Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»



бет4/6
Дата12.07.2016
өлшемі356 Kb.
#193009
1   2   3   4   5   6
5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ай сайын жібереді.

51. Резидент емес келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімінде экспортердің немесе импортердің алдындағы есепті айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті банк есептік айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын Ұлттық Банкке жібереді.

52. Уәкілетті банк Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оннан бастап елу мың АҚШ долларына дейінгі (қоса алғанда) сомаға жасалған және бір жүз мың АҚШ долларына дейінгі сомада тауар алып өту көздейтін (осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын ақша төлемі және (немесе) аударымы мониторингін жүзеге асырады. Егер есепті кезеңде осындай келісімшарттар бойынша экспортер немесе импортер алған немесе жіберген ақшаның жалпы сомасы баламасы бір жүз АҚШ долларынан асып кетсе, уәкілетті банк есептік айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін осы Қағидалардың 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша баламасы бір жүз АҚШ долларынан астам сомаға ақша төлемдері және (немесе) аударымдарын жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы ақпаратты Ұлттық Банкке жібереді.

53. Егер уәкілетті банк, оның ішінде келісімшартты есептік тіркеуден алу кезінде қолдағы бар келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы жөніндегі ақпаратта кеден органы ұсынған ақпаратпен айтарлықтай айырмашылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті банк және кеден органы келісімшарт бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.

Есептік тіркеуге қабылданған келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы бойынша ақпаратты уәкілетті банк және кеден органы жарты жылда бір реттен көп емес салыстырып тексеру жүргізілуі мүмкін.

Салыстырып тексеру нәтижесі уәкілетті банк және кеден органы басшыларының не тиісті өкілеттігі бар өзге де тұлғалар қол қойған жүктің кедендік декларациясының нөмірі мен күнін, тауардың шыққан күнін, келісімшарттың есептік нөмірі мен оны тағайындау күнін, кеден рәсімін көрсете отырып, келісімшарт бойынша салыстыру актісі түрінде ресімделеді.

Кеден органы Қағидалардың осы тармағына сәйкес салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру актісіне қол қояды немесе уәкілетті банкке анықталған айырмашылықтар туралы ақпарат жібереді.

  

7. Өтпелі ережелер



 

54. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мәміле паспортын ресімдеген келісімшарт есептік тіркеуге қабылданған деп саналады. Келісімшартқа есептік нөмірді тағайындау экспортердің немесе импортердің уәкілетті банкке өтініш беруіне орай не келісімшарт бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш бермей-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген тәртіппен бұрын ресімделген мәміле паспортының нөмірі мен күнін келісімшартқа ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Келісімшарт есептік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін мәміле паспорты бес күнтізбелік жыл бойы мұрағатта сақталады.

55. Мәміле паспорты 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресімделген және резиденттің резидент емеске 180 күннен астам мерзімге коммерциялық кредит беруге арналған лицензиясы бар келісімшарттар бойынша репатриациялау мерзімін экспортер немесе импортер есептейді және лицензияда белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімінің күнінен бастап 180 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті банкке ұсынады.

 

Қазақстан Республикасында



экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

1-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш

___________________________

(банктің атауы)

 

Жалпы құны (болжамды құны) _______________ (келісімшарттың валютасы көрсетіледі) экспортты немесе импортты (керегінің асты сызылады) көздейтін _______________ № ________________ келісімшартқа есептік нөмірін тағайындауды сұраймын.

 

Экспортер/импортер бойынша ақпарат:

 

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________

БСН/ЖСН

_______________________

 

 

Шетелдік сатып алушы (экспорт бойынша) немесе жеткізуші (импорт бойынша) туралы ақпарат:

 

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елі

______________________

_______________________

Репатриациялау мерзімі:

_______________________

 

 

Экспортер/импортер басшысының қолы

_______________________

 

_______________________

 

       (аты-жөні)

 

 

М.О.

Өтінішті қабылдау күні

________________

Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері _________________________________

_________________________________

 

 

1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау

 

1. «Банктің атауы» бағаны мыналарды ескере отырып, толтырылады:

егер келісімшартты есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банк болса, онда уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;

егер келісімшартты есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы болса филиалдың толық атауы көрсетіледі.

2. Жеке тұлғада ЖСН коды болмаған жағдайда, жеке тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көрсетіледі.

3. «Елі» бағанында шетелдік сатып алушының тұрған елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3 - 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушіге сәйкес көрсетіледі.

4. «Репатриациялау мерзімі» бағаны нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте репатриациялау мерзімінің күн саны көрсетіледі;

екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жыл саны көрсетіледі.

5. «Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері» бағаны келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметтік ақпаратына арналған.

 

Қазақстан Республикасында



экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

2-қосымша

 

 

1. Репатриациялау мерзімін есептеу тәртібі

 

1. Репатриациялау мерзімін есептеу мақсаты үшін күнтізбелік күн пайдаланылады, бұл ретте 30 күн мерзімі бір ай болып, 360 күн - бір жыл болып қолданылады.

2. Репатриациялау мерзімі резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындаудың ең ұзақ мерзімі ретінде есептеледі және нүктемен бөлінген екі бөліктен тұратын сандық код түрінде көрсетіледі:

бірінші бөлікте, егер репатриациялау мерзімі 360 күннен аз болса немесе асып кетсе, толық емес жыл бойынша күндер саны көрсетіледі;

екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жыл саны көрсетіледі.

3. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:

Егер келісімшарт бойынша тауарды Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізу көзделсе және экспортердің тауар жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тауарды кеден органдары шығарғаннан кейін тапсыру орнына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті бір жылдан аспауы тиіс мерзімді қоса отырып есептейді.

Егер келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы мен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің арасында тауарды өткізу көзделсе және экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасы шекарасынан өткеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімін келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзіміне тапсыру орнына дейін тауарды жеткізу үшін қажетті бір жылдан аспауы тиіс мерзімді қоса отырып есептейді.

Егер экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Қазақстан Республикасы шекарасынан өткенге дейін тапсыру болып табылса, экспортер репатриациялау мерзімі ретінде келісімшарт бойынша резидент еместің тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындауының ең ұзақ мерзімін көрсетеді.

Егер келісімшартта резидент еместің тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының әртүрлі шарттары көзделсе (экспортердің тауарды тиегенге дейін немесе жұмысты орындағаннан кейін (қызмет көрсетілгеннен кейін) тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуі немесе экспортердің тауарды тиегеннен кейін немесе жұмыстарды орындағаннан кейін, қызмет көрсетілгеннен кейін тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуі), экспортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауының келісімшартта белгіленген, экспортердің тауарды тиегеннен кейін немесе қызмет көрсетілгеннен кейін тауарға немесе жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу мерзімін қоса отырып есептейді.

Егер келісімшартта экспорт бойынша валюта түсімінің экспорт күні басталғанға дейін (резидент еместің алдын ала ақы төлеуі) не 180 күннен аспайтын мерзімде түсуі көзделсе, репатриациялау мерзімі 180 күн деп көрсетіледі.

4. Импорт бойынша репатриациялау мерзімі мынадай тәртіппен есептеледі:

Егер резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгеннен кейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін шетелдік жеткізушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауының ең ұзақ мерзіміне пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін қосу (ол келісімшартта болған жағдайда) арқылы есептейді.

Егер келісімшарт бойынша тауарды Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізу және резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемені орындауының келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу үшін және кеден органдарының тауарды шығару үшін қажетті мерзімін (бір жылдан аспауы тиіс), пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта болған жағдайда) қосу арқылы есептейді.

Егер келісімшарт бойынша тауардың Қазақстан Республикасы мен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің арасында өткізілуі және резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізгенге дейін тауарды тапсыру болып табылса, импортер репатриациялау мерзімін резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемені орындауының келісімшарт бойынша ең ұзақ мерзіміне тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізуге қажетті мерзімді, пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімін (ол келісімшартта бар болса) қосу арқылы есептейді.

Егер келісімшартта резидент еместің тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерін орындаудың әртүрлі талаптары (тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғанға дейін тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарға төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылғаннан кейін тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін келісімшартта көзделген резидент еместің тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша міндеттемесін тауарға төлем жүргізгеннен және (немесе) ақша аударғаннан кейін орындау мерзімін ескере отырып, есептейді.

Егер келісімшартта тауарды жеткізу немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету төлем жүргізгенге дейін және (немесе) ақша аударғанға дейін (резидент еместің тауарды алдын ала жеткізуі немесе алдын ала жұмыстарды жүргізуі, қызметтерді көрсетуі) не төлем жүргізген және (немесе) ақша аударған күннен кейін 180 күннен аспайтын мерзімде көзделсе, импортер репатриациялау мерзімін 180 күн деп көрсетеді.

Егер келісімшартта тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізу көзделсе, импорт үшін репатриациялау мерзімін импортер тауарды әкелу туралы және Қазақстан Республикасы Салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар жанама салықты төлегені туралы өтінішті алу мерзімін ескере отырып есептейді, ол 180 күннен аспауы тиіс.

 

 

2. Экспорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеудің мысалдары

 

1) Келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара - экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Резидент еместің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Кеден органдары тауарды шығарған күні мен резидент еместің тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада өткізу күні арасындағы экспортер болжайтын мерзім (тауарды өткізу фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса есептей отырып) - 30 күн.

Есеп: 210 күн + 30 күн = 240 күн, яғни 240 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 240.00 деп көрсетеді;

2) Келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекетінің аумағында орналасқан қалада табыс еткеннен кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарға ақы төлеуі: ішінара - алдын-ала ақы төлеу, ішінара - экспортер тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу арқылы. Резидент еместің тауарға ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Қазақстан Республикасы шекарасынан тауарды өткізу күні мен тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада резидент емеске тапсыру күні арасындағы экспортер болжайтын (тауарды табыс ету фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді есептегенде) мерзімі - 10 күн.

Есеп: 210 күн +10 күн = 220 күн, яғни 220 күн, 00 жыл.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 220.00 деп көрсетеді;

3) келісімшартқа сәйкес экспортердің тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент емес тауарға ақы төлеуді экспортер тауарды тиегеннен кейін жүзеге асырады. Тауарға ақы төлеудің ең ұзақ мерзімі - 210 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 210.00 деп көрсетеді;

4) келісімшартқа сәйкес резидент емес тауарға алдын ала ақы төлеуді толық көлемде жүзеге асырады.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;

5) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарға немесе жұмыстарға, қызмет көрсетулерге ақы төлеуінің ең ұзақ мерзімі - 160 күн.

Экспортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді.

 

 

3. Импорт бойынша репатриациялау мерзімін есептеудің мысалдары

 

1) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды табыс еткеннен кейін орындалды деп есептеледі. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 800 күн. Резидент еместің тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада табыс ету күні (тауарды тапсыру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса алғанда) мен кеден органдарының тауарды шығару күнінің арасындағы импортер болжайтын мерзім - 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада тауарды тапсыруды болжамдалған күнінен бастап - 100 күн.

Есеп: 800 күн + 70 күн + 100 күн = 970 күн, яғни 250 күн, 02 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 250.02 деп көрсетеді;

2) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тауарды тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 800 күн. Резидент еместің тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тапсыру күні (тауарды тапсыру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса алғанда) мен тауарды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу күнінің арасында импортер болжайтын мерзім - 30 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - тауарды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан қалада тапсырудың болжамдалатын күнінен бастап - 100 күн. Қазақстан Республикасы Салық органының жанама салықтардың төленгені туралы белгісі бар жанама салықты төлегені туралы өтінішті алудың мерзімі - 180 күн.

Есеп: 800 күн + 30 күн + 100 күн + 180 күн = 1110 күн, яғни 030 күн, 03 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 030.03 деп көрсетеді;

3) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі Кеден одағының аумағынан тыс орналасқан қалада тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударылғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 210 күн. Кеден органдарының тауарды шығару күні мен резидент емес тауарды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқан қалада табыс еткен күні (тауарды тапсыру фактісін ресімдеу үшін қажетті мерзімді қоса алғанда) арасындағы импортер болжайтын мерзім - 70 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі белгіленбеген.

Есеп: 210 күн + 70 күн = 280 күн, яғни 280 күн, 00 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 280.00 деп көрсетеді;

4) келісімшартқа сәйкес, резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі - 100 күн.

Есеп: 100 күн + 100 күн = 200 күн, яғни 200 күн, 00 жыл.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 200.00 деп көрсетеді;

5) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізу бойынша міндеттемесі тауарды Алматы-1 станциясында тапсырғаннан кейін орындалды деп саналады. Резидент еместің тауарды жеткізуі, ішінара - алдын ала жеткізу арқылы, ішінара - тауарға төлем жүргізілгеннен кейін және (немесе) ақша аударғаннан кейін. Резидент еместің тауарды жеткізуінің ең ұзақ мерзімі - 100 күн. Пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі анықталмаған.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;

6) келісімшартқа сәйкес резидент емес тауарды алдын ала жеткізуді немесе жұмыстарды алдын ала орындауды, алдын ала қызмет көрсетуді толық көлемде жүзеге асырады.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді;

7) келісімшартқа сәйкес резидент еместің тауарды жеткізуінің немесе жұмыстарды орындауының, қызмет көрсетуінің ең ұзақ мерзімі - 160 күн.

Импортер «Репатриациялау мерзімі» бағанында 180.00 деп көрсетеді.

 

Қазақстан Республикасында



экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет