бөлігі қызмет көрсету сапасының ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақ олар халықаралық транзиттік тасымалдарды, сол сияқты ішкі сұранысты толыққанды қамтамасыз етуге қабілетсіз.
Қалыптасқан жағдай инвестициялық тартымдылықтың төмен болуына, капитал сыйымдылығының жоғары болуына және нақты коммерциялық тәуекелдерге байланысты. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан жол маңы сервисіне қатысты жүйелі саясат жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жол бойы сервисін дамытуды республикалық бюджет есебінен объектілер салу, сондай-ақ жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2020 жылға дейін бекітілген талаптар бойынша 260 объектіні салу жоспарлануда:
1) 17 сервис объектісі республикалық бюджет есебінен, оның ішінде 12-сі «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс» және «Орталық – Батыс» бағыттары бойынша жобалар шеңберінде, ал қалған 19-ы автожолдарды реконструкциялаудың басқа жобалары шеңберінде қаржыландырылады. Аталған сервис объектілерін Ұлттық оператор кейіннен сатып алу құқығымен жеке кәсіпкерлерге жалға береді;
2) 143 сервис объектісі – шағын және орта бизнесті тарту есебінен кешенді сервистерге топтастыру, сондай-ақ жаңаларын салу жоспарлануда;
3) 100 қолданыстағы объекті – брендингті дамыту мақсатында қолданыстағы объектілерді қайта құру, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Гелиос» ЖШС, «Газпромнефть Казахстан» ЖШС, «SinoOil» ЖШС сияқты ірі компанияларды, 60%-дан астам автомобиль жанар-жағармай құю станцияларын тарту есебінен салу жоспарланып отыр.
Кешенді сервис объектілері етіп өзгерту қазірдің өзінде жүргізілген инженерлік коммуникациялары бар (жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және т.б.) қолданыстағы объектілерді тамақтану, сауда, қонақ үйлер, кемпингтер және АЖС-тің жетіспей тұрған пункттерімен толықтырып жасақтайтындай жоспарланып отыр. Бұл ретте, барлық кешенді объектілер «А», «В», «С» санаттағы жол бойы сервисінің үлгі жобаларына сәйкес келетін болады.
2016 жылға дейін 55 сервис объектісін (21%), ал 2017 – 2018 жылдар кезеңінде – 85 объектіні (33%) және 2019 – 2020 жылдар кезеңінде – 120 объектіні (46%) салу және қайта құру жоспарлануда.
Сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің аталған секторын толыққанды үйлестіру тетігі үшін:
1) 2015 жылға дейін жол маңы сервисінің объектілерін дамытудың шектеулері мен әлеуетін зерттеу;
2) 2016 жылға дейін жол маңы сервисінің объектілерін орналастыру, салу және пайдалану (орналастыру тетігі, тәртібі және шарттары) мүмкіндігін қарастыру болжанады.
7-міндет. Жол секторындағы өзекті мәселелер бойынша мемлекет пен азаматтық қоғам мүдделерін жақындату.
Қазіргі уақытта жол-құрылыс жұмыстарының жобалары шеңберінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл заң жобаларын қоғамдық тыңдаумен және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберіндегі әлеуметтік іс-шаралармен шектеледі. Сонымен бірге, ашық үкімет тетіктерінің превентивтік сипаттамасы (блогтар, азаматтардың өтініштері, қоғамдық тыңдаулар) азаматтық қоғамды сындарлы үндесуге ынталандырмайды.
Тікелей өзара байланыстың болмауы табиғи монополиялар объектілеріне қатынасы бойынша «билік монополиясы» прецедентін құрайды. Аталған фактор перспективада биліктің қоғам қажеттіліктеріне қатысты сезімталдығын төмендетеді және соның салдарынан, ең алдымен автомобиль жолдарының пайдаланушыларына бағытталған толыққанды және құрылымдалған саясатты жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Аталған олқылықтарды өтеу үшін азаматтық қоғамның жол секторы көрсететін қызметтердің сапасын басқаруға тартылуын арттыру саясаты мемлекеттік органдардың «Кері байланыс» құру арқылы азаматтық қоғамның жол секторы көрсететін қызметтердің сапасын басқаруға тартылуын арттыруды көздейтін болады. «Автожол пайдаланушыларының қанағаттанушылығын шолу» деп аталатын шолулардың мақсаты пайдаланушылардың жол маңы инфрақұрылымын пайдалану және күтіп-ұстау, сондай-ақ оның коммерциялық секторының қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар сапасын қабылдауын бағалау болып табылады.
Инвестициялық ресурстарды және адами фактордың ықпалын төмендету үшін сапалы көрсеткіштерге кезең-кезеңімен ауыса отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қанағаттануын бағалау бойынша ақпараттық портал құру болжанады. Осыған байланысты 2015 жылы оның сапалық көрсеткіштерін автожолдарды ақаусыз күтіп-ұстау жүйесімен байланыстыра отырып, ақпараттық портал тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Аталған іс-шараның нәтижесі ретінде операторлар таза «техникалық» бағдардан көбінесе автожолдар пайдаланушыларының қолайлылығын ескеретін қызметтер көрсету мен тәсілді қолдануға бағдарланған инфрақұрылым элементтерінің мазмұнына көшеді.
Бұған қоса, Ұлттық оператор базасында әлеуметтік желілер (Twitter, Facebook, Mail.ru және т.б), блогтар және басқа ақпараттық арналар арқылы «кері байланыс» ұйымдастырылатын болады.
Сондай-ақ, ақпараттық вакуумды жою шеңберінде 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жол-құрылыс саласының жай-күйі туралы ведомстволық статистикалық ақпарат шығарылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |