Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Кәмелетке толмағандардың жәбірленуші болғыштығының психологиялық және педагогикалық аспектілері



бет10/18
Дата14.05.2024
өлшемі377.36 Kb.
#501060
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Тұрсын Меруерт курстық жұмыс (2) (1)

2.6. Кәмелетке толмағандардың жәбірленуші болғыштығының психологиялық және педагогикалық аспектілері.

Адамзат тарихы агрессияның тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігін сенімді түрде дәлелдейді. Бұған қоса, агрессияның қуатты тартатын күші және жұғымталдық қасиеті бар: көптеген адамдар сөз жүзінде агрессияны жоққа шығарады, ал іс жүзінде осы күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді.


Латын тілінен аударғанда "агрессия" — "шабуыл" деген мағына береді. Қазіргі уақытта "агрессия" сөзі аса кең мағынада қолданылады. Аталмыш құбылыс жағымсыз эмоциялармен (мысалы, ашумен) және жағымсыз мотивтермен (мысалы, зиян келтіруге тырысу), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен (мысалы. нәсілдік қате түсініктермен) және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады.
Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс-әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті (ұмтылысты) айтады. Аталмыш үрдіс әмбебап сипатта болады.
Ал "агрессия" термині тұтас алғанда бейтарап мағынаға ие. Шынында, агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп, жағымды мәнге ие болуы да мүмкін немесе өзінің агрессивті құштарлығын қанағаттандыруға бағытталып, жағымсыз мәнге ие болады.
Агрессиянын психикалық ақиқат ретінде нақты сипаттамалары бар: бағыттылық, көрініс табу формалары, интенсивтілік. Агрес­сияның мақсаты жәбірленушіге (қастандық агрессия) жапа шектіру (зиян келтіру) және басқа мақсатқа жету тәсілі (инструменталды агрессия) болуы мүмкін. Агрессия сыртқы нысандарға (адамдарға, заттарға) немесе өзіне (денеге, тұлғаға) бағытталуы мүмкін. Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауіпті болып табылады. А.Бандура және Р.Уолтерс бұндай агрессияны асоциалды деп атайды және әлеуметтік-деструктивті сипатты іс-әрекетермен байланыстырады.
"Бұндай қарым-қатынасты қаламайтын, басқа тіршілік иесін қорлауға немесе оған зиян келтіруге бағытталған агрессивті мінез-құлық формалары айқын әлеуметтік-жағымсыз бағаға ие болады (Бәрон Р., Ричардсон Д. "Агрессия"). Бұндай агрессивті-асоциалды мінез-құлық міндетті түрде зорлық-зомбылықты қамтиды — ауру тудыратын вербалды немесе физикалық іс-әрекеттер. Қағида бойынша, ол агрессордың жағымсыз эмоциялары фонында (ашу, долылық, біреуді азаптауға, қорлауға құмарлық, байыпсыздық), және өз кезегінде, жәбірленушінің жағымсыз әсерленушілігін тудырады (корқыныш, қорлану). Бұндай мінез-құлық агрессивті мотивтермен көрінеді: қирату, жою, пайдалану, кесірін тигізу. Когнитивтік деңгейде бұндай мінез-құлықтың дұрыстығын мақұлдайтын нұсқаулардан қолдау табады (нанымдар, мифтар, сенімдер).





3-сурет. Агрессивті мінез-құлық көрінісі.

Агрессивті мінез-кұлық сипаты көбінесе адамның жасына қатысты ерекшеліктерімен анықталады. Әр жас кезеңі дамудың спецификалық жағдайына ие және тұлғаға нақты талаптар қояды.


Жасөспірімдік жаста агрессивті мінез-құлықтың спецификалық ерекшелігі оның үлкендердің бедел-абыройының төмендеуі фонында кұрдастарының тобына тәуелділігі болып табылады. Бұл жаста агрессивті болу мықты болып көрінуді немесе мықты болуды білдіреді. Кез келген жасөспірімдік топтың көшбасшылары қолдайтын, өзіне тән рәсімдері мен мифтары бар. Мысалы, топқа мүшелікке қабылдау рәсімдері кең тараған (немесе жаңа келгендерді сынау). Топтың таң қаларлық "униформасы" да (тұтас алғанда жасөспірімдердің киім үлгісі) рәсімді сипатта болады. Рәсімдер белгілі бір топқа жату сезімін күшейтеді және жасөспірімдерде қауіпсіздік сезімін тудырады, ал мифтер оның өмірлік әрекетінің идеялық негізіне айналады. Мифтер топ ішіндегі және сыртқы агрессиясын ақтау үшін кең қолданылады. Мәселен, "топ мүшесі еместерге" қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық мынандай байымдаумен ақталады: "олар сатқындар... біз өзіміздікілерді қорғауымыз керек..., біз басқаларды өзімізді сыйлауға мәжбүр етуіміз қажет". Топтық мифпен "рухтандырылған" зорлық-зомбылықты жасөспірімдер өздерінің күшін бекіту, батырлық және топқа шың берілгендік ретінде түсінеді, Сонымен бірге жекелеген жағдайларда агрессивті мінез-құлық бастаушылары әртүрлі себептермен бұзылған және өзін-өзі танытуды агрессия көмегімен жүзеге асыруға тырысатын жекелеген жасөспірім — аутсайдерлер болуы мүмкін.
Осылайша, агрессивті мінез-құлық балалық және жасөспірімдік жас үшін әжептәуір үйреншікті құбылыс. Оған коса, тұлғаның әлеуметтену үдерісінде агрессивті мінез-құлық маңызды қызметтер атқарады. Қалыпта ол қорқыныштан арылтады, өз мүдделерін қорғауға көмектеседі, сыртқы қауіптен корғайды, бейімделуге септігін тигізеді. Осыған байланысты агрессияның екі түрі туралы айтуға болады: зарарсыз-бейімдеуші және деструктивті-дезадаптивті.
Агрессия мен делинквентті мінез-құлық өзара шарттас екендігі анық. Шынында, заң бұзушылық әрекеттер көбінесе агрессивті әрекеттермен бірге жүреді. Бұл пайдакүнемдік мақсатта жасалған қылмыс болуы мүмкін, бұл жағдайда агрессия инструменталды сипатта болады, басқаша айтқанда, қандай да бір мақсатқа жетуге септігін тигізеді (тұрғын үйді алу үшін өлтіру, тонау барысында физикалық зорлық жасау, ақша тартып алу үшін қорқыту). Басқа зорлық-зомбылық қылмыстар жағдайында дұшпандылық мінез-кұлық көрініс табады: Тұтас алғанда зорлық-зомбылық агрессивті мінез-кұлықтың ең кауіпті формасы ретінде зандармен тыйым салынған және мемлекеттік бақылауында болады.
Тұлғаның делинквентті мінез-құлқы мен агрессияның арасындағы өзара байланыс біркелкі емес. Заңдарды бұзу деңгейіне жеткен агрессивті мінезқұлық еліктеудің салдары болуы мүмкін. Еліктеудің үлгілері туысқандар, құрдастар, басқа да маңызды адамдар бола алады. Агрессивті мінез-құлыққа еліктеуде де­линквентті субмәдениет ерекше рөл атқарады. Асоциалды топ, қарақшы топ, бостандықтан айыру орны — бұл барлық әлеуметтік институттар тұрақты агрессивті мінез-құлық қалыптастырады.
Заң бұзушылық мінез-құлыққа қатысты әртүрлі әдістер мен ұғымдық аппарат қолданылады. Психологиялық әдебиетте, көбінесе оны "делинквентті" мінез-құлық ретінде түсіндіреді, яғни белгілі коғамда және белгілі бір уақытта бекітілген заңдардан ауытқушы нақты тұлғаның іс-әрекеттері, басқа адамдардын амандығына немесе әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіретін және шамадан асып кетсе, қылмыстық тұрғыдан жазаланатын іс-әрекеттер". Заң бұзушылық әрекет жасаған тұлға делинквентті тұлға (делинквент), ал іс-әрекеттер — деликтілер деп бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет