Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы


Ақпараттың молдығы мен ауқымдылығы принципін



бет13/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Ақпараттың молдығы мен ауқымдылығы принципін сақтау қажеттілігі психологиялық тестілеу әдістерінің сенімділігін арттыруға ықпал етеді. Тестілік зерттеулердің сенімділігін арттырудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі қажетті сапалық мәнді бір емес, екі-үш тест арқылы өлшеуге болатын тестілеу топтамасын әзірлеу болып табылады. Тұлғаның эмоциялық көрсеткіштерін Р.Кэттелдің он алты факторлы сауалнамасы, Леонгард-Шмишек тесті, Идеографиялық тест, Люшер тесті көмегімен байқауға болады. (Орлова Т.В.).


Тесттердің қайталануы дегеніміз әртүрлі сипаттағы тесттерді қолдану дегенді білдіреді: мысалы тек қана сауалнама (Кэттел тесті және Леонгард-Шмишек тесті) қолданумен шектелмей жобалау әдістемелерін де (Люшер бойынша түстерге қатынасы тесті, Идеографиялық тест) қосымша қолдану бұл алынған мәліметтердің сенімділігін арттырады.
Тесттер санының ұтымдылығы принципі ақпараттың жеткіліктілігі мен қажеттілігі талабын орындауды білдіреді және тестілеу сапасын төмендетпей, оған жұмсалатын уақытша шығындарды барынша азайту мақсатын көздейді. Практика көрсеткендей бір-екі «үлкен» тестіні қолданғанға қарағанда бірнеше қысқа тестінің нәтижесінің сенімділігі жоғары болады.
Тесттердің оңтайлы іріктеуде оларды ұсынудың оңтайлы реттілігімен үйлестіру қажет. Бұл припциптің негізгі мақсаты тестілеу нәтижесінде шаршау факторын болдырмау болып табылады. Тесттерді ұсынудың оңтайлы реттілігіне бірінші кезекте зият тестісі ұсынылса, кейін формасы бойынша әр түрлі тесттерді кезектестіріп ұсыну арқылы қол
жеткізіледі (мысалы, зиятты анықтау тестінен кейін сауалнама ұсынылса, кейін суретті тесті ұсынылады, кейін тағы сауалнама, одан кейін Түстерге қатынасы тесті, кейін сауалнама). Сонымен қатар, тек қана компьютерлік тестілерді пайдалану сыналушыларды шаршатып, әрі жалықтырып жіберетіндігін ескеру қажет.
Бірінші қадам - тестілеу және (немесе) сыналушының тұлғалық ерекшеліктері туралы арнайы ұйымдастырылған әңгімелесу арқылы ақпарат алу. Мысалы, сыналушының вербалды ойлауының дамуы туралы ақпаратты оған Амтхауэрдің темперамент құрылымы тестінің кейбір субтестерін орындату арқылы немесе оның сөйлеу ерекшелігін талдай отырып алуға болады (баяндау реті, сөйлемдерінің байланыстылығы, сөздік қоры және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет