Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы


Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина



бет9/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина

Алдағы онжылдықта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының әсерінен


білім беру жүйесі танымастай өзгерістерге ұшырайды.



  • Балалардың интернет – әлеуметтену ерекшеліктерін веб-психологтар жақсы түсінетін болады.




  • Онлайн-платформа кураторларының міндеттеріне мыналар кіреді: қашықтықтан оқыту курсын құрастырады, мұғалім мен оқушы арасындағы коммуникациялық проблемаларды шешеді.




  • Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін лайфстайл-жаттықтырушы деп те атауға болады. Ол сабақтарды жоспарлауы, денені шынықтыру жаттығуларына жетекшілік етуі, дұрыс ұйықтау мен тамақтану бойынша ұсыныстар беруі тиіс.

  • Ойын шеберлері ойын сценарийін әзірлеп, оған оқу бағдарламаларын бейімдеумен айналысады.




  • Брейн-тренердің негізгі міндеті оқушылардың зейін өнімділігі мен шоғырлануын арттыру болып табылады.

  • Коуч – әзірге отандық жоғары оқу орындары дайындамай жатқан 21-ғасыр мамандығы. Бір мезетте психолог, тренер және кеңес берушілік қызметтерін қатар атқарады және қызметкерлердің тұлғалық әлеуетін ашу арқылы кәсіпорынның өнімділігін арттыруға көмектеседі. Коучер қызметінің тізіміне мыналар кіреді: жағдай прооблемасын талдайды және кеңес береді , мақсат қойып, сабақ бағдарламаларын әзірлейді, тренингтер жүргізеді. Білікті психологке ІТ- технологиялары да көмектесе алады. Адам жан дүниесі туралы терең білімі бар маман онлайн-коучер немесе желілерде әлеуметтік қызметкер бола алады.

  • Қазіргі ғасыр медицинасында трансплантолог, ағзаларды өсіретін мамандарға, пластикалық хирургтер мен нанодәрігерлерге жұмыс орындары табылады. Даниялық ғалымдардың пікірінше, қартайған адамдарға жан және тән саулығын мүмкіндігінше ұзақ сақтауына көмек көрсететін геронтопсихолог – кеңес беруші мамандығы келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі болып табылады.

  • Адамдар тұқымқуалаушылық аурулардың алдын алу және анықтаумен айналысатын генетик диагност-дәрігерге жиі жүгінетін болады. Биоэтик мамандар мекемелердегі нормативтік-құқықтық нормалардың және адами құндылықтардың сақталуын қадағалайды. (Новые перспективные профессии: кем быть в XXI веке//Электронный ресурс: https://legkopolezno.ru/rabota/karera/novye-professii/).

  • Бұл тізімді Қазақстанда және бүкіл әлемде 21-ғасырдағы аса маңызды және сұранысқа ие мамандықтар қатарымен толықтыруға болады. Бұл мамандықтардың басым көпшілігі ресейлік «Сколково» бизнес мектебінің және Стратегиялық бастамалар агенттіктерінің мамандары әзірлеген Жаңа мамандықтар атласында (бұдан әрі – Атлас) көрініс тапқан.

  • Атлас негізгі салалар мен компаниялардың трендтерін, еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін терең талдау негізінде құрылған. Түрлі әлеуметтік және экономикалық сала талаптарының өзгеруі жұмыс істейтін мамандардан қосымша түйінді құзыреттіліктерді, тіпті жаңа мамандықтарды талап етеді.

  • Толық ақпаратты жинақтайтын және жүйелейтін жаңа мамандықтар атласын жастарға мамандықты дұрыс таңдауға көмектесетін кәсіптік бағдар құралы ретінде қарастыруға болады. Дәл осы таңдау болашақта олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.

  • Дегенмен де, Атлас таяудағы екі онжылдықта еңбек нарығында қандай мамандар қажет болатыны туралы сұраққа түпкілікті және нақты жауаптардан тұратын материал болып табылмайды. Сонымен қатар, Атлас бизнестегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің факторы ретінде салалық құзыреттіліктерді дамытудың негізгі бағыттарын айқындау үшін пайдалануға болады. Бұл кәсіпорындарға адам ресурстарын басқарудың неғұрлым тиімді стратегиясын қалыптастыруға, білім алушыларға (түлектерге) тағылымдамадан өту, онлайн-курстар және практика арқылы өзінің білім беру траекториясын дербес құруына көмектеседі.

  • Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер болашақ еншісіндегі міндеттерге сүйене отырып кадрлық сұраныстарды әзірлей алады (Атлас новых профессий, 2015.).

  • Әрине, уақыт өте келе болашақта кәсіптердің бұл шеңбері кеңейіп, бүгінгі таңда жаңа және белгісіз мамандықтар пайда болары сөзсіз.

2.4 ХХІ ғасыр дағдылары

ХХІ ғасыр білімі мен білігі ұғымдарына берілген анықтамалардың кемшілігі жоқ. Бұл еңбегімізде тағыда бір анықтама енгізуге немесе басқа да артықшылықтарын айтудан аулақпыз, тіпті тырыспаймыз да. Оның орнына біз екі танымал тәжірибе мысалын келтіреміз және бірнеше ортақ тақырып ұсынамыз. Мельбурн Университеті базасында Cisco, Intel и Microsoft корпорациялары әзірлеген ХХІ ғасырда Оқыту және Бағалау Білігі бойынша Консорциумның (AT21CS) мысалы жиі келтіріледі. Аталған консорциум құрамына Австралия, Финляндия, Португалия, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ кіреді. AT21CS жаңа жүзжылдықта қажетті біліктерді, білімді, құндылықтарды, этикалық қатынастар мен ұғымдарды төрт дәреже бойынша топтастырады:





  • Ойлау тәсілдері: креативті және инновациялық ойлау, сыни ойлау, мәселелерді шешу, шешім қабылдау және оқу үшін оқыту (метакогниция или метатаным).




  • Жұмыс тәсілдері: коммуникация және бірлесіп әрекет ету




  • Еңбек құралдары: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білігі және ақпараттық сауаттылық.




  • Өмірлік дағдылар: азаматтық ұстаным, өмір мен мансап, жеке және әлеуметтік жауапкершілік, оның ішінде мәдени сауаттылық және құзыреттілік.

Тони Вагнердің «The Global Achievement Gap» (2008) Өзгерістерді Басқару бойынша Гарвард Тобы жетекшілерінің кітабынан тағы бір анықтама алынды. Мәселені зерттеген Вагнер бірнеше жүздеген жұмыс берушілер арасында ХХІ ғасыр дағдыларына байланысты сұхбат жүргізіп, соның негізінде «өмір сүрудің жеті дағдысын» ұсынды:
1. Сыни ойлау және мәселелерді шешуге қабілеттілік.
2. Ынтымақтастық және көшбасшылық.
3. Зеректілік және бейімделуге қабілеттілік.
4. Бастамашылдық және іскерлік.
5. Тиімді ауызша және жазбаша коммуникация.
6. Ақпаратты алу және талдау білігі.
7. Білімге құмарлық және қиял.
«Азия қоғамы» және АҚШ мемлекеттік мектептері қызметкерлері Басшыларының Кеңесі XXI ғасырда оқушыларға қажетті негізгі әлеует ретінде әмбебап құзыреттілікті анықтады. Олар әмбебап құзыреттілікті жаһандық маңызы бар міндеттер мен проблемаларды түсінуге деген қабілеттілік және осы проблемаларды шешу бойынша
әрекет етуге дайындық ретінде сипаттады. Осы анықтамаға сәйкес, әмбебап құзыреттілікке ие оқушылар келесідей болуы мүмкін:

  1. Өзінің және басқалардың болашағын болжай алу.

  2. Түрлі аудиториямен тиімді пікір алмасу.

  3. Жағдайды жақсарту бойынша қадамдар жасау.

ХХІ ғасырдың дағдылары жөніндегі осы (және басқа) анықтамалар пәнаралық болып табылады, олар күрделі әлемдегі қазіргі өмірдің көптеген аспектілеріне қатысты. Дегенмен де бұл әлі де болса оқу бағдарламалары мен жоспарларында белгілі бір орын алған жоқ. ХХІ ғасыр дағдылары тізбесінің көпшілігі бір қырлы емес, көп мазмұнды: олардың құрамына өзара түсіністік пен түрлі кәсіптік аспектілер кіреді, көбі нақты білік болып табылмайтын, білімге құмарлық, креативтілік, ынтымақтаса әрекет етуге қабілетті болу сияқты дағдыларға басымдық береді. Олардың кейбірі технологияларға, басқалары дүниетаным мен құндылықтарға бағытталады. Бұл тізімдегілерді келесі топтарға жіктеуге болады: кешенді ойлау, білімдік және коммуникативтік дағдылар. Аталғандардың барлығында жаттанды есте сақтау мен басқада механикалық тәсілдерге қарағанда оқу мен оқытуға деген үлкен сұраныстың бар екендігін көруге болады.


Соңғы жылдары жаңа жүзжылдықта табысқа жетуге қажетті білім, білік және дүниетаным маңыздылығы ашып көрсетілген бүкіл әлемдегі білім беру жүйесінің тұжырымдамалық сызбалары әзірленді. ХХІ ғасырда ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірнеше реформалар 2-кестеде жинақталып берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет