параграф. Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызметінің тәртібі
32. Білім беру саласындағы уәкілетті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
1) білім беру ұйымдарында: «педагог-модератор»;
2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органында: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:
«педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін, «бірінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшы»;
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы»;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:
«педагог-шебер»;
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін: «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы».
33. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде
10 (он) жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдардың әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
34. Комиссияның өкілеттігі қолданыста болған кезеңде аттестаттауға жататын педагогтер Комиссия құрамына кірмейді.
35. Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.
36. Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
37. Комиссияның отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
38. Комиссия педагогтердің (ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа) аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді.
39. Комиссия шешімі осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес хаттамамен рәсімделеді. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамадан үзінді көшірме педагогтің электрондық поштасына жіберіледі. Аттестаттаудан өткен педагогтердің тізімі аттестаттаушы органның интернет-ресурсында жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |