32
Сынып жетекшілері ұсынылған сынып сағаттарының тақырыбын таңдауда
және сынып сағаттарының мазмұнын әзірлеуде
білім алушылардың жас
ерекшелігін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін және өңірдің
сұранысын ескеруі қажет.
3. Сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде:
бірлескен
жобаларды
немесе
әлеуметтік
тәжірибелерді
(«Қайырымдылық», «Қарияға қол ұшын соз» және т.б. акциялар) іске асыру;
қосымша білім алуға жағдай жасау;
тәрбие жұмысын күшейтуге мүдделі мемлекеттік
органдарды тарту
(кездесулер, бірлескен іс-шаралар, акциялар, жарыстар,
жобалар конкурстары,
кәсіптік бағдарлау кездесулері, профилактикалық әңгімелер және т. б.)
танымал, атақты тұлғаларға, оның ішінде мектепке аты берілген
тұлғалар туралы тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды өткізу;
білім беру ұйымы орналасқан
өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек
ардагерлерімен және мектепті бітіріп, табысты еңбек етіп жүрген түлектермен
кездесу ұйымдастыру ұсынылады.
Білім беру ұйымдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-
шараларын ұйымдастыруда білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді және олардың жас, жеке, психологиялық
ерекшеліктерін
ескере отырып іс-шаралардың мазмұнын білім беру ұймының басшыларымен,
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психолог мамандармен алдын
ала келісу ұсынылады.
Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқыту мен тәрбиенің
біртұтастығын қамтамасыз ету үшін сыныптан тыс жұмыстар аясында бірлескен
жобаларды ұйымдастыра алады. Жобалар ғылыми зерттеулерді,
мәдени және
тарихи ескерткіштерді зерделеуді көздеуі мүмкін немесе әлеуметтік маңызы бар
іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталуы мүмкін. Мұндай жобалардың мақсаты
– білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету,
коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпыадамзаттық
және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Бірлескен жобалар
білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және
қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға
мүмкіндік береді. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға
бағытталған жобалардың көптеген түрлері бар. Мысалы, «Таза аула», «Жасыл
мектеп», «Эковолонтерлер», «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық
туризм», «Үнемді тұтыну», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Мектептегі
энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», т.б.
Білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар
практикалық жұмыстардан бастап ғылыми-зерттеу жобаларына дейінгі іс-
шаралардың кең ауқымын қамтуы мүмкін. Олар: «Менің
елім және менің
құқығым», «Құқық-квест», «Заңға қосқан үлесім», «Жеткіншектің жеті
жарғысы», «Заң мамандықтары». Бұл жобалардың барлығы білім алушыларға
өздерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесінің
33
жұмысын түсінуге ықпал етеді.
Еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін келесі жобалар ұсынылады: «Қолөнер
шеберханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Өзің жасап көр», «Аспаздық жоба»
және т.б.
Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру
үшін мынадай тақырыптағы жобалар ұсынылады: «Бейбіт күннің
каһармандары», «Өнер мен құндылықтар», «Тарихқа құрмет», «Менің
отбасымның өмірлік жолы», «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру»
және т.б.
Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуі және денсаулықты
нығайтатын әдеттерге дағдылануы үшін келесі жобалар тақырыптары
ұсынылады: «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттен аулақ бол», «Спорт
және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық әл-ауқат және
күйзеліске төзімділік», «Ұйқы және оның денсаулыққа әсері», «Экранға
тәуелділік: жаман әдет», «Цифрлық гигиена» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: