Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

Білім күнін өткізу 
1 қыркүйекте «Білім күнін» өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес 
анықтайды және мектептің барлық қауымдастығының қатысуын қамтамасыз 
етеді. Білім күніне арналған сынып сағатының ұсынылып отырған тақырыбы: 
«Мектебім – мейірім мекені!». 
Мемлекеттік 
туды 
көтеру 
және 
гимнді 
орындау 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес 
жүргізіледі. 
Педагогтер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық пен жауапкершілік, 
бір-біріне сыйластық құндылықтарын дарытуға мән беруі қажет. 
Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері
ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының 
ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңызды 
екендігіне назар аудару қажет. 
Мыналар: 
– балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу 
жылынан не күтетіндерін талқылау; 
– «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында 
оқылған кітаптарды талдау, бала үшін қызықты және маңызды оқиғаларды 
талқылау; 
– заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды 
қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану ұсынылады. 
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында 
Жобамен жұмыс жасау барысында жобаға жетекші педагог білім алушыларға 
жұмыстың барлық кезеңдерінде тәлімгер әрі кеңесші ретінде қолдау көрсетіп,
олардың шығармашылық ізденістеріне сенім білдіріп, өз жұмысының нәтижесі үшін 
өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беруі маңызды. Сонымен қатар жобалар 
тақырыптары ұсыным ретінде беріліп отыр.


34 
әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп 
– мейірбандық мекені» республикалық челленджін өткізу ұсынылады. 
Бейнероликті орналастыру күні: 2023 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік 
желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар: 
- барлығы үшін: «Мектебім, менің мектебім!», «Мектебім – мейірбандық 
мекені», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»; 
- бірінші сынып білім алушыларына: «Мектепке алғашқы қадам»; 
- 2-4-сынып білім алушыларына: «Жазғы каникулдан жарқын естелік», 
«Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім;
- 5-8-сынып білім алушылары үшін – «Менің саяхатым», «Менің туған 
өлкем», «Жазғы демалыста мен жасаған игі іс»; 
- 9-11-сынып білім алушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», 
«Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»; 
- 1-сынып білім алушыларының ата-аналары үшін – «Мектептегі бірінші 
күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»; 
- сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті 
сыныбым!». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет