Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»



бет3/6
Дата12.07.2016
өлшемі356 Kb.
#193009
1   2   3   4   5   6
4-қосымшаның нысаны бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкіне жібереді. Келісімшартты есептік тіркеу банкінің Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 35-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісімшарт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін импортер мен резидент үшінші тұлға арасындағы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты жіберуі талап етілмейді.

Келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарт бойынша үшінші тұлғалардың банктері жүзеге асырған төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын ескере отырып, келісімшарт бойынша репатриация талаптарының орындалуына бақылау жасайды.

Келісімшарт есептік тіркеуден шығарылған кезде келісімшартты есептік тіркеу банкі үш жұмыс күні ішінде үшінші тұлғаның банкіне келісімшарттың есептік нөмірін және оны беру күнін көрсете отырып, келісімшарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы еркін нысандағы хабарлама жібереді.

37. Келісімшартты есептік тіркеу банкі есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша бақылауды вексель ұстаушылар болып табылатын экспортерден немесе импортерден мынадай құжаттарды:



1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға вексельді өтеген кезде ол бойынша төлемақы келіп түскен жағдайда, осы төлемді растайтын құжаттарды (акцептелген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

2) экспортер немесе импортер есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда, вексельдің жүргізілген есебін, яғни дисконтты шегере отырып немесе дисконтсыз экспортерге немесе импортерге вексель сомасын төлегенін растайтын құжаттарды (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда, вексель бойынша құқық берілген тұлғамен жасалған келісімшартты, тиісті ауыспалы жазуы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесін, осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттарды (есептік нөмірі бар келісімшартты, тауар декларациясын және басқаларын) алғанға дейін (экспортердің немесе импортердің вексельді пайдалануына байланысты) жүзеге асырады.

Вексель бойынша ақша басқа уәкілетті банкке түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банкке ақшаны келісімшартты есептік тіркеу банкіне аударуды тапсырады.

Егер вексель беруші импортер болып табылса және импорт жөніндегі келісімшарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген болса, онда келісімшарт осы вексель үшін ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылануы тиіс, бұл ретте вексель сомасы келісімшарттың жалпы сомасынан аспауы керек. Есеп айырысулардың вексельді нысанындағы импорт жөніндегі келісімшарт бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылса, онда келісімшарт импортерге тауарларды жеткізген күнге дейін есептік тіркеуден алынбайды.

Есеп айырысулардың вексельді нысанын көздейтін келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты есептік тіркеу банкі Қағидалардың осы тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес жібереді.

38. Экспортер немесе импортер резидент емеске келісімшарт бойынша қойылатын талап ету құқығын резидентке берген кезде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) егер резидент емеске келісімшарт бойынша қойылатын талап ету құқығы берілген резидентте талап ету құқығын беру нәтижесінде резидент емеске қойылатын талап ету сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, резидент осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен резиденттің банк шотына қызмет көрсететін банктен талап ету құқығын беру туралы шартқа есептік нөмір алады;

2) шартқа есептік нөмір берілгені туралы резидент банкінің белгісі бар осы талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі шарттың негізінде келісімшартты есептік тіркеу банкі экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талаптарының басқаға беру сомасына азайтылған сомасына келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуына бақылауды жалғастырады.

Келісімшартты есептік тіркеу банкі және талап ету құқығын беру туралы шартты есептік тіркеу банкі осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке жіберілетін ақпаратта тиісінше келісімшарт пен шарт жөнінде көрсете отырып, талап ету құқығын беру сомасын көрсетеді.

Талап ету құқығын беру туралы шарт бойынша бақылауды резидент банкі егер де талап ету құқығын беру туралы шартта резидент еместің резидент алдындағы міндеттемелерінің орындалу мерзімі көзделмесе, келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімін ескере отырып жүзеге асырады.

39. Бір жылға және одан да көп мерзімге Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге байланысты тауарларды өңдеуді көздейтін жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға арналған келісімшарт бойынша егер де келісімшартта жұмыстардың (қызметтердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не келісімшартта жұмыстардың (қызметтердің) импорты көзделсе, онда импорт бойынша келісімшарттың есептік нөмірі беріледі.

40. Келісімшартты есептік тіркеу банкі таратылған жағдайда банктің тарату комиссиясы:

банк клиенттеріне - экспортерлер мен импортерлерге осы Қағидалардың 43-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келісімшарттарды есептік тіркеуден шығару қажеттілігі туралы өкілеттіктер қабылданған кезден бастап үш ай ішінде хабарлауды;



келісімшарттарды экспортерлердің немесе импортерлердің өтініштері негізінде осы Қағидаларға сәйкес есептік тіркеуден алуға;

Ұлттық Банкке келісімшарттардың есептік тіркеуден алынғаны туралы ақпаратты осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес электрондық түрде немесе жазбаша нысанда жіберуді;



тарату өндірісінің барлық мерзімі ішінде валюталық бақылауда болған келісімшарттар бойынша істердің сақталуын және бес жұмыс күні ішінде ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты келісімшартты есептік тіркеген жаңа банкке не Ұлттық Банкке олардың жазбаша сұрау салуының негізінде ұсынуды қамтамасыз етеді.

41. Осы Қағидалардың 43-тармағының 1)-3), 6), 12)-14), 19)тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша есептік тіркеуден бұрын шығарылған келісімшартты есептік тіркеуге қайта қабылдау туралы экспортердің немесе импортердің өтініші бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшартқа жаңа есептік нөмір бермей, есептік тіркеуді қайта бастайды.



 

5. Келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерінің аяқталу шарттары



 

42. Келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері аяқталғаннан кейін келісімшартты есептік тіркеуден шығарады.

Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген негіздемелер бар болған жағдайда, келісімшартты есептік тіркеуден шығаруды келісімшартты есептік тіркеу банкі экспортердің немесе импортердің келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы оны есептік тіркеуге алған күннен бастап бір жыл ішінде болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 43-тармағы бірінші бөлігінің 5)-8), 15), 16), 20) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісімшартты есептік тіркеуден шығару экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішін алмай-ақ жүзеге асырылады. 43-тармақтың бірінші бөлігінің 5), 7), 8), 15), 16), 20) тармақшаларында көзделген жағдайларда Ұлттық Банктің филиалы экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелу орны бойынша осы Қағидаларға сәйкес алынған ақпарат негізінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне келісімшартты есептік тіркеуден алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Есептік тіркеуден шығарылған келісімшарт бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі істер келісімшартты есептік тіркеу банкінде келісімшартты есептік тіркеуден шығарған күннен бастап күнтізбелік бес жыл ішінде сақталады.

43. Келісімшартты есептік тіркеуден алу үшін мыналар негіздемелер болып табылады:



1) келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада берешегінің қалдығы болуы, оның ішінде жеңілдікті, есепке алуды ұсыну арқылы, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік орган актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін емес жағдайда міндеттемелердің тоқтатылуын растайтын құжаттар және экспортердің немесе импортердің тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған жағдайда;

2) импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған жағдайда, бұрын алынған тауарларды резидент емеске не пайдаланылмаған авансты импортерге қайтару;

3) резидент емес тауарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиеп жөнелтілген тауарларды қайтару не экспортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтатылуы туралы жазбаша растауы болған кезде экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспорт бойынша келісімшарттың ақысына экспортер алған валютаны резидент емеске қайтару;

4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдында міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдында өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент еместің тарапынан наразылықтардың жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;

5) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты мекен-жайға кетуі туралы уәкілетті органның растамасы;

6) келісімшарт мерзімінің аяқталуы және тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде тараптар міндеттемелерді балама орындаған немесе резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын қалдық берешегі болған жағдайда келісімшарт бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;

7) резидент еместі тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шет мемлекеттің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

8) экспортердің немесе импортердің таратылуы (құқықтық мирасқоры болмаған жағдайда);

9) резидент еместің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемдерін алуы;

10) экспортердің немесе импортердің банктік шотына шарт шеңберінде ақша талап етуін (факторинг) беруді қаржыландыруға ақшаның түсуі;

11) келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;

12) уәкілетті банктің тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің елу мың АҚШ долларына балама болатын сомадан аспайтын берешек қалдығы болған кезде келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортер шығарған резидент емес ұсынған вексельді есепке алуы;

13) экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынылған осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда аударуы;

14) растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстыру актісі, тауарларды қабылдау-өткізу актісі, тауардың ілеспе құжаттары және т.б.) және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда, осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес, экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талап ету құқықтарын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;

15) құқықтық мұрагері жоқ болған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болуы;

16) келісімшартты жеке есепке жатқызған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін;

17) экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын ескере отырып, экспортерге немесе импортерге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкін өзгертуі;



18) келісімшартқа Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін тауар өткізуді алып тастайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

19) келісімшарт бойынша ақша және тауар қозғалысының болмауы;

20) осы Қағидалардың 5-тармағына cәйкес белгіленген репатриация мерзімі ескеріле отырып, резидент еместің резиденттің алдындағы келісімшарт бойынша берешектің барлық сомасын өтеу бойынша резиденттің пайдасына соттың немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінің болуы;



21) олардың арасында болған бастапқы міндеттемелерді орындау мәнін немесе тәсілін көздейтін сол тұлғалар арасындағы басқа міндеттемелермен ауыстыра отырып резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін тоқтату.

Тараптардың қатынастарын аяқтау мақсатында берешектің қалдық сомасына келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған немесе Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 1), 6), 7) немесе 20)тармақшалары негізінде есептік тіркеуден алынған келісімшарт бойынша ақшаны қайтарған жағдайда келісімшартқа есептік нөмірді жаңарту қажет етілмейді.

44. Есептік нөмірлері бар келісімшарттар:



1) келісімшартты есептік тіркеу банкі тарапынан одан әрі бақылануға жататын келісімшарт бойынша өзге операциялар болмаған жағдайда, қылмыстық іс немесе әкімшілік іс шеңберінде келісімшарт бойынша жүргізілген операциялар бойынша репатриациялау талаптарын бұзғаны үшін шешім қабылданған;

2) мемлекеттік тіркелген орны бойынша экспортердің немесе импортердің болмауы жағдайларда экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жеке есепке алынуы тиіс.

Ұлттық Банктің филиалы келісімшарттың есептік нөмірін көрсете отырып жекелеген есепке жатқызу туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне хабарлайды.

Ұлттық Банктің филиалы жекелеген есепке жатқызылған келісімшарттар бойынша экспортерден немесе импортерден жыл сайын репатриациялау талаптарын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады. Егер экспортердің немесе импортердің орналасқан жері анықталмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, салық органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне қарай экспортердің немесе импортердің қызметі және (немесе) оның орналасқан жері туралы сұрату жібереді.

Келісімшарт бойынша операцияларды жаңартқан жағдайда оны жеке шотқа жатқызған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін келісімшарт жеке есептен алынады.

Келісімшарт жеке есепке алынған күннен бастап үш жыл аяқталған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 43-тармағының бірінші бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес келісімшартты есептік тіркеуден алу мүмкін екендігі туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне хабарлайды.

 

 

6. Репатриациялау талабының орындалуын бақылау мақсаттары үшін келісімшарттар бойынша ақпарат алмасу



 

45. Осы тармаққа және осы Қағидалардың 46-52-тармақтарына сәйкес ақпарат алмасу уәкілетті банктер, Ұлттық Банк, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және кеден ісі саласындағы уәкілетті органдар арасында электрондық түрде жүзеге асырылады.

Ұлттық Банк ақпарат алмасу форматтарын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және кеден ісі саласындағы уәкілетті органдармен, сондай-ақ уәкілетті банктермен келіседі.

Уәкілетті банк Ұлттық Банкке бұрын осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес жіберілген ақпаратқа Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматтарға сәйкес ақпарат жіберілген күннен бастап алты айдың ішінде электрондық түрде түзетулер енгізеді.

46. Уәкілетті банк келісімшартқа есептік нөмір тағайындау, келісімшартқа есептік нөмір тағайындалған немесе келісімшартты есептік нөмірден шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.



Уәкілетті банктің осы Қағидалардың 5-қосымшасының нысаны бойынша бұрын жіберген келісімшарт бойынша ақпаратты өзгертетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, уәкілетті банк келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді растайтын құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке жібереді.

47. Уәкілетті банк осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалғандығы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде жібереді:



ақша төлемін және (немесе) аударымын төлем карточкаларын пайдаланбай-ақ экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы жүзеге асыру арқылы есептік айдағы келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда - есептік айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде;

ақша төлемін және (немесе) аударымын төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыру және (немесе) келісімшарттар бойынша міндеттемелерді өзге тәсілмен орындау арқылы келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда - экспортердің немесе импортердің не келісімшартты келісімшартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банктің растау ақпараттарын және (немесе) құжаттарын ұсынған айдағы келесі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде.

Келісімшарттар бойынша есеп айырысулардың аккредитивтік нысаны не банк кепілдігін орындау жағдайында импорт бойынша деректер шетелдік жеткізушінің пайдасына ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыру кезінде көрсетіледі.

Егер аккредитив немесе кепілдік беру келісімшартты есептік тіркеу банкінде ресімделмеген жағдайда, аккредитивті немесе кепілдік беруді ресімдеген уәкілетті банк:

егер орындаушы банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

егер орындаушы банк шетелдік банк болып табылса, ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.

48. Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті банктерден есептік тіркелуге тиісті келісімшарттар бойынша алынған келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысан бойынша күн сайын жібереді.



Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Ұлттық Банктен есептік тіркелуге тиісті келісімшарттар бойынша алынған келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпаратты келісімшарттың есептік нөмірін жүк кеден декларациясында көрсетілген нөмірге сәйкестігін тексеру үшін күн сайын кеден органдарына жібереді.

49. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бірінші күніне дейінгі мерзімде, Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есептік айдағы келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты жібереді.



Ұлттық Банк кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан есептік айдағы келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша тауар қозғалысы туралы ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы ақпаратты келісімшартты есептік тіркеу банктеріне жібереді.

50. Ұлттық Банк салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға уәкілетті банктерден келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша алынған ақпаратты осы Қағидалардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет