Қазақстан республикасы оқу ағарту министрлігі №51 гимназия Секциясы: Тарих Орындаған


Мұғалжар жылқы тұқымының пайда болуы және дамуы



бет6/6
Дата07.12.2022
өлшемі2.07 Mb.
#466752
1   2   3   4   5   6
Ғылыми жоба

3.Мұғалжар жылқы тұқымының пайда болуы және дамуы.

Кеңес үкімет орнаған соң 1929 жылы қазақ даласында байлардың дүние -мүлкін кәмпескелеу жүргені тарихтан мәлім. Сол саяси науқан кезінде Мұғалжар тауының етегінде өмір сүрген назар руының ірі байлары Құдайберген мен Шошының жылқылары да мемлекет иелігіне өтіп, сол жылқылардың негізінде 1930жылы Темір ауданының аумағында Ембі жылқы зауыты құрылады.


Жылқы тұқымын асылдандыру да сол кезде қолға алынып ,сұрыпталып алынған 11 айғырдың Аблан, Бұзотар,Зверек, Мальчик ,огонек, Черкс,аталатын жетеуінен аталық із қалмаған. Сондықтан жаңа линия (аталық із) Замок (1927 жылы туған) Писатель (1929 жылы туған), Бүркіт (1929 жылы туған),Заур (1929 жылы туған)төрт айғырдан тарайды деп айтылады. Осы орайда асылдандыру ісіндегі линия дегеніміз не,соған тоқтала кетейік. Қазір ғалымдар оны аталық із, желі деп екі түрлі аударып жүр. Аталық із дегеніміз дұрыс. Ал қазақы ұғымға тіпті жақындатсақ ,жылқы ішіндегі ру деп алсақ та болады. Яғни жоғарыдан айтылған тқрт айғыр -төрт «рудың» басы. «Ру» болу үшін бір айғырдан екі еркек құлын тарау керек, әрине ұрғашылары да болуы тиіс. Кемі 4 айғыр, 40 бас болуы қажет. Сұрыптау кезінде тұқымның былай шығарылып, тек мықтылары ғана қалдырылатыны белгілі жайт.
Қазақта ру жеті атаға дейін сақталады. Ғалым селекционерлердің зерттеулері бойынша жылқыда алтыншы, жетінші ұрпаққа келгенде тұқым әлсірейді екен.
Демек, «жаңа ру» қалыптастыру керек. Жоғарыда аталған төрт «рубасыдан» үш-төрт «атадан» кейін ғылым нәтиже бере бастады. Заурдан тараған



Бүркіттен тараған «Барқыт»(1957 жылы туған) жаңа зерттеулердің басы болған.


1983 жылы екі айғырдан тараған жылқылардан жаңа зауыттық аталық із пайда болды. Бұл кеңес өкіметінде табындағы жылқы шаруашылығынада алғаш зауыттық аталық із болып тіркелді. Кейін Қайыңды зауытында «Баз», «Парадный» атты жабы тұқымды қазақы жылқының зауыттық аталық ізі дүниеге келді.
Әуелде Ембі жылқы зауыты әскерге мініс көлік даярлады. Бірақ елуінші жылдарда жылқы көлік ретінде пайдаланылмайтын болды. Сондықтан енді ет-сүт бағытындағы жылқы әзірлеу қажет еді. Бұл бағыттағы асылдандыру негіз болатын тұқым ретінде атақты ғалым Ю Барминцев қазақтың жабы жылқысын ұсыныпты. Себебі жал -құйрығы қаба, даланың аққұйын боранын елей бермей тебінге түсетін жабы ғылым үшін таптырмайтын «материал » еді. Оны асылдандырып, жетілдіру арқылы ет-сүт бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту жолында М Борисов, Ю Барминцев, А Беляев, В Ғұбашев, А Нұрғалиев ,Рзабаев С сынды ғалым-селекционерлер тынымсыз еңбек етті. Соның арқасында Көшім жылқысы дүниеге келді. Осы саладағы нәтижелі жұмыстары 1980 жылы М Борисов, Ю Барминцев, А Беляев, В Ғұбашев,Рзабаев С Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Сол тұста Ақтөбедегі тәжірибе станциасымен Қайыңды, Талдық жылқы зауыттары да тізе қосып жұмыс істеген. Осы кезеңдерден бастап бұл тұқымның өнімдері Бүкілодақтық көрмелерден үнемі жүлде алып отырған. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы дүрбелең жылдар шаруашылыққа да кесірін тигізді. Тіпті асылтұқымды жылқыны айырбастап кеткен кезі де болды. Қазір облыстағы 8 жылқы шаруашылығы тәжірибе стансасының жылқы шаруашылығы бөлімімен тікелей жұмыс істеп отыр. Қазір Мұғалжар жылқысынан-4 аталық із бар. Тағы 3 аталық із дайындалу үстінде.
Мұғалжар жылқыларының бір артықшылығы суыққа төзімділігі. Қыс бойы тебінге түседі. Қолға тұратын сәті өте сирек. Сондықтан көп шығынды өажет етпейді. Сексенінші жылдарда сонау Якутиядан келіп біраз жылқы алып кеткен мамандардың айтуынша ,біздің жылқылар 60 градус суыққа да селт етпей ,тебінге түсе береді екен. Өйткені Сахалин елінше қаншама суық болғанымен қар біздегідей қатрпайтын көрінеді. Ақтөбедегідей ақбасқан боран жоқ, қалың ағаштың арасына түскен қар анау-мынау желді де елей бермейді. Біздің жылқыларға мұндай қардың астынан шөп тауып жеу қиын емес екен.
1960-1970 жылдары профессор Ю Барминцевтің басшылығымен және де Қазақстанның белгілі жылқы танушылары М Борисов, А Беляев, М Нечаев ,С Рзабаев, т б ғалымдардың күш-жігерімен жаға бағытта өнімді жылқы шаруашылығы басталды.
Қазақтың селекционер ғалымдары қазақтың көне жылқысын жабы типін сұрыптау
арқылы көпжылдық ғылыми селекциялық асылдандыру мақсатында 1998жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30-қарашадағы №156 бұйрығы бойынша Мұғалжар жылқы тұқымы апробацияланды.
Мұғалжар жылқылары таза тұқымды өсіру әдісі арқылы және базалық шаруашылықтарда селекциялық табындарда қазақтың жылқыларын жетілдіру негізінде шығарылды.
Тұқымды шығару жұмыстары 1929-1930жж жылқы табынын жетілдіру мақсатында Ақтөбе облысындағы №51 «Ембі» жылқы зауытынан бастау алады.
Мұғалжар тұқымын шығаруды ,жергілікті қазақы жылқының ең үздік жабы типті айғырларын тұқымдық және өнімдік қасиеттеріне қарай тиянақты іріктей отырып, Қазақстанның әр аймағына тарата, таза тұқымды мал өсіру әдісімен көбейтіп, жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді.
Қазіргі таңда Мұғалжар тұқымының ішінде өсіру ортасына және өнімдік деңгейіне байланысты төрт генетикалық типке бөлінген жылқылар өсіріледі.
Мұғалжар жылқысының «эмбілік» және «қайыңдылық» деп аталатын типі, «сарыарқа» және «құлаңдылық» зауыттық типі бар.
Мұғалжар жылқы тұқымы күй талғамайды. Құбылмалы ауа райына төзімді, денсаулығы мықты, мол өнімді ,күшті келеді. Сондай-ақ қатал ауа райы жағдайының өзінде өсіп жетіле береді.Жайылымда қомданған Мұғалжар жылқыларын сойса 55-60% ет пен май түседі .Ал биелерінен тәулігіне 14-16 литр қымыз береді.
Айғырларының тірідей салмағы 480-550 кг, биелерінікі 450-480 кг, 2,5 жастағы төлдері байталдары 360-390 кг, ал құнандары 380- 405 кг тартады. Жүз биеден алынатын құлын саны 80-95%.
Ақтөбе облысындағы Эмбі совхозының 1954 жылы Бүкіл Одақтың ауыл шаруашылық көрмесінде 1-дәредежі Диплом алған Золотник деген айғыр арнаулы сынақ кезінде тәулігіне 264 километр жол жүрген.
Мұғалжар жылқысы 17 зауыттық аталық іздерден тарайды. Олар «эмбілік» және «қайыңдылық» типіне жататын.

Елшебеков Аманжол






«Мұғалжар»совхозында жұмыс істейтін «Тұлпар» комсомол жастар бригадасы.
Суретте: Нағымет Алмағанбетов, Аманжол Елшебеков, Кеңесқали Жүсіпов.


Қорытынды


Бүгінде елімізде таза қанды жылқы асырап, тұқымын асылдандырып келе жатқан қазақстандықтардың саны күн санап артып келеді. Белгілі зерттеуші, этнограф Ахмет Тоқтабай бүгінде дүниежүзінде 65 миллион жылқы және 250-ден астам жылқы тұқымы барын айтады.


"Жылқы біздің қазақ жерінен шыққан. Бұл жәй айтыла салған сөз емес. Оған Ботай қонысынан табылып жатқан жылқы сүйектері дәлел. Әлемдік археологияда дәл осылай бір қоныстан жүз мыңдаған жылқының сүйегінің табылуы болмаған. Осы қонысты көптеген ғалым зерттеп, археолог Виктор Зайберт отыз жылдан астам уақыт қазып жатыр. Археологиялық және палеологиялық зерттеулер жүргізе келе табылған жылқылардың қазақтың жабысынан айнымайтыны белгілі болды", — дейді ғалым.
Этнограф Ахмет Тоқтабай "жабы" сөзінің түп-төркіні "жабайы" деген сөзден шыққанын айтады. Үш мың жыл бұрын арилер, екі мың жыл бұрын ғұндар, одан кейін мың жарым жыл бұрын түркілер мен қыпшақтар көшіп, шетінен Еуропаны жаулап алып отырды. Яғни, Батысқа жылқыларды осы тайпалар алып барған. Ғалым қазақтың тарихы жылқымен тығыз байланысты екенін айтып өтті.
Қазіргі таңда статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2 миллион 500 мыңнан астам жылқы бар. Соның 90%-і — өнімді бағытта, қалғаны ұлттық спорт секілді салаларда қолданылады. Елімізде жабы, көшім, мұғалжар, міністі-жегісті немесе спортта қолданылатын Қостанай жылқы тұқымы бар. Алғашқысы — қазақ халқының ғасырлардан бері келе жатқан жылқысы. Бұл тұқымдағы жылқылар Қазақстанның барлық өңірінде бар
Дүниежүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымы мен тұқымдық топ бар. Осылардың ішінде 17 тұқым қазақ жерінде өсіріледі. Қазақтың сан ғасырлардан келе жатқан жабы жылқысын сұрыптап, таза тұқым өсіру әдісі арқылы етті-сүтті бағыттағы мұғалжар жылқы тұқымы пайда болды.
Қарағанды облысындағы Сарыарқа, кейін Қожанберді типі негізінде пайда болған Мұғалжар тұқымы 1998 жылы ресми бекітілді.
Кеңес үкімет орнаған соң 1929 жылы қазақ даласында байлардың дүние -мүлкін кәмпескелеу жүргені тарихтан мәлім. Сол саяси науқан кезінде Мұғалжар тауының етегінде өмір сүрген назар руының ірі байлары Құдайберген мен Шошының жылқылары да мемлекет иелігіне өтіп, сол жылқылардың негізінде 1930жылы Темір ауданының аумағында Ембі жылқы зауыты құрылады.
Тұқымды шығару жұмыстары 1929-1930жж жылқы табынын жетілдіру мақсатында Ақтөбе облысындағы №51 «Ембі» жылқы зауытынан бастау алады.
Мұғалжар тұқымын шығаруды ,жергілікті қазақы жылқының ең үздік жабы типті айғырларын тұқымдық және өнімдік қасиеттеріне қарай тиянақты іріктей отырып, Қазақстанның әр аймағына тарата, таза тұқымды мал өсіру әдісімен көбейтіп, жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Тоқтабай Ахмет. Қазақ жылқысының тарихы.– Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2010.– 496 бет.


2.http://argymaq.kz
3.Жылқы шаруашылығы: Оқулық, Б.Р.Әкімбеков, Б.М.Мүслімов, А.Р.Әкімбеков, Ш.Д.Дәленов.-Қостанай; «Костанай полиграфия», 2007 ж.-256 бет
4. Қ.Ш.Нұрғазы.Мал шаруашылығы.-Алматы: «Дәуір»,2007.-400б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет