5-тарау. Етті және жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін
66.
|
Өндірістік үй-жайларда технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде айқаспалы контаминацияны болдырмау жөніндегі талапты сақтау
|
Өрескел
|
67.
|
Ет өңдеу объектілерінде мынадай ветеринариялық-санитариялық мақсаттағы жабдықтардың:
1) етті және ет өнімдерін, жануарлардан алынатын шикізатты өңдеу үшін жеткізетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған тұрақты дезинфекциялық жуу пункті немесе алаңқай немесе дезинфекциялаушы тосқауылдың;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылау және ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін жабдықталған ветеринария саласындағы мамандарға арналған үй-жайлардың;
3) етті және сойылғаннан кейінгі өнімдерді олар өңделгенге дейін уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камераның;
4) сарқынды суды зарарсыздандыратын құрылыстардың болуы
|
Өрескел
|
68.
|
Мыналарды қамтамасыз ететін технологиялық процеске қойылатын талапты сақтау:
1) шикі және дайын өнімдер ағынының қиылысуы мен араласуын болғызбау;
2) өңдеу үшін түсетін шикізат пен қосалқы материалдардың ветеринария және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;
3) ілініп тұрған ет ұшаларын еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға тигізбеу;
4) қан ағызу, ұшаларды тазарту және жуу учаскелерінде бөлігінде сұйықтықтардың арнайы көлбеу астаушылар арқылы траптарға ағуы;
5) азық-түлік шикізатының (тоңмай шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер) берілуін бір-бірінен бөлектеу, оларды санитариялық өңдеудің оңай болуы;
6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;
7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;
8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе ол анықталған жағдайда «Тоқта» деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринар дәрігердің жұмыс орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда);
9) ұшалар, субөнімдер және сойылғаннан кейінгі басқа өнімдер санитариялық өңделгеннен, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана оларды тоңазытқышқа жіберу;
10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жеткізу, ал ішекті сұрыптау (есу) үшін сығылған ауа беру
|
Елеулі
|
69.
|
Ет өңдеу объектісінің ауа температурасын өнім түріне қарай 0 0С-дан 30 0С-ға дейін және ылғалдығын 60%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін тоңазытқыш камераларымен және мұздатқыштармен жарақталуы жөніндегі талапты сақтау
|
Болмашы
|
70.
|
Шикізат пен өнімдерді сақтауға арналған штабельдерді қабырғалар мен тоңазыту аспаптарынан кемінде 30 см қашықтықта орналастыру және штабельдердің арасында өтетін жолдардың болуы
|
Болмашы
|
71.
|
Ет пен ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары және/немесе контейнерлер (тегіс және тазарту мен дезинфекциялау ыңғайлы болуы үшін және өнімдердің органолептикалық қасиеттері мен адамдардың денсаулығына әсер етпейтін материалдардан жасалуы)
|
Болмашы
|
|