Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің


-параграф. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшы орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі



бет7/20
Дата15.05.2024
өлшемі186.72 Kb.
#501157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Ереже № 72

5-параграф. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшы орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі

68. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының біліктілік санаты үш жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинет (орталық) басшысы орынбасарларының біліктілік санаты бес жылға жарамды.


Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
69. Тиісті деңгейдегі аттестаттау органының персоналды басқару қызметі жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде аттестатталатын білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының алдағы күнтізбелік жылға тізбесін айқындайды және сәйкес деңгейдегі Комиссияға жібереді.
70. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары ПББ нәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес кезектілікті сақтамай біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. Кейінгі аттестаттау бірізділік принципіне сәйкес жүргізіледі.
71. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
72. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нұсқаулық бойынша білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшыларының, басшы орынбасарларының материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес аттестатталушының қызметінің нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу өткізеді.
Портфолионы қарау кезінде аудио немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
73. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшыларын, басшылардың орынбасарларын кезекті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді;
қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
мәлімделген біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;
біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады).
Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді.
74. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі біліктілік санатын беруге тиісті деңгейдегі комиссияға қызмет нәтижелерінің мәлімделген біліктілік санатына сәйкес екі жыл ішінде үздіксіз қол жеткізу негізінде мерзімінен бұрын өтініш беруге құқылы.
«Мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені педагогке жолдайды. Бұл ретте қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
75. «Басшы-ұйымдастырушы» біліктілік санаты «үшінші санаттағы басшы» біліктілік

санатына; «басшы-менеджер» біліктілік санаты «екінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санатына теңестіріледі.


76. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты басшы, басшының орынбасары лауазымындағы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Бірінші басшы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына және керісінше ауысқан кезде басшының (басшының орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты келесідей лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:
«бірінші санатты басшы» - «бірінші санаттағы басшының орынбасары»;
«екінші санаттағы басшы» - «екінші санаттағы басшының орынбасары»;
«үшінші санаттағы басшы» - «үшінші санаттағы басшының орынбасары».

Педагогтерді


аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
_________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет