Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы


Жасөспірімдердің жалпы қабілеттерін психологиялық диагностикалаудың негізгі принциптері



бет12/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Жасөспірімдердің жалпы қабілеттерін психологиялық диагностикалаудың негізгі принциптері

Психодиагностикалық зерттеулер жүргізу мақсатына қарй теориялық-эксперименталды және қолданбалы деп бөлінеді. Аталған бағыттардың біріншісі қабілет табиғатын зерделеу міндеттерімен, оның дамуы мен жүзеге асуына ықпал ететін факторларды анықтаумен, сондай-ақ олардың арасындағы өзара байланысты сипаттайтын параметрлермен байланысты. Екінші бағыт қабілеттілікті анықтаудың қолданбалы міндеттерін шешуге бағытталған.


Қабілеттердің диагностикасы бір факторлы модельге және бірыңғай бағалау жүйесіне немесе бірнеше бағалау рәсімдерін қамтитын кешенді бағалауға негізделуі мүмкін (тестілеу, сарапшыларға сұрақ қою, ұзақ уақыт бақылау және т.б.) (Шведел, Стоунбернер, 1991). Тәжірибе көрсеткендей аталған бағыттардың ешбірі де қателіктер мен күмәнданудан арылтпайды.


Оқушылардың қабілеттерін анықтаудың негізгі мақсаты оларды дамыту мен оқытуға қолайлы орта құру болып табылады. Бұл өз кезегінде оқу және дамыту бағдарламаларын
әзірлеуді көздейді. Бейіндеу мектебі психологтер алдында жаңа шешімдер іздеуді талап ететін жаңа міндеттер қояды. Көп уақыт алмайтын стандартталған рәсімдерге басымдылық берілгендіктен көпшілік жағдайда тестілеу аса танымал әдіс ретінде өте жиі қолданылады.
Тестілер-адамдар арасындағы сандық әрі сапалық жеке дара-психологиялық айырмашылықтарды анықтауға арналған стандартталған және уақытпен шектелген сынақтар (Психологическая диагностика. М., 2001). Тесттер сыналушы дұрыс жапты таңдауы тиіс тапсырмалар тізбесінен тұрады. Сауалнамаларда дұрыс, не бұрыс деген жауаптар болмайды.
Жұмысты табысты орындау үшін маңызды бір қабілеттіліктің даму деңгейін бағалауға бағытталған қабілеттілікті бір өлшемді зерттеуге арналған тесттер (зейіннің бқлінуін, кеңістікті қабылдау т.б.), бірнеше көрсеткіштер бойынша қабілеттерге баға беретін тесттер жиынтығы болып табылатын көпфакторлы әдістер деп бөлінеді (мысалы, зиятты көпфакторлы бағалау).
Стандартталған психодиагностикалық әдістерді (тестілерді) қолдану мақсаты - адамның мінез-құлқына айтарлықтай әсер ететін, бірақ тікелей бақылауға қиын болатын қасиеттер туралы ақпарат алу, мысалы: оқуға дайындық, зияткерлік қабілеттер, өзін-өзі бағалау, ішкі қақтығыстар. Психодиагностика адамның әрекетін бағалауды ауыстырмайды, оны толықтырады, өйткені психодиагностика адам қабілеттері мен әлеуетін дамытудың өзекті деңгейін анықтауға мүмкіндік береді («жақын арада даму аймағы»).
Тестілеуді өткізетін адам сыналушыға тестілеу мақсатын, нәтижелерін не үшін және қай жерлерде пайдаланатындығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар барлығына бірдей жайлы жағдай жасау керек: тыныштық, қалыпты температура және жарықтандыру, сыртқы тітіркендіргіштердің болмауы. Тестілеу нәтижелеріне әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін: адамның психоэмоционалдық жағдайы, оның көңіл-күйі хал-ахуалы. Сондықтанда профориентатор оқушылардың мазасыздығы мен алаңдаушылығын төмендету үшін мейілінше жағдай жасауға тырысуы қажет. Әңгімелесушіге кәсіптік ғана емес, оған деген ниеттес қатынас жасаумен қатар, қызығушылық танытуға қажетті байланысты орнатуға негіз болады. Тестілеу рәсімін аяқтай отырып, сыналушыларға тестілеу нәтижесін қалай және қайдан алуға болатындығы туралы мәлімет беру.
Тест кешенін әзірлеуде келесі принциптерді ескеру маңызды:



  • Артық ақпарат немесе тесттің қайталануы;







  • Тесттерді ұсынудың оңтайлы реттілігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет