Оқушыларға ХХІ ғасыр дағдылары не үшін қажет?
Білім беру жүйесі оқушылардың бойында ХХІ ғасыр білігін дамыту қажеттігін айқындайтын сенімді экономикалық және азаматтық себептер бар. Экономикалық себептің негізділігін арнайы сала мамандарының жұмыс түрлерін компьютерлер мен машиналар жоғары табыстылықпен орындау қабілеттілігінен көруге болады. Бұл дегеніміз кәсіпорындарда базалық дағдыларды меңгергендерге қарағанда жоғары деңгейлі ойлауға қабілетті адамдар қажеттігін көрсетеді. Бұдан әрі жаһандық нарықта жаңа жағдайлар мен міндеттерді шешуде стандартты емес, кешенді ойлау мен коммуникативтік дағдыларды игерген мамандарға деген сұраныс арта түседі. Мектептер оқушылардың бойында ХХІ ғасыр білігін дамытудың да азаматтық себептерінің өзіндік негізі бар. Мектеп оқушыларына азаматтық білім қажет, дегенменде олардың азаматтық сана-сезімінің өсуіне ықпал ету үшін мемлекет және азамат туралы ақпаратты жаттатып, қайта айтқызу жеткіліксіз болып табылады. Сонымен қатар олардың не үшін және қалай жауапты азамат болу керектігін білуі өте маңызды. Бұл, мысалы, оқушылардың жаңалық мәліметтерін талдауға, өз ұстанымын анықтауға және ақылға салып дауыс бере білуі үшін қажет. Оларға қоғамдық міндеттерді шешу стратегияларын қайта қарау мен ұсыныстар жасай білуі үшін, қиындықтарды жеңе білу қабілеті қажет. Олар алқабилер рөлінде тиімді сөйлеуі немесе саяси науқандарға қатысуы үшін ынтымақтаса білуі тиіс. Тиімді ауызша және жазбаша коммуникацияға қабілеттілік оларға өз пікірін білдіру, өз құқықтарын қорғау, жаңа стратегияларды ұсыну үшін қажет. АҚШ-та азаматтардың жергілікті және федералдық деңгейдегі азаматтық белсенділік дәрежесі аса төмен деңгейде. Тым қарапайым білім мен дағдыларды қажет ететін орта дәрежелі мамандықтарға сұраныстың төмендеуіне байланысты қоғамдағы теңсіздіктің артуы демократияға қолдау көрсетудің әлсіреуі қаупіне алып келеді.
ХХІ ғасыр білігін игермей, азаматтар өз құқықтарын жүзеге асыра алмайды және қоғам денсаулығына ықпал ететін міндеттерді орындай алмайды.
ХХІ ғасыр білігіне оқыту қажеттігінің пайдасына үшінші дәлел жаһандану жатады. Жаһандық жаппай көші-қон, алыс сапарға ұшу, халықаралық нарықтың өзара тәуелділігі, климат тұрақсыздығы, мемлекеттер арасындағы соғыстар және басқа да факторлар елдердің және олардың басшылары мен жеке тұлғаларының экономика, экожүйе, саяси одақ сияқты өзара байланысты тұтастың бір бөлігі болып табылатындығын еске салады. Әрбір адам дүниежүзілік қауымдастықтың бір бөлігі. Мұндай өзара байланыс дүниежүзіндегі оқушылардың коммуникативтік, ынтымақтастық және мемлекеттік шекаралардан тыс міндеттерді бірлесіп шешуді игерту қажеттілігін одан әрі өзекті етеді.
Бір-біріне қайшы келмейтін осы үш дәлелдемеде ХХІ ғасыр білігіне деген қажеттілікті негіздейді. Олар бір-бірін толықтырады, өйткені жаһандық экономикалық және азаматтық өмірге қатысу үшін қажетті дағдылар мен білімді толығымен қамтиды. (Преподавание и изучение навыков XXI века. Asia Society; RAND Corporation, 2012.).
Жалпы ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту қажеттігі туралы, олардың маңыздылығын туралы көптеген ұйымдар зерделеген. Білім беру жүйесінде ХХІ ғасыр дағдыларының тізбесін бірнеше консорциум әзірлейді (3-кестеде көрсетілген).
Достарыңызбен бөлісу: |