Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Білім беру бағдарламасы деңгейінде оқыту нәтижелерін тұжырымдау бойынша қажетті қадамдар



бет16/65
Дата07.10.2023
өлшемі2.69 Mb.
#480103
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
УММ Педагог образования каз (1) (2) (3) (1)

Білім беру бағдарламасы деңгейінде оқыту нәтижелерін тұжырымдау бойынша қажетті қадамдар:
1. Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелерін тұжырымдауға дайындық ТжКБ барлық нормалары мен талаптарының шарттарын толық талдаудан басталады.
2. Еңбек нарығының талаптары негізінде біліктіліктің функционалдық картасын әзірлеу ұсынылады.
3. Біліктіліктің функционалдық картасын ескере отырып оқытудың үлгілі нәтижелерінің тізімі қалыптастырылады.
4. Еліктен өткізу немесе синтездеу арқылы шамамен алынған нәтижелер тізімінен осы бағдарламаға ең маңызды және тән 5-12 негізгі оқыту нәтижелерінің тізімі жасалады.
5. Осылайша тұжырымдалған білім беру бағдарламасын оқытудың нәтижелері барлық қажетті шарттарға сәйкестігі, сондай-ақ бағдарламаның мақсаттарымен логикалық үйлесімділігі үшін тағы бір рет тексеріледі.
6. Сәйкес келмеген жағдайда оқыту нәтижелері түзетіледі.



Әрекет етістігі (не істеу керек?)

Кіріспе
(қашан? кім?)

Мазмұн/ мәліметтер / әрекетті орындау тәсілі (не? қалай?)





Білім беру бағдарламасының соңында студент... жасай алады

қолдану
талдау
бағалау
жасау
диагностика
тұжырымдау



... геометриялық есептерді шешу әдістері
... жүз пайыздық дәлдікпен


5 сурет. Оқыту нәтижелерін тұжырымдау схемасы


Білім беру бағдарламаларының оқыту нәтижелерін тұжырымдаудың негізгі принциптері:

  • Оқыту нәтижелері бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, ауқымын және мазмұнын жеткілікті түрде көрсетуі керек.

  • Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерін нәтиже түрлері бойынша топтастыруға болады: білім, іскерлік, дағдылар.

  • Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері бағдарламадағы барлық модульдер үшін оқыту нәтижелерінің механикалық бірлестігі болуы міндетті емес.

  • Барлық оқыту нәтижелері бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек, яғни оларды студенттің қажетті нәтижеге қол жеткізгенін тексеруге болатындай етіп тұжырымдау керек.

  • Оқыту нәтижелерін тұжырымдау мазмұны қысқа және тым егжей-тегжейлі болмауы керек. Оқыту нәтижелері қарапайым және бір мағыналы түрде көрсетіліп, студенттерге, оқытушыларға, жұмыс берушілерге және сыртқы сарапшыларға түсінікті болуы маңызды.

Оқыту нәтижелерінің сипаттамалары оқытудың нақты әдістеріне немесе оқыту тәсілдеріне тәуелді емес, яғни оқыту нәтижелерінен тұратын модуль белгілі бір біліктіліктің еңбек функцияларына сәйкес қалыптасады.
Осылайша, оқыту нәтижелерінен тұратын модуль бағалауға болатын білімнің, іскерліктің және дағдылардың тұтас жиынтығынан тұратын біліктіліктің құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқыту нәтижелерін тұжырымдау кезінде келесі тармақтар ескерілуі керек:
1. Олар еңбек функцияларын, кәсіби міндеттерді талдаудан, жұмыс процестерін сипаттаудан және лауазымдық нұсқаулықтардан алынған ба;
2. Бағалау процесінің бөлігі ретінде білім алушының күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенін анықтау үшін олар тексеріліп, бағаланады ма.
3. Тиімді бағалау үшін оқыту нәтижелері анық және қарапайым сипатталуы керек.
Оқыту нәтижелерін құрастыру кезінде осы нәтижелерге қол жеткізуге болатын уақыт аралығын есте ұстаған жөн. Қолда бар ресурстар мен уақытпен осы оқыту нәтижелеріне қол жеткізу шынайы ма деп өзіңізден сұраңыз.
Оқыту нәтижелерін жазу кезінде олардың қалай бағаланатынын елестету керек, яғни студенттің бұл нәтижелерге қол жеткізгенін қалай білуге болады?
Егер оқыту нәтижелері өте жалпы болса, оларды тиімді бағалау қиындық тудырады. Керісінше, егер оқыту нәтижелері шамалы сипатталса, олардың тізімі қажетсіз ұзақ және егжей-тегжейлі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет