2.5 ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ МЕН КӘСІПТІК БАҒЫТТЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Кәсіптік бағдар мәселесі білім беру мен еңбек нарығының үйлесімді құралы болып табылады. Мектеп қабырғасынан бастап білім алушыларға кәсіптік бағдар беру бұл олардың болашақ өміріне және мансаптың өсуіне бағыттау қажет. Болашақ мамандықты таңдауда білім алушының қабілетін, қызығушылығы мен бейімділігін ескеру маңызды.
Кәсіптік бағыттылықты диагностикалау
Кәсіптік қатыстылық – кез келген адамның ең маңызды сипаттамаларының бірі. Адамның өзін белгілі бір маман иесі ретінде көре алуы – көптеген ересек адамның өзі туралы түсінігінің ажырамас бір бөлігі. Адам өзі істейтін жұмысын қаншалықты жақсы көрсе, бұл түсінік те соншалықты адамға етене жақын болады, уақыт өте келе ол өзін осы мамандықсыз өмір сүре алмайтындай көреді. Егер адам қандай да бір себептермен өзінің сүйікті ісімен айналыса алмаса (жұмыссыздық, ауру, зейнеткерлікке шығу), бұл ол үшін нағыз өмірлік трагедияға айналмақ.
Кәсіптік өзін-өзі айқындау тек сәтті таңдау ғана емес, ол мамандықты таңдауға дейінгі кезеңнен бастау алып, әрі қарай оқу мен сол мамандықты игеру барысында жалғасатын процесс. Мамандық таңдаудағы қиындық бұл – бір мамандықты таңдауға басымдық беріп, қалғандарынан бас тарту.
Адамның кәсіптік өзін-өзі айқындау процесі өтетін «баспалдақ» іспеттес кәсіптік сәйкестіктің төрт мәртебесін бөліп көрсетуге болады:
Айқындалмаған кәсіптік сәйкестік: өмір жолын таңдау жасалмады, мансап туралы нақты түсінігі жоқ, бірақ адам тіпті алдына осындай міндеттерді қоя алмайды;
Мәжбүрлі кәсіптік сәйкестік: адам өзінің кәсіптік болашағы туралы қалыптасқан түсініктері бар, бірақ олар өзбетінше таңдау жасаудың нәтижесінде емес, сырттан (мысалы, ата-аналар) күштеудің нәтижесінде қалыптасқан;
Кәсіптік сәйкестікті уақытша тежеу (таңдау дағдарысы): адам мамандық таңдау мәселесін түсінеді және оны шешумен айналысуда, бірақ әліде болса оңтайлы нұсқасын таңдап, анықтамаған;
Қалыптасқан кәсіптік сәйкестік: дербес саналы шешімге келу нәтижесінде кәсіптік жоспары анықталған.
Оқушының кәсіптік өзін-өзі айқындау қандай сатыда екендігін білу мен кәсіптік өзін-өзі айқындау мәселесіне байланысты өзінің саналы қатынасын анықтау үшін кәсіптік сәйкестік мәртебесін зерделеу әдістемесін қолдануға болады (А.А.Азбель, А.Г.Грецов) (Диагностика профессионального самоопределения)
Достарыңызбен бөлісу: |