Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы (2015. 17. 09. берілген өзгерістермен) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»


«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат»



бет5/5
Дата08.07.2016
өлшемі430 Kb.
#185785
1   2   3   4   5

«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат»

әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

 

 Есепті кезең: __________жылғы_____________ай



 

Индексі: ЕІСС__3

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: мемлекеттік кірістер органы

 

Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк



 

Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін



 

Нысан


 

Тауарларға арналған декларадиядағы тауардың нөмірі

Келісімшарттың есептік нөмірінің деректемелері

Белгісі - экспорт немесе импорт

Келісімшарттың деректемелері

Экспортердің немесе импортердің деректемелері



Күні

Нөмірі

Күні

БСН

ЖСН

Белгісі - заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Тауарларға арналған декларацияның нөмірі

Тауарларға арналға н декларацияда көрсетілген кедендік рәсім

Тауар шығарылған күн

Тауардың мәртебесі

Тауар мәртебесін өзгертк ен күн

Тауардың құны

Статистикалық

Фактуралық

Жеткізу валютасы

Валюта бағамы

10

11

12

13

14

15

16

17

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20____жылғы «______»___________________________

_______________________________________________

 (қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

 (ол болған кезде)

Мөр орны


 

«Келісімшарттың есептік нөмірі бар

келісімшарттар бойынша тауарлардың

қозғалысы туралы ақпарат» әкімшілік

деректерді жинауға арналған нысанға

қосымша


 

 

«Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат»

 әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы түсіндірме «Келісімшарттардың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.



2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.

3. Мемлекеттік кірістер органы Нысанды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде жібереді.

4. Мемлекеттік кірістер органы Нысанды толтыру кезінде келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша ресімделген тауарларға арналған декларациялар жөніндегі қолда бар деректерді пайдаланады.

 

 



2. Нысанды толтыру

 

5. 1-бағанда тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі көрсетіледі, 2 және 3-бағандарда келісімшарттың есептік нөмірі және ол берілген күн көрсетіледі.



6. 3, 6, 12-бағандар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

7. 4-баған мынадай белгілерді ескере отырып толтырылады: 1 - егер келісімшарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісімшарт импорт бойынша болса.

8. 5-баған келісімшарттың нөмірі бар болған кезде келісімшарттың осындай деректемесін көрсету арқылы толтырылады.

9. 7-баған, егер 9-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады.

10. 8-баған, егер 9-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады.

11. 9-бағанда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, «1» белгісі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.

12. 11-баған мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелері Одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсатында пайдаланатын жіктегішке сәйкес кеден рәсімінің цифрлық белгісін көрсете отырып толтырылады.

13. 14-бағанда тауардың мәртебесін өзгерткен күн көрсетіледі.

14. 15-бағанда тауардың статистикалық құны АҚШ доллары бірлігімен көрсетіледі.

15. 16-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі.

16. 17-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеуішке сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

17. 18-бағанда фактуралық құнға қайта санау үшін пайдаланылған және тауарларға арналған декларацияда көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

18. «Қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы, «Мөр орны» деген бағандар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

7-қосымша

 

 

«№_______/________/______банктік бақылаудың жеке карточкасы


(есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан


Есепті кезең: ______ жылғы ________ ай

 

Индексі: ЕІСС___4



Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: уәкілетті банк

 

Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк



 

Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде



 

Нысан


 



Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10

 

2.

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат:

20

 

3.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

21

 

4.

БСН

22

 

5.

ЖСН

23

 

6.

Белгісі - заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

24

 

7.

Мекенжайы

25

 

8.

Облыстың коды

26

 

9.

Келісімшарттың есептік нөмірінің немесе мәміле паспортының деректемелері:

30

 

10.

Нөмірі

31

 

11.

Күні

32

 

12.

Келісімшартты есептік тіркеу банкінің БСН:

40

 

13.

Келісімшарт бойынша ақпарат:

50

 

14.

Белгісі - экспорт немесе импорт

51

 

15.

Нөмірі

52

 

16.

Күні

53

 

17.

Мың бірлікпен сомасы

54

 

18.

Келісімшарт валютасы

55

 

19.

Резидент емес бойынша ақпарат:

60

 

20.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

61

 

21.

Елі

62

 

22.

Репатриациялау мерзімі:

70

 

23.

Резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат:

80

 

24.

Келісімшарт валютасымен

81

 

25.

АҚШ долларымен

82

 

26.

Ескертпе:

90

 

 

20____жылғы «_____»_______________________________________

__________________________________________________________

 (қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

 (ол болған кезде) және қолы)

Мөр орны


(ол болған кезде)

 

«№ ___________/______________/____________



банктік бақылаудың жеке карточкасы (есепті

айдың соңындағы жағдай бойынша)» әкімшілік

деректерді жинауға арналған нысанға

қосымша


 

 

«№_______/____________/__________банктік бақылаудың жеке карточкасы (есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)»



әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

 

 



 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы түсіндірме «№_____/_______/_______банктік бақылаудың жеке карточкасы (есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.



2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.

3. Нысанды уәкілетті банк ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде жібереді.

4. Уәкілетті банк Нысанды толтыру кезінде резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімдерінде орындалмаған міндеттемелері бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

 

 



2. Нысанды толтыру

 

5. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:



бірінші бөлікте уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;

екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

6. 10 деген коды бар жолда «1» цифрі көрсетіледі — резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға репатриациялау мерзімінде міндеттемелерін орындамауы.

Ұлттық Банкке банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспортер немесе импортер уәкілетті банкке резидент еместің осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын немесе репатриациялаудың жаңа мерзімін белгілеу үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсынбаса, банктік бақылаудың жеке карточкасы Ұлттық Банкке жіберіледі.

7. 22 деген коды бар жол, егер 24 деген коды бар жолда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің КҰЖЖ коды көрсетіледі.

8. 23 деген коды бар жол, егер 24 деген коды бар жолда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН-ін көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің СТН көрсетіледі.

9. 24 деген коды бар жолда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, «1» белгісі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.

10. 26 деген коды бар жолда ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы 2 цифрі көрсетіледі.

11. 31, 32 деген кодтары бар жолдар келісімшарттың есептік нөмірі немесе мәміле паспорты бар болған жағдайда толтырылады.

12. 32, 53 деген кодтары бар жолдар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

13. 40 деген коды бар жол келісімшартты есептік тіркеу банкінің БСН көрсету арқылы толтырылады.

14. 51 деген коды бар жолда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.

15. 52 деген коды бар жол келісімшарттың нөмірі бар болған кезде келісімшарттың осындай деректемесін көрсету арқылы толтырылады.

16. 55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеуішке сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

17. 62 деген коды бар жол ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеуіштерін пайдалана отырып толтырылады.

18. 70 деген коды бар жол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес экспортер немесе импортер есептеген репатриациялау мерзімін көрсету арқылы толтырылады.

19. 81 және 82 жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

20. 90 коды бар жолда уәкілетті банк басқа кез келген қосымша ақпаратты көрсетеді.

21. Келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы алдыңғы есепті кезеңдерде Ұлттық Банкке жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, 20-70-жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, осы жолдарды толтырмай, банктік бақылау жеке карточкасын жібереді.

22. «Қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы», «Мөр орны (ол болған кезде)» деген бағандар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

 

 

 



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 8-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

8-қосымша

 

 



«Баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын сомада төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге

асырған экспортер немесе импортер туралы ақпарат»

 әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан



Есепті кезең:_______ жылғы________ай

 

Индекс: ЕІСС__5



Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: уәкілетті банк

 

Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк



Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде

Нысан


Уәкілетті банктің БСН

 




Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат

 

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

БСН

ЖСН

Белгісі - заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Мекенжайы

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

Белгісі - экспорт немесе импорт

Белгісі - шығыс, кіріс

Сомасы

Ескертпе

8

9

10

11

 

 

 

 

 

20______жылғы «_______»_______________________________

______________________________________________________

 (қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

 (ол болған кезде) және қолы)

 

Мөр орны



(ол болған кезде)

 

«Баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын



сомада төлемдерді және (немесе) ақша

аударымдарын жүзеге асырған экспортер

немесе импортер туралы ақпарат» әкімшілік

деректерді жинауға арналған нысанға

қосымша

 

 



«Баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын сомада төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге

асырған экспортер немесе импортер туралы ақпарат»

әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы түсіндірме «Баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын сомада төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған экспортер немесе импортер туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.



2. Нысан «Валюталық реттеу жэне валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген.

3. Уәкілетті банк Нысанды толтыру кезінде баламасы он мың АҚШ долларынан бастап елу мың АҚШ долларына дейінгі (қоса алғанда) сомада жасалған және Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін (осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) тауарлар қозғалысын көздейтін келісімшарттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

 

 

2. Нысанды толтыру



 

4. 3-баған, егер 5-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады.

5. 4-баған, егер 5-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады.

6. 5-бағанда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, «1» белгісі көрсетіледі немесе егер экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі көрсетіледі.

7. 6-бағанда экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы көрсетіледі.

8. 7-бағанда ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес заңды мекенжайы бойынша экспортердің немесе импортердің облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.

9. 8-бағанда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.

10. 9-бағанда шығыс төлемі (шетел сатып алушысының немесе шетел жеткізушісінің пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы) үшін «1» белгісі немесе кіріс төлемі (экспортердің немесе импортердің пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы) үшін «2» белгісі көрсетіледі.

11. 10-бағанда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының АҚШ долларымен жалпы сомасы көрсетіледі.

12. «Қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы)», «Мөр орны (ол болған кезде)» деген бағандар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

№ 42 қаулысына

қосымша


 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын қаулыларының



тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы қарашада № 16 жарияланған).



2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 343 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 23 қарашада № 180 (1209) жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 93 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5507 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 3 ақпанда № 16 (1439) жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5824 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 6 қарашада № 170 (1593) жарияланған).

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 желтоқсанда № 186 (1609) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылары тізбесінің 2-тармағы.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 21 қазанда № 435 (26278) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 11-тармағы.

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет