Қазақстан республикасы мен түркия республикасы арасында дипломатиялық Қатынастар орнату туралы хаттама



бет2/7
Дата26.02.2016
өлшемі387.5 Kb.
#26888
1   2   3   4   5   6   7

20-бап

Юрисдикция иммунитеті

1. Консулдық қызмет адамдары қызмет бабына қатысты жағдайда жасалған істері үшін консулдық орналасқан мемлекеттің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциясына жатпайды.

2. Мұнымен бірге осы баптың 1-тармағында қарастырылған ережелер:

а) консулдық қызметкердің, ол өкілдігін жіберген мемлекеттің атына тікелей немесе жанама әрекет етпеген немесе

б) консулдық орналасқан мемлекетте жол көлік құралдары, кеме немесе әуе кемесінің келтірілген зиянының салдарынан туындайтын, оны өтеуде үшінші тұлға талап еткен жағдайда пайдаланылмайды.
21-бап

Куәлардың жауап беру міндеті

1.Консулдық мекеменің қызметкерлері сот және әкімшілік істерін талқылауда куәлардың жауабын беру үшін шақырылуы мүмкін. Консулдық мекеменің қызметкері немесе қызмет көрсетуші персоналдың жұмысшысы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқасы, куәлардың жауабын беруден бас тарта алмайды. Егер консулдық қызмет адамы куәлардың жауабын беруден бас тартса оған ешқандай да еріксіз шаралар немесе басқа санкциялар қолданыла алмайды.

2. Консулдық қызмет адамының куәлардың жауабын беруін талап ететін өкімет орындары оның өз міндеттерін орындауға кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл өкімет орындарының мүмкіндігінше, сондай-ақ осы консулдық қызмет адамының тұратын мекен-жайы бойынша немесе консулдық мекемеде тыңдауына немесе жазбаша көрсетулерді қабылдауына болады.

3. Консулдық мекеменің қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындауға қатысты куәлардың жауабын беруге немесе осыған қатысты ресми хат-хабарлар мен құжаттарды көрсетуге міндетті емес. Олар сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекеттің ұлттық заңдарына қатысты сарапшылар ретінде куәлардың жауабын беруден бас тарта алады.


22-бап

Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту

1. Өкілдігін жіберген мемлекет 19, 20 және 21-баптарда қарастырылған консулдық мекеме қызметкерінің артықшылықтары мен иммунитеттерден бас тарта алады. Бас тарту анық түсіндірілуге тиіс және консулдық орналасқан мемлекетке жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс.

2. Консулдық қызмет адамы немесе консулдық мекеме қызметкері 20-бапқа сәйкес, оның қашан юрисдикциядан иммунитетпен пайдалана алатындығы туралы іс қозғауға негізгі талапқа тікелей байланысты қандай да бір қарсы кездесетін талапқа қатысты юрисдикциядан иммунитетке сілтеме жасау құқығынан айырады.

3. Азаматтың немесе әкімшілік істер бойынша юрисдикция иммунитетінен бас тартуы сот шешімін орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуын білдірмейді, мұндай іс-қимылдарға қатысты бөлек бас тарту қажет.


23-бап

Заңды және жеке бас борыштарынан

босатылу

Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін барлық жеке бас борыштарынан, қоғамдық міндеттерден, олардың сипатына қарамастан, әскери борыштардан, реквизиция, әскери алымдар мен тұрулардан босатады.


24-бап

Шетел азаматтары ретінде тіркеуден босатылу және тұруға рұқсат алу

Консулдық қызмет адамдары және консулдық мекеме қызметкерлері, сондай-ақ олармен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері шетел азаматтарын тіркеуге және тұруға рұқсат алуға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерінде қарастырылған кез келген міндеттемелерді орындаудан босатылады.


25-бап

Еңбекпен айналысуға рұқсат алуға қатысты міндеттерден босатылу

Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлері еңбекпен айналысуға рұқсат алуға қатысты, өкілдігін жіберген мемлекет үшін жұмыстарды орындауға қатысы бар, консулдық орналасқан мемлекеттің шетелдіктерді қабылдау жөніндегі заңдарында және ережелерінде қарастырылған міндеттерден босатылады.


26-бап

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты ережелерді бұлжытпаудан босатылу

1. Осы баптың 3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, консулдық мекеменің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері өкілдігін жіберген мемлекет үшін жұмыстарды орындауға қатысты, консулдық орналасқан мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру туралы қазіргі ережелерін бұлжытпаудан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған босату, сондай-ақ тек қана консулдық мекеме қызметкерлерінің қызметіндегі үй қызметкерлеріне де мынадай шарттарда:

а) олар консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайды немесе осы мемлекетте тұрақты өмір сүрмейді;

б) олар өкілдігін жіберген мемлекеттегі немесе үшінші мемлекетте әлеуметтік қамсыздандыру туралы ережелерге келетін болса таралады.

3. Осы баптың 2-параграфында қарастырылған босату таралмайтын консулдық мекеме қызметкерлері, жалдаушы кісі консулдық орналасқан мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдарында жұмыс берушілерге салынатын міндеттемелерді бұлжытпауға міндетті.

4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында қарастырылған босатылу консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары қатысуға рұқсат еткен жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ерікті қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
27-бап

Салықтардан босатылу

1. Консулдық қызмет адамдары және консулдық мекеменің қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері барлық салықтардан және алымдардан – жеке басының, мүліктік, мемлекеттік, аудандық және муниципалдық – мыналарды:

а) әдетте тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге қойылатын жанама салықтарды;

б) 28-баптың ережелеріне қарастырылған қайтарып алулармен, консулдық орналасқан мемлекеттің ауқымында тұрған жеке меншіктің қозғалмайтын мүлкіне салынатын салықтар мен алымдарды;

в) мұрагерлікке салынатын немесе мұрагерлік мүліктің өтуіне осы баптың 4 б-тармағында қарастырылған қайтарып алулармен консулдық орналасқан мемлекет салатын салықтарды;

г) консулдық орналасқан мемлекеттегі кез келген жеке табыстар кездеріне салынатын салықтар мен алымдарды;

д) қызмет көрсетудің нақты түрлерін орындағаны үшін салықтар мен алымдарды;

е) 28-баптың ережелерінде қарастырылған алулармен, тіркелу, соттық баж салығын, кепілдікке беру және елтаңбалық алымдарды, қоспағанда босатылады.

2. Өкілін жіберген мемлекеттің азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлері және жеке меншік үй қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін алатын еңбекақысына салынатын салықтар мен алымдардан босатылады.

3. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын консулдық мекеменің қызметкерлері мен жеке меншік үй қызметкерлерінің табыс салығына қатысты консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерінде қарастырылған міндеттемелерді бұлжытпауға тиіс.

4. Консулдық мекеме қызметкерлерінің немесе оның отбасының мүшесі қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:

а) қайтыс болған адамға тиісті қозғалатын мүлікті , консулдық орналасқан мемлекетте сатып алынған және осы кісінің қайтыс болуы уақытына қарай алып кетуге тыйым салынған заттардан басқасын алып кетуге рұқсат береді.

б) консулдық орналасқан мемлекетте қайтыс болған кісінің тек консулдық мекеменің қызметкері немесе оның отбасы мүшесі ретінде ғана болғандығына байланысты қозғалатын мүлікке, мұраға және мұралық мүліктің өтуіне ешқандай мемлекеттік, аудандық немесе муниципалдық салықтар мен алымдар алынбайды.
28-бап

Консулдық үй-жайларды және қозғалатын мүліктің кейбір түрлерін салық салудан босату

1. Өкілдігін жіберген мемлекет иесі немесе жалдаушысы болып табылатын консулдық үй-жайлар және консулдық мекеме басшысының резиденциясы барлық мемлекетті, аудандық немесе муниципалдық, қызмет көрсетудің нақты түрлерін көрсеткені үшін алынған төлемдерді қоспағанда, салықтар мен салымдардан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған салық салудан босату өкілдігін жіберген мемлекетпен шарт жасасқан кісіге консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелері бойынша салынатын салықтар мен алымдарға таралмайды.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекет иесі болып табылатын және тек қана консулдық мекеменің мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын қозғалатын мүлікке де таралады.


29-бап

Баж салықтарынан және тексеруден босатылу

1. Консулдық орналасқан мемлекет өзінде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес төмендегі көрсетілген заттарды алып келуге рұқсат береді және сақтау, тасымалдау мен осыған ұқсас көрсетілген қызметтердің тысында барлық кедендік баж, салық және ұқсас төлеу қызметтерінен босатылады.

а) консулдық мекеменің қызметтік пайдалануы үшін керекті заттар.

б) консулдық қызмет адамдарының және отбасының бастапқы үй жабдықтарын қосқанда жеке басының пайдалану заттары. Пайдаланатын заттар тиісті кісінің тікелей пайдалануы үшін қажетті саннан аспауы керек,

2. Жіберілген мемлекеттің азаматы болған консулдық қызметкерлер бастапқы 6 ай ішінде алып келген заттары үшін баптың 1-тармағындағы ережелерді пайдалана алады.

3. «Заттар» анықтаушы, сондай-ақ көлік құралдары үшін де таралады.

4. Консулдық қызмет адамының жеке басының жүгі кедендік ескеруден босатылады. Ол мынадай, егер консулдық орналасқан мелекеттің құзіретті өкімет орындарының жүктің ішінде осы баптың “б” тармақшасында аталған заттардан бөлекше немесе консулдық орналасқан мелекеттің заңдары мен ережелері алып келуге және алып кетуге тыйым салған немесе карантиндік ережелер рұқсат етпейтін заттардың бар екендігіне бұлтартпайтын негізі болған жағдайда тексеріледі. Тексеру тиісті консулдық қызмет адамы немесе оның өкілінің қатысуымен сол жерде жүргізілуге тиіс.
30-бап

Қозғалу бостандығы

Бұның консулдық орналасқан мелекеттің қауіпсіздік ұғымдары бойынша кіруге тыйым салатын немесе шектейтін заңдары мен ережелеріне қайшы келмейтіндігінен консулдық орналасқан мелекет өзаралық негізде консулдық мекеменің барлық қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің ауқымдарының шегінде еркін ауысу және қозғалу бостандығын қамтамасыз етеді.


31-бап

Көлік құралдарын қамсыздандыру

Өкілдігін жіберген мемлекеттің меншігіне жататын, тек консулдық мекеменің пайдалануы үшін ғана арналған көлік құралдары және консулдық мекеменің қызметкеріне тиісті көлік құралдары міндетті қамсыздандыруға жатады.

Бұл мәселе консулдық мекеме консулдық орналасқан мелекеттің сыртқы істер министрлігінің нұсқауларын басшылыққа алады.
32-бап

Артықшылықтар мен иммунитеттер туралы мәселеге қатысты жалпы ережелер

1. Консулдық орналасқан мелекеттің азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлері, олардың іс-қимылдары өздерінің міндеттерін орындау мақсатында жасалған және тек 21-баптың 3-параграфында аталған иммунитеттерді пайдаланған жағдайларды қоспағанда, осы мемлекеттің юрисдикциясына қарайды.

2. Консулдық мекеме қызметкерлері отбасыларының мүшелері, егер олар консулдық орналасқан мелекеттің азаматтары болып табылмаса, осы мемлекеттің ауқымында тұрақты өмір сүрмесе және осы мемлекетте кіріс келтіретін кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын болса, осы Конвенцияда қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

3. Сонда консулдық орналасқан мелекет осы баптың 1-2-параграфтарында аталған кісілерге қатысты юрисдикциясының консулдық мекеменің қызметтерін орындауына шектен тыс кедергі келтірмейтін етіп жүзеге асыру керек.



4-БӨЛІМ

КОНСУЛДЫҚ МІНДЕТТЕР

33-бап

Міндеттер көлемі

Консулдық қызмет адамының міндеттері:

а) өкілдігін жіберген мемлекеттің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына көмек көрсету;

б) өкілдігін жіберген мемлекет пен консулдық орналасқан мелекеттің арасында сауда, экономиялық, ғылыми-техникалық, мәдениет, спорт, туризм және басқа салалардағы қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;

в) консулдық орналасқан мелекеттің саяси, сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдениет, спорт, туризм және басқа салалаларындағы ахуалды барлық заңды жолдармен анықтау және өкілдігін жіберген мемлекеттің үкіметіне хабарлау;
34-бап

Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет

орындарымен қарым-қатынасы

Консулдық қызмет адамы өзінің міндеттерін жүзеге асыруда :

а) өзінің консулдық округінің құзіретті өкімет органдарына;

б) консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті орталық органдарына консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарымен, ережелерімен және әдет-ғұрыптары немесе тиісті халықаралық келісімдер рұқсат беретін дәрежеде өтініш жасауға болады.


35-бап

Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындарының алдында өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының атынан өкілдік ету

1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының консулдық орналасқан мемлекеттің соттары мен басқа да өкімет орындарының алдында тиісті өкілдігін қамтамасыз ету үшін, егер олар болмаса немесе басқа себептермен өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғай алмайтын болса, қажетті шаралар қабылдауға құқығы бар.

2. Осы баптың 1 - тармағында қарастырылған өкілдік, өкілдігін жібергендер өздерінің уәкілдігін берушілерді тағайындаса немесе өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды өз мойнына алса, тоқтатылады.
36-бап

Азаматтарды тіркеу, төлқұжаттар мен визаларды беру

Консулдық қызмет адамы:

а) өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарын тіркейді;

б) өкілдігін жіберген азаматтарының өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтығы жөніндегі мәселелер бойынша өтініштерін қабылдайды және осы мәселелер жөнінде құжаттар береді;

в) өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына төлқұжаттар мен жол жүру құжаттарын береді, ұзартады, өзгерістер енгізеді және күшін жояды;

г) консулдық орналасқан мемлекеттің және үшінші мемлекеттердің азаматтарына визалар береді.


37-бап

Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі міндеттер

1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелері рұқат беретін шеңберлерде мынадай іс-қимылдарды жасайды:

а) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының туылу және қайтыс болу актілерін жасайды және тіркейді;

б) некеге тұрушы екі кісі өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтары болып табылса, некелерді тіркейді және тиісті құжаттарды береді;

консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарында қарастырылған шеңберлерде консулдық мекемедегі некелердің тіркелуі туралы консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындарына мәлімдейді;

в) консулдық орналасқан мемлекет заңдары рұқсат беретін шеңберлерде жұбайлардың ең кемінде біреуі өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматы болып табылған жағдайда некелерді тіркейді және бұзады;

г) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының отбасылық қатынастарына қатысы бар өтініштерін қабылдайды;

2. Осы баптың 1-тармағының ережелері мүдделі кісілерді консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарында қарастырылған тәртіпті бұлжытпау міндеттерінен босатпайды.

3. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары кідіртпей және баж салығын алмай консулдық мекемеге қызметтік мақсаттар үшін сұралған өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының азаматтық хал актілері туралы жазбалардың көшірмесін береді.
38-бап

Нотариалдық міндеттер

1.Консулдық қызмет адамы :

а) өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарының өтініштерін қабылдайды, өңдейді және куәландырады;

б) өсиеттер мен басқа да құжаттарды, сондай-ақ өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарының өтініштерін қабылдайды, өңдейді және сақтауға қабылдайды;

в) өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарының арасында жасалған келісімдерді өңдейді, куәландырады және сақтайды. Бұл ереже қозғалмайтын мүлікке жасалған келісімдерден туындайтын құқықтарды беруді немесе күшін жоятын жағдайларда болғызбайды;

г) өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарының құжаттарындағы қойылған қолдарды растығын куәландырады;

д) өкілдігін жіберген мемлекеттің немесе консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары берген барлық құжаттарды аударады және ресмилендіреді, сондай-ақ аудармаларды және мұндай құжаттардың көшірмелерін растайды;

е) өкілдігін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкесті басқа да нотариалдық іс-қимылдарды жүргізеді;

2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің консулдық қызмет адамының жасаған және куәландырған құжаттары, осы баптың 1-тармағында келтірілген, консулдық орналасқан мемлекет мекемелерінде консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары жасаған және куәландырған құжаттар сияқты, тек бұл тәртіп осы мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтін болған жағдайда, сондай заңды мағынаға және дәлелдейтін күшке ие құжаттар сияқты қарастырылады.
39-бап

Жеке меншік заттарды сақтауға қабылдау

1. Консулдық қызмет адамы өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына тиісті құжаттарды, ақшаларды, бағалы заттарды және басқа меншік заттарын, егер бұл консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, сақтауға қабылдайды.

Мұндай құжаттарды, ақшаларды, бағалы заттарды және басқа меншік заттарын консулдық орналасқан мемлекеттен тек осы мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтін жағдайда алып кетуге болады.

2. Консулдық қызмет адамы осындай жолмен өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының олардың консулдық орналасқан мемлекетінде болған кездерінде иелеріне беру мақсатымен алып келгенде жоғалған мүлікті де қабылдай алады.


40-бап

Қамқоршылық

1. Консулдық орналасқан мемлекеттің өкімет орындары консулдық орналасқан мемлекеттің ауқымды өкілін жіберген мемлекеттің тұрақты немесе уақытша өмір сүретін азаматы үшін қамқоршыны тағайындау қажет болған жағдайлардың кез келгені туралы оларға белгілі болысымен тиісті консулдық мекемеге хабар береді.

2. Осы Конвенцияның 36-бабының ережелері еңбекке толық жарамсыз емес жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдер немесе басқа кісілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қолданылады.

3. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындарының алдында қамқоршыны тағайындау туралы, ішінара айтқанда, осы міндеттерді орындай алатын кісіні нұсқап, ұсыныс жасай алады.

4. Егер еңбекке толық жарамсыз емес жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен кісілер өздеріне тиісті мүлікке басшылықты жүзеге асыра алмаса, консулдық қызмет адамы аталған мүлікке қамқоршыны тағайындауды қамтамасыз ете алады немесе консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындарына осы мақсатта қажетті шаралар қабылдауын сұрап, өтініш жасай алады.

5. Консулдық қызмет адамы өкілін жіберген мемлекеттің заңдарына сәйкес консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты өмір сүретін, өкілін жіберген мемлекеттің жасы кәмелетке толмаған азаматына қамқорлықты қамтамасыз ете алады.


41-бап

Өкілін жіберген мемлекеттің азаматтары мен қарым-қатынастар мен байланыстар

1. Консулдық қызмет адамы өкілін жіберген мемлекеттің азаматтары мен қарым-қатынастар, олардың консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындарымен қарым-қатынастарына және сондай-ақ оларды қорғаушылармен, аудармашылармен және осы мақсаттар үшін басқа да кісілермен қамтамасыз етуге құқығы бар.

2.Консулдық орналасқан мемлекет өкілін жіберген мемлекеттің азаматтарының консулдық мекемемен қарым–қатынастарына және консулдық үй-жайларға кіруін шектемейді.

3. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары консулдық қызмет адамына өкілін жіберген мемлекеттің азаматтары туралы ақпарат алуына, олармен байланыстар орнатуына және олармен сұхбат жүргізуге жәрдемдеседі


42-бап

Бостандықтарына қатысты қандай да бір шамада шектеулерге ұшыраған азаматармен қарым-қатынастар

1. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары өкілін жіберген мемлекеттің консулдық мекемесіне 5 күннен кешіктірмей, қысқа мерзімде өкілін жіберген мемлекет азаматтарының тиісті консулдық округтің шегінде ұсталғаны, қамауға алынғаны немесе басқаша нысанда бостандығынан айырылғаны туралы мәлімдейді. Сонымен бір мезгілде консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары кідіртпей осы кісінің консулдық мекемеге жіберген хабарының қайсысын да жібереді. Аталған өкімет орындары жедел түрде мүдделі кісілерді осы бапқа сәйкесті олардың құқықтары туралы мәлімдейді.

2. Консулдық қызмет адамы өкілін жіберген мемлекеттің бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азаматының қайсысына болса да барып тұруға құқықты. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары консулдық қызмет адамына жоғарыда аталған кісілерге ұсталған, қамауға алынған немесе басқаша нысанда бостандығынан айырылғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей барып тұруына рұқсат береді. Бұдан әрі қарай мұндай құқықтар парасаттылық және мерзімділік негізінде берілетін болады.

3. Осы бапта аталған құқықтар консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкесті, бірақ аталған заңдар мен ережелер бұл құқықтардың күшін жоймауға тиіс, жүзеге асырылуға тиісті.


43-бап

Азаматтардың жауабын алу және оларды хабарландыру

Консулдық қызмет адамы өкілін жіберген мемлекеттің құзіретті өкімет орындарының сұрауы бойынша өз азаматтарынан тарап, куә болушы және сарапшы ретінде ерікті жауаптарды алуға құқықты және өкілетті. Осы іс-қимылдарды жасағанда еріксіз шараларды қолдануға немесе оларды қолданумен қорқытуға тыйым салынады.


44-бап

Жол-көлік оқиғалары

Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары консулдық қызмет адамына өкілін жіберген мемлекет азаматтарының қаза болуына немесе ауыр жарақаттар алуына себеп болған жол-көлік оқиғаларының барлығы туралы кідіртпей мәлімдейді.


45-бап

Азаматтың өлімі

Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары консулдық қызмет адамына өкілін жіберген мемлекет азаматының өлімі туралы жедел түрде консулдық мекемеге мәлімдейді және өлімі туралы куәліктің көшірмесін, баж салығын алмай жібереді.


46-Бап

Мұрагерлік және қорғау шаралары

1. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары консулдық қызмет адамына өкілін жіберген мемлекет азаматының қайтыс болуының нәтижесінде мұрагерлікті ашу туралы немесе өкілін жіберген мемлекеттің мұраны берушінің азаматтығына қарамастан мұрагердің, қабылдап алушының немесе қабыл алмаушы-алушы рөліндегі азаматына қатысты мұрагерлікті ашу туралы кідіртпей мәлімдеуге тиісті.

2. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары осы мемлекеттің заңдарымен мұрагерлікті қорғау жөнінде қарастырған қажетті шараларды қабылдайды және консулдық қызмет адамына, егер қайтыс болған адам өсиет қалдырған болса, соның көшірмесін, сондай-ақ олардағы заңды мұрагерге қатысты ақпараттың барлығын, олардың тұрақты мекен- жайларын, мұрагерлік мүліктің құны және құрамы, мемлекеттік қамсыздандырудан түскен ақшалай кірістерді, қамсыздандыру полисі бойынша өсім мен төлемдерді қосқанда, хабарлайды.

3. Консулдық қызмет адамы мына төмендегі тәртіптіліктерді орындауды:

а) мұрагерлік мүлікті сақтау, сүргі салу және сүргі салынғанды алу, мұрагерлік мүлікті қорғау үшін, мүлікті меңгерушіні тағайындау және оның барлық тәртіптіліктерге қатысуы;

б) мұраны қараушы мүлікті сату, сондай-ақ өзінің қатысуын қамтамасыз ету мақсаттарында осы сатудың анықталған күні туралы мәлімдеуді талап етуге құқықты;

4. Консулдық орналасқан мемлекеттің құзіретті өкімет орындары мұрагерлік туралы істің немесе ресми тәртіптіліктердің біткені туралы консулдық қызмет адамына кідіртпей мәлімдейді және оған 3 ай мерзім ішінде мұрагерлік мүлікті немесе оның үлесін, борыштарды, салықтар мен алымдарды төленген соң мүдделі кісілерге тиесілі қалғанын береді.

5. Егер мұрагерлік мүліктің құны аз болса, консулдық қызмет адамы оған осы мүлікті беруді талап ете алады. Мұндай жағдайда ол мүдделі кісілерге осындай мүлікті беруге құқықты.

6. Консулдық қызмет адамы мүліктің, мұраның тиісті бөлігін, өтемақылар, зейнетақылар, әлеуметтік қамсыздандыру полистері бойынша төлемдерді және консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты өмір сүрмейтін өкілін жіберген мемлекет азаматтарына тиесілі төленбеген еңбекақыны мүдделі кісілерге беру үшін қабылдауға құқықты.

7. Осы баптың 4,5,6-тармақтарының ережелеріне сәйкесті өкілін жіберген мемлекетке мүлікті және несиелерді беру тек қана консулдық орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкесті жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет