Қазақстан республикасы мен түркия республикасы арасында дипломатиялық Қатынастар орнату туралы хаттама



бет6/7
Дата26.02.2016
өлшемі387.5 Kb.
#26888
1   2   3   4   5   6   7

25-бап

Ақпар алмасу

1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары осы Келісімнің ережелерін орындауға дәрежедегі Келісімге енгізілген салықтарға қатысты ережелерді немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің ішкі заңдарын орындауға байланысты ақпараттар алысады. Уағдаласушы Мемлекеттен алатын кез-келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкі заңдары шеңберінде алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және тек Келісім қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды қарау тұрғысында баға берумен немесе жинаумен, мәжбүр етіп өндіріп алумен, сотта қараумен шұғылданушы жақтарға немесе органдарға ғана сот және әкімшілік органдарын қоса алғанда хабарланады. Мұндай жақтар немесе органдар ақпарды тек осындай мақсаттар үшін пайдаланады. Олар бұл ақпараттарды ашық сот мәжілісінде немесе сот шешімдерін қабылдау кезінде ашуы мүмкін.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ешбір жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттерге:

а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заң және әкімшілік іс-тәжірибесіне қайшы әкімшілік шаралар жүргізуге;

б) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңы немесе кәдімгі әкімшілік іс-тәжірибесі бойынша алына алмайтын ақпарат беруге;

в) кез-келген сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, коммерциялық немесе «Әліптік құпияны» ашатын немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келетін ақпараттарды беруге міндеттейтін қағида ретінде түсіндірілмейді.


26-бап

Дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің мүшелері

Осы Келісімнің ешбір ережесі халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе арнайы келісімдердің ережелеріне сәйкес ұсынылған дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер мүшелерінің салық жеңілдіктерін қозғамайды.


27-бап

Жеңілдіктерді шектеу

Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттен табыс алатын жақ, егер негізгі мақсат немесе кез-келген жақтың негізгі мақсаты осындай түрді құруға немесе беру арқылы осы Келісімнің ережелерінен неғұрлым мол табыс алуға бағытталған болса, онда сол басқа мемлекетте салық салудан босату құқығынан босатылмайды.

Осы бапқа сәйкес шешім шығара отырып тиісті білікті орган немесе органдар басқа да факторлар арасынан Уағдаласушы Мемлекеттің/тердің/ төлемге немесе осындай табыс алуға қатысы бар резиденттің табысының пайда болуының жағдайлары, мөлшері мен түп-төркінін, екі жақтың шарт жасау пиғылын, жақтардың мен резиденттілігін, табыстарын заңды немесе нақты, тікелей немесе жанама бақылайтындығын қарауға құқылы.
28-бап

Күшіне ену

Әрбір Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімнің күшіне енуіне қажетті өзара келісім рәсімінің аяқталғаны туралы бір-біріне хабарлайды. Осы Келісім ең соңғы хабар алынып, оның ережелері Келісуші Мемлекеттердің екеуіне де әрекет ете бастаған күннен:

а) осы Келісім күшіне енетін айдан кейінгі айдың бірінші күнінен немесе одан кейің төленетін немесе есептелетін несиеге берілетін сомаға қатысты бастапқы көзден немесе алғашқы айдан ұсталатын салықтар бойынша;

б) осы Келісім күшіне енетін уақыттан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейін салық салынатын жылдарға қатысты өзге салықтар бойынша күшіне енеді.


29-бап

Іс-әрекетті тоқтату.

Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттер тоқтатқанға дейін өз күшінде болады. Әрбір Уағдаласушы Мемлекет Келісімнің күшін жою туралы Келісім күшіне енген уақыттан кейін 5 жыл өткен соң кез-келген күнтізбелік жылдың аяғына дейін 6 айдан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама беру жолымен Келісімнің әрекетін тоқтата алады. Мұндай жағдайда Келісім:

а) осындай хабарлама берілген күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін төленетін немесе есептелетін берілетін сомаға қатысты бастапқы көзден ұсталатын салықтар бойынша

б) осындай хабарлама берілген күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейінгі салық салынатын жылдарға қатысты өзге салықтар бойынша әрекетін тоқтатады.

Осыны растау ретінде тиісті өкілдігі бар төмендегі өкілдер осы келісімге қол қойды.

1995 жылғы 15 тамызда Алматыда екі дана етіліп қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде және барлық төрт мәтіннің де бірдей күші бар. Мәтіндерде алшақтық кеткен жағдайда ағылшын мәтіні негізге алынады.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын)

- Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінде болып өткен түпкілікті өзгерістерді және Қазақстанның дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа кіру ниетін назарға ала отырып;

- теңдестірілген негізде және өзара пайда мен елдер арасындағы достық әрі бауырластық қарым-қатынастар негізінде дамып келе жатқан сауда-экономикалық және техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдіре отырып;

- халықаралық құқықтың нормалары мен принциптеріне сәйкес сауда, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамытуға және осы ынтымақтастықтың тұрақтылық, теңдік әрі ұзақ мерзімдік сапасына ие болуға ұмтыла отырып,

төмендегілер жөнінде уағдаласты:
1-бап

Уағдаласушы Тараптар кедендік экспорт-импорт салықтарына және барлық мүмкін баждар мен алымдарға қатысты бір-біріне мейлінше қолайлы елдің принципін қолданатын болады.

Осы параграф ережелерінің:

1.Көршілес елдерге шекараға және жағалауға жақын жерлерде сауданы жеңілдету үшін жасалған преференцияларға;

2.Уағдаласушы Тараптар кедендік одаққа немесе еркін экономика аймағын құруға қатысы бар шарттарға қатысушылар болып табылатын немесе болатын шарттардан туындайтын преференцияларға;

3.Уағдаласушы Тараптардың Сауда және кедендік тарифтер туралы жалпы шартқа (GATT) немесе басқа да халықаралық шарттарға сәйкес қайсы бір дамушы елге жасаған немесе жасайтын преференцияларға күші жүрмейді.


2-бап

Уағдаласушы Тараптар өздерінде бар мүмкіндіктер мен ұлттық заңдар шеңберінде олардың экономикалық потенциалдарымен қамтамасыз етілетін артықшылықтарды пайдалана отырып, сауда, экономика және техника салаларын қамтитын ұзақ мерзімді және тұрақты ынтымақтастықты дамыту үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді жұмылдырады.


3-бап

Уағдаласушы Тараптар халықаралық саудада қолданылатын принциптер және ережелер шеңберінде ұзақ мерзімді және теңдестірілген сауданың көлемін ұлғайту, тарату және алуан түрлілігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдайды.


4-бап

Уағдаласушы Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қызметті дамытуда банк секторының маңызын атай отырып, банктердің қазіргі заманғы халықаралық банк стандарттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастығын қолдайтын болады.



5-бап

Уағдаласушы Тараптар өзаралық сауданы дамыту мақсатымен сауда-экономикалық ақпаратпен алмасу үшін қолайлы жағдайларды жасау, жұмыс байланыстарын және сауда делегацияларымен алмасуды қолдау, сондай-ақ олардың елдерінде ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге және басқа да сауда-танысу іс-шараларына ұйымдар мен фирмалардың қатысуы жөнінде қажетті шаралар қабылдайтын болады.


6-бап

Уағдаласушы Тараптар ұлттық заңдарға сәйкес олардың елдеріне коммерциялық емес мақсаттарда көрмелерде көрсету үшін әкелінген экспонаттар мен тауарларды кедендік салықтардан, алымдардан және баждардан босату жөнінде қажетті шараларды қабылдайды.


7-бап

Уағдаласушы Тараптар сауданың халықаралық нормалары мен ережелеріне сәйкес осы Келісімнің және екі елдің қолданыстағы заңдарының шеңберінде екі елдің фирмалары мен ұйымдарының арасында қол қойылған келісімдерге сай тауарлардың, қызметтердің және бірлескен қызметтің басталған қозғалысын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.


8-бап

Осы Келісімнің қолданысы кезінде қол қойылған сауда келісімдеріне, бірақ олар бойынша осы кезеңнің ішінде міндеттемелер орындалмаған, осы Келісімнің ережелері қолданылады.

Осы Келісімге сәйкес сауда қатынастарында тұрған қазақстандық және түрік фирмаларының арасында туындауы мүмкін пікір алшақтықтары тараптардың арасында жасалған шарттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар анықтаған халықаралық нормалар мен ережелердің шеңберінде шешілетін болады.
9-бап

Уағдаласушы Тараптар қолданыстағы заңдардың шеңберінде Уағдаласушы Тараптардың бірінің елінен екінші Уағдаласушы Тараптың еліне немесе үшінші бір елдерге жөнелтілетін тауарлардың автомобильдік, теміржол, теңіз және әуе жолдарымен не болмаса үшінші елде оларды тасымалдау кезінде жөнелтілген жүктің өтуіне көмек көрсететін болады.


10-бап

Экономика және сауда қатынастарымен байланысты төлемдер, егер басқа бір тәртіп көзделмеген болса, әр елдің халықаралық рынокта қабылданған нормаларға сәйкес қолданыстағы заңдарының шеңберінде және еркін өтімді валютада жүргізіледі.


11-бап

Уағдаласушы Тараптар инвестициялар мен технологиялар саласында өз елдерінде және үшінші елдердің рыноктарында бірлескен кәсіпорындар құру жолымен елдер арасындағы ынтымақтастықты қолдайтын болады.


12-бап

Уағдаласушы Тараптар олардың елдеріндегі мұнай, табиғи газ ресурстарын және энергияның басқа да көздерін дамыту, олардың өндірісі, тасымалдау, маркетинг саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде және әрбір елдің ішінде немесе үшінші елдерде бар әрі болуы мүмкін жобаларға бірлескен кәсіпорындарды құру жолымен қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайтын болады, осы мақсаттарда мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындарға қолдау көрсетеді.


13-бап

Уағдаласушы Тараптар өзара экономикалық қатынастарда құрылыс-мердігерлік сектордың алып отырған маңызды рөлін ескере отырып, осы саладағы жүргізіліп отырған ынтымақтастыққа барлық мүмкін қолдауды қамтамасыз ететін болады және осы мақсаттарда мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасайды.


14-бап

Уағдаласушы Тараптар қалғандарымен бірге келесі салаларда ынтымақтастықтың мүмкін аудандарын белгіледі:

- ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі;

- тамақ өнеркәсібі үшін машиналар мен механизмдердің өндірісі;

- машина инженериясы мен металдарды өңдеу;

- көлік;


- туризм;

- тау-кен өнеркәсібі (әсіресе алтын өндірісі);

- кеме жасау;

- темір жол үшін жабдық өндірісі.


15-бап

Уағдаласушы Тараптар екі елдің стандарттау мекемелерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатымен мүдделі ұйымдарды қолдайтын болады.


16-бап

Уағдаласушы Тараптар оқыту-үйрету, техникалық ынтымақтастық, метереология саласында елдер арасындағы мамандармен алмасудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөнінде күш-жігерлерін жұмылдырады.


17-бап

Уағдаласушы Тараптар алдыңғы қатарлы технологиялық мүмкіндіктерді қолдану жолымен елдер арасында радио және телехабарларды тарату және коммуникациялар желісін дамытуға қолдау көрсететін болады.


18-бап

Уағдаласушы Тараптар сауда, экономика және техникалық ынтымақтастық салаларының осы келісіммен қамтылмаған барлық мүмкін басқаларын да екі жақты қарым-қатынастардың ең жоғары деңгейінде дамыту жөнінде қажетті шараларды қабылдайтын болады.


19-бап

Осы Шарт Уағдаласушы Тараптардың қолданыстағы екі жақты немесе көп жақты халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттеріне әсерін тигізбейді.



20-бап

Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республика­сының Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметінің арасындағы Бірлескен экономикалық комиссияны құру туралы хаттаманың 1-бабына сәйкес Қазақстан-Түрік Бірлескен Үкіметаралық Экономикалық Комиссияның осы Шарттың орындалу барысын бақылауға, оны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды қарауға және екі жақты сауда, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты одан да нығайта түсуге өкілетті екенін қуаттады.


21-бап

Осы Шарттың шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында, қажет болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар өзаралық уағдаластықтың негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Енгізілген өзгерістер және олар қолданысқа енген күннен бұрынырақ осы Шарттың қолданысының аяқталуы осы Шарттан туындайтын құқықтар мен міндеттерге әсерін тигізбейді.


22-бап

Осы Шарт қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша тараптар хабарланған күннен бастап күшіне енеді және бес жыл ішінде қолданыста болады.

Егер осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін 6 ай бұрын Уағдаласушы Тараптардың бірі оның қолданысын аяқтайтын ниеті туралы екіншісіне жазбаша хабар бермесе, осы Шарт әрбір ретте бір жылға өздігінен ұзартылады.

Осы Келісім екі дана болып, қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде жасалды, әрқайсысының бірдей заң күші бар және Алматы қаласында 1997 жылы 10 қыркүйекте қол қойылды.

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ІСТЕРІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ӘКІМШІЛІК ӨЗАРА КӨМЕК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ


Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі,

импорт және экспорт кезінде алынатын кеден баждарының, салықтардың және басқа да кеден алымдарының дәл есептелуін қамтамасыз етудің, сондай-ақ тыйым салу, шектеу және бақылау жөніндегі шаралардың лайықты дәрежеде орындалуының маңыздылығын назарға ала отырып;

кеден заңдарын бұзу экономикалық, салықтық, қоғамдық, мәдени мүдделерге, қоғамның салауаттылығына және сауда мүдделеріне залал келтіретіндігін назарға ала отырып;

есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, қауіпті жүктерді, флора мен фаунаның жойылып кету қаупі төніп тұрған түрлерін және уытты қалдықтарды шекаралар арқылы заңсыз өткізудің қоғам үшін қауіп төндіретіндігін ескере отырып;

кеден заңдарының қолданылуына және сақталуының қамтамасыз етілуіне қатысты саладағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін мойындай отырып;

кеден заңдарын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі және кеден баждарын, салықтарды және басқа да кеден төлемдерін дәл есептеу мен жинауды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігердің Тараптардың кеден әкімшіліктері ынтымақтастығының арқасында неғұрлым тиімді болуы мүмкін екендігіне көз жеткізе отырып;

қазір Дүниежүзілік кеден ұйымы ретінде белгілі Кедендік Ынтымақтастық Кеңесінің тиісті құжаттарын, атап айтқанда 1953 жылғы 5 желтоқсандағы өзара әкімшілік көмек туралы ұсынымдарды назарға ала отырып;

жекелеген тауарларға қатысты тыйым салу, шектеулер және арнайы бақылау әдістері жөніндегі халықаралық конвенцияларды назарға ала отырып;

мына төмендегілер туралы келісті:

1 БӨЛІМ

АЙҚЫНДАМА

1-бап

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

1. «Кеден әкімшілігі»: Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасынының Кедендік бақылау агенттігі; Түркия Республикасында - Түркия Республикасы Премьер-министрі нің жанындағы Кеден қызметі;

2. «Кеден заңдары» - тыйым салу, шектеу және бақылау жөніндегі шараларға жататын нормативтік құқықтық актілерді қоса алғанда, тауарларды әкелуге, әкетуге, транзитіне және өткізуге қатысты кеден әкімшліктері қолданатын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

3. «Кеден баждары мен салықтары» - кеден баждары мен салықтар, сондай-ақ мөлшерлері көрсетілген қызметтердің шамамен алғандағы құнымен шектелетін алымдармен төлемдері қоспағанда, тауарларды әкелу немесе әкету кезінде немесе оған байланысты алынатын басқа да барлық баждар, салықтар, алымдар немесе басқа да төлемдер;

«Кедендік құқық бұзушылық» - кеден заңдарын кез келген бұзу, не мұндай бұзуға әрекет жасау;

5. «Кедендік талаптар» - оларға осы Келісім қолданылатын баждардың, алымдардың мен салықтардың кез келген сомасы, олардың сомаларының өсімі, аталған баждар мен салықтарға жататын, Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында жиналуы мүмкін болмайтын, қосымша төлемдер, мерзімі өткен төлемдер, пайыздар мен шығыстар;

6. «Тұлға» - кез келген жеке немесе заңды тұлға/обьект;

«Тұлғалар туралы мәліметтер» - тұлғаға қатысты анықталған немесе анықталып жатқан кез келген деректер;

8. «Ақпарат» - электронды тасығыштардағы мәліметтерді қоса алғанда, кез келген мәліметтер, құжаттар, баяндамалар, олардың куәландырылған көшірмелері немесе кез келген нысанда берілген басқа да хабарлар;

9. «Есірткі құралдары» - 1961 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі құралдары туралы Бірыңғай Конвенциясының 1-ші тізімінде және 2-ші тізімінде санамаланған кез келген табиғи немесе синтетикалық заттар;

10. «Психотроптық заттар» - 1971 жылғы «Біріккен Ұлттар Ұйымының психотроптық заттар туралы Конвенциясының» 1,2,3 және 4 тізімдерінде санамаланған заттар;

11. «Прекурсорлар» - есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіру кезінде пайдаланылытын, 1988 жылғы «Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Конвенциясының» 1 және 2 тізімдерінде санамаланған бақылаудағы химиялық заттар;

12. «Сұрау салушы әкімшілік» - жәрдем сұрайтын кеден әкімшілігі;

13. «Сұрау салынған әкімшілік» - одан жәрдем сұралатын кеден әкімшілігі.
2 БӨЛІМ

КЕЛІСІМНІҢ АЯСЫ

2-бап

1. Тараптар өздерінің кеден әкімшіліктері арқылы осы Келісімнің шарттарына сәйкес бір-біріне кедендік заңнаманы лайықты дәрежеде қолдану жөнінде, сондай-ақ талаптарын өтеуді қоса алғанда, кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды тексеру және жолын кесу жөнінде әкімшілік жәрдем көрсетеді;

2. Осы Келісімнің шеңберіндегі жәрдемді екі Тарап өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес, құзыреттерінің және өздерінің кеден әкімшіліктерінде бар мүмкіндіктердің шегінде көрсетеді.

3 БӨЛІМ

ЖӘРДЕМДЕСУ АЯСЫ

3-бап

1. Кеден әкімшіліктері бір-біріне сұрау салу бойынша немесе өз бастамасы бойынша кеден заңдарының лайықты қолданылуын, сондай-ақ кедендік талаптарды өтеуді қоса алғанда, кедендік құқық бұзушылықтардың алдын алуды, тексеруді және жолын кесуді қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін ақпаратты береді;

2. Әрбір кеден әкімшілігі екінші кеден әкімшілігінің өтініші бойынша тесерулер жүргізуі кезінде, өз мемлекетінің заңдарына сәйкес әрекет етеді.
4-бап

1. Сұрау салынған әкімшілік сұрау салу бойынша кеден заңдары және Тарап мемлекетінде қолданылатын рәсімдер туралы және кедендік құқық бұзушылықтарға байланысты тексерулерге жататын қажетті ақпаратты үсынады;

2. Әрбір кеден әкімшілігі өз бастамасы бойынша:

1) кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігі расталған жаңа әдістеріне;

2) кедендік құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа үрдістеріне, құралдарына немесе әдістеріне қатысты кез келген қолда бар ақпаратты береді.
5-бап

1. Тараптардың кеден әкімшіліктері кеден ісі саласында бір-біріне:

1) екі кеден қызметтері пайдаланатын технологиялармен танысу мақсатында өзара тиімді негізде кеден қызметтерінің қызметкерлерімен алмасуды;

2) кеден қызметтерінің қызметкерлерін оқытуды және арнаулы дағдыларын жетілдіруге жәрдемдесуді;

3) бақылау мен анықтаудың техникалық құралдарын пайдаланудағы ақпараттармен және тәжірибемен алмасуды;

4) кеден ісі мәселелері жөніндегі сарапшылармен алмасуды;

5) кеден заңдары мен рәсімдеріне қатысы бар кәсіптік, ғылыми және техникалық деректермен алмасуды қамтитын кеден ісі саласында техникалық жәрдем көрсетуі мүмкін.

4 БӨЛІМ

ӨЗАРА ӘКІМШІЛІК КӨМЕКТІҢ

ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ

6-бап

Сұрау салу бойынша сұрау салынған әкімшілік сұрау салушы әкімшілікке, мынадай:

1) сұрау салушы Тарап мемлекетінің кеден аумағына әкелінетін тауарлар сұрау салынған Тарап мемлекетінің кеден аумағынан заңды түрде әкетілген болып табыла ма;

2) сұрау салушы Тарап мемлекетінің кеден аумағынан әкетілетін тауарлар сұрау салынған Тарап мемлекетінің кеден аумағына заңды түрде әкелінген болып табыла ма;

3) сұрау салынған Тарап мемлекетінің кеден аумағына заңды түрде әкелінген тауарлар орнастырылған кеден режимі туралы ақпараттарды ұсынады.
7-бап

1. Сұрау салу бойынша салынған әкімшілік:

1) сұрау салынған Тарап мемлекетінің кеден аумағына өтулерге, атап айтқанда сұрау салушы әкімшілікке кеден заңдарын бұзушылықтар жасағандығы белгілі немесе оған күдікті адамдардың келуіне және одан кетуіне;

2) сұрау салушы әкімшілік сұрау салушы Тарап мемлекетінің кеден аумағына заңсыз өткізілгендігіне күдік тудыратын ретінде айқындаған тауарлардың өткізілуіне және сақталуына;

3) сұрау салушы әкімшілік олардың сұрау салушы Тарап мемлекетінің кеден аумағында кеден заңдарын бұзу мақсатында пайдаланылатындығы туралы мәліметтер бар көлік құралдарына ерекше қадағалауды жүзеге асырады.

2. Кеден әкімшіліктері мұндай заңсыз өткізудің алдын алу мақсатында өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес, өзара уағдаластық және келісім бойынша және өз бақылауымен өз мемлекеттерінің кеден аумағы арқылы заңсыз айналымға тартылған тауарларды әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат етуі мүмкін. Егер сұрау салынған әкімшілік тиісті рұқсат беруге құзыретті болмайтын жағдайда, ол құзыретті органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды не істі тиісті органға бере алады.


8-бап

1. Кеден әкімшіліктері бір-біріне сұрау салу бойынша немесе өз бастамасы бойынша кедендік заңдарды бұзатын немесе бұзуы мүмкін жасалған немесе дайындалып жатқан әрекеттер туралы ақпараттар береді. Мұндай ақпараттар:

1) қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар мен ядролық материалдардың;

2) тараптардың бірі үшін елеулі тарихи, мәдени немесе археологиялық құндылықты білдіретін өнер заттарының;

3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіп төндіретін заттардың;

4) санаткерлік меншік объектілерінің;

5) жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының заңсыз айналымы туралы мәліметтерді қамтиды.

2. Тарап мемлекеттері бірінің экономикасына, қоғамдық денсаулық сақтауына және қауіпсіздігіне, сондай-ақ басқа да өмірлік маңызды мүдделеріне елеулі залал келтіруі мүмкін болатын ерекше жағдайларда, екінші Тараптың кеден әкімшілігі ақпаратты өз бастамасы бойынша мүмкіндігінше кешіктірмей ұсынады.


9-бап

Кеден әкімшіліктері өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес кеден талаптарын өтеу мақсатында бір-біріне жәрдем көрсетеді.



5 БӨЛІМ

АҚПАРАТ

10-бап

1. Құжаттардың түпнұсқалары тек расталған көшірмелерді ұсыну жеткілікті болмайтын жағдайларда ғана сұратылады. Сұрау салынған кеден әкімшілігінен алынған түпнұсқалар алғашқы мүмкіндік туғанда қайтарылуы тиіс.

2. Осы Келісімнің шеңберінде алмасылатын кез келген ақпарат оны түсіндіру мен пайдалану жөніндегі барлық ілеспе ақпаратпен қоса жүруі тиіс.

6 БӨЛІМ

САРАПШЫЛАР

11-бап

Сұрау салынған әкімшілік сұрау салу бойынша өзінің лауазымды адамдарын сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сот немесе трибунал алдында кедендік жолсыздық туралы істер бойынша сарапшылар ретінде түсуге уәкілетті етуі мүмкін.



7 БӨЛІМ

СҰРАУ САЛУДЫ БЕРУ

12-бап

1. Осы Келісімнің негізінде жүргізілетін жәрдем туралы сұрау салуларды тікелей екінші Тараптың кеден әкімшілігі жазбаша нысанда ұсынуы және ол барлық қажетті құжаттармен, атап айтқанда сұрау салушы экспорт және импорт рәсімдері кезінде ұсыналатын құжаттардың көшірмелерімен қоса жүруі тиіс. Егер жағдаят талап етсе, сұрау салу электронды почта бойынша берілуі мүмкін. Мұндай сұрау салу бір айлық мерзімде жазбаша расталуы тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағының негізінде жасалған сұрау салулар мынадай ақпаратты қамтуы қажет:

1) сұрау салушы органның атауы;

2) сұрау салудың мақсаты мен себебі;

3) істің қысқаша сипаттамасы, іске қатысы бар нормативтік актілердің тізбесі, сондай-ақ тексерудің түрі;

4) егер олар белгілі болса, тексеру объектісі болып табылатын тұлғаның аты мен мекен-жайы;

3. Кеден әкімшіліктерінің кез келгенінің белгілі бір рәсімді сақтау туралы сұрау салуы сұрау салынған Тарап мемлекетінің ұлттық заңдарына сәйкес қанағаттандырылады.

4. Осы Келісімнің шеңберінде ұсынылатын ақпарат әрбір кеден әкімшілігі осы мақсаттар үшін тағайындалған лауазымды адамдарға ғана беріледі. Мұндай лауазымды адамдардың тізімі екінші Тараптың кеден әкімшілігіне беріледі.

5. Сұрау салу ағылшын тілінде ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет