8 БӨЛІМ
СҰРАУ САЛУЛАРДЫ ОРЫНДАУ
13-бап
Егер сұрау салынған әкімшілікте сұрау салынған ақпарат болмаса, ол өз мемлекетінің ұлттық заңдарына сәйкес осындай ақпаратты алу мақсатында сұрау салуды жүзеге асырады. Бұл сұрау салулар кедендік құқық бұзушылықпен байланысты барлық ақпараттар мен құжаттар алуды қамтиды.
14-бап
1. Жазбаша сұрау салу бойынша сұрау салушы әкімшілік тағайындалған лауазымды адамдар сұрау салынған әкімшіліктің рұқсатымен және ол ұсынуы мүмкін шарттарды сақтаған жағдайда кедендік құқық бұзышылықтарды тексеру мақсатында:
1) кедендік жолсыздыққа қатысты құжаттарды, жазбаларды және басқа да қажетті деректерді сұрау салынған әкімшілік офистеріндегі құжаттармен, жазбалармен және басқа да тиісті деректермен салыстыруы;
2) құжаттардың, жазбалардың және кедендік құқық бұзушылыққа қатысы бар басқа да мәліметтердің көшірмелерін алуы;
3) сұрау салынған Тарап мемлекетінің кеден аумағында сұрау салынған әкімшілік жүргізетін тексеру кезінде сарапшылар немесе куәгерлер ретінде қатысуы мүмкін.
2. 11-бапта немесе осы баптың 1-тармағында көзделген, сұрау салушы әкімшіліктің лауазымды адамдары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болатын жағдайларда, олар кез келген уақытты өздерінің ресми өкілеттерінің дәлелдерін ұсынуға қабілетті болуы тиіс.
3. Болу уақытында олар екінші Тараптың кедендік лауазымды адамдары үшін өзінің ұлттық заңдарына сәйкес көзделетіндей қорғаныспен қамтамасыз етілуі және өздері жасауы мүмкін кез келген жолсыздық үшін жауаптылықта болуы тиіс.
9 БӨЛІМ
АҚПАРАТТАРДЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ
15-бап
1. Осындай ақпаратты берген кеден әкімшілігі оны басқа мақсаттар үшін немесе басқа құқық қорғау органдары пайдалануы мүмкін толық растайтын жағдайларды қоспағанда, осы Келісімге сәйкес алынған кез келген ақпарат тек осы Келісімнің мақсаттарына және тек кеден әкімшіліктері ғана пайдалануы тиіс. Мұндай пайдалану ақпарат ұсынушы кеден әкімшілігі белгілейтін кез келген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Сұрау салу бойынша ұсынылған мәліметтер мен құжаттар тек осы Келісімді орындау мақсатында ғана пайдаланылады және осы ақпаратты ұсынған кеден органының жазбаша келісімінсіз қайсы біреулерге берілуі, не өзге мақсаттар үшін пайдаланылуы және жария етілуі мүмкін емес.
3. Егер бұл ақпарат ұсынушы Тараптың заңдарына көзделген жағдайда, кез келген мұндай ақпарат тек осындай мәліметтер мен құжаттарды ұсынушы кеден органының рұқсаты алынғаннан кейін ғана қылмыстық қуғындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
4. Осы Келісімге сәйкес алынған кез келген ақпарат екінші Тараптың заңдарына сәйкес осындай ақпаратқа таратылатын дәл осындай қорғаныспен және құпиялық режимімен қамтамасыз етіледі.
5. Осы Келісімнің негізінде жеке тұлғалар туралы деректерді беру Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10 БӨЛІМ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
16-бап
1. Егер сұрау салынған кеден әкімшілігі жәрдем көрсету мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе басқа да маңызды ұлттық мүдделеріне залал келтіруі мүмкін, не өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны бұзуы мүмкін немесе ұлттық заңдарға қайшы келеді деп санаса, ол жәрдемдесуден толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін немесе оны жүзеге асыру кезінде белгілі бір шарттар қойылуы мүмкін.
2. Сұрау салынған әкімшілік сұрау салуды орындауды ол жүріп жатқан тексеруге, талқылауға немесе қудалауға кедергі жасауы мүмкін деген негізде кейінге қалдыруы мүмкін. Мұндай жағдайда сұрау салынған әкімшілік сұрау салушы әкімшілікпен сұрау салуды орындаудың сұрау салынған әкімшілік талап етуі мүмкін мерзімдері мен шарттары бойынша консультациялар жүргізеді.
3.Егер жәрдемнен бас тартылса немесе ол кейінге қалдырылса, онда бас тартудың немесе кейінге қалдырудың себептері көрсетіледі.
11 БӨЛІМ
ШЫҒЫСТАР
17-бап
Кеден әкімшіліктері осы Келісімді орындауға байланысты шығыстарды өтемейді.
12 БӨЛІМ
КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРУ
18-бап
1. Кеден әкімшіліктері кедендік құқық бұзушылықтарды тексеруге және олардың жолын кесуге жауапты адамдардың қажет болған жағдайларда бір-бірімен тура және тікелей байланыстар ұстауы үшін шаралар қабылдайды.
2. Кеден әкімшіліктері осы Келісімнің шеңберіндегі осы Келісімді іске асыру үшін қажетті одан арғы іс-қимылдарды келіседі.
3. Кеден әкімшіліктері осы Келісімді түсіндіруден немесе қолданудан туйындайтын кез келген проблемаларды өзара келісу бойынша шешуге ұмтылады.
4. Тараптардың арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты туындаған даулар өзара консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
13 БӨЛІМ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
19-бап
Осы Келісім Тараптардың аумағында қолданылады.
КҮШІНЕ ЕНУІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
20-бап
Осы Келісім Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар бойынша ол күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындағандығы туралы жазбаша хабардар еткеннен кейінгі 2-ші айдың 1-ші күні күшіне енеді.
21-бап
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады, бұл ретте Тараптардың кез келгені Келісімнің қолданылуын кез келген уақытта дипломатиялық арналар бойынша тоқтата алады.
2. Осы Келісімнің қолданылуы екінші Тарапта қолданылудың тоқтатылғандығы туралы хабарлама күніне үш ай өткеннен кейін тоқтатылады. Осы Келісімнің қолданылуының тоқтатылуы кезінде жүріп жатқан іс-шаралар соған қарамастан осы Келісімнің ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
22-бап
Тараптар сұрау салу бойынша немесе осы Келісім күшіне енген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін осы Келісімнің ережелерін қайта қарау мақсатында кездесулер өткізеді, не бір-біріне қайта қараудың қажеттілігінің жоқтығы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
Осыны куәландыру үшін лайықты дәрежеде уәкілетті төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
Анкара қаласында 2003 жылғы 22 мамырда әр қайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі
ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайтудың негізгі жолдарының бірі және аса маңызды факторы болып табылады деп пайымдай отырып,
ұлттық экономикаларының дамуында ғылым мен техниканың маңыздылығын түсіне отырып;
теңдік, өзара тиімділік пен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген өзара ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар осы Келісімнің шарттарына және Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара тиімді екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға белсенді қолдау көрсетеді.
2-бап
Тараптардың ғылым мен техника саласындағы ұлттық саясаттарына сәйкес және Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ғылыми-техникалық мекемелері ұсынған мәліметтерді ескере отырып ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды.
3-бап
Осы Келісімнің шеңберіндегі ынтымақтастық келесідей нысандарда жүзеге асырылады:
- зерттеу нәтижелері мен ғалымдар, ғылыми мамандар және сарапшылар алмасуды қоса алғанда бірлескен ғылыми-зерттеу және техникалық жобаларды орындау;
- бірлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, курстар және семинарларын ұйымдастыру және қатысу;
- ғылыми-техникалық ақпараттар және құжаттармен өзара алмасу;
- ғылыми-зерттеу жабдықтарын бірлесіп пайдалану;
- үшінші елдердің ғылыми ұйымдарымен байланыс орнатуға ықпал ету.
4-бап
Ғылыми-техникалық зерттеулер, «ноу-хауды» қоса алғандағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен, білім, тәжірибе және ақпаратпен алмасу осы Келісімге және Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес, әрбір нақты жағдайда Тараптардың тиісті мекемелері арасындағы жекелеген келісімдер мен хаттамаларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Осы Келісім негізінде қол қойылған Келісімдер мен хаттамалар бірлескен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану тәртібін, қаржы әдістемесі мен шарттарды және ғылыми-зерттеу техникалық жұмысын айқындайды.
5-бап
Егер Тараптар арасында кері келісім болмаған жағдайда сарапшылар, ғалымдар және өзге де зерттеушілер делегациясымен өзара алмасу кезінде көлік, тұру және басқа да барлық шығыстар, толығымен жіберуші Тарапқа жүктеледі.
6-бап
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Түркия Республикасының Ғылым және техника жөніндегі кеңесі (TUBITAK) Тараптардың осы Келісімнің іске асырылуын қамтамасыз ететін уәкілетті органдары болып табылады.
7-бап
Тараптар осы Келісімді іске асыру мақсатында әрбір Тарап өздері тағайындаған саны бірдей өкілдерден тұратын Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
Комиссияның міндеттері:
- Ынтымақтастық салалары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы органдарынан алынған ақпараттар арқылы ғылым мен техника саласындағы ұлттық саясат негізінде айқындалады;
- осы Келісім негізінде бағдарламалар мен хаттамаларды дайындау;
- осы Келісімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға ықпал ету;
- екі жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы тәжірибе алмасуды көтермелеу және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ұсыныстарды бағалау.
Комиссия өз отырыстарын Тарап мемлекеттерде екі жылда бір рет кезекпен өткізеді. Комиссия өз қызметін хат алмасу арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
8-бап
Осы Келісімнің талқылауы мен қолдануына қатысты келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін болады.
9-бап
Осы Келісім мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтар және міндеттемелерге ықпал етпейді.
10-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке Хаттама арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Хаттама осы Келісімнің 11-бабында қарастырылған тәртіп бойынша күшіне енді.
11-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті тиісті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың біреуі өзінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы ағымдағы кезеңнің аяқталуына дейін 6 (алты) ай бұрын жазбаша хабарлама жолдамаса, автоматты түрде әрбір келесі 1 (бір) жылға ұзартылады.
Осы Келісімнің қолданысын тоқтатуды жүзеге асыру оның қолданыстағы кезеңінде басталған және қолданылуын тоқтату сәтіне дейін аяқталмаған бағдарламалар мен жобалар бойынша Тараптар міндеттемелерін қозғамайды.
2009 жылғы 22 қазанда Анкара қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, түрік тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық құқықтың бейбітшілікті, қауіпсіздікті және достық қарым-қатынасты қолдауға қатысты жалпыға бірдей танылған басқа да қағидаттары мен нормаларына өздерінің бейілділігін растай отырып,
1994 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шартқа өздерінің адалдықтарын қуаттай отырып және оны екі мемлекет пен олардың халықтарының жан-жақты байланыстары мен өзара іс-қимылын қазіргі және алдағы кезеңдерде дамытудың және тереңдетудің құқықтық негізі ретінде қарастыра отырып,
екіжақты, өңірлік және ғаламдық ауқымдарда жалпы әлемдік құндылықтар мен мұраттарға ортақтаса отырып,
XXI ғасыр алға тартқан талаптар бойынша өзара ықпалдасу, сондай-ақ бой көтеретін қауіп-қатерлерге карсы тұру өңірдегі және бүкіл әлемдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету ісіне үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдіре отырып,
екі мемлекет орналасқан Еуразия кеңістігінің жаһандық бейбітшілікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз етуді, адам құқықтарын, демократия мен негізгі бостандықтарды дамытуды, экономикалық дамуды және энергетикалық ресурстар мен оларды жеткізу дәліздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өркениеттер арасындағы диалогты және төзімділікті одан әрі дамытуды қоса алғанда, бүкіл адамзаттың болашағы тұрғысынан басты рөл атқаратынын, сондай-ақ өңірде жан-жақты ынтымақтасу үшін мүмкіндіктердің бар екенін назарға ала отырып,
Еуропа мен Азия арасындағы ерекше көпір рөлін атқаратын және ортақ тамыры, құндылықтары, тілі, мәдениеті мен тарихы арқылы байланысып жатқан түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бауырлас мемлекеттер және бүкіл өңір игілігі үшін іске асатынына сенім білдіре отырып, сондай-ақ осы бағыттағы атқарылып жатқан күш-жігерлерді қолдай отырып,
сауданы және инвестицияларды кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы екі мемлекеттің экономикалық ынтымақтастығын тереңдету қажет деп санай отырып,
екі мемлекеттің энергетика саласындағы өзара ықпалдастығы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап көрсете отырып,
өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда, ең алдымен саяси, экономикалық, қорғаныс, мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, экологиялық, ақпараттық салаларда және денсаулық сақтауда бірлескен және үйлестірілген қызметті жүзеге асыру,
қазіргі қатынастарды жалпы пайымдау шеңберінде жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару қажеттігі мақсатында,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар өздерінің қарым-қатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық әріптестік және жан-жақты ынтымақтастық негізінде құрады.
2-бап
Тараптар саясат, экономика, қорғаныс, мәдениет, ғылым және білім салаларын ынтымақтастықтың басым салалары ретінде белгілей отырып, өзара ықпалдасудың барлық мәселелері бойынша, соның ішінде тұрақты сапарларды ұйымдастыру жолымен, консультациялық тетіктерді дамытады.
Тараптар ағымдағы халықаралық мәселелер және ортақ мүдделердің шеңберін белгілеу бойынша тереңдетілген ынтымақтастықты орнату мақсатында екі жақты саяси диалогты дамытады.
3-бап
Тараптар Еуразиялық өңірде және бүкіл әлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ өңір халықтарын өркендету мақсатында екіжақты, өңірлік және халықаралық деңгейдегі қазіргі кезде қалыптасқан ынтымақтастықты тереңдетеді, жанжалдарды бейбіт түрде реттеуге бірлесе қолдау көрсетеді.
Тараптардың бірінің өтініші бойынша оның аумақтық тұтастығына сыртқы қауіп-қатер туындаған жағдайда консультациялар өткізе алады.
Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) бітімгершілік рөлін нығайтуға жәрдемдеседі, сондай-ақ өңірлік жанжалдарды реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсайды.
4-бап
Тараптар өздері бір мезгілде қатысушылары болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық пен байланыстарды кеңейтеді.
Тараптар ЕҚЫҰ мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік, тұрақтылық және ынтымақтастықты қолдау мәселелеріндегі рөлін одан әрі күшейту мақсатында тұрақты түрде кездесулер ұйымдастыруға және ортақ ұстанымдарды пысықтауға ықпал етеді.
5-бап
Тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдарға қосылу мәселелері бойынша бір-біріне жәрдемдеседі, осы ұйымдарға кандидатуралар ұсынған кезде өзара қолдауды қамтамасыз етеді, осы ұйымдардың қызметіне үлес қосу және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірлескен ұстанымдарды белгілеу мақсатында консультациялар өткізеді.
6-бап
Тараптар түркітілдес мемлекеттердің одан әрі интеграциялануы жөніндегі өзара ықпалдастықты жүзеге асырады.
Тараптар түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің табысты жұмыс істеуіне, сондай-ақ түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы мен ТҮРКСОЙ қызметінің тиімділігін арттыруға барлық қажетті қолдау көрсетеді.
7-бап
Тараптар конфессияаралық және мәдениетаралық өзара түсіністікті, сыйластықты және төзімділікті дамыту мақсатында қалыптасқан бастамаларға, ең алдымен Өркениеттер альянсы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі шеңберіндегі бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдарда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлескен шаралар қолданады.
8-бап
Тараптар заңнаманы және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарды имплементациялауды жетілдіру саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтады.
9-бап
Тараптар әлем мен халықаралық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіретін жаппай қырып-жою қаруын таратпау, терроризмге, контрабандаға, есірткінің және қару-жарақ саудасының заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, соның ішінде заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес бойынша екіжақты, өңірлік және халықаралық негіздерде ынтымақтасады.
10-бап
Тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақ-тастықты кеңейтуге және тереңдетуге күш-жігерлерін жұмсайды және де өздерінің ұлттық заңнамаларына және өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес, осы мақсатта қажетті қолайлы жағдайлар туғызады.
Тараптар Түркия Республикасында және Қазақстан Республикасында сауда, экономикалық және қаржылық форумдарды тұрақты түрде өткізуді көтермелейді.
11-бап
Тараптар халықаралық сауданы дамыту үшін қажетті шарттар болып табылатын, Еуропа мен Азия арасында өздерінің аумақтары арқылы өтетін жаңа көліктік дәліздерді құру мақсатында бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асырады, сондай-ақ халықаралық автомобильдік тасымалдаулар саласында өзара іс-қимылды күшейтеді.
12-бап
Тараптар әскери және әскери-техникалық салаларда ынтымақтасады.
13-бап
Тараптар энергетика саласындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеді.
Тараптар өздері қатысушылары болып табылатын энергетикалық дәліздерді әртараптандыру және энергетика саласында өзара инвестицияны арттыру мәселелерінде ықпалдасады.
Тараптар энергияны үнемдеу, экологиялық тұрғыдан таза отын және жаңғыртылған энергия көздері салаларына технологиялар беруді қолдайды.
14-бап
Тараптар банктік, қаржылық және салық салаларындағы ынтымақтастықты Тараптардың тиісті органдары арасында тиісті келісімдер жасасу, тәжірибе және ақпарат алмасу арқылы дамытады.
15-бап
Тараптар көліктік, телекоммуникациялық, ақпараттық салаларда, сондай-ақ азаматтық авиация саласында өзара ықпалдасады.
16-бап
Тараптар ғылым және техника, денсаулық сақтау, білім және мәдениет, экология, туризм және спорт салаларында ынтымақтастықты дамытады.
Осы мақсаттарда барлық деңгейлерде, оның ішінде Тараптардың тиісті органдары арасында, өзара іс-қимылды орнату үшін бірлескен жұмысты күшейтеді.
17-бап
Тараптар экономика, ақпараттық технологиялар, инновациялар және қызметі түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін зерттеуге, ортақ тарихи мұраны сақтап қалу және түркілердің мәдени мұрасымен әлемдік қоғамдастықты таныстыруға бағытталатын Түркі академиясын қоса алғанда, білім салаларында мемлекетаралық ғылыми мекемелерді құру мақсатында екіжақты және өңірлік деңгейлерде бірлескен жұмысты кеңейтеді.
18-бап
Тараптар өзара келісім бойынша белгіленетін жоғарыдағы баптарда аталған салаларда ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлейді.
19-бап
Осы Шартты іске асыру бойынша жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
20-бап
Осы Шарттың ережелерін түсіндіру кезінде туындауы мүмкін даулар мен пікір алшақтықтарын Тараптар келіссөздер және консультациялар арқылы шешеді.
21-бап
Тараптар осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін, олар жеке-жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Шарттың 22-бабына сәйкес күшіне енеді.
22-бап
Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандары туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар аркылы алынған күннен бастап екі ай өткен соң күшіне енеді.
Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады.
Анкара қаласында 2009 жылғы 22 қазанда әрқайсысы қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Шарттың ережелерін түсіндіру кезінде туындауы мүмкін даулар мен пікір алшактықтары болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН ҮШІН
Достарыңызбен бөлісу: |