«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығын іске асыруда 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Заң күшіне енді, оның шеңберінде жоспарлы тексерістер жойылды және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуына жаңа тәсілдер әзірленді.
Атап айтқанда, тәуекелдерді бағалау негізінде тексерістерді ұйымдастыруға ауысу жүзеге асырылды, оған сәйкес бұзушылар ғана таңдалып тексерілетін болады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйелерін қалыптастыруы үшін Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйелерін қалыптастыру әдістемесін бекітті.
Бұл әдістеме негіздемелік сипатта және әрбір мемлекеттік бақылаушы-қадағалаушы органның тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және салалық ерекшелікті ескере отырып тексеру парақтарын әзірлеуге негіз болып табылады.
2015 жылғы 22 сәуірде мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу және мемлекеттік кәсіпорындардың бизнеске қысымын азайту мақсатында «Yellow Pages Rules» қағидаттарын бекітетін мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері жөніндегі Заң қабылданды.
Мемлекет басшысының 2016 жылға Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі алғашқы 30 елге кіруін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін қолданыстағы заңнамалық актілерді реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Бизнестің рәсімдер санын, мерзімін және қаржылық шығындарын қысқартуға бағытталған заңнамаға түзетулердің үш топтамасы қабылданды, бұл жалпы кәсіпкерлерге жүктеуді төмендетуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығын іске асыру үшін Министрлік «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және оған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ілеспе Заңды әзірледі, оларға Мемлекет Басшысы 2015 жылғы 12 қарашада қол қойды.
«Өзін-өзі реттеу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық байланыстар реттеледі, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру мен жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) талаптары және құқықтық ережесі айқындалады.
Рұқсаттар санын 50%-ға қысқарту мақсатында 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді, оның негізгі мақсаты қайталанатын және артық рұқсаттарды жою, оларды хабарлама тәртібіне ауыстыру және рұқсаттама рәсімдерін оңтайландыру жолымен бизнеске әкімшілік қысымды төмендету болып табылады.
Мемлекет «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржылық (екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша сыйлықақы мөлшерлемесін субсидиялау, қарыздарды кепілдендіру, қарыздарды кепілдендіру, мемлекеттік гранттарды беру, жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу) және қаржылық емес (кәсіпкерлікті әлеуетті дамыту, инновациялық технологияны енгізу, кәсіпорындардың өндірісін және энергияны үнемдеуін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту) құралдарды жүйелі қолдану жолымен шағын және орта бизнесті кешенді қолдауды жүзеге асыруда.
Бірыңғай бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекеттік қолдау шараларымен 280 мыңнан астам кәсіпкерлер қамтылған.
Мемлекет басшысының бизнес-омбудсмен институтын нығайту жөніндегі бес институционалдық реформалары шеңберінде, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Кәсіпкерлік кодекске және «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ілеспе заңға түзетулер қабылданды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Даму деңгейіне қарамастан, көптеген елдерде сияқты Қазақстанда экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Бизнесті құру мен жүргізу кезінде кәсіпкерлер орындауы тиіс қиын және ашық емес рәсімдер экономикалық өсуге ең үлкен кедергі болуда. Бұл рәсімдер өндірістік шығындарды және кәсіпкерлердің шығасыларын арттырады, олардың нарыққа қолжетімділігін шектейді, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатып, сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы негізгі проблемалар:
1) екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруі кезінде кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі жоғары талап қоюы;
2) кепіл мүлігінің өтімді болмауына байланысты аудандарда, шағын қалалар мен ауылдық мекендерде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражаттарының қолжетімсіз болуы;
3) бастапқы капиталдың болмауына байланысты ауыл халқы үшін мемлекеттік қолдау бағдарламаларының кейбір қаржы құралдарының қолжетімсіз болуы;
4) ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің бизнесті жүргізу бойынша орталықтандырылған көрсетілетін қызметтерді алу және бухгалтерлік және салықтық есеп саласында, маркетинг, менеджмент, заң және қаржы мәселелері саласындағы консалтинг бойынша мүмкіндіктерінің шектеулілігі.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемені көтеруі
|
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшермелерді қосымша субсидиялау бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысым
|
Рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату
|
Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласы
-
Негізгі даму параметрлері
Қазақстан Республикасындағы бәсекелі орта монополияланудың қалыпты дәрежесімен сипатталады. Электрмен жабдықтау, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өндіру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер (нарықта мемлекеттік мекемелердің болуы есебінен) және т.с.с. экономикадағы неғұрлым монополияланған салалар болып табылады.
2014 жылы жүргізілген жекешелендірудің «екінші толқынының» қорытындысы бойынша коммуналдық меншіктегі 6 мың кәсіпорыннан 2014 – 2016 жылдары жекешелендіру үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және әкетумен, көгалдандырумен, жолдарды жөндеумен, аумақтарды абаттандырумен айналысатын 590 кәсіпорын, автобус парктері ұсынылды. Қызметін осы нарықта жүзеге асыратын жеке субъектілердің болуы жекешелендіру үшін субъектілерді іріктеу өлшемшарттарының біріне айналды.
Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мен бағалау тұрақты негізде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша анықталған проблемалық мәселелер мен нарыққа жаңа ойыншылардың кіруіне тосқауылдарды жою жөнінде ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізіледі. 2014 жылы 15 тауар нарығына талдау жүргізілді, оларды жүргізу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бәсекелестікті қорғау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар жіберілді.
Сонымен қатар, жүргізілген тергеулер санының өсу үрдісі байқалады, олардың саны соңғы 3 жылда 7%-ға ұлғайды. Айталық, 2012 жылы 169 тергеу, 2013 жылы - 171, ал 2014 жылы - 185 тергеу жүргізілді. Бұл ретте бұзушылықтар анықталған тергеулер санының өсуі байқалады. Егер 2012 жылы мұндай тергеулер саны - 128 болса, 2013 жылы - 160, ал 2014 жылдың қорытындысы бойынша - 166 болды. Осылайша, аяқталғандардың жалпы санынан бұзушылықтар анықтала отырып тергеулердің үлес салмағы 2012 жылы - 89,4%-ды, 2013 жылы - 93,6%-ды, ал 2014 жылы - 92%-ды құрады.
2013-2014 жылдары бұзушылықтардың түрлері бойынша тергеулер құрылымы нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары мен келісімдерінің саны былайша болды:
ДЭФ ЖБИ көрсеткіштері бойынша Қазақстанның позициясы айтарлықтай жақсарды: «Нарықтардың монополиялану дәрежесі» бойынша – 57-орын (2014 жылы – 68-орын, 2013 жылы – 78-орын); «Жергiлiктi бәсекелестіктің қарқындылығы» бойынша – 94-орын, (2014 жылы – 111-орын, 2013 жылы – 120-орын); «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» бойынша – 68-орын, (2014 жылы – 94-орын, 2013 жылы – 91-орын).
Монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында 2015 жылы негіз қалаушы бірқатар Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.
Мәселен, 22 сәуірде «Yellow Pages Rule» қағидаттарын бекітетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.
Жоғарыда аталған Заңның шеңберінде «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Тізбені қалыптастыру барысында сондай-ақ Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасын (5 таңбалы ЭҚЖЖ) өзектілендіру және 92 жаңа қызмет түрімен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілді.
5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекіткен «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңның нормалары «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына имплементацияланды.
Мемлекет басшысының «Жүз нақты қадам» бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі ұлт жоспарының (бұдан әрі - Ұлт жоспары) шеңберінде жүзеге асырылатын монополияға қарсы орган жұмысының тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру монополияға қарсы орган жұмысының тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру монополияға қарсы саясатты жетілдіру бойынша жұмыстағы маңызды қадам болып табылады (53-қадам).
Ұлт жоспарына сәйкес жаңартылған монополияға қарсы қызмет еркін бәсекелестіктің ілгерілеуіне бағдарлануы тиіс. Оны іске асыру үшін 2 кезеңдік тәсіл әзірленді.
Бірінші кезеңде ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ЭЫДҰ арасында «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын және саясатын шолу» жобасы туралы Келісімге қол қойылды.
Кәсіпкерлікті реттеу саласындағы заңнаманы нығайту шеңберінде «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының барлық нормалары Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 30 қазанда қол қойған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің «Экономикалық бәсекелестік» деген бөлімге имплементацияланды. Осыған байланысты, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші 2016 жылы 1 қаңтардан бастап жойылады.
Бұдан басқа, Кәсіпкерлік кодексте бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер, атап айтқанда: нарық субъектілерінің үстем жағдайын айқындау өлшемшарттарын өзгерту; үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін жүргізудің және олардың есептілігінің кезең-кезеңмен күшін жою; хабарлау, келісу комиссиясы институттарын енгізу қабылданды.
Екінші кезең процесінде ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мен саясатын қорытынды шолу нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік кодекске монополияға қарсы заңнаманы кейбір бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылтуға, картельдік сөз байласулар үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, экономикалық шоғырлануға тыйым салуға қатысты тәсілдерін өзгертуге, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі талаптар мен міндеттемелерді ескере отырып, зияткерлік құқықтарға қатысты монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелеріне қатысты тәсілдерді өзгертуге бағытталған қосымша түзетулер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленді.
Осылайша, 53-қадам шеңберінде ұсынылып отырған реформаларды енгізу монополияға қарсы қызмет жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сот жүйесіне жүктемені төмендетуге, бұдан басқа, нарық субъектілеріне әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі уақытта бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін мынадай өзекті проблемалар бар:
Мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге негізсіз араласуымен байланысты әкімшілік кедергілер. Мұндай фактілер жаңа қатысушылардың нарыққа кіру ынталарын төмендетіп, өндірістік емес шығасыларды арттырады және сыбайлас жемқорлық үшін және «әкімшілік» деп аталатын ресурстың пайда болуына жағдай жасайды.
Нарықтың басқа субъектілерімен бәсекелесуге жағдай жасалған салалардағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қалыптасуымен және қызметімен байланысты институционалдық проблемалар. Мұндай субъектілердің қызметі олардың айрықша мәртебесі мен әкімшілік және саяси ресурсты пайдалану мүмкіндігіне байланысты аса айқын емес.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар санының өсуі. Көп жағдайда бұзушылықтар мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерімен, үстем жағдайды теріс пайдаланумен, жосықсыз бәсекелестікпен байланысты.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санының ұлғаюы
|
Тауар нарықтарындағы жағдайды жақсарту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ресей Федерациясының Федералды монополияға қарсы қызметіне және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ұсыныстар жіберу
|
Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Табиғи монополиялар салаларында 1627 реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін 1186 табиғи монополия субъектісі, оның ішінде: 537 субъекті – су кәрізі жүйелері саласында, 438 субъекті – энергетика саласында, 173 субъекті – көлік саласында, 38 субъекті – мұнай және газ тасымалдау саласында өз қызметін жүзеге асырады.
2012 жылы инвестициялық тарифтер (орта және ұзақ мерзімді) бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің саны - 59, 2013 жылы - 92 субъектіні құрады. Тарифтерді өзгерту бойынша барлық қабылданатын шешімдер мақұлданған инфляцияға дәліз шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте 2014 жылғы 15 қаңтарда реттеліп көрсетілетін қызметтерден инфляцияға үлес дәлізі 1,2 % деңгейінде мақұлданды. 2014 жылы нақты үлес - 0,51%-ды, 2013 жылы -1,15%-ды, 2012 жылы - 1,17 %-ды құрады.
Мұндай серпін өткен жылдары реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер бағасының өсуі инфляция қарқынынан асып түсіп қана қоймай, сонымен қатар неғұрлым төмен деңгейде екенін айғақтап отыр. Электр энергиясының бағасына қатысты генерация саласын жаңғырту бүгінгі күні елдің энергияға тәуелділігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Мәселен, инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, барлық табиғи монополиялар субъектілерінің бес және одан да көп жыл мерзімге шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі жөніндегі табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға түзетулер енгізілді, бұл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көрініс тапты.
2015 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы әкімшілік кедергілерді азайтуға, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мен тариф белгілеу процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Осы Заң шеңберінде кәсіпорындардың экономикалық дербестігін ұлғайтуға, үнемдеуге өз бетінше билік етуге, тарифтік сметаны өсіруге тыйым салуды болдырмауға, өзге қызметпен айналысу мүмкіндігіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары бірқатар рәсімдерді алып тастауға, тарифті бекіту рәсімдерін біріктіруге, төтенше реттеуші шараларды қолдануды нақтылауға, ақпаратты жариялау тізбесін кеңейтуге ықпал ететін субъектілердің қызметін (өзге қызмет, есептік саясатты келісу, негізгі құралдарды қайта бағалау) бірқатар шектеулердің күшін жоятын өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, қаржы көрсеткіштері бойынша ғана емес, іс-шаралар бойынша бақылауды қамтитын инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау тетігі, жергілікті атқарушы органдармен бағдарламалардың орындалуын бірлесіп талдау және бағдарламалардың орындалуын талдау кезінде сапа мен сенімділік индикаторларын есепке алу күшейтілді.
Табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу тетігін одан әрі жетілдіру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленді.
2015 жылғы 30 маусымда осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен мақұлданды.
«Табиғи монополиялар туралы» жаңа Заң үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ынталандыру тәсілдерін кезең-кезеңмен енгізуге, табиғи монополиялар саласындағы әкімшілік кедергілерді қысқартуға, субъектілер мен уәкілетті орган қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылауды күшейтуге бағытталған тікелей ықпал ететін Заңды білдіреді.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Табиғи монополия салаларында бүгінгі күнге дейін желілер мен жабдықтың айтарлықтай тозуымен, сондай-ақ субъектілер тарифтерінің өсу себептері мен негізділігі және субъектілердің тарифтерге салынған және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражатты тиімді пайдалануы жөнінде тұтынушылардың жеткілікті түрде хабардар болмауынан көрінген, тұтынушы үшін тариф белгілеудің ашық болмауымен байланысты реттелетін нарық субъектілері көрсететін қызметтердің сапасыздығы проблемасы орын алуда.
Өтінім беру процесі барысында субъектілерге әкімшілік жүктеменің шамадан тыс көп болуы: құжаттар санының көптігі және субъектінің қосымша шығыстарына әкеп соқтыратын құжаттарды қарау мен шешімдер қабылдау үшін қажетті уақыт аралығының ұзақтығы, бұл өз кезегінде тарифтердің өсу деңгейіне ықпал етеді.
Табиғи монополиялар салаларын мемлекеттік реттеудің жоғары дәрежесі.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асып түсуі
|
Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Министрлік реттейтін қызметтердің инфляцияға үлесінен асып түсуіне жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау.
|
3-стратегиялық бағыт. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Достарыңызбен бөлісу: |