Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Жоба жұмысы



бет14/19
Дата21.01.2024
өлшемі71.54 Kb.
#489520
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әртүрлі салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдер. проект

Екінші қадам – стандартты компьютерлік немесе бланкілік әдістер қарастырылған тестілеу нәтижелерін өңдеу.
Үшінші қадам (ең күрделілерінің бірі) – нәтижелерін талдау (интерпретациялау). Төртінші қадам – болжамдар құру,кәсіптік маңызды сапаларды дамыту және жағымсыз
қасиеттердің әсерін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Бесінші қадам диагностика нәтижесі бойынша қорытынды жазу.

Ұсынылған қадамдарды бір-бірінен оқшау қарастыруға болмайды: бір әдістеме арқылы алынған ақпарат басқа әдістемелер арқылы нақтыланады.


Жалпы білім беру барысында жоғары сынып оқушыларының дара психологиялық ерекшеліктерін зерделеу оларда оқыту бейінін таңдауда қателесу ықтималдылығын төмендетуге негіз болады. Бұл тұрғыда бір қатар маңызды әдіснамалық сұрақтарды шешу қажет: диагностиканы қай жаста, қандай мақсатта және формада жүргізу керектігін білу т.б.
Ең алдымен, мектеп жасында кәсіптік қабілеттер туралы емес, кәсіптік қабілеттерді қалыптастырудың алғышарттары ретінде дара психологиялық қабілеттер туралы айту дұрыс екенін атап өту керек.
Кейбір мектептерде бастауыш сыныпта кәсіптік қабілеттерді зерделеуге тырысады, дегенменде кәсіптік қабілеттерді мектепті бітіруге бір-екі жыл қалағанда істеу орынды. Т.В.Орлованың пікірінше қабілеттерді психодиагностикадан өткізуде бірнше факторларды ескеру қажет (Орлова Т.В.).
Бірінші фактор - жасөспірімдік жаста кәсіптік маңызды қасиеттердің көрнуіне қажетті жағдайлардың болмауынан олардың кейбірі жасырын күйде болады.
Екінші фактор – жасөспірімнің өзіндік санасының жеткілікті деңгейде дамымауы, эмоциялық күйінің тұрақсыздығы, өзін-өзі бағалауының жеткілікті деңгейде болмауы.
Үшінші фактор – өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігі (мамандықтар әлемі мен еңбек нарығы туралы, мамандық таңдаудағы ережесі мен қателіктер туралы білімінің жеткіліксіздігі).
Кешенді диагностикалау барысында келесі компоненттерді ескеру қажет: мотивациялық (қажеттіліктері, қызығушылықтары, бейімділіктері); қабілеттері (зияткерлік, психомоторлық, шығармашылық және т.б..); тұлғалық ерекшеліктер.
Бұл жағдайда жасөсіпірімнің мотивациясы өзіндік сананы қалыптастырудың негізгі компоненті ретінде қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет