Қазақстан республикасы мен түркия республикасы арасында дипломатиялық Қатынастар орнату туралы хаттама


-бап Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда



бет5/7
Дата26.02.2016
өлшемі387.5 Kb.
#26888
1   2   3   4   5   6   7

7-бап

Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда

1.Егер кәсіпорын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырмайтын болса немесе жүзеге асырмаса, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны алған пайдаға тек осы Мемлекетте салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда айтылғандай, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын болса немесе жүзеге асырса, онда басқа мемлекетте кәсіпорынның пайдасына тек, мына бөлігіне:

а) осындай тұрақты мекемеге;

б) тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға сәйкес немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы басқа Мемлекетте сатуға;

в) осы басқа мемлекетте сипаты жағынан осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметке сәйкес және ұқсас жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты салық салынуы мүмкін.

2. 3-тармақтың ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметін сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса немесе жүзеге асырса, онда ол осындай немесе осыған ұқсас жағдайда нақ осындай не осыған ұқсас қызметпен айналысатын дербес және жеке кәсіпорын болғанда және өзі тұрақты мекемесі болып отырған кәсіпорыннан толық тәуелсіз жұмыс істегенде ала алатын пайдасы әрбір Уағдаласушы Мемлекеттегі осы тұрақты мекемеге жатады.

3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезінде, тұрақты мекеме орналасқан осы Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару және жалпы әкімшілік шығындарын қосқанда, тұрақты мекеме мақсатына кеткен шығыстарды шегеруге жол беріледі.

4. Осы тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алу негізінде ғана оған қандай да болмасын пайда есептелмейді.

5. Егер пайдаға осы Келісімнің басқа баптарыңда жеке қарастырылған пайда баптарында айтылатын түрлер кірсе, онда осы баптың ережелері бұл баптың ережелерін қозғамайды.
8-бап

Теңіз, әуе және жердегі көлік

1. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорындарының халықаралық тасымалда теңіз, әуе кемелерін немесе жердегі көлікті пайдаланудан басқа Уағдаласушы Мемлекетте алған табысына салық тек қана алғашқы аталған Мемлекетте салынады.

2. Халықаралық тасымалда теңіз немесе әуе кемелерін пайдаланудан Уағдаласушы Кәсіпорынның кәсіпорны алған пайдасы осы баптың мақсаттары үшін мыналарды қамтиды:

а) теңіз немесе әуе кемесін толық немесе ішінара (толық немесе бос) жалдаудан алынған пайда;

б) контейнерлерді (контейнерлерді тасымалдауға арналған тіркемелер мен жалданған жабдықтарды қосқанда) халықаралық тасымалда пайдаланудан немесе жалдаудан алынған пайда;

егер мұндай пайда 1 тармақтың жағдайлары қолданылатын пайдаға ұқсас болса. Мұндай пайда 5 баптың 2 тармағында (е), (1) және (2) айтылғандарға байланысты қызмет көрсетуге байланысты болмаса, кез-келген теңіз, әуе немесе жердегі көлікті пайдалануды қоспайды.

3.Осы баптың 1 және 2 тармақтары, сондай-ақ пұлда, бірлескен қызметте немесе халықаралық көлік агенттігіне қатысудан алынатын пайдаға қолданылады.
9-бап

Ассоцияланған кәсіпорындар

1. Мына жағдайлара:

а) егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама қатысқанда; немесе

б) сол бір ғана жақтар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама қатысса;

және екі кәсіпорын арасында, олардың коммерциялық және қаржы қатынастарында, тәуелсіз кәсіпорындар арасындағыдан өзгеше жағдайлар жасалған немесе белгіленген кез-келген жағдайда, олардың біріне есептеуге болатын, бірақ осы жағдайларға байланысты есептелмей қалған кез-келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылып, тиісінше салық салынуы мүмкін.

2. Егер Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының осы басқа Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Мемлекет кәсіпорынының пайдасына қосса және тиісінше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттің кәсіпорынына есептелетіндей пайда болса, егер екі кәсіпорын арасында жасалған жағдай тәуелсіз кәсіпорындар арасындағыдай болған болса, онда осы басқа мемлекет осы пайдадан алынатын салық мөлшеріне тиісті түзетулер жасауы мүмкін. Мұндай түзетулерді айқындау кезінде осы Келісімнің басқа ережелері де ыждағатты түрде ескеріледі. Бұл ретте Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органдары қажет болған жағдайда бір-бірімен кеңеседі.



10-бап

Диведендтер

1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып саналатын компаниясының басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. Алайда, осы Мемлекеттің заңына сәйкес дивидендтер төлейтін компания резиденті болып отырған Уағдаласушы Мемлекетте мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкін. Бірақ, егер осы дивиденд алушы дивидендтердің нақты иесі болса, онда осылайша алынатын салық дивиденттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспайды.

3. Осы бапта пайдаланылатын “дивидендтер” термині акциялардан, “жуиссанс” акцияларынан немесе “жуиссанс” құқықтарынан, құрылтай акцияларынан немесе борыштық талап емес басқа да құқықтардан алынатын табысты білдіреді. Мұнда пайдаға қатысудан және өзге де корпоративтік құқықтардан алынатын табыс инвестициялық қордан және инвестициялық трастан алынатын дивиденттер мен пайданы бөлетін компания резиденті болып табылатын мемлекеттің Заңына сәйкес акциялардың табысы сияқты салықтық реттеуге жатады.

4. Компанияның пайдасы. Өзге Уағдаласушы Мемлекетте өзінің орналасқан тұрақты мекемесі арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын Уағдаласушы Мемлекет 7 бапқа сәйкес салық салынғаннан кейін сол тұрақты мекеме орналасқан Келісуші мемлекетте қалған сомаға салық сала алады және салық ставкасы осы баптың 2 тармағында көрсетілгенмен аспайды.

5. Егер дивидендттердің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып компания резиденті болып табылатын және сонда орналасқан тұрақты мекемесі арқылы дивиденттер төлейтін өзге Уағдаласушы мемлекетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе егер Түркия резиденті Қазақстанда осында орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз қызмет көрсетсе және осы дивидендттер төленетін холдинг сондай тұрақты мекемемен немесе сондай тұрақты базамен байланысты болса 1 және 2 тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай 7 немесе 14 баптың ережелері қолданылады.


11-бап

Проценттер

1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. Алайда, сондай-ақ мұндай проценттерге олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін. Алайда, егер проценттер алушы оның нақты иесі болса, онда осылайша алынатын салық проценттердің жалпы мөлшерінің 10 процентінен аспайтын болады.

3 - тармақтың жағдайларына қарамастан:

а) Түркиядан алынған және Қазақстан Үкіметіне немесе Қазақстанның Ұлттық Банкісіне немесе Түркияның Эксимбанкісіне ұқсас әдіспен экспортқа ықпал ететін Қазақстанның басқа мекемесіне төленетін проценттер түркиялық салық төлеуден босатылады.

б) Қазақстанда алынған және Түркия Үкіметіне немесе Орталық банкісіне немесе Түркия Эксимбанкісіне төленетін проценттер қазақстандық салықтан босатылады;

4.”Проценттер” термині осы талаптарды пайдалану кезінде осы кез-келген борышты міндеттемелерден алынатын табысты, кепілмен қамтамасыз етілген немесе етілмеген, қарызгердің пайдасына қатысуға құқық беретін немесе бермейтін борыш талаптарының кез-келген түрінен алынатын табысты, атап айтқанда, пайда болған Уағдаласушы Мемлекетте алынатын табысты білдіреді.

5. Егер проценттердің нақты иесі Мемлекеттердің резиденті болып проценттер туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметін жузеге асырса немесе осы басқа мемлекетте орналасқан немесе Түркия резиденті Қазақстанда орналасқан тұрақты база мен борыштық талаптан Қазақстанда тәуелсіз жеке қызмет көрсетсе, ал егер өзіне қатысты проценттер төленетін борыш талабы шын мәнінде осы тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтың ережелері қолданылмайды. Мұндай кезде, жағдайға байланысты 7-бабтың немесе 14-бабтың ережелері қолданылады.

6. Егер осы Мемлекеттің өзі, саяси бөлімшесі, жергілікті өкімет органдары немесе осы Мемлекеттің резиденті төлеуші болса, проценттер Уағдаласушы Мемлекетте туындаған деп есептеледі. Алайда, егер проценттер төлейтін жақ Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса немесе болмаса Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса, соған байланысты есеп айырысу жүргізіледі, ол бойынша проценттер төленеді және мұндай проценттерді тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлеп отырса, онда мұндай проценттер осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте туындаған деп есептеледі.

7. Егер проценттер төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы немесе екеуі мен қандай да бір үшінші жақ арасындағы арнайы қатынастардың себебінен борыштық талапқа жататын және соның негізінде төленетін проценттердің жалпы мөлшері осындай қатынастар болмағанда, процент төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісіле алатындай сомадан асса, онда осы баптың ережелері проценттердің тек соңғы аталған сомасына ғана қолданылады. Бұл жағдайда осы Конвенцияның басқа ережелерін ескеру арқылы әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің Заңына сәйкес сөйлемнің артық бөлігі салық салуға жатады.


12-бап

Роялти

1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ олар туындайтын; Уағдаласушы Мемлекетте осы мемлекеттің заңына сәйкес салық салынуы мүмкін, алайда егер роялти алушы және оның нақты иесі болса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жаллы мөлшерінің 10 процентінен аспауға тиісті.

3. “Роялти” терминін осы бапта пайдаланған кезде әдеби шығармаларға кинофильмдер мен радио теледидар үшін жазу таспаларын қосқанда өнер мен ғылымға, кез-келген патентке, сауда белгілеріне, дизайнға немесе үлгіге, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибелерге қатысты схемаларды, құпия теңдеулерді немесе проценттерді яки ақпараттарды немесе өнеркәсіптік, коммерциялық, болмаса ғылыми жабдықтарды пайдалану немесе пайдалану құқығы үшін сыйақы ретінде алынған кез-келген төлем түрлерін білдіреді.

4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып саналатын роялтидің нақты иесі роялти туындаған басқа Уағдаласушы Мемлекетте, сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырса немесе Түркия резиденті Қазақстанда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе жөне өздерінше қатысты роялти төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, оларға 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай кезде, жағдайға байланысты, 7-бабтың немесе 14-бабтың ережелері қолданылады.

5. Егер мемлекеттің өзі, саяси бөлімшелер, жергілікті үкімет немесе осы мемлекеттің резиденті төлемші болса, роялтилер Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады. Алайда, роялти төлейтін тұлғаның Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болуына немесе болмауына, роялтидің пайда болуын қамтамасыз ететін құқығына немесе меншігіне тікелей байланысты Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеменің немесе базаның бар екендігіне қарамастан және мұндай роялтилер тұрақты мекемелер немесе базалар арқылы төленсе, онда мұндай роялтилер тұрақты мекемелері немесе тұрақты базалары орналасқан сол Мемлекетте пайда болды деп саналады.

6. Егер роялти төлеуші және оның нақты иесі немесе екеуі мен қандай да бір басқа жақ арасындағы айрықша қатынастардың әсерінен, құқық немесе ақпарды пайдалануға жататын солардың негізінде төленген роялтидің сомасы мұндай қатынастар болмағанда, роялти төлеушімен оның нақты иесі арасында келісе алатындай сомадан асса, онда осы баптың ережелері тек соңғы көрсетілген роялти сомасына қолданылады. Мұндай жағдайда осы, Конвенцияның басқа ережелерін тиістісінше ескерумен, төлемнің артық бөлігі әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңына сәйкес салық салуға жатады.
13-бап

Капиталдың өсуінен түсетін табыстар

1. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің 6-бабта айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан қозғалмайтын мүлікті шеттетуден алған табыстарына осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. Осындай тұрақты мекемені /жеке немесе барлық кәсіпорындармен тұтас алғанда/ немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарды қосқанда, Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорынының басқа Уағдаласушы Мемлекеттегі кәсіпорнының тұрақты мекемесінін кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын қозғалмалы мүлікті шеттетуден немесе тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттің басқа Уағдаласушы Мемлекеттеті резидентінің тұрақты базасына жататын қозғалмалы мүліктен алатын табыстарына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

3. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңіз немесе әуе кемелерін жер көліктерін немесе теңіз, әуе кемелерін немесе жерде жүретін көліктерді пайдалануга байланысты қозғалмалы мүлікті шеттетуден алынатын табыстарына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.

4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында аталатындардан басқа, кез-келген мүлікті шеттетуден алынатын табыстарға, алениатор резиденті болып табылатын тек сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады. Алайда мұның алдындағы тармақтарда айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте алынған капиталдың өсуінен түскен табысқа, егер алынған және шеттетілген уақыт арасы бір жылдан аспаса, салық басқа Уағдаласушы Мемлекетте салынады.
14-бап

Тәуелсіз жеке қызметтер

1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің кәсіби қызметке немесе тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметке қатысты алған табыстарына, егер өз қызметін жүзеге асыру мақсатында реттелген негізге Уағдаласушы Мемлекетте өзіне тиесілі тұрақты базасы болмаса, салық тек қана сол мемлекетте салынады. Егер оның тұрақты базасы болса табысына салық осы тұрақты базаға қатысты бөлігіне ғана сол Мемлекетте салынуы мүмкін.

2. “Кәсіптік қызметтер” терминіне, атап айтқанда, тәуелсіз ғылыми, әдеби, артистік, педагогикалық қызметтер немесе оқытушылық қызметтер, сондай-ақ дәрігерлердің, заң қызметкерлерінің, инженерлердің, сәулетшілердің, тіс дәрігерлерінің және бухгалтерлердің тәуелсіз қызметтері кіреді.
15-бап

Тәуелді жеке қызметтер

1. Егер еңбек міндеттемесі Уағдаласушы Мемлекетте атқарылмаса, 16,18,19,20 баптардың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің алған ырзығына, жалақысы мен басқа да осындай сыйақыларына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер, жұмыс осылайша атқарылып жатса, осыған байланысты алынған мұндай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. І-тармақтың ережелеріне қарамастан резидент Уағдаласушы Мемлекетте алған міндеттемелерін орындауға қатысты сыйақыларынан басқа Уағдаласушы Мемлекетте аталған алғашқы мемлекетте ғана салық салынады, егер:

а) сыйақы алушы кез-келген үздіксіз 12 ай кезең шеңберінде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезеңде немесе кезеңдер бойы осы басқа Мемлекетте болса; және

б) сыйақыны жалдаушы немесе басқа Мемлекеттің резиденті емес жалдаушы атынан төленсе; және

в) жалдаушының басқа Мемлекеттегі тұрақты мекемесі сыйақы төлемейді.

3. Осы баптың бұдан бұрынғы тармақтарының ережелеріне қарамастан Уағдаласушы Мемлекет резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырған жұмысы үшін алған төлемдері мен сыйақыларына осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды, егер ол кәсіпорын резиденті болып саналатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз, әуе немесе жердегі көліктер арқылы жұмыстарды орындайтын тұлға болса.
16-бап

Директорлық сыйақылар

Директорлардың қаламақылары мен басқа осыған ұқсас Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып саналатын директорлар компаниясы кеңесінің мүшесі ретінде Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің алған осындай төлемдеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.



17-бап

Артистер және спортшылар

1. 14 және 15-баптардың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің театр, кино, радио немесе теледидар артисі, немесе сазгер, немесе спортшы ретінде өз қызметін басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырудан алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

2. Егер әртістің немесе спортшының орындаған жеке еңбек қызметіне қатысты қызметінен алынған табысы осындай жолмен әртіске немесе спортшыға емес, басқа адамға тисе, онда 7,14 және 15 баптарға сәйкес әртістің немесе спортшының тәуелсіз қызметі орындалған қызметіне бұл табысқа сол Уағдаласушы Мемлекеттік салық салынады.

3. Спортшының немесе әртістің Уағдаласушы Мемлекетте орындаған өз қызметінен алған табысы, егер оның сол мемлекетке келуін басқа Уағдаласушы Мемлекеттің қоғамдық қоры, оның саяси бөлімшелері немесе жергілікті үкімет органдары қолдаса, онда сол мемлекетте салық салудан босатылады.


18-бап

Зейнетақылар

19-баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне бұрын жүзеге асырған жұмысына төленген зейнетақылар мен басқа да осындай сыйақыларға тек осы Мемлекетте салық салынады.


19-бап

Мемлекеттік қызмет

1. Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның саяси бөлімшесі немесе жергілікті өкімет органдарының осы Мемлекетке немесе оның бөлімшесіне немесе өкімет органына көрсеткен қызметі үшін жеке адамға төленетін зейнетақыны қосқанда өзге сыйақысына, төлемдеріне, жалақыларына және осыған ұқсас өтемақыларына тек осы Мемлекетте салық салынады.

2. 15, 16 және 18-баптардың ережелері Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның саяси бөлімшесінің немесе жергілікті өкімет органының кәсіпкерлікке байланысты жүзеге асырылатын қызметіне қатысты сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.

20-бап

Студенттер мен оқытушылар

1. Уағдаласушы Мемлекеттің азаматы болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте тек қана оқумен білім алу мақсатында жүрген және осында тұруға немесе оқуға, білім алуға арналған төлемдерге басқа Мемлекетте мұндай төлемдердің басқа Мемлекеттегі көздерден туындайтыны қарастырыла отырып салық салынбайды.

2. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттің азаматы болған немесе болып табылған және басқа Мемлекетте оқу немесе ғылыми зерттеулермен айналысу жөніндегі негізгі мақсатпен жүрген окытушының немесе нұсқаушының сыйақылары мұндай төлемдердің басқа Мемлекеттегі көздерден пайда болатыны қарастырыла отырып оқу немесе зерттеу бойынша жеке қызмет сыйақылары жөніндегі салықтан басқа Мемлекетте соңғы екі жылдан аспайтын кезең немесе кезеңдер бойынша босатылады.

3. Уағдаласушы Мемлекеттің азаматы болып табылатын тәжірибеден өтуші немесе аспирант алатын сыйақыға егер оны басқа Уағдаласушы Мемлекетте өзінің оқуына немесе білім алуына байланысты іс жүзінде тәжірибе алу тәртібінде күнтізбе жылында 183 күннен аспайтын кезеңде немесе кезеңдерде жүзеге асатын болса осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.


21-бап

Басқа табыстар

1. Қайда туындаса да осы келісімнің бұдан бұрынғы баптарында қарастырылмаған Уағдаласушы Мемлекет резидентінің табыстарының түрлеріне тек сол мемлекеттен ғана салық салынады.

2. Егер мұндай табыстарды алушы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын болса немесе сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызмет көрсететін болса және табыс төленетін құқық немесе меншік осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса табысқа, 2-6 баптың тармағында қарастырылған жылжымайтын мүліктерден алынатын табыстарды қоспағанда, 1-тармақтың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай 7 немесе 14 баптың ережелері қолданылады.

22-бап

Қосарланған салық салуды жою

1. Қазақстанның резиденттері үшін қосарланған салық былайша жойылады.

а) егер Қазақстанның резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Түркияда салық салынуы мүмкін табыс алса, Қазақстан осы резиденттің табысына салынатын салықтан тікелей немесе шегеру жолынан Түркияда төленген салыққа тең сомада шегерім жасайды. Алайда мұндай шегерім Түркияда салық салынатын табысқа жатқызылуы мүмкін табыс салығының бөлігінен (шегерімге дейін есептелген) аспайды.

б) егер Қазақстанның резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес тек Түркияда ғана салық салынатын табыс алса Қазақстан бұл табысты салық салу базасына енгізе алады. Алайда бұл Қазақстанда салық салуға жататын осындай табысқа салық ставкасын анықтау үшін жасалады.

2. Түркия резиденттері үшін қосарланған салық салу былайша жойылады

а) егер Түркияның резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса Түркия табысқа салынатын салықтан осы резиденттің тікелей немесе шегеру жолымен төлеген табыс салығына тең сомада шегерім жасайды. Алайда мұндай шегерім Казақстанда салық салынатын табысқа жатқызылуы мүмкін басқа табыс салығының бөлігінен (шегерімге дейін есептелген) аспайды.

б) егер Түркияның резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Қазақстанда ғана салық салынатын табыс алса Түркия бұл табысты салық салу базасына енгізе алады. Алайда бұл Түркияда салық салуға жататын осындай табысқа салық ставкасын анықтау үшін жасалады.
23-бап

Кемсітпеу

1. Уағдаласушы Мемлекеттердің ұлттық тұлғалары осындай жағдайларды басқа Уағдаласушы Мемлекеттерде осы басқа мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және соған байланысты міндеттемеге қарағанда өзгеше немесе тым ауыр тиетін кез-келген салық салуға немесе соған байланысты міндеттемеге ұшырамайды.

2. 10-баптың 4-тармағына жататын Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорынның басқа Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесіне салынатын салық осындай қызметті жүзеге асырушы осы басқа мемлекеттің кәсіпорнына салынатын салыққа қарағанда, осы басқа мемлекетте қолайсыздау болмауға тиісті.

3. Капиталдары басқа Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше резиденттеріне толық не ішінара қарайтын немесе олар оны тікелей немесе жанама бақылайтын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорындары алғашқы аталған мемлекеттің басқа осындай кәсіпорындары ұшырайтын және ұшырауы мүмкін салық салуға және оған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болатын кез-келген салық салуға немесе оған байланысты кез-келген міндеттемелерге алғашқы аталған мемлекеттер ұшырамауға тиіс.

4. Бұл ережелер әрбір Уағдаласушы Мемлекетте оның резиденттеріне азаматтық мәртебесі мен отбасы жағдайына байланысты берілетін салық салу мақсаттары үшін қандай да болмасын жеке жеңілдіктерді салықтан босатуды және кемітулерді басқа Уағдаласушы Мемлекеттердің резиденттеріне беруде әрбір Уағдаласушы Мемлекетті міндеттеу ретінде түсіндірілмейді.
24-бап

Өзара келісу рәсімі

1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттердің резиденті олардың бірінің немесе екеуінің де іс-қимылдары осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеледі деп есептесе, ол осы Мемлекеттердің ішкі заңдарымен көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өз ісін өзі резиденті болып отырған Уағдаласушы Мемлекет бере алады.

2. Құзырлы орган егер қойылған талаптың негізі бар деп тапса және ол өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, Келісімге сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатымен, мәселені басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органымен өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады.

3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары өзара мәмле бойынша Келісімді түсіндіру мен қолдану кезінде кез-келген қиындықтар мен күмәндарды шешуге ұмтылатын болады. Олар сондай-ақ осы Келісімде қарастырылмаған жағдайда қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бір-біріне консультациялар бере алады.

4. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары осының алдындағы тармақтарды келісіп түсінісуге жету мақсаттарында бір-бірімен тікелей қатынас жасауы мүмкін. Егер Келісімге жету үшін ауызша келісуді ұйымдастыру қажет болса, онда мұндай келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдарының өкілдерінен тұратын комиссия мәжілісінің шеңберінде қарастырылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет