Қазақстан республикасы оқу ағарту министрлігі №51 гимназия Секциясы: Тарих Орындаған


Қазақстанда жылқы тұқымын асылдандыру



бет4/6
Дата07.12.2022
өлшемі2.07 Mb.
#466752
1   2   3   4   5   6
Ғылыми жоба

2.Қазақстанда жылқы тұқымын асылдандыру

Қазақ жерінде өсірілген жылқылар басқа халықтар арасында да өте танымал болды. ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Австрия подполковнигі А.Дандевиль Орынбор даласына арнайы сапар шегіп, Австрия армиясы үшін 3000 қазақ жылқысын сатып алғаны туралы деректер кездеседі. Тіптен 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына да көптеген қазақ жылқылары жіберілген. Бірақ қазақты отарлауды көздегендер оларды қалайда аттан түсіруге барын салды. Ол үшін қазақтардың жылқысын азайтып, қазанаттардың тұқымын жоюға тырысты. Мәселен, 1880 жылдары Австрия-Венгрияда 3,5 миллион, Германияда 3,3 миллион, Францияда 3 миллион жылқы болса, 1879 жылы алынған санақ бойынша Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1,8 миллион жылқы болғаны көрсетілген. Ал ХХ ғасырдың басындағы нәубеттерден кейін бүкіл Қазақстанда 8 миллиондай ғана жылқы қалғандығы айтылады. Ұлттық байлығымыз саналған осыншама жылқы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан да азая түскен. 2018 жылғы санаққа сенсек, еліміздегі жалпы жылқы саны бар-жоғы 2,5 миллионның шамасында екен. Қазақтың басына келген нәубет жылқыларын да айналып өтпепті. Осылайша кезіндегі басқан жерін ошақтай оятын асыл тұқымды тұлпарлардың да қатары сиреп, ыңғай мәстектер мен қойға жетпес қойторылардың күні туыпты. Енді өз қазынамыздан айырылған соң шекара асып өзге елден тұлпар іздейтін күйге түсіппіз. Тыңдаған болсаңыз, Елдос Еміл орындайтын «Көк мойнақтың үйірі» атты біздің қасіретті тарихымызды жылқы малымен байланыстырған таңғажайып жыр бар. Осы жырда қазақ даласындағы асыл тұқымды жылқылардың қалай қырылғаны баяндалады.


Бүгінде әлемдік аренада бәсі жоғары жылқы тұқымдары көптеп кездеседі. Олардың қатарында ақалтеке тұқымы, жәуміт тұқымы, қарабайыр тұқымы, араб тұқымы, "таза қанды" ағылшын тұқымы, дон тұқымы, буденный тұқымы, Украинаның ұлттық тұқымы секілді асыл тұқымды жылқылар бар. Дегенмен біздің де жергілікті жылқы тұқымдарын асылдандырудың арқасында жеткен жетістіктеріміз аз емес.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Болатхан Махатов: «Біз Кеңес кезінде ет пен сүт беретін бағыттағы жылқыларды өсірдік те, спорттық бағытқа көңіл аудармадық. Бізге бұл саланы жақындатқан да жоқ. Батыс Қазақстанда ең алғаш рет сүтті бағыттағы күшім жылқысы өсірілген болатын. Одан кейін жабының бірнеше түрін біріктіріп мұғалжар жылқысы шығарылды. Бұдан бөлек өзінің өсіп отырған ортасына жақсы бейімделген адай жылқысы қалыптасып келеді. Мұның ерекшелігі мініске төзімді әрі жүйрік жылқы. Алыс қашықтыққа шапқанда оған тең келетін бірде-бір жылқы жоқ. 150 шақырым ол үшін түк емес. Қазақ жылқылары біздің алтынмен бағаланатын ұлттық брендіміз болып отыр. Еуропаның асыл тұқымды жылқыларының қаны бұрынғы жабайы тегінен өте алшақ кетіп қалған. Ал жабайы тегіне ең жақын тұрған біздің қазақтың жылқылары» – дегенді айтады. Ғалымның сөзіне сенсек, өзге елдер жылқыларын барынша асылдандырып, басқадан артық етеміз деп тыртық еткенге ұқсайды. Яғни, бұрынғы түп тегінен алыстап, жылқыға тән жақсы қасиеттерінен айырыла бастаған. Ендеше алдағы уақытта қазақ жылқылары бұрынғы атақ-даңқын қайтарып алуына мүмкіндік мол деген сөз.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде орнаасқан жылқы малын өсірумен айналысатын шаруашылықтар ішінде 28 нысаны асыл тұқымды шаруашылықтар статусына ие болған.Асыл тұқымды шаруашылықтар ішінде 24 шаруашылық жергілікті қазақ жылқысын
1-Қостанай,1-қарабайып,1-таза қанды салт жылқысы және 1-қожалық ахалтеке тұқымды жылқыларын өсірумен айналысады.Осы шаруашылықтар ішінде сұрыптау жұмыстары ғылыми негізде ұйымдастырылып,жақсы нәтижелер көрсете бастаған жекелеген шаруа қожалықтары ретінде қазақтың жабы типті жылқысын өсіретін Созақ ауданындағы «Жайлау», Отырар ауданындағы «Жансая», Ордабасы ауданындағы «Бекзат Бақ» Қазықұрт ауданындағы «Сапа» мен қостанай жылқысын өсіретін ТОО «Сіргелі-Нұржан»,қарабйыр жылқысын өсірумен айналысатын Мақтарал ауданындағы «А-Тұрар», таза қанды салт мінетін жылқы тұқымын өсіретін Түлкібас ауданындағы «Маржан», ахалтеке тұқымын өсірумен айгалысатын Бәйдібек ауданындағы «Ақбақай» асыл тұқымды шаруашылықтарын айта аламыз.
Қазақ халқы көшпенді тұрмысында өте қажетті болған мықты әрі жүрдек аттарды қатты бағалап,олардың тұқымын жақсарту мәселесіне жете мән берген.Сомен бірге қазақтардың және Орта Азия халықтарының арасында кең тараған әр түрлі спорттвқ ойындары,атап айтқанда көкпар,сайыз,аламан бәйге сияқты жарыстарында жүйрік те белді аттар өте қажет болған.Осындай талаптарға жауап беретін жылқы ретінде оңтүстік өңірінде кең таралған қарабайыр тұқымын айтуға болады.
Қазақстанда 70% жуығы дәстүрлі әдіспен,яғни айғыр үйірлеріне топтастыру арқылы бағылады.Бұл әдіс экономикалық жағынан ең тиімді,Осындай табынды жылқы шаруашылығын дамыту қолайлы жайылымдар оңтүстік өңірінде жеткілікті.Аймақта әліде игерілмей жатқан далалы,құнды,тау етектерімен қойнауларындағы субьалпілік шалғынды жайылымдар жеткілікті.Осындай табиғи-климаттық жағдайларын есепке ала отырып,жергілік жерлерге бейімделген жылқы тұқымдарын өсірудің болашағы мол деп есептейміз.
Қазіргі кезде дүние жүзінде түрлі мақсатқа сай жылқының көптеген тұқымдары қолда өсіріледі.Олардың ішінде күнделікті тұрмыс қажет үшін пайдалану мақсатына байланысты ауыр жүк таситын,салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын арнайы тұқымдары бар.Қазақстан жеріндегі көп таралған жылқы тұқымдарын атап көрсететін болсақ,олардың қатарында;
Қазақ жылқысының – негізі жабы типті жылқылар болып саналады.Бұлар негізінен көлік ретінде,әрі еті мен сүтін пайдалану үшін де өсіріледі.Оның дене бітімі мейлінше ірі, шомбал, тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары қысқа болады.Ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді.Жабы жылқысы күшті,соған орай жұмысқа да төзімді келеді.Салт мінуге де ыңғайлы, жүрісті жылқы деп сесптелінеді.
Олар жыл бойы жайылады,арі жем-шөп талғамайды,жал-құйрығы қою, жүні қалың болады.Тез қоңданады.Жайылымда семіртілген жабы жылқыларын сойса 53-57,кейде 60% дейін ет пен май түседі.Жабы жылқысы ұшасының құрылымы бір ет бір май болып келеді.Биелері тәулігіне 18-20л сүт береді.
Адай жылқысы да қазақы жылқылар қатарына жатады.Оны жергілікті халықтар «дала көркі» деп ерекше дәріктейді.Бұл жылқы негізінен Қазақстанның Батысындағы Атырау мен Маңғыстау облыстарында өсіріледі.Ол негізінен салт мінуге бейімдеоген. Басы шағым, кеудесі жинақы,арқасы түзу,аяқтары жіңішке,сидаң етсіз,сіңірлі.Мойын ұзындығы орташа түзу,жіңішке.Шоқтығының биіктігі орташа,сіңірлі және жеткілікті ұзын.Арқасы түзу,жалпақ және мықты.Арқасының артқы белдеуі кең,қысқалау және тегіс.Сауырының ұзындығы орташа,жалпақ емес,еікештігі қалыпты және бұлшық еттері жақсы дамығаны білініп тұрады.Кеудесі ұзын,кеңдңгң мен тереңдігі орташа.Алдыңғы аяқтары дұрыс қалыптасқан,мықты артқы аяқтары да сондай,бірақ кейде тілерсектерінің жақын орналасуымен қайқы аяқтық та кездеседі.Терісі тығыз,жабынды қалшықтары қалың,жалтыр әрі жұмсақ.Жалпы орташа қалың,салыстырмалы түрде қысқа,және жібектей болып келеді.Түстері әр түрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет