Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің


-параграф. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі



бет5/20
Дата15.05.2024
өлшемі186.72 Kb.
#501157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Ереже № 72

3-параграф. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі

45. Педагог қызметінің және жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.


Материалдарға (портфолиоға) педагогтің эссесі қосылады. Эсседегі сөздердің саны 250-300 (екі жүз елу – үш жүз) сөзден құралу керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.
46. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің саны тақ саннан, кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
47. Сараптамалық кеңестің құрамы бекітіледі:
«педагог-модератор» біліктілік санатына – білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар әдіскерлерден, педагогтерден, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерден құралған Сараптамалық кеңес;
«педагог-сарапшы» біліктілік санатына - ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органы деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар педагогтерден, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерден, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатына; «педагог-сарапшы» (ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін); «педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар педагогтерден, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерден, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;
«педагог-шебер» біліктілік санатына; «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» (ведомстволық бағынысты ұйымдар, білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік орган ұйымдары үшін) - республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, білім беру ұйымдарының кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі, «педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес.
48. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдарды (портфолиоларды) Комиссия жылына бір рет Сараптамалық кеңеске қарау үшін жібереді.
Педагогтің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған материалдары (портфолиосы) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде Сараптамалық кеңеске беріледі.
49. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы бойынша портфолионы бағалайды. Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бағалау парағы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес байқау парағына сәйкес бағаланады.
50. Сараптамалық кеңес тиісті деңгейдегі Комиссияға осы Қағидаларға
17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ағымдағы күнтізбелік жылдың
1 шілдесіне дейін) біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары бойынша ұсынымдарды жібереді.
51. Комиссия тиісті жылдың қаңтары мен тамыз аралығындағы кезеңі қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
52. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес педагогтердің материалдарын (портфолиосын) бағалау парақтарын толтырады. Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бағалау парағы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес байқау парағы бойынша толтырылады.
53. Педагогтің материалдарын (портфолиосын) қарау кезінде аудио немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
54. Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардағы педагогтердің қызметінің нәтижелерін кешенді қорытындылау кезінде біліктілік санатын растауда ПББ-дан өту талап етілмейді.
55. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке:
біліктілік санатын растаған жағдайда бір деңгейге төмен;
біліктілік санатын беру жағдайында ПББ нәтижелерінен жоғары емес біліктілік санаты беріледі.
56. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатынан өту мерзімдері мен бірізділік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) «педагог» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау туралы құжаты бар, бейіні бойынша кемінде бір жыл педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
ПББ өткен «педагог-тағылымдамашы», оның ішінде:
педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (тиісті бейіні бойынша жалпы педагогикалық өтілі кемінде 1 жыл болған кезде педагогикалық лауазымды қайта бастау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды) және біліктілік санаты жоқ;
білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау туралы құжаты бар білім беру ұйымдарына педагог лауазымына қабылданған біліктілік санаты жоқ тұлғалар;
қосымша білім беру жүйесінде 5 (бес) және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар;
оқу пәнінің мазмұнын, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке дамуына арналған педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;
жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын және бағалау құралдарын меңгереді;
танымдық (білім беру) үдерісінің қағидаттарын ескере отырып, сабақ (оқу, қызмет, іс-шаралар) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады;
ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқыту (тәрбиелеу) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен (тәрбиеленуші) білім алушылардың үлгерімін (дамуын) талқылайды;
оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;
2) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен (тәрбиеленушілермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) оқыту (оқу, тәрбиелеу) нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін әріптестердің өзекті нәтижелері мен өз тәжірибесін талдайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушысы болып табылады;
3) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
4) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
тиісті бейініне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге және облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
5) «педагог-шебер» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар тұлғалар:
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жоспарлайды және жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамыту бойынша ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді немесе бағдарламаларды немесе әдістемелік материалдарды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізіміне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары болады;
республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының республика деңгейінде ұйымдастырған педагогтері үшін (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибені таратады.
57. «Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар педагогтер өтініш негізінде осы Қағидаға сәйкес тиісінше немесе жалпы негіздерде «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
Мәлімделген біліктілік санаттарына өтпеген педагогтерге санат ПББ нәтижелері негізінде беріледі. «Педагог-модератор» біліктілік санатын беру үшін ПББ ұпайлары жеткіліксіз болған жағдайда, педагогке «педагог» санаты беріледі.
58. Педагогтер біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
59. Біліктілік санаттарын сақтай отырып, аттестаттау педагогтердің өтініші негізінде, екі жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар бар болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарынан, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға беріледі;
5) егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса.
60. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер осы Қағиданың 54-тармағына сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.
61. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес немесе (бірінші басшылар, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілер), білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, арнайы педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері үшін) атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып жүзеге асырылады.
62. Білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.
63. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (оқу-өндірістік комбинаттары) педагогтеріне кезекті біліктілік санатын беру (растауды) оқытатын бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес өтеді.
«Педагог (оқытушы)» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты «бөлімше меңгерушісі», «өндірістік оқыту шебері», «аға шебер» лауазымдарына қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызмет ауысқан немесе жүзеге асырылған кезде сақталады.
«Бөлімше меңгерушісі», «өндірістік оқыту шебері», «аға шебер» лауазымдары бойынша берілген біліктілік санаты «педагог (оқытушы)» лауазымына ауысқан және қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызметті жүзеге асырған кезде сақталады (таратылады).
64. «Көркем еңбек», «Еңбекке баулу» пәні бойынша сабақ беретін педагогтер «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатына сәйкес кәсіптік оқуы ескеріледі.
65. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда оның бұрын алған санаты сақталады. Кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру туралы құжаты болған жағдайда жалпы негізде жүзеге асырылады.
66. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет