Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді 
дамыту бойынша ұсынымдар 
Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың 
зияткерлік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, 
алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған 
міндеттерді шешу үшін мектеп математика курсын игеру барысында негізгі және 
маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі. 
Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: 
ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; әртүрлі 
деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және 
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. 
Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық 
есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге 
көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні 
бойынша математикалық модель құрастырылады (формула, айнымалылары бар 
өрнек түріндегі мәтінді есептерді шешудің математикалық моделін 
құрастыру).
Сонымен қатар, білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал 
ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін 
нұсқаулықтар мен алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және 
жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу 
барысын ауызша және жазбаша талдау (практикалық есептер контекстінде 
айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнек мағынасы бар екенін талдау 
және түсіндіру; іріктеу арқылы комбинаторлық есептерді талдау, түсіндіру 


44 
және шешу; үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер 
центрлерінің орналасуын түсіндіру)
Оқу пәнінің кез келген тақырыбы аясында білім алушының алдына белгілі 
бір пәнді оқу кезінде алынған білімнің көмегімен шешілетін пәндік саладан тыс 
мәселелер қоюға болады. Математика осындай есептерді қарастыруға мүмкіндік 
береді. 
Жаратылыстану циклінің пәндерімен пәнаралық байланыстарды орнату, 
математика сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану қолданбалы 
есептерді қарастыру арқылы жүзеге асырылады (8.4.2.3 қолданбалы есептерді 
шығару үшін квадраттық функцияны қолдану). Мұндай есептерді шешу 
теорияны практикалық іс-әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл 
математиканы тереңірек меңгеруді және пәнге деген қызығушылықты дамытуға 
ықпал етеді (8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу). 
«Математика және информатика» білім беру саласы пәндерін оқуға деген 
қызығушылықты арттырудың бір жолы – білім алушылардың жобалық қызметі.
Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана 
қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің 
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар 
топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті 
ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, 
орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен 
қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді. 
Информатика. Пәндік құзыреттер бағдарламалау негіздерін, операциялық 
жүйелермен және кеңсе бағдарламаларымен жұмысты меңгеруге бағытталған. 
Бағдарламалау негіздері логикалық ойлауды, есептерді шешу қабілетін 
дамытады, алгоритмдік дағдыларды қалыптастырады; әртүрлі операциялық 
жүйелермен, олардың функцияларымен және мүмкіндіктерімен танысу 
компьютерлік ортаны түсінуді жақсартады және білім алушылардың цифрлық 
сауаттылығын арттырады. 
Бағдарламалау негіздерінде құзыреттілікті дамыту үшін білім алушыларға 
Python немесе Scratch тілінде қарапайым бағдарламалар жасайтын 
тапсырмаларды ұйымдастыру ұсынылады. Мысалы, сандардың қосындысын 
есептеуге, сандарды жұп пен тақ санға тексеруге немесе қарапайым анимациялар 
жасауға арналған тапсырмаларды ұсынуға болады (1.4.2.1. ойын бағдарламалау 
ортасында дайын сценарий бойынша алгоритмді іске асыру (Scratch (scratch));)
Білім алушылар блок-схемалар мен алгоритмдерді қолдана отырып ойындар 
немесе интерактивті әңгімелер жасай алатын сабақтар да пайдалы (8.3.1.1 Python 
бағдарламалау тілінде тапсырма модельдерін жасау (Python)).
Білім алушылардың операциялық жүйелермен жұмыс істеу құзыреттілігін 
қалыптастыру үшін операциялық жүйелердің әртүрлі функцияларын зерттейтін 
сабақтар өткізу ұсынылады. Бұған файлдар мен папкаларды басқару, Жүйе 
параметрлері және пайдаланушы интерфейсі кіруі мүмкін. Сонымен қатар, білім 
алушыларға Windows, macOS және Linux сияқты әртүрлі операциялық 
жүйелермен танысуға мүмкіндік беру керек, осылайша білім алушылар әртүрлі 


45 
жүйенің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін салыстыра алады (6.1.2.1 
операциялық жүйенің негізгі функцияларын атаңыз;)
Кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу құзыреттілігін дамыту үшін 
қатысушыларға мәтіндік құжаттарды құруды, (5.2.2.1 басып шығару үшін 
құжатты тиімді ұйымдастыру (бет параметрлерін орнату, алдын ала қарау)
электрондық кестелерді немесе презентацияларды жасауды қажет ететін 
жобаларды беруге болады. Сонымен қатар, электрондық кестелердегі 
формулалар мен графиктер немесе презентация бағдарламаларындағы 
анимациялар мен ауысулар сияқты кеңсе бағдарламаларының функцияларын 
тиімді қолдану бойынша сабақтарды өткізу пайдалы болып табылады (7.2.2.3 
электрондық кестеде диаграммалар жасау;).
Қатысушыларды желідегі ақпаратты сыни тұрғыдан ойлауға және талдауға 
үйрету олардың сенімді көздерді таңдау және ақпараттың дұрыстығын бағалау 
қабілеттерін нығайтады (1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы 
емес деп пайымдау;). Ақпаратты ыңғайлы форматта ұйымдастыру, өңдеу және 
ұсыну дағдыларын дамыту деректердің үлкен көлемімен тиімді жұмыс істеуге 
мүмкіндік береді (1.1.2.1 қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтау)
Жобалық ойлауды ынталандыру шығармашылық және проблемалық-бағдарлау 
қабілеттерін дамытады.
Командада жұмыс істеу, мәселелерді шешу және шығармашылық сияқты 
негізгі құзыреттер қатысушылардың ақпараттық-технологиялық салада табысты 
жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Тапсырмаларды шешу және жобаларды құру үшін топтарда жұмысты 
ұйымдастыру қатысушылардың коммуникациялық және әлеуметтік дағдыларын 
дамытуға ықпал етеді. Қатысушыларды күрделі тапсырмаларды шешуде қолдау 
және проблемаларды шешуде шығармашылық тәсілдерді тарту олардың 
аналитикалық және инновациялық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді (11.5.3.1 
Startup (стартап) ұғымын сипаттау;).


46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет