Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
3
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына және ауыл шаруашылығы шикiзатына әлемдiк бағалардың құбылмалылығы
|
Бағалардың өсуi кезiнде:
1. Мұнайға әлемдiк бағаларының өсуi нәтижесiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың өсуi
2. Ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларына бағалардың өсуі
3. Мұнай экспорты көлемдерiнiң ұлғаюы нәтижесiнде iшкi нарықта мұнай мен мұнай өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi
4. Ішкi нарықта азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi
5. Экономиканың шикiзаттық бағыттылығының және оның сыртқы нарыққа тәуелдiлiгiнiң күшеюi
6. Инфляция деңгейiнiң өсуi
7. Энергия ресурстарына бағалардың өсуiнен мультипликативтiк әсердiң есебiнен экономиканың өсу қарқынының баяулауы
|
1. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы айқындау үшін әлемдік экономиканың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің және негізгі шикізат тауарларына әлемдік бағалардың, Қазақстан экономикасының серпініне мониторинг жүргізу
2. Жағымсыз жағдайлар туындаған жағдайды, оның ішінде ұлттық экономиканың бәсеңдеуімен, күйзелісімен немесе дағдарысымен сипатталатын энергия ресурстарына әлемдік бағалардың шұғыл құбылуы салдарынан экономиканы тұрақтандыруға қажетті шараларды қолдану бойынша мәселені қарастыру
|
Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға түсiмдердiң қысқаруы
2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiнiң қысқаруы
3. Ауыл шаруашылығы саласында кiрiстiлiктiң және ауыл шаруашылығында өсу қарқынының төмендеуi
4. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуi
|
Әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуі
|
1. ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі
2. Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің қысқаруы
|
1. Әлемдік экономиканың өсуінің нашарлауы деңгейіне байланысты экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша шараларды іске асыру
2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
Концессиялық жобаларға қатысу үшін жеке және халықаралық капиталды тартудың мүмкін еместігі
|
1. Жобаларды іске асырмау
2. Концессионерді тартпау
|
1. Мемлекет пен концессионер арасындағы тәуекелдерді бөлу
2. Концессия бойынша келісімшарттарды мониторингілеу
|
Шет елмен Қазақстанда жасалған тауарларға қатысты сауда және басқа да шектеу шараларын қолдану
|
Отандық тауар өндірушілер үшін тиісті елдің нарығына қол жетімділік жағдайларының нашарлануы
Өндіріс көлемінің төмендеуі
|
Сауда және басқа да шектеу шараларын қолданған жақпен келіссөз жүргізу, жағдайды тұрақтандыруға, жаңа сату нарықтарын іздеуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу
|
Көші-қон теріс сальдосы
|
1. Маманды жұмыс күшінің кетуі «білімдарлардың елден кетуі»
2. Республикадағы демографияға жаман әсер ету
|
1. Еңбек нарығында сұранысқа ие шетелдік кәсіпкерлерді, инвесторларды, білікті мамандарды және олардың отбасы мүшелерін, оның ішінде бұрынғы отандастар қатарынан, шақырту мақсатында Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпаратты шетелге таратуға жәрдемдесу
2. Жоғары маманды кадрларды тарту және ұстап қалу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру
3. Инновациялық кәсіпорын құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу 4. Өңірлердің сұранысы мен ұсыныстары болжамын ескере отырып, салу мен пайдалану кезеңдерін қоса алғанда, алдағы кезеңге нақты мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілікті талдауды жүргізу және мамандықтар мен кәсіптер жобаларын іске асыру үшін барлық қажеттілік негізінде мемлекеттік білімге тапсырыс беруді қалыптастыру
|
Тұтынушылық нарықта сапасыз және жалған тауарлардың (өнімдердің) әкелінуі және өткізілуі
|
Тұтынушыларды алдау және олардың құқықтарын бұзу
|
Тұтынушылық нарыққа сапасыз және жалған тауарлардың (өнімдердің) әкелінуін және өткізілуін шектеу жөніндегі санитариялық шараларды енгізу
|
Шетелден республика аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі және инфекциялық аурулардың өршуін тіркеу
|
Инфекциялық аурулардың өршуі
|
1. Мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пункттерде шетелден келетін адамдарға, бақылаудағы тауарларға, көлік құралдарына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру
2. Инфекцияның көзін анықтау, шоғырландыру және белгілеу. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды уақтылы жүргізу. Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
|
Әлемдік шикізаттық тауарлық биржаларда бағалардың төмендеуі
|
Экономиканың қандайда бір саласы бәсекеге қабілетсіздігі, өндірістің төмендеуі салдарынан жұмыссыздықтың ұлғаюы
|
Жалпы ел бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау. Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру, шағын қалаларда шағын кәсіпкерлікті жүйелі дамыту бойынша шаралар кешенін қабылдау
|
Технологиялық және техногендік тәуекел
|
Республика аумағының жергілікті жердің қазіргі күйі мен топонимикасына сәйкес келетін мемлекеттік топографиялық карталармен қамтамасыз етілмеуі, беру, сақтау кезінде геодезиялық және картографиялық деректерді бұрмалау, сейсмикалық тұрғыдан белсенді аумақтарының және Қазақстанның Каспий маңы өңірінің жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулермен толық қамтылмауы
|
1. Республика аумағын алдағы кезеңге жаңартылған топографиялық карталармен және қалалар жоспарларымен қамтамасыз етуді жоспарлау, мемлекеттік тапсырысты орындау;
2. Жасалып жатқан геодезиялық және картографиялық өнімдердің нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік геодезиялық бақылау.
3. Жер қыртысының қазіргі уақыттағы қозғалысын айқындау үшін, оның ішінде республиканың батыс өңірінде жаңа геодинамикалық полигондарды құру арқылы геодинамикалық полигондардың желісін кеңейту
|
Жаңа құрылыс материалдары мен бұйымдардың, құрылыс өндірісінің әдістері мен технологиялары пайда болуын, озық жобалық шешімдер мен жобалау әдістерін және құрылыстың құнын бағалауды туындайтын технологиялар және техниканы даму бойынша дамыған мемлекеттерден артта қалушылығы
|
Халықаралық құрылыс стандарттарға сәйкес келмеу, жаңа құрылыс материалдары мен бұйымдардың, құрылыс өндірісінің әдістері мен технологиялары, озық жобалық шешімдер мен жобалау әдістерінің және құрылыстың құнын бағалау жоқтығы, құрылыс өндірісінің жаңа технологияларына сметалық нормалар мен бағаламалардың жоқтығы
|
Адамның тіршілік әрекетіне қолайлы және қауіпсізді ортаны құруды туғызатын ғылымды қажетсінетін технологиялардың көзі болып табылатын сәулет, қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді даму, технологиялық карталарды жүйелі әзірлеу және олардын негізінде құрылыс өндірісінің жаңа технологияларына сметалық нормаларды әзірлеу
|
Әлемдік нарықтардағы ахуалдың өзгеруі
|
Бәсекелестік дамымаған нарықтар санының артуы
|
Тауар нарықтарындағы ахуалды тергеу және оларды жақсарту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар жіберу
|
ТМС инвестициялық бағдарламаларының орындалмауы
|
ТМС негізгі құралдарының тозу және нормативтік ысыраптардың деңгейі бойынша берілген параметрлерді орындамау
|
Инвестициялық бағдарламалардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингі
Инвестициялық бағдарламаның орындалмауынан тұтынушыларға сомаларды қайтару
|
Инфляция деңгейiнiң берiлген параметрлерден асырылуы
|
Макроэкономикалық тұрақтылығының нашарлауына алып келуi мүмкiн
|
Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтерiнiң негiзсiз өсуiне және Министрлік реттейтiн қызметтердiң инфляцияға Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдаған үлесiн асыруға жол бермеу бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдау
|
Ішкі тәуекелдер
|
Ресурстардың экономиканың салалары арасында бiрдей бөлiнбеуiнiң салдарынан экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiнiң күшеюi
|
Елде «голланд ауруының» дамуы
|
1. Қорларды құру және қайта өндірудің оңтайлы пропорцияларын қолдау есебінен тұтынуды, инвестициялық белсенділікті жандандыру.
2. Құрылымдық және инвестициялық саясаттың үйлестірілген фискалдық, ақша-кредит саясат құралдарының келісілуі.
|
Реттелетін тарифтерден инфляцияға үлес деңгейінің берілген параметрден асып кетуі және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың пайда болуы
|
Макроэкономикалық тұрақ-тылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін
|
Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау салаларындағы жұмыс сапасын бақылауды күшейту.
|
Мемлекеттік органдардың Кеден одағының жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан тарапының ұстанымын сапалы және уақтылы әзірлемеуі
|
Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер қабылдау процесінің баяулауы, ЕЭК-тің Қазақстан Республикасы мүдделеріне сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауы
|
Қазақстан тарапының ұстанымын пысықтау процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу
|
Мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды тиімді іске асырмауы
|
«Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу» бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың төмендеуі
|
Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы мемлекеттік органдар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзектілендіруге (жаңартуға) бағытталған нормативтік құқықтық актілерді уақытында қабылдамау
|
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанбауы
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің мониторингі
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаға қатысатын жеке кәсіпкерлер субъектілерін кредит беру кезінде кепілдік мүлік бойынша екінші деңгейдегі банктердің қойылатын жоғары талаптары
|
1. Экономиканың жекелеген салаларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндіретін және сататын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемінің қысқаруы;
2. Халықтың қаржылық ұйымдарға деген сенімінің жоғалуы
3. Халықтың әлеуметтік шиеленісі, жұмыспен қамтылғандар санының азаюы
|
Кепілдік беру бағдарламасын іске асыру;
жаңа құралдарды енгізу;
ШОБ кәсіпкерлерінің кең ауқымын қамтуды кеңейту;
кәсіпкерлерге гранттар беру;
микрокредиттеу;
ауылдық, моно және шағын қалалардағы кәсіпкерлер үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына жекелеген шарттарын қосу;
белсенді ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу
|
Экономиканың монополиялану деңгейінің артуы
|
Бизнес ортаның бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі және өзін-өзі реттеу институттары дамуының тежелуі
|
Бәсекелестікті дамыту және бизнесті өздігінен реттеу институттарын дамыту үшін жағдай жасау
|
Тіректі, сонымен қатар, шекара аумағына жақын орналасқан елді мекендердің дамуы бойынша кешенді жоспардағы іс-шаралардың сапасыз орындалуы және уақытында жүзеге асырылмауы
|
Тіректі, сонымен қатар, шекара аумағына жақын орналасқан елді мекендердегі миграцияның жағымсыз сальдосы.
Жергілікті тұрғындар арасындағы әлеуметтік қиыншылықтардың пайда болуы
|
Тіректі, сонымен қатар, шекара аумағына жақын орналасқан елді мекендердің дамуы бойынша Кешенді жоспардағы іс-шаралардың орындалуы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының қадағалауын күшейту. Кешенді жоспардағы іс-шараларды уақытылы қаржыландыру
|
Рұқсат беру құжаттарын беру кезінде мемлекеттік органдардың заңнамамен бекітілген талаптарды орындамауы
|
Құрылыс саласында бизнесті жүргізудің және рұқсат беру рәсімдерін өту қиындығы
|
Рұқсат беру құжаттарын берумен айналысатын қызметкерлердің кәсібилілігін арттыру
|
Мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындамауы
|
Республикалық бюджет қаражаттарын игермеу
|
Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік қаражаттарды игеруіне және тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі тапсырмасының орындауын қамтамасыз етуге бақылау мониторинг жүргізу
|