Қазақстан республикасы мен түркия республикасы арасында дипломатиялық Қатынастар орнату туралы хаттама



бет4/7
Дата26.02.2016
өлшемі387.5 Kb.
#26888
1   2   3   4   5   6   7

Қиыншылықтарды реттеу

Осы Шартты орындау немесе түсіндіру барысында пайда болған кез келген қиыншылықтар дипломатиялық арналар арқылы қарастырылады.



11-бап

Дипломатиялық немесе консулдық органдардың құжаттарды атқару және куәлік жауаптар алуы

Кез келген Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың заңдары бұзылмайтын және ешқандай күштеу шаралары қолданылмайтын жағдайларда өзінің дипломатиялық немесе консулдық органдары арқылы екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында құжаттарды атқарып, өз азаматтарынан куәлік жауаптар ала алады.



II ТАРАУ

АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

1-БӨЛІМ

12-бап

Құқықтық көмектің түрлері

Осы Шартқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар біріне бірі мынадай құқықтық көмек көрсетеді:

1.Екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында мүдделі тұлғалар жөнінде құқықтық құжаттар беру және атқару.

2.Жазбаша сұрау салу арқылы куәлік жауаптар алу.

3.Соттар мен төрелік сот органдарының шешімдерін мойындау және атқару.

4.Осы Шарт арқылы қамтамасыз етілетін басқа да көмек.


13-бап

Құқықтық көмек сұрау

1. Құқықтық көмек туралы өтініш жазбаша сұрау нысанында жазылады. Бұл хаттарда мыналар қамтылады:

а) сұрау салушы және сұрау салынып отырған органдардың атаулары;

б) сот ісін жүргізудің сипаты және оқиғалардың қысқаша баяндалуы, одан әрі жауап алынатын адамдарға берілетін сұрақтар;

в) заңды тұлғалардың аты, жынысы, жасы, ұлты, кәсібі, тұрақты мекенжайы немесе тұратын жері немесе жүрген жері;

г) атқаруға арналған құқықтық акт;

д) жауап алынатын адамдардың аттары мен мекенжайлары;

е) зерттелуге тиіс құжаттар немесе басқа заттар;

ж) сұрау салуды атқару үшін қажет басқа құжаттар.

2. Жоғарыда аталған жазбаша сұраулар мен қоса тіркелген құжаттарға қол қойылады және олар сұрау салушы органның мөрімен куәландырылады.


14-бап

Сот шығындарынан босату

Бір Уағдаласушы Тараптың сот өкімет орындары екінші Уағдаласушы Тараптың құқықтық көмек сұраған азаматтарынан олардың шет елдік болуы немесе екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жері болмауы негізінде ғана қандай да бір кепілдік міндеттемелер және/немесе кепіл талап етпейді.

Бұл ереже құқықтық көмек сұралғанда талап етілетін кез келген басқа төлемге қолданылады.
15-бап

Сот шығындары

Бір Уағдаласушы Тараптың азаматтары екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында сот ісін жүргізу шығындарын оның өз азаматтары сияқты жағдайлар мен мөлшерде төлейді.


16-бап

Заңды тұлғалар

1,14,15-баптардың ережелері, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың бірінің зандары мен нұсқауларына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға да қолданылады.


17-бап

Құқықтық көмек және сот шығындарынан босату

Бір Уағдаласушы Тараптың азаматтары екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында, өз азаматтары жөнінде қабылданғанындай, сот ісін жүргізу шығындарынан босатуды немесе құқықтық көмек көрсетуді сұрап өтініш білдіре алады. Сот ісін жүргізу шығындарынан босату туралы шағым жасалған немесе құқықтық көмек көрсетуді сұрап өтініш білдірілген жағдайда өтініш иесі тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан жердегі құзіретті органдар анықтама беруге тиіс, егер Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің аумағында өтініш иесінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері болмаса, анықтаманы оның елінің дипломатиялық немесе консулдық органдары бере алады.



2-БӨЛІМ

ҚҰЖАТТАРДЫ АТҚАРУ ЖӘНЕ КУӘЛІК ЖАУАПТАРДЫ ЖИНАУ

18-бап

Қамту

Уағдаласушы Тараптар өтініш бойынша бірі үшін екіншісі құжаттарды атқарып, куәлік жауаптар жинайды:

1. Құжаттарды атқару сот құжаттарын және соттан тыс құжаттарды атқару деген мағынаны білдіреді;

2. Куәлік жауаптарды жинау азаматтық және коммерциялық ресімдерге қатысты жауаптар алу мақсатымен тараптардан, куәлерден және сарапшылардан жауап алуды, сарапшы бағалауы мен сот тексеруін жүргізуді қамтиды.


19-бап

Сұрау салуларды атқару

1. Егер сұрау салынып отырған орган өзін сұрау салуларды атқаруға құзіретті емеспін деп есептейтін болса, ол сұрау салуларды атқаруға өкілеттігі бар құзіретті органдарға беруге және бұл туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты хабардар етуге тиіс.

2. Егер Уағдаласушы Тараптың сұрау салынып отырған құзіретті органдары жазбаша өтініште көрсетілген мекенжайға сәйкес сұрау салуды атқара алмайтын болса, олар мекенжайды анықтау және сұрау салуларды атқару жөнінде тиісті шаралар қолданады. Олар сұрау салушы Уағдаласушы Тараптан қажетті қосымша ақпарат сұрай алады.

3. Егер сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап мекенжайларды анықтаудың мүмкін еместігінен немесе басқа себептер бойынша сұрау салуды атқара алмайтын болса, ол сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты сұрау салуды атқарудың мүмкін еместігінің себептері туралы хабардар етеді және барлық қажетті құжаттарды соңғыға қайтарады.


20-Бап

Орындау нәтижелері туралы хабарлау

1. Уағдаласушы Тараптың сауал қойылған құзырлы органдары 2-бапта көрсетілген жолдар бойынша, сауалдың орындалу нәтижелері туралы сауал қоюшы Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлайды. Бұндай хабарлауға қоса табылған дәлелдердің материалдары немесе қолхат беріледі.

2. Қолхатта мекенжайлардың қолдары және алынған күні, орындаған органның мөрі мен орындаған лауазымды адамның қолы, орындалу әдісі мен орындалған жері, егер алушы құжаттарды қабылдаудан бас тартса, алудан бас тартудың себептері көрсетіледі.

3-БӨЛІМ

ШЕШІМДЕРДІ МОЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ

21-бап

Мойындауға және орындауға жататын шешімдер

1. Осы Шарттың төменде көрсетілген шарттары бойынша, Уағдаласушы Тараптың бірі өз аумағында мыналарды мойындайды және орындайды:

а) соттардың азаматтық істер бойынша қабылданған шешімдері;

б) қылмыстық істер бойынша зиянның орнын толтыру туралы сот шешімдері;

в) Уағдаласушы басқа Тараптың төрелік органдарының шешімдері;

2. Осы Шартта аталатын «шешімдерге» соттар шығарған келістіруші шешімдер де кіреді.


22-бап

Мойындау және орындау туралы өтініш

1. Шешімдерді мойындау және орындау туралы өтініш сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына тікелей жіберіледі.

2. Өтінішке мыналар қоса берілуі тиіс:

а) шешімнің түпнұсқаға сәйкес көшірмесі. Шешімнің өзінен тиімділігі мен орындалуы түсініксіз болған жағдайда құзырлы органдар беретін анықтама көшірмеге қоса берілуі тиіс;

б) сотқа келмеген ұтылған Тараптың ол жерге заңды түрде шақырылғанын және оның құқық қабілеттілігі болмаған жағдайда, оның ол жерде тиісті дәрежеде ұсынылғанын көрсететін анықтама;

в) төрелік шешімді мойындау және орындау жөнінде айтылған жағдайда төрелік қараудың юрисдикцияға ұсынылғандығы туралы төрелік шешімнің көшірмесі.


23-бап

Мойындаудан және орындаудан бас тарту

21-бапта аталып өткен шешімдерді сауал қойылған соттар мына жағдайларда мойындамайды және орындамайды:

1.Егер шешімдер сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес заңды түрде орындала алмайтын болса.

2.Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың құқықтық органының аталған іс бойынша құзыры жоқ екендігін мойындаса.

3.Егер шешім қабылдайтын Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес, істе жүргізуге қатыспаған сотта ұтылған Тарап ол жерге тиісті түрде шақырылмаған болса немесе оның құқық қабілеттілігі болмаған жағдайда тиісті өкілдікке құқығынан айырылған болса.

4.Егер сот процесіне қатысты сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың төрелік органдары немесе соттары сол белгілі бір тараптар, сол белгілі бір іс бойынша соңғы шешім қабылдаған болса, немесе ол істі қарап жатқан болса немесе бұл сот процесі бойынша үшінші бір мемлекет қабылдаған соңғы шешімді мойындаған болса.


24-бап

Мойындау мен орындау ережелері

1.Шешімді мойындау және орындау мәселесі сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың соттары арқылы оның ұлттық заңдарына сәйкес шешіледі.

2. Сауал қойылған сот осы Шарттың ережелерінде айтылған шарттар орындалған жағдайда тек қарап тексерумен шектеледі.
25-бап

Мойындау мен орындаудың заңдық күші

Бір Уағдаласушы Тараптың құқықтық органдары қабылдаған, екінші Уағдаласушы Тараптың соттары мойындаған және орындаған шешімнің күші, соңғы жақтың соттары қабылдаған шешімдердің күшімен бірдей болады.


26-бап

Төрелік органдардың шешімдерін мойындау және орындау

Төрелік шешімдер, егер осы Тараудың 3-бөлімінде айтылған ережелерге қосымша мына шарттар орындалған жағдайда мойындалады және орындалады:

1.Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес, төрелік шешім коммерциялық даулар жөніндегі қабылданған төрелік шешімдердің шеңберінде қалып қойса.

2.Егер төрелік шешім мүдделі жақтардың жазбаша жасалған төрелік келісімі негізінде немесе жаңа жағдайлардан туындап отырған құқықтық дауларға байланысты қабылданса, және егер төрелік шешім төрелік келісімде көзделген міндеттерге қатысты қабылданған болса.

3.Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес осы баптың 2-тармағында көрсетілген келісім өз күшінде болса.
27-бап

Бағалы заттарды экспортқа шығару және ақша қаражатын аудару

Шешімдерді орындауға қатысты бұл Шарттағы Ереже Уағдаласушы екі Тараптың ақша қаражаттарын аударуға және бағалы заттарды экспортқа шығаруға байланысты заңдары мен ңұсқауларын бұзбауға тиіс.


28-бап

Куәгер мен сарапшының келуі

1. Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тарап куәгерді немесе сарапшыны өз құқықтық органдарының алдына келтіруді маңызды деп ескермесе, ол бұл жөнінде сотқа шақыру қағазында өтініш жасайды, ал сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап куәгерді немесе сарапшыны шақыртып алады.

2. Сотқа шақыру туралы өтініштер сауал Уағдаласушы Тарапқа, құқықтық органдардың алдына шақырылатын адамдардың келу мерзімі белгіленгенге дейін кем дегенде екі ай бұрын жіберіледі.

3. Сауал қойылған Уағдаласушы Тарап сауал қоюшы Уағдаласушы Тарапқа куәгердің немесе сарапшының жауабын хабарлйды. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда сауал немесе сот шақыру қағазында шамамен ақы мөлшері, сондай-ақ іс сапар мен жатын орнының шығындары көрсетілуге тиіс.


29-бап

Куәгер мен сарапшының шығындары

Жатын орны мен тамақтануды, сондай-ақ іс сапар шығындарын қоса алғанда сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың куәгерге немесе сарапшыға төлеуге арналған ақша қаражаты, істі тыңдау өткізілетін елде қолданылатын мөлшерге сәйкес және сонда көзделген тәртіп бойынша төленуге тиіс.


30-бап

Куәгер мен сарапшыны қорғау

1.Сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың құқықтық органдарының алдына сотқа шақыру бойынша келген куәгер немесе сарапшы, олардың қай ұлтқа жататындығына қарамастан, сауал қойылған. Уағдаласушы Тарап тарапынан, ол шыққанға дейін өз жерінде жасаған құқық бұзғаны, куә ретінде жауап бергені немесе сарапшылық баға бергені үшін тергеу болмауға тиіс.

2. Құқықтық органдар оған ендігі жерде оның қатысуы міндетті емес деп ескерткен мерзімнен кейін он бес күн өткенше, егер олар сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағынан әлі кете қоймаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделгендей, куәгер немесе сарапшы қорғаудан тыс қалмауға тиіс. Алайда бұл кезеңге, куәгер немесе сарапшы өзіне қатыссыз себептермен сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кете алмай отырған уақытты қосуға болмайды.

3. Куәгерлік жауап немесе сарапшылақ баға беруге шақырылған адамға қандай да бір күштеу шараларын қолданыға болмайды.



1-бап__Бекітілуі_және_күшіне_енуі'>IV ТАРАУ

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

31-бап

Бекітілуі және күшіне енуі

Бұл Шарт бекітуге жатады. Бекіту грамоталарымен алмасу Анкарада өтеді. Бұл Шарт бекіту грамоталарымен алмасудан кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.


32-бап

Тоқтатылуы

Бұл Шарт кез келген Уағдаласушы Тарап дипломатиялық арналар арқылы осы Шарттың күші жойылғаны туралы жазбаша хабарлаған күннен кейін алты ай өткенге дейін күшінде болады. Бұндай болмаған жағдайда бұл Шарт өз күшінде қалады.

Алматыда 1995 жылы 13 маусымда әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі дана болып жасалды, барлық мәтіндер түпнұсқаға сәйкес. Қайшылықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі текст басым болады.

Осының дәлелі ретінде Уағдаласушы Тараптардың өкілетті өкілдері осы Шартқа қол қойды.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮШІН ҮШІН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫСҚА САЛЫНҒАН САЛЫҚҚА ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ


Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі табысқа қосарланған салық салуды болдырмау және екі ел арасында экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Келісім жасау ниетін білдіре отырып, мына мәселелер туралы келісті:
1-бап

Келісім қолданылытын тұлғалар

Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларына қолданылады.


2-бап

Осы келісім қолданылатын салықтар

1. Осы Келісім салық алу тәсілдеріне қарамастан әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның саяси немесе жергілікті бөлімдері атынан табыс салықтарына қолданылады.

2. Қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүлікті шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, жалақы мен сыйақының жалпы мөлшерінен алынатын салықтарды қосқанда, жалпы табыстан не табыс бөлігінен алынатын барлық салық түрлері табысқа салынатын салықтарға жатады.

3. Атап айтқанда, Келісім қолданылып отырған салықтар мыналар болып табылады:

а) Қазақстанда:

1) заңды тұлғалардың табысынан алынатын салық;

2) жеке адамдардың табыстарынан алынатын салық; (бұдан әрі «Қазақстан салығы» ретінде аталатындар)

б) Түркияда:

1) табыс салығы;

2) корпоративтік салық;

3) табыс салығы мен корпоративтік салықтан аударылатын алымдар;

(бұдан әрі «Түркия салығы» ретінде аталатындар)

4. Осы Келісім, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы осы Келісімге қол қойылған мерзімнен кейін көрсетілген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез-келген осындай немесе іс жүзінде ұқсас салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары олардың салық заңдарындағы кез келген елеулі өзгерістер туралы бір-біріне хабарлап отыратын болады.
3-бап

Жалпы айқындамалар

1. Егер түпнұсқа мәтінінен басқа мағына тумаса, осы Келісімнің мақсаттары үшін:

а) (1) «Қазақстан» термині Қазақстан Республикасын білдіреді. Географиялық мағынада алғанда «Қазақстан» термині халықаралық заңдарға сәйкес Қазақстан өзінің егемендік құқын және заңын жүзеге асыра алатын жерді, аумақтық теңізді, суларды, экономикалық аймақтар мен құрылықтық жағалауларды қамтиды;

(2) «Түркия» термині халықаралық нормаларға сәйкес табиғат ресурстарын барлау, өндіру, оларды сақтау және басқару мақсатында үстінде Түркияның заңы немесе егемендік құқы қолданылатын аумақтық теңізді, сондай-ақ теңіз аралдарын, Түркияның жалпы аумағын білдіреді.

б) «Уағдаласушы Мемлекет» және «басқа Уағдаласушы Мемлекет» терминдері мәтінге байланысты Қазақстанды немесе Түркияны білдіреді;

в) «салық» термині осы Келісімнің 2 бабында қарастырылған кез-келген салықты білдіреді;

г) «жақ» термині жеке тұлғаны, компанияны және басқа да кез-келген тұлғалардың кез-келген басқа бірлестігін білдіреді;

д) «Компания» термині салық салу мақсатында корпоративтік бірлестік ретінде қарастырылатын, кез-келген корпоративтік бірлестікті немесе кез-келген ұйымды білдіреді және ол Қазақстан жағдайында акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектелген қоғамды немесе серіктестікті, бірлескен кәсіпорынды немесе Қазақстан Заңы бойынша табысына салық салуға жататын кез-келген өзге заңды тұлғаны немесе өзге ұйымды қамтиды;

е) «тіркелген офис» термині Қазақстанның Азаматтық Кодексі немесе Түркияның Коммерция Кодексі бойынша тіркелген заңды бас офисін білдіреді;

ж) «ұлттық жақ» термині:

(1) Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар «кез-келген заңды тұлғаны;

(2) Уағдаласушы Мемлекеттің қолданыстағы заңына сәйкес өз мәртебесін, алған кез-келген заңды тұлға, әріптестік немесе ассоциацияны білдіреді;

з) «Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны» және «басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны» термині тиісінше өз қызметін Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті арқылы жүзеге асыратын кәсіпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті арқылы жүзеге асыратын кәсіпорынды білдіреді;

и) «құзырлы орган» термині:

(1) Қазақстанда: Қаржы министрін немесе оның өкілетті өкілін білдіреді;

(2) Түркияда: Қаржы министрін немесе оның өкілетті өкілін білдіреді;

к) «Халықаралық тасымал» термині теңіз, әуе немесе жер үстіндегі көлік тек қана Қазақстан немесе Түркия аумағындағы елді мекендер арасында пайдаланылатын жағдайды қоспағанда, Түркия немесе Қазақстан кәсіпорны пайдаланатын теңіз, әуе келісімімен немесе жер үсті көлігімен кез-келген тасымалды білдіреді.

2. Егер контекстен басқадай мағына тумаса Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімді қолданғанда, Келісімде айқындалмаған кез-келген термин Келісім қолданылатын мемлекеттің салықтарға қатысты заңдарында берілетін мәнге ие болады.


4-бап

Резидент

1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін «Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті» термині осы мемлекеттің заңы бойынша оның тұрғылықты жері, резиденттігі, заңды бас офисі (тіркелген офисі) нақты басшылық орны немесе осы сыйпаттағы кез-келген басқа өлшем негізінде осы мемлекеттің заңдары бойынша салық салуға жататын кез-келген тұлғаны білдіреді. Алайда бұл термин тек сол мемлекеттегі табыс көзі бойынша осы мемлекетке салық салуға жататын кез-келген тұлғаны қамтымайды.

2. 1-ші тармақтың ережелеріне сәйкес жеке адам Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болған жағдайда оның мәртебесі былайша айқындалады:

а)тұлға өзінің меншігіне жататын тұрақты баспанасы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып есептеледі; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып еспетеледі;

б) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе оның Уағдаласушы Мемлекеттердің бірде-біреуінде тұрақты баспанасы болмаса, ол өзі тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;

в) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың бірде-біреуінде тұрмаса, ол өзі азаматы болып отырған Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;

г) егер ол екі Мемлекеттің азаматы болса немесе бірде-бірінің азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органы мәселені өзара келісе отырып шешеді.

3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке адамнан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, ол тіркелген офисі орналасқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледі.


5-бап

Тұрақты мекеме

1. Осы Келісімнің мақсаты үшін «тұрақты мекеме» термині салық көмегімен кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асыруға көмектесетін қызметтің тұрақты орнын білдіреді.

2. Атап айтқанда, «тұрақты мекеме» терминіне кіретіндер:

а) басқару орны;

б) бөлімше;

в) кеңсе;

г) фабрика;

д) шеберхана;

е) кен орны, мұнай немесе газ скважинасы, кеніш немесе табиғи ресурстар өндірілетін кез-келген басқа орын;

ж) сондай-ақ «тұрақты мекеме» терминіне кіретіндер:

(1) алайда егер тек осындай алаң, обьект немесе қондырғы, бақылау 12 айдан астам уақыт бойы жалғастырылса құрылыс алаңын немесе құрылыс обьектісін немесе монтаждау, болмаса құрастыру жұмыстарын немесе табиғи ресурстарды барлауға байланысты осы жұмыстарды орындау немесе монтаждауды бақылауға арналған қызметтер.

(2) осындай мақсаттар үшін резидент жалдаған қызметкерлер немесе басқа адамдар арқылы резиденттер көрсететін консультациялық қызметтерді алғанда көрсетілетін қызметтер, бірақ тек мұндай сыйпаттағы қызмет ел шеңберінде 12 айдан астам уақыт бойынша созылатын болса ғана (осындай немесе онымен байланысты жоба үшін).

3. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, «тұрақты мекеме» термині мыналарды қамтымайды:

а) кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды тек қана сақтау, көрсету немесе әкелу мақсаттары үшін ғимараттарды пайдалану;

б) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек қана сақтау, көрсету немесе әкелу мақсаттары үшін ұстау;

в) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек қана өзге кәсіпорынның ұқсату мақсаты үшін ұстау;

г) тұрақты қызмет орынын тек қана тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға ақпар жинау үшін ұстау;

д) тұрақты қызмет орынын тек қана кәсіпорын үшін даярлық немесе көмекші сипаттағы кез-келген басқа бір қызметті жүзеге асыру үшін ұстау;

е) осындай амал нәтижесінде туындаған, тұрақты жұмыс орынының жиынтық қызметі даярлық немесе көмекші сипатта болған жағдайда, тұрақты жұмыс орынын осы тармақтың а) тармақшасынан д) тармақшасына дейін көрсетілген қызмет түрлерінің кез-келген амалын жүзеге асыру үшін ғана ұстау.

4. 1 және 2 тармақтардың жағдайларына қарамастан, егер басқа адам 5 тармақ қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агентке қарағанда Уағдаласушы Мемлекетте басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны атынан әрекет етсе, онда осы адам кәсіпорын үшін жүзеге асыратын кез-келген қызметке байланысты алғаш аталған Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын болып саналады, егер мұндай адам әрине, әдетте осы Мемлекетте кәсіпорын атынан шарт жасауға өзінің өкілеттілігін жүзеге асырса, егер мұндай адамның қызметі 3 тармақта аталған ережелермен шектелмесе, егер қызметі кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырылса, кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орны осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемесі жүзеге асырады

5. Делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар басқа агент арқылы сол басқа мемлекетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, егер мұндай адамдар өздерінің әдеттегі қызмет шеңберлерінде әрекет еткен жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынға басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.

6. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып саналатын компания Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып саналады немесе осы басқа Мемлекетте қызметін жүзеге асыратын (тұрақты мекеме немесе басқаша жолмен) өз бетімен бақылауды немесе соның бақылауында болу фактісі кез-келген компанияның басқаның тұрақты мекемесіне айналдыра алмайды.


6-бап

Қозғалмайтын мүліктен алынатын табыс

1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан қозғалмайтын мүліктен алған табыстарына /ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табыстарды қосқанда/ осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. «Қозғалмайтын мүлік» термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңы бойынша алғандағы мағынаға ие болады.

«Қозғалмайтын мүлік» терминіне кез-келген жағдайда, қозғалмайтын мүлікке қатысты көмекші мүлік, ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтар, әртүрлі балық ауланатын жер, жер меншігіне қатысты негізгі заң ережелері қолданылатын құқықтар, қозғалмайтын мүлік құқығы және минералдық ресурстарды дайындаудағы әзірлемеге немесе құқыққа өтем ретіндегі ауыспалы немесе тіркелген төлемдер құқығы, табыс көздері және басқа табиғи қазбалар кіреді; теңіз, әуе және жердегі көлік құралдары қозғалмайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.

3. 1-тармақтың ережелері қозғалмайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез-келген басқа түрде пайдаланудан алынған табыстарға қолданылыды.

4. Сондай-ақ 1 және 3 - тармақтардың ережелері кәсіпорынның қозғалмайтын мүлкінен алынатын табыстарға және тәуелсіз жеке қызметтер орындау үшін пайдаланылатын қозғалмайтын мүліктен алынатын табыстарға қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет