Келісімшарттарды тіркеу журналы
______________________________ келісімшартты есептік тіркеу банкінің атауы
_____жылы басталды
_____ жылы аяқталды
№
|
Келісімшарттың есептік нөмірін беру күні
|
Экспортердің немесе импортердің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Келісімшарттың деректемелері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
1. Келісімшарттың есептік нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген мынадай төрт бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлігінде келісімшарт экспорт бойынша болса «1» белгісі көрсетіледі, егер келісімшарт импорт бойынша «2» белгісі көрсетіледі;
Толтыру бойынша нұсқауда:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) екінші бөлікте Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7960 тіркелген, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес Ұлттық Банк беретін келісімшартты есептік тіркеу банкінің үш мәнді коды көрсетіледі;
3) үшінші бөлігінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің уәкілетті банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт цифрдан тұратын коды көрсетіледі;
4) төртінші бөлігінде келісімшарттарды тіркеу журналына сәйкес экспорт немесе импорт бойынша келісімшарттың реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Келісімшарттарды тіркеу журналын есептік тіркеу банкі экспорт және импорт бойынша жеке жылдан жылға жүйелі түрде жүргізеді.
Келісімшарттарды тіркеу журналының 1-бағанында келісімшарттың күнтізбелік жыл ішіндегі реттік нөмірі көрсетіледі. Бұл реттік нөмір келісімшарттың есептік нөмірінің төртінші бөлігін айқындайды.
Егер келісімшарттарды тіркеу журналы қағаз тасымалдауышта жүргізілсе аяқталғаннан кейін журналға келісімшартты есептік тіркеу банкінің басшысы не өзге де тиісті өкілеттіктері бар тұлға қолын қояды және ол келісімшартты есептік тіркеу банкінің мұрағатында сақталады.
Егер келісімшарттарды тіркеу журналы электрондық түрде жүргізілген жағдайда күнтізбелік жыл аяқталған соң журналға келісімшартты есептік тіркеу банкі басшысының не өзге де тиісті өкілеттіктері бар тұлғаның электрондық цифрлық қолы қойылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
4-қосымша
«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Есепті кезең: _______жылғы__________ай
Индекс: EICC__1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынады: уәкілетті банк
Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк
Ұсыну мерзімі:
төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдаланбай экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттары арқылы жүзеге асыру жолымен есепті айда келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда - есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде;
төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкаларын пайдаланып және (немесе) өзге тәсілмен жүзеге асыру арқылы келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда - экспортердің немесе импортердің не келісімшартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банктің растау ақпаратын және (немесе) құжаттарды ұсынған айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде
Нысан
Уәкілетті банктің БСН__________________________________
№
|
Келісім-шарттың есептік нөмірінің деректемелері
|
Жіберуші
|
№
|
Күні
|
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
БСН
|
ЖСН
|
Белгісі - заңды тұлға немесе жеке тұлға
|
Елі
|
Облыстың коды
|
Резиденттік коды
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Алушы
|
Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелерді орындаудың өзге тәсілдері туралы ақпарат
|
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
БСН
|
ЖСН
|
Белгісі заңды тұлға немесе жеке тұлға
|
Елі
|
Облыстың коды
|
Резиденттік коды
|
Күні
|
Сомас ы мың бірлік пен
|
Есеп айырысу валютасы
|
Есеп айырысу тәсілінің коды
|
Белгісі шығыс, кіріс
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20____ жылғы_______________«______»
___________________________________
(қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы)
Мөр орны
(ол болған кезде)
«Келісімшарттың есептік нөмірі бар
келісімшарт бойынша міндеттемелердің
орындалуы туралы ақпарат» әкімшілік
деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша
«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме «Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес әзірленген.
3. Уәкілетті банк Нысанды толтыру кезінде тауарларға арналған декларациялардан басқа, келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, міндеттемелерді орындаудың өзге тәсілдері бойынша қолданыстағы деректерді пайдаланады.
2. Нысанды толтыру
4. 2, 3-бағандарда келісімшарттың есептік нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі.
5. 3, 18-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
6. «Жіберуші», «Алушы» деген бағандарда Одақтың кеден аумағы ішінде тауарларды жеткізу туралы ақпарат жіберген кезде тиісінше экспортер немесе импортер туралы мәлімет көрсетіледі.
7. 5, 12-бағандар, егер 7, 14-бағандарда «1» белгісі көрсетілсе, жіберушінің немесе алушының БСН көрсету арқылы толтырылады.
8. 5, 6, 12, 13-бағандар, егер жіберуші немесе алушы резиденттер болып табылса, толтырылады.
9. 6, 13-бағандар, егер 7, 14-бағандарда «2» белгісі көрсетілсе, жіберушінің немесе алушының ЖСН көрсету арқылы толтырылады.
10. 7, 14-бағандарда, егер жіберуші немесе алушы заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, «1» белгісі көрсетіледі немесе жіберуші немесе алушы жеке тұлға болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.
11. 8, 15-бағандар ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеуіштерін пайдалана отырып толтырылады.
12. 9, 16-бағандарда (егер жіберуші немесе алушы резидент болса) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес жіберушінің немесе алушының облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
13. 10, 17-бағандар төлем мақсатының бірыңғай жіктеуішінің мемлекеттік жіктеуіштің мақсаты үшін пайдаланылатын резиденттік анықтамасына сәйкес толтырылады.
14. 20-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар» мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.
15. 21-баған мынадай жіктеуішті ескере отырып толтырылады:
«11» - аккредитив шеңберінде төлем және (немесе) ақша аударымы;
«12» - банк кепілдігі шеңберінде төлем және (немесе) ақша аударымы;
«13» - экспорт бойынша алдын ала ақы төлеу (импорт бойынша алдын ала жеткізу);
«14» - экспорт бойынша тауар тиелгеннен кейін ақы төлеу (импорт бойынша тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу);
«20» - Одақтың кеден аумағы ішінде тауарларды өткізу;
«29» - міндеттемелерді өзге тәсілмен орындау.
«13» және «14» есеп айырысу тәсілінің коды төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген күні келісімшарт бойынша нақты орын алған жағдайды негізге ала отырып көрсетіледі.
«29» есеп айырысу тәсілінің коды есепке алу, резидент еместен талап ету құқығын басқа резидентке беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару, вексельді беру, бағалы қағаздарды беру, жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету), келісімшарт бойынша резидент емес міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемін алуды қоса алғанда, келісімшарт бойынша «11», «12», «13», «14», «20» кодтары көрсетілмеген есеп айырысу тәсілдерін пайдаланған кезде көрсетіледі.
16. 22-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1-шығыс (яғни шетел сатып алушысының немесе шетел жеткізушінің пайдасына міндеттемелерді орындау) және 2-кіріс (яғни экспортердің немесе импортердің пайдасына міндеттемелерді орындау).
17. «Қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы», «Мөр орны (ол болған кезде)» деген бағандар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
5-қосымша
«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Есепті кезең:______жылғы __________(күні)______(айының)
Индекс: ЕІСС_2
Кезеңділігі: күн сайын
Ұсынады: уәкілетті банк
Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк
Ұсыну мерзімі - он жұмыс күнінен кешіктірмей:
келісімшартқа есептік нөмір берген немесе келісімшартты есептік тіркеуден алған күннен кейін;
уәкілетті банк келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін
Нысан
_____________(жылғы)_____________(күні)_____________(айының)
Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат
Уәкілетті банктің БСН________________________________________________
№
|
Келісімшартты есептік тіркеу немесе мәміле паспортының деректемелері
|
Экспортер немесе импортер жөніндегі ақпарат
|
Мәміле паспортының деректемелері
|
Келісімшарттың есептік нөмірі
|
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
БСН
|
ЖСН
|
Белгісі - заңды тұлға немесе дара кәсіпкер
|
Облыс коды
|
№
|
Күні
|
№
|
Күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Келісімшарт бойынша ақпарат
|
Резидент емес
|
Репатриация лау мерзімі
|
Келісімшартты есептік тіркеуден алу
|
Белгісі - экспо рт немес е импорт
|
Нөмірi
|
Күні
|
Келісімша рт сомасы мың бірлікпен
|
Келісімшарттың валютасы
|
Атауы немес е тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
Елі
|
күні
|
негіздеме
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20_____жылғы «______»__________________________
_______________________________________________
(қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде) және қолы)
Мөр орны
(ол болған кезде)
«Келісімшарттың есептік нөмірі бар
келісімшарт бойынша ақпарат» әкімшілік
деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша
«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме «Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес әзірленген.
3. Уәкілетті банк Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеуге қабылданған келісімшарттар бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.
2. Нысанды толтыру
4. Есептік тіркелуге тиіс келісімшарттар бойынша ақпарат жіберілген кезде 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандар толтырылады.
5. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына, келісімшарттың сомасы мен валютасына әсер ететін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы ақпаратты жіберген кезде 4, 5-бағандар, сондай-ақ мәліметтері нақтылауға жататын бағандар толтырылады.
6. Осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жағдайда, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандар толтырылады. 2 және 3-бағандарда мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі.
7. Келісімшартты есептік тіркеуден алу туралы ақпарат жіберілген кезде 4, 5, 19, 20-бағандар толтырылады.
8. 3, 5, 13, 19-бағандар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
9. 7-баған, егер 9-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеуішінің коды (бұдан әрі - КҰЖЖ) көрсетіледі.
10. 8-баған, егер 9-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда, экспортер немесе импортер салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көрсетіледі.
11. 9-бағанда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, «1» белгісі көрсетіледі және егер экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.
12. 10-бағанда ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы 2 цифрі көрсетіледі.
13. 11-баған мынадай белгілерді ескере отырып толтырылады: 1 - егер келісімшарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісімшарт импорт бойынша болса.
14. 12-баған келісімшарттың нөмірін көрсету арқылы келісімшарттың осындай деректемесі болған кезде толтырылады.
15. 14, 16-бағандарда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеуішке сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.
16. 17-бағанда шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеуіштеріне сәйкес көрсетіледі;
17. 18-бағанда экспортер немесе импортер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеген репатриациялау мерзімі көрсетіледі
18. 20-баған мынадай жіктеуіш ескеріле отырып толтырылады:
1 - тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы не талабынан бас тартқаны үшін төлем төленген, өзара есепке алынған, борышқор мен кредитордың бір тұлға болған, міндеттемелерді орындауға мүмкіндік болмаған, мемлекеттік органның актісі шыққан жағдайларында, экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттар болған кезде міндеттемелердің тоқтатылуы;
2 - импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емеске бұрын алынған тауарларды қайтару не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;
3 - экспортер осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емес тауарға ақы төлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиелген тауарларды қайтару не экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда экспортер экспорт бойынша келісімшарттың төлемі бойынша алған валютаны резидент емеске қайтару;
4 - экспортер немесе импортер резидент еместің алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент емес тарапынан талабы жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;
5 - дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударуы туралы уәкілетті органының растауы;
6 - тараптардың міндеттемелерін баламалы орындауы немесе резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы шартымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күнінен бастап бір жыл ішінде келісімшарт бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;
7 - резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шетел мемлекетінің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;
8 - құқықтық мирасқоры болмаған жағдайда, экспортерді немесе импортерді тарату;
9 - резидент емес міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;
10 - ақшалай талап етуді бере отырып (факторинг) қаржыландыру шарты шеңберінде экспортердің немесе импортердің банк шотына ақша түсуі;
11 - келісімшартты есептік тіркеу банктің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;
12 - тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешегінің қалдығы болған кезде резидент емес ұсынған, келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортердің шығарған векселін уәкілетті банктің есепке алуы;
13 - экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент еместің алдындағы борышын резидент еместің келісімін растайтын құжаттардың негізінде басқа тұлғаға аударуы және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынылған жазбаша өтініші болған кезде;
14 - растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актісі, тауарларды қабылдау-тапсыру актісі, тауарға ілеспе құжаттар және тағы басқалар) және экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 38-тармағын ескере отырып, осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;
15 - өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болғандығы, қайтыс болған деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуы туралы мемлекеттік органның немесе өзге уәкілетті органның құжаты болуы;
16 - келісімшартты жеке есепке алуға жатқызған күнінен бастап үш жыл өтуі;
17 - экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 32-тармағын ескере отырып экспортерге немесе импортерге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкін ауыстыруы;
18 - келісімшартқа экспорт немесе импорт үшін тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізуге жол бермейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
19 - келісімшарт бойынша ақша мен тауар қозғалысының болмауы;
20 - осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, резидент еместің келісімшарт бойынша резидент алдындағы барлық берешек сомасын өтеу бойынша резиденттің пайдасына сот немесе өзге де мемлекеттік органның, төреліктің шешімі болуы;
21 - сол тұлғалардың арасындағы бар бастапқы міндеттемені өзге нысананы немесе өзге орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемеге ауыстырумен резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін тоқтату.
19. Ұлттық Банк осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес есептік тіркеуге жататын келісімшарттар бойынша ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жіберген кезде 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12, 13, 19 және 20-бағандарда көрсетілген мәліметтер жіберіледі.
20. «Қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы», «Мөр орны (ол болған кезде» деген бағандар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 6-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды
жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және
импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына
6-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |