Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары


-тарау. Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі



бет10/11
Дата04.03.2022
өлшемі60.95 Kb.
#455964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 >AK

13-тарау. Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін

169.

Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы

Өрескел

170.

Өңірлендіруге сәйкес ауыл шаруашылығы және үй жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан, сондай-ақ соңғы 3 айда шаруашылық аумағында америкалық шірімеден, еуропалық шірімеден, нозематоздан таза шаруашылықтардан (омарталардан) және әкімшілік аумақтан табиғи бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жіберу туралы ветеринариялық анықтамалардың болуы

Өрескел

171.

Балдың және бал ара шаруашылығы өнімдерін физикалық- химиялық қасиеттері бойынша сараптау актісінің (сынақ хаттамасының) болуы

Өрескел

172.

Омарталарды құрғақ, күн сәулесімен жарықтандырылған, желден қорғалған, тас және темір жолдарына, ағаш кесу орнына, жоғары кернеулі электр беру желілеріне 500 метрден жақын емес және кондитерлік, химия өнеркәсіп кәсіпорындарынан, әуеайлақтардан, әскери полигондардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы станциялардан және өзге де микротолқынды сәуле көздерінен 5 километр қашықтықта орналастырады

Елеулі

173.

Аралар әртүрлі түске боялған (көк, ақ, сары) ақаусыз ара ұяларында ұсталады

Елеулі

174.

Стационарлық омарта аумағына арналған шарбақтың болуы

Елеулі

175.

Көшпелі омарталарды бал жинау көздерінен бір-бірінен кемінде бір жарым километр және стационарлық омарталардан үш километр қашықтықта орналастыру

Елеулі

176.

Омартаны тиісінше ветеринариялық-санитариялық жай-күйде ұстау, үстіне омарталық үйшіктер (көшпенді дүңгіршектер) орналастыру, жеке гигиена мен дезинфекциялау заттарымен және құралдарымен (сутегі тотығы және басқалары) қамтамасыз ету, дезинфекциялау алаңқайларымен, жабық шұңқырмен (сарқынды суға арналған), омарташыға арналған дәретхана жайларымен жабдықтау

Өрескел

Ескертпе: *(А аймағы) – негізгі табынды ұстауға және өнім өндіруге арналған үй-жай, мал туатын бөлім, жаңа туылған төлдерге арналған профилакторий, төлдерді, мал басын толықтыратын табынды ұстауға арналған үй-жай, жануарларды қолдан ұрықтандыратын пункт (құс фабрикаларын қоспағанда), оқшаулағыш және карантиндік бөлім (басқышы бар үй-жай, жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған шарбақ), жемшөп қоспаларын дайындау бойынша азық цехы;


(Б аймағы) – қызмет көрсетуші персоналға арналған санитариялық өткізу орны бар ветеринариялық-санитариялық блок;
(В аймағы) – әкімшілік-шаруашылық;
(Г аймағы) – жемшөп сақтау;
(Д аймағы) – көңді сақтауға арналған оқшауланған орын.



2. «Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсынатын ветеринариялық есептілік мониторингінің нәтижелері»





Талаптардың атауы



Бұзушылық дәрежесі

1.

Ветеринария саласындағы қызмет жөніндегі есептілікті ұсынбау

Өрескел

2.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген белгіленген есеп нысандарына сәйкес келмейтін ветеринария саласындағы қызмет бойынша есеп ұсыну және толық есеп ұсынбау, сондай-ақ мерзімдерді бұзу

Елеулі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет