Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 Қаулысы (2015. 17. 09. берілген өзгерістермен) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»


Резиденттердің келісімшарттардың есептік тіркеу нөмірлерін алу талаптары



бет2/5
Дата08.07.2016
өлшемі430 Kb.
#185785
1   2   3   4   5

3. Резиденттердің келісімшарттардың есептік тіркеу нөмірлерін алу талаптары

 

21. Келісімшарт:



1) экспортердің немесе импортердің банк шотына қызмет көрсететін уәкілетті банкте - ақша төлемдері және (немесе) аударымдары экспортердің немесе импортердің уәкілетті банктегі банк шоттарын пайдалана отырып асырылатын келісімшарттар бойынша;

2) экспортердің немесе импортердің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында - ақша төлемдері және (немесе) аударымдары толық түрде экспортердің немесе импортердің шетелдік банктегі, Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген шоттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын келісімшарттар бойынша;

3) уәкілетті банкте - уәкілетті банк экспортер немесе импортер болып табылатын келісімшарттар бойынша есептік тіркеледі.

22. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алуды келісімшарт бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы жүргізілгенге дейін және (немесе) тауарлар келісімшарт бойынша экспортердің немесе импортердің экспорты немесе импорты үшін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өткізілгенге дейін жүзеге асырады.

23. Келісімшарттың есептік нөмірі:

1) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету келісімшарттары шеңберінде немесе бір жылдан артық мерзімге лизинг келісімшарты бойынша алып өткізілген;

2) тауарларды меншіктеу құқығының резиденттен резидент емеске не резидент еместен резидентке өтуіне байланысты бұрын басқа кедендік рәсім арқылы алып өткізілген тауарларға қатысты экспорттың кедендік рәсіміне арналған кедендік рәсім өзгерген;

3) есептік тіркеу банкі болып табылмайтын уәкілетті банктің қызмет көрсетуіне өткен жағдайда, оның ішінде есептік тіркеу банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын тоқтата тұрған не айырған және келісімшартты есептік тіркеуден шығару үшін негіздер болмаған жағдайда;

4) осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген жағдайларда, жеткізілетін тауарлардың құны келісімшарт жасау күні баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын әрбір келісімшарт бойынша жеке беріледі.

24. Экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтінішті;

2) келісімшарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25. Келісімшартты есептік тіркеу банкінің қызметкері экспортер немесе импортер осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келісімшартты осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша келісімшарттарды тіркеу журналына тіркейді және келісімшарттың түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында келісімшарттың есептік нөмірін және оны берген күнді өз қолымен және келісімшартты есептік тіркеу банкінің мөрімен (ол болған кезде) растай отырып көрсетеді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін берілген өтініштегі экспортердің немесе импортердің қолының және (немесе) мөрінің (ол болған кезде) экспортердің немесе импортердің банк шоты бойынша қолдарының және мөрінің бедерінің үлгісі бар құжаттағы қолы және мөрінің (ол болған кезде) үлгісіне сәйкес келмеген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беруден бас тартады.

27. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі мен талаптарына, келісімшарттың сомасы мен валютасына әсер ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, экспортер немесе импортер есептік тіркеу банкіне осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде растау құжаттарын ұсынады.

28. Есептік тіркеу банкі әрбір экспортер немесе импортер бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлері бойынша, валюталық құжаттардың түсуіне қарай олардың көшірмелерінен қалыптастырылатын істі жүргізеді. Істі электрондық нысанда жүргізуге жол беріледі.

29. Келісімшартқа есептік нөмір беру:

1) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қолма-қол ақша алып өткен кезде;

2) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер шетел банктеріндегі металл шоттарға орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;

3) Ұлттық Банк немесе уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдар әкелген кезде;

4) ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары немесе Қазақстан Республикасының кепілдік беруімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдар есебінен жүргізілетін келісімшарттар үшін;

5) Қазақстан Республикасының ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын мемлекеттік органдарының бөлімшелері (ведомстволары) арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерімен және мемлекеттік кәсіпорындарымен жасалған келісімшарттар үшін;

6) резидент еместермен жасаған, экспорт немесе импорт үшін Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өту көзделмейтін келісімшарттар үшін;

7) тауарларды ақша міндеттемелерінің туындауы көзделмейтін келісімшарттар бойынша алып өткен кезде талап етілмейді.

30. Егер ақы төлеу аударым аккредитивін пайдалану арқылы экспортердің (сауда делдалының) және резидент-жүк жіберушінің пайдасына жүргізілсе, онда есептік нөмір аударым аккредитиві бойынша аударым жасайтын банк ретінде экспортерге қызмет көрсететін келісімшарттың есептік тіркеу банкіндегі келісімшартқа беріледі.

Тауарлардың экспорты үшін ақы төлеу түсімі мына жағдайларда:

1) егер екі бенефициардың (экспортердің және жүк жіберушінің) банк шоттарына түскен түсімдердің сомасы келісімшарт талаптарына сәйкес келсе. Бұл ретте экспорттан түскен түсім туралы ақпаратта аккредитив бойынша уәкілетті банкке келіп түскен барлық сома бірінші бенефициар-экспортер мен екінші бенефициар-жүк жіберуші арасында бөлінгенге дейін көрсетіледі;

2) егер екінші бенефициардың банк шотына түскен түсімдер сомасы бірінші бенефициардың банк шотына түсуі тиіс соманы шегергенде келісімшарт сомасына тең болса (бірінші бенефициар аударым жасайтын банктің алғашқы талабы бойынша екінші бенефициар шотының (инвойстың) орнына өз шотын (инвойсты) ұсынбаған және аккредитив бойынша ақы төлеуді эмитент-банк екінші бенефициардың пайдасына жүзеге асырған жағдайда) толық көлемде түскен болып саналады.

 

4. Репатриациялау талабының орындалуын бақылаудың қосымша рәсімдері

(жеке оқиғалар)

 

31. Уәкілетті банкте, сол сияқты шетел банкінде ашылған банк шоттарын пайдалану арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды:



уәкілетті банк арқылы жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде уәкілетті банк;

экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.

Шетел банктеріндегі банк шоттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомаларын уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ұлттық Банктің филиалына ұсынған осындай төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратының негізінде есепке алады.

32. Егер келісімшарт бойынша резидент емес берешегінің қалдық сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асатын болса, есептік тіркеу жүзеге асырылған келісімшарт бойынша басқа банктің қызметіне ауысқан кезде экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банкке:

1) келісімшарт бойынша басқа банктің қызметіне ауысуына байланысты келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы еркін нысандағы өтінішті;

2) келісімшартты есептік тіркеген басқа банкке келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты өзінің сұратуы бойынша беруге арналған жазбаша келісімді ұсынады.

Экспортер немесе импортер келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен келісімшартты есептік тіркеген жаңа банктен келісімшарттың есептік нөмірін алады. Келісімшартты есептік тіркеген жаңа банк экспортердің немесе импортердің жазбаша келісімінің негізінде келісімшартқа жаңа есептік нөмір берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банкке келісімшартқа жаңа есептік нөмір берілгені туралы хабарлауды және осы келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты беру туралы жазбаша сұрау салуды жібереді.

Келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банк аталған хабарлау мен жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келісімшарттың түпнұсқасына немесе көшірмесіне тиісті белгі қойып, келісімшартты есептік тіркеуден шығарады және келісімшартты есептік тіркеген жаңа банкке ақша мен тауарлардың қозғалысы және келісімшарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы қолда бар ақпаратты ұсынады.

Келісімшартты есептік тіркеген алдыңғы банк келісімшартты есептік тіркеуден шығарғаннан кейін келісімшарт бойынша ақша төлемі мен (немесе) аударымын жүргізбейді.

Уәкілетті банктің бір филиалынан уәкілетті банктің басқа филиалының қызметіне ауысу арқылы келісімшартты есептік тіркеу банкі өзгерген жағдайда, келісімшартты есептік тіркеуден шығару талап етілмейді. Бұл ретте осы келісімшарт бойынша экспортерге немесе импортерге қызмет көрсеткен уәкілетті банктің филиалы бес жұмыс күні ішінде келісімшарт бойынша барлық құжаттар мен ақпаратты осы келісімшартты валюталық бақылауға қабылдайтын уәкілетті банктің филиалына береді.

33. Мыналар:

1) мыналарға:

экспортерге немесе импортерге банк шотын ашқаны және келісімшарт бойынша жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпаратпен банк шоты ашылған немесе төлем жүргізілген және (немесе) ақша аударылған операциялық күннен кешіктірмей уәкілетті банк пен оның филиалы арасында ақпарат алмасуға;

осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұсынылған келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратқа уәкілетті банктің көрсетілген ақпаратты алған операциялық күнінен кешіктірмей қол жеткізуге;

уәкілетті банк (оның филиалдары) келісімшартқа есептік нөмір берген операциялық күннен кешіктірмей есептік нөмірі бар келісімшарттар жөнінде уәкілетті банк бойынша жалпы жиынтық ақпараттың болуына;

экспорт немесе импорт бойынша маңызды электрондық іс қағаздарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесі;

2) мына:

экспортердің немесе импортердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізу;

уәкілетті банктің өз филиалдарына келісімшарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты жеткізу;

уәкілетті банктің тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде уәкілетті банк филиалының валюталық бақылау агенттерінің функцияларын жүзеге асыруына және уәкілетті банктер филиалдарының келісімшарттар бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратқа қол жеткізуіне байланысты тәуекелдерді бағалауды, өлшеуді, бақылауды және мониторингін жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін ішкі ережелер;

3) уәкілетті банк (оның филиалы) бойынша келісімшарттарға есептік нөмірлерді кейіннен беруді қамтамасыз ететін келісімшарттарды тіркеу журналын және экспорт немесе импорт бойынша істерді электрондық түрде жүргізу мүмкіндігі болған жағдайларда, уәкілетті банктің әртүрлі филиалдарында келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің (оның филиалының) әртүрлі орналасқан жері бар операциялық залдарының келісімшарттарға есептік нөмірлерді беруіне рұқсат етіледі.

34. Егер келіп түскен ақша экспортердің немесе импортердің банк шотына келісімшартты есептік тіркеу банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру себебі бойынша аударылмаған болса, онда экспорттық түсімнің түсуін не импорт жөніндегі келісімшарт бойынша бұрын аударылған ақшаның келісімшартты есептік тіркеу банкінің корреспонденттік шотына қайтарылуын бақылау мақсаттары үшін экспортердің немесе импортердің пайдасына ақшаның түскенін растайтын құжат ретінде келісімшартты есептік тіркеу банкінің тарату комиссиясының келісімшартты есептік тіркеудің таратылатын банкінің корреспонденттік шотына келісімшарттың нақты есептік нөмірі бойынша сәйкестендірілген ақшаның түскені туралы анықтамаларын қабылдауға рұқсат етіледі.

35. Резиденттің келісімшарт бойынша төлеуші үшінші тұлға ретінде қатысуы:

1) резидент үшінші тұлғаның резидент емеске кредит ұсынған;

2) импортер мен резидент үшінші тұлғаның арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың не агенттік шарттың шеңберінде резидент үшінші тұлғаның келісімшарт бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған;

3) экспортердің резидент емеске және резидент еместің резидент үшінші тұлғаға талаптары есепке алынған;

4) үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуын және өзге де мәмілелерді қаржыландырған, сондай-ақ үшінші тұлғалардың нәтижесінде ақшаны және өзге де мүлікті сыйақымен немесе сыйақысыз қайтару міндеттемелері орындалған тұлғаның осындай қаржыландыруды ұсынған және (немесе) осы орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеті туындайтын кредитор алдындағы борышкер міндеттемелерін орындаған жағдайларда мүмкін болады.

36. Егер келісімшарт есептік тіркелуі тиіс болса, келісімшарт бойынша үшінші тұлға ретінде резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банк (бұдан әрі - үшінші тұлғаның банкі) төлем және (немесе) ақша аударымын экспортерге немесе импортерге қызмет көрсететін уәкілетті банктің келісімшарттың есептік нөмірін келісімшартқа бергенінен кейін ғана жүзеге асырады.

Үшінші тұлғаның банкі резидент үшінші тұлға төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде резидент үшінші тұлғаның жазбаша келісімінің негізінде келісімшарттардың есептік нөмірлері бөлігінде келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі ақпаратты осы Қағидаларға 4-қосымшаның нысаны бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкіне жібереді. Келісімшартты есептік тіркеу банкінің Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 35-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісімшарт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін импортер мен резидент үшінші тұлға арасындағы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты жіберуі талап етілмейді.

Келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарт бойынша үшінші тұлғалардың банктері жүзеге асырған төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын ескере отырып, келісімшарт бойынша репатриация талаптарының орындалуына бақылау жасайды.

Келісімшарт есептік тіркеуден шығарылған кезде келісімшартты есептік тіркеу банкі үш жұмыс күні ішінде үшінші тұлғаның банкіне келісімшарттың есептік нөмірін және оны беру күнін көрсете отырып, келісімшарттың есептік тіркеуден алынғаны туралы еркін нысандағы хабарлама жібереді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37. Келісімшартты есептік тіркеу банкі есеп айырысудың вексельді нысаны көзделетін келісімшарт бойынша бақылауды вексель ұстаушылар болып табылатын экспортерден немесе импортерден мынадай құжаттарды:

1) төлеуші не вексель бойынша міндетті өзге тұлға вексельді өтеген кезде ол бойынша төлемақы келіп түскен жағдайда — осы төлемді растайтын құжаттарды (акцептелген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

2) экспортер немесе импортер есепке алу үшін есеп кеңсесіне вексель ұсынған жағдайда - вексельдің есепке алынғанын растайтын, яғни дисконтты шегере отырып немесе дисконтсыз экспортерге немесе импортерге вексель сомасын төлегенін растайтын құжаттарды (есеп кеңсесінің пайдасына индоссирленген вексельдің көшірмесін және төлем құжатын);

3) вексельді төлем құралы ретінде пайдаланған жағдайда - вексель бойынша құқық берілген тұлғамен жасалған келісімшартты, тиісті өткізу жазбасы (индоссаменті) бар осы вексельдің көшірмесін, осы операцияның жүргізілгенін растайтын өзге де құжаттарды (келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшартты, тауарларға арналған декларацияны және басқаларын) алғанға дейін (вексельді экспортердің немесе импортердің пайдалануына қарай) жүзеге асырады. Вексель бойынша ақша басқа уәкілетті банкке түскен кезде вексель ұстаушы болып табылатын экспортер немесе импортер басқа уәкілетті банкке ақшаны келісімшартты есептік тіркеу банкіне аударуды тапсырады.

Егер вексель беруші импортер болып табылса және импорт жөніндегі келісімшарт бойынша тауарлар вексель бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін жеткізілген болса, онда келісімшарт осы вексель ақы төлеуге ұсынылған күнге дейін бақылауға жатады, бұл ретте вексель сомасы келісімшарттың жалпы сомасынан аспауы керек. Есеп айырысудың вексельді нысанындағы импорт жөніндегі келісімшарт бойынша вексель эмитенті үшінші тұлға болып табылса, онда келісімшарт тауарлар импортерге жеткізілген күнге дейін есептік тіркеуден алынбайды.

38. Экспортер немесе импортер резидент емеске келісімшарт бойынша қойылатын талап ету құқығын резидентке берген кезде репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) егер резидент емеске келісімшарт бойынша қойылатын талап ету құқығы берілген резидентте талап ету құқығын беру нәтижесінде резидент емеске қойылатын талап ету сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, резидент осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен резиденттің банк шотына қызмет көрсететін банктен талап ету құқығын беру туралы шартқа есептік нөмір алады;

2) шартқа есептік нөмір берілгені туралы резидент банкінің белгісі бар осы талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі шарттың негізінде келісімшартты есептік тіркеу банкі экспортердің немесе импортердің резидент емеске қойылатын талаптарының басқаға беру сомасына азайтылған сомасына келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуына бақылауды жалғастырады.

Келісімшартты есептік тіркеу банкі және талап ету құқығын беру туралы шартты есептік тіркеу банкі осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке жіберілетін ақпаратта тиісінше келісімшарт пен шарт жөнінде көрсете отырып, талап ету құқығын беру сомасын көрсетеді.

Талап ету құқығын беру туралы шарт бойынша бақылауды резидент банкі егер де талап ету құқығын беру туралы шартта резидент еместің резидент алдындағы міндеттемелерінің орындалу мерзімі көзделмесе, келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімін ескере отырып жүзеге асырады.

39. Бір жылға және одан да көп мерзімге Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге байланысты тауарларды өңдеуді көздейтін жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға арналған келісімшарт бойынша егер де келісімшартта жұмыстардың (қызметтердің) экспорты көзделсе, экспорт бойынша не келісімшартта жұмыстардың (қызметтердің) импорты көзделсе, онда импорт бойынша келісімшарттың есептік нөмірі беріледі.

40. Келісімшартты есептік тіркеу банкі таратылған жағдайда банктің тарату комиссиясы:

банк клиенттеріне - экспортерлер мен импортерлерге осы Қағидалардың 43-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келісімшарттарды есептік тіркеуден шығару қажеттілігі туралы өкілеттіктер қабылданған кезден бастап үш ай ішінде хабарлауды;

келісімшарттарды экспортерлердің немесе импортерлердің өтініштері негізінде осы Қағидаларға сәйкес есептік тіркеуден алуға;

Ұлттық Банкке келісімшарттардың есептік тіркеуден алынғаны туралы ақпаратты осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес электрондық түрде немесе жазбаша нысанда жіберуді;

тарату өндірісінің барлық мерзімі ішінде валюталық бақылауда болған келісімшарттар бойынша істердің сақталуын және бес жұмыс күні ішінде ақша мен тауарлардың қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты келісімшартты есептік тіркеген жаңа банкке не Ұлттық Банкке олардың жазбаша сұрау салуының негізінде ұсынуды қамтамасыз етеді.

41. Осы Қағидалардың 43-тармағының 1)-3), 6), 12)-14), 19)тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша есептік тіркеуден бұрын шығарылған келісімшартты есептік тіркеуге қайта қабылдау туралы экспортердің немесе импортердің өтініші бойынша келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшартқа жаңа есептік нөмір бермей, есептік тіркеуді қайта бастайды.
 

5. Келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерінің аяқталу шарттары

 

42. Келісімшартты есептік тіркеу банкі келісімшарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдері аяқталғаннан кейін келісімшартты есептік тіркеуден шығарады.



Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген негіздемелер бар болған жағдайда, келісімшартты есептік тіркеуден шығаруды келісімшартты есептік тіркеу банкі экспортердің немесе импортердің келісімшартты есептік тіркеуден шығару туралы өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Келісімшарт бойынша ақша мен тауарлардың қозғалысы оны есептік тіркеуге алған күннен бастап бір жыл ішінде болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 43-тармағы бірінші бөлігінің 5)-8), 15), 16), 20) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда келісімшартты есептік тіркеуден шығару экспортердің немесе импортердің тиісті өтінішін алмай-ақ жүзеге асырылады. 43-тармақтың бірінші бөлігінің 5), 7), 8), 15), 16), 20) тармақшаларында көзделген жағдайларда Ұлттық Банктің филиалы экспортердің немесе импортердің мемлекеттік тіркелу орны бойынша осы Қағидаларға сәйкес алынған ақпарат негізінде келісімшартты есептік тіркеу банкіне келісімшартты есептік тіркеуден алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Есептік тіркеуден шығарылған келісімшарт бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі істер келісімшартты есептік тіркеу банкінде келісімшартты есептік тіркеуден шығарған күннен бастап күнтізбелік бес жыл ішінде сақталады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43. Келісімшартты есептік тіркеуден алу үшін мыналар негіздемелер болып табылады:

1) тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы не талабынан бас тартқаны үшін төлем төленген, өзара есепке алынған, борышқор мен кредитордың бір тұлға болған, міндеттемелерді орындауға мүмкіндік болмаған, мемлекеттік органның актісі шыққан жағдайларында, экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттар болған кезде міндеттемелердің тоқтатылуы;

2) импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емеске бұрын алынған тауарларды қайтару не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;

3) экспортер осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емес тауарға ақы төлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиелген тауарларды қайтару не экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда экспортер экспорт бойынша келісімшарттың төлемі бойынша алған валютаны резидент емеске қайтару;

4) экспортер немесе импортер резидент еместің алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент емес тарапынан талабы жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;

5) дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударуы туралы уәкілетті органының растауы;

6) тараптардың міндеттемелерін баламалы орындауы немесе резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы шартымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күнінен бастап бір жыл ішінде келісімшарт бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;

7) резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шетел мемлекетінің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

8) құқықтық мирасқоры болмаған жағдайда, экспортерді немесе импортерді тарату;

9) резидент емес міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;

10) ақшалай талап етуді бере отырып (факторинг) қаржыландыру шарты шеңберінде экспортердің немесе импортердің банк шотына ақша түсуі;

11) келісімшартты есептік тіркеу банктің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;

12) тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешегінің қалдығы болған кезде резидент емес ұсынған, келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортердің шығарған векселін уәкілетті банктің есепке алуы;

13) экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент еместің алдындағы борышын резидент еместің келісімін растайтын құжаттардың негізінде басқа тұлғаға аударуы және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынылған жазбаша өтініші болған кезде;

14) растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актісі, тауарларды қабылдау-тапсыру актісі, тауарға ілеспе құжаттар және тағы басқалар) және экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 38-тармағын ескере отырып, осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;

15) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болғандығы, қайтыс болған деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуы туралы мемлекеттік органның немесе өзге уәкілетті органның құжаты болуы;

16) келісімшартты жеке есепке алуға жатқызған күнінен бастап үш жыл өтуі;

17) экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 32-тармағын ескере отырып экспортерге немесе импортерге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкін ауыстыруы;

18) келісімшартқа экспорт немесе импорт үшін тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізуге жол бермейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

19) келісімшарт бойынша ақша мен тауар қозғалысының болмауы;

20) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, резидент еместің келісімшарт бойынша резидент алдындағы барлық берешек сомасын өтеу бойынша резиденттің пайдасына сот немесе өзге де мемлекеттік органның, төреліктің шешімі болуы;

21) сол тұлғалардың арасындағы бар бастапқы міндеттемені өзге нысананы немесе өзге орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемеге ауыстырумен резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін тоқтату.

Осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 1), 6), 7) немесе 20) тармақшалары негізінде есептік тіркеуден алынған келісімшарт бойынша берешек қалдығының сомасына міндеттемелер орындалған жағдайда келісімшартты есептік тіркеуді жаңарту талап етілмейді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.09. № 175 Қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

44. Есептік нөмірлері бар келісімшарттар:

1) келісімшартты есептік тіркеу банкі тарапынан одан әрі бақылануға жататын келісімшарт бойынша өзге операциялар болмаған жағдайда, қылмыстық іс немесе әкімшілік іс шеңберінде келісімшарт бойынша жүргізілген операциялар бойынша репатриациялау талаптарын бұзғаны үшін шешім қабылданған;

2) мемлекеттік тіркелген орны бойынша экспортердің немесе импортердің болмауы жағдайларда экспортер немесе импортер мемлекеттік тіркелген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жеке есепке алынуы тиіс.

Ұлттық Банктің филиалы келісімшарттың есептік нөмірін көрсете отырып жекелеген есепке жатқызу туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне хабарлайды.

Ұлттық Банктің филиалы жекелеген есепке жатқызылған келісімшарттар бойынша экспортерден немесе импортерден жыл сайын репатриациялау талабын орындау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат сұратады. Егер экспортердің немесе импортердің орналасқан жері анықталмаса, Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банктерге, мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесіне және өзге де мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне қарай экспортердің немесе импортердің қызметі және (немесе) оның орналасқан жері туралы сұратулар жібереді.

Келісімшарт бойынша операцияларды жаңартқан жағдайда оны жеке шотқа жатқызған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін келісімшарт жеке есептен алынады.

Келісімшарт жеке есепке алынған күннен бастап үш жыл аяқталған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы осы Қағидалардың 43-тармағының бірінші бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес келісімшартты есептік тіркеуден алу мүмкін екендігі туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне хабарлайды.
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет