4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Актуарийлерден біліктілік
емтиханын қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Біліктілік емтиханын тапсыруға
өтініш
Маған,_________________________________________________________
(актуарийдің тегі, аты, бар болса-әкесінің аты)
сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етуіңізді өтінемін.
Мен өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына толық жауап беремін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауға байланысты сұрау салған қосымша ақпаратты және құжаттарды дер кезінде ұсынуға міндеттенемін.
«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
Өтінішке қоса берілгендер:
Актуарий _____________________________
(күні, қолы)
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер
базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – кредиттік тарихтың деректер қорын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша кредиттік бюроның қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – кредиттік тарихтың деректер қорын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісі (бұдан әрі – енгізу актісі).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжат:
көрсетілетін қызметті берушіге:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісімі бар еркін нысанда жазылған өтінішті.
Порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» (бұдан
әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап – күнтізбелік он төрт күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының атына инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хат және қағаз жеткізгіштегі инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы (көрсетілетін қызметті алушының оны бекіту туралы белгісімен) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың
10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі еркін нысанда жазылған өтінішті;
2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептіліктi;
3) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіштегі екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша Аcrobat Reader форматындағы электрондық жеткізгіште (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынуға тиісті.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
егер құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері негіз болады.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тарту алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Инвестициялық пай қорларының
пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Инвестициялық пай қорының пайларын
орналастыру қорытындылары жөніндегі
ЕСЕП
1. Инвестициялық пай қорының атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік
тіркелген күні мен нөмірі ___________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның
нөмірі мен алынған күні _____________________________________
_________________________________________________________________
5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі
мен алынған күні __________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу қызметін
жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырылуының
басталған және аяқталған күні*
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта көрсетілетін қызметті берушінің инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі көрсетіледі___________________________________________________________
_________________________________________________________________
2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезінде
инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны
_________________________________________________________________
3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу күнгі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны ___________________________________________________
______________________________________________________________
9-1. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларының санын және орналастырудың жеке әр алдыңғы есептілік кезеңі үшін олардың төлем сомасын, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты мәлімет үшін қабылдау күнін көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні
________________________________________________________________
10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің басталу және аяқталу күндері_________________________________________________;
2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны________________________________________________________________;
3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған пайларының саны________________________________________________________________;
4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып алуға төленген ақша сомасы_________________________________________________;
5) бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны (сатып алынған пайларды шегеріп)___________________________________________;
6) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен, есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігі туралы кастодиан анықтамасымен расталған ақша сомасы_________________________
_____________________________________________________________.
11. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған, әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік иелері туралы мәліметтер:
Заңды тұлға-
меншік иеле- рінің толық
атауы немесе
жеке тұлға-
меншік иеле-
рінің тегі, аты-жөні, бар болса
әкесінің аты
|
Жеке тұлға
- пайдың меншік иесінің
жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, заңды
тұлға - меншік
иесін
мемлекеттік
тіркеу (қайта
тіркеу) күні
|
Меншік
иесінің
сатып алу күні және сатып алу күніне пай
құны
|
Есепті
кезеңде
пайларды
орналастыру кезінде
меншік иесі сатып
алған инвестициялық пай қоры пайларының
жалпы саны
|
Пай төлеміне
келіп түскен ақша сомасы
|
|
|
|
|
|
12. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол басқарушы компанияның мөрімен бекітіледі. Есептің әрбір данасы есепті кезеңнің аяқталған күнінде жасалған, орналастырылған пайлардың есебі бойынша инвестициялық пай қорының жеке шотынан тіркеуші үзіндісінің және есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігін растау туралы кастодиан анықтамасының көшірмесімен бірге тігіледі және жіптің түйініне әрі ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөр ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс.
13. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайталап жетілдірілген есепті көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін санау қайтадан басталады._______________________________________________
* орналастырудың есепті кезеңі:
- бастапқы орналастыру кезінде:
орналастыру басталған күннен бастап үш айдан астам емес (осы мерзім көрсетілетін қызметті берушінің рұқсаты негізінде ұзартылған жағдайда - рұқсатта көрсетілген мерзімге);
инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру кезінде:
- әрбір алты айдың қорытындылары бойынша («Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес).
__________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |