Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары


-тарау. Жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілер үшін



бет6/11
Дата04.03.2022
өлшемі60.95 Kb.
#455964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 >AK

7-тарау. Жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілер үшін

92.

Ветеринариялық есепке алу журналының болуы және жүргізілуі

Өрескел

93.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша саламатты, міндетті бірдейлендіру рәсімінен өткен және ветеринариялық құжаттары бар, аумақтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден әкелінген жануарларды союға қабылдау жөніндегі талапты сақтау

Өрескел

94.

Бөгде адамдар мен қаңғыбас жануарлардың өндіріс объектілерінің аумағына бақылаусыз кіруін болдырмайтын, тұтас қоршаудың болуы

Елеулі

95.

Өндіріс объектілерінің аумағында мыналардың:
1) шикізатты, дайын өнім мен қалдықтарды тасу жолдарының;
2) ветеринариялық қарап тексеруден кейін сою алдындағы ұстауға жіберілетін сау жануарларды тасу жолдарының санитариялық блокқа жіберілген ауру немесе ауру бойынша күдікті жануарлардың орын ауыстыруы;
3) дайын азық-түлік өнімдерін тасымалдау жолдарының жануарлармен, көңмен, өндіріс қалдықтарымен қиылыспай тасымалдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылыстар мен құрылғыларды орналастыру

Елеулі

96.

Объектінің аумағына кіреберісте (шығаберісте) көліктің қозғалмалы бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы тосқауылдың болуы

Елеулі

97.

Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілері (сою алаңынан қоспағанда) тиісінше жарақталуы:
1) стационарлық дезинфекциялық жуу пунктімен немесе жануарларды союға әкелетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған алаңдармен немесе автокөлікке арналған дезинфекциялаушы тосқауылмен;
2) ветеринар мамандар үшін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылауға және ветеринариялық-санитариялық сараптауға арналған жабдықтары бар үй-жайлармен;
3) жануарларды орналастыруға арналған орындармен, жануарларды ветеринариялық қарап тексеруге арналған өткелектермен;
4) санитариялық қасапханамен (кәдімгі өндірістік цехтардағыдай, бірақ мөлшері едәуір шағын, ет пен субөнімдерді стерильдеуге арналған бөлімшесі бар үй-жаймен) немесе ауру немесе әлсіз жануарларды оқшаулап өңдеуге арналған санитариялық камерамен (ғимарат ішінде орналасқан бөлек үй-жаймен);
5) карантинге арналған үй-жайлармен (байқау және қажет болған жағдайда диагностикалық зерттеу мақсатында жануарлар басқа жануарлармен араластырылмай (тікелей немесе жанама) оқшау ұсталатын орындарымен) және оқшаулағышпен (ауру жануарларды орналастыру үшін мал сою объектісінің аумағында оқшауланған үй-жаймен);
6) ет пен сойылған өнімдер өңделгенге дейін олардың уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерамен;
7) сарқынды суды жинауға арналған бетондалған шұңқырмен (септикпен) және зарарсыздандыруға арналған құрылыстармен;
8) жануарларды союдың алдында ұстауға арналған ғимараттармен (қалқалармен) (сойылатын жануарларды қабылдау, орналастыру, ветеринариялық тексеру, сұрыптау және сойылатын жануарларды тынықтыру үшін жануарларды сою объектісінің аумағындағы оңашаланған үй-жаймен (алаңмен));
9) тұрмыстық үй-жайлармен және киімді санитариялық өңдеуге арналған дезинфекциялау камерасымен;
10) көң мен қан-жынды жинауға және уақытша сақтауға арналған алаңмен;
11) жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелермен немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасымен жарақталады

Елеулі

98.

Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыштан қи, төсем мен жемшөп қалдықтарын жинау және жиып қою үшін санитариялық блоктың бетондалған учаскесінде орналасқан, жануарларды сою объектісінің өндірістік қуаты ескеріле отырып, кемінде алты тәулікке есептелген жинақтау алаңқайының болуы

Елеулі

99.

Қан-жынды жинау үшін бетондалған алаңқайға орналастырылатын, қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстардың (контейнерлердің) болуы

Елеулі

100.

Кәдеге жаратылуға немесе жануарларды сою объектісінен тыс жерде жойылуға тиіс өлекселер, қи, қалған-құтқан төсеніш, жемшөптер, қалдықтарды апаратын жабулы шанағы бар автокөліктің болуы

Елеулі

101.

Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар мен ашық қораларда қатты жабының болуы

Елеулі

102.

Еттің ластануын болдырмау үшін технологиялық операциялардың кеңістікте және уақыт жағынан бөлінуі:
1) естен тандыру және қанын ағызу;
2) шошқаға қатысты: қайнаған сумен күйдіру, қылшықтан тазарту, қыру және үйіту;
3) ішегін ақтару (сойылған жануардың ұшасын мүшелеген кезде іш және көкірек қуыстарынан ішкі органдарды шығару) және кейіннен мүшелеу;
4) тазартылған қарын мен ішектерді өңдеу;
5) союдың басқа жанама өнімдерін өңдеу және жуу, атап айтқанда, сою желісінде жүргізілмеген болса, бастың терісін сыпыру;
6) союдың жанама өнімдерін буып-түю;
7) етті тиеп жөнелту

Елеулі



103.

Барлық өндірістік үй-жайларға кіреберісте толық гигиеналық өңдеу модульдердің болуы

Елеулі

104.

Жануарларды сою объектісінде ұсақ мүкәммалға (пышақ, мусаттар және басқаларына) арналған стерилизаторлардың болуы

Елеулі

105.

Неғұрлым ірі мүкәммалды, айналым ыдыстары мен көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін жуу машиналары пайдаланылады немесе дезинфекциялаушы ерітіндімен, ыстық және суық сумен жабдықталған үй-жайлардың болуы

Елеулі

106.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілетін жерлерде ветеринариялық конфискаттарды жинауға арналған бөгде адамдардың санкциясыз қол жеткізуіне жол берілмейтін, басқа жабдықтан түсі өзгеше және олардың мақсаты туралы жазуы бар контейнерлердің болуы

Елеулі

107.

Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектісінде (сою алаңында) тиісті жабдықтардың болуы:
1) жануарларды сою алдында ұстау және қарап тексеру мақсатында жануарларды орналастыруға арналған қаша (алаңқай), сондай-ақ жануарларды сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып, экскременттерге арналған арнайы жабдықталған орын;
2) жануарларды сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып:
оңай жуылатын және дезинфекцияланатын, су ағызуды жеңілдететіндей түрде бейімделген, жабынның астынан су бұратын ормен және арықтармен әрі сарқынды суды жинау және зарарсыздандыру үшін бетондалған шұңқырмен (септикпен) жабдықталған су өткізбейтін еден жабынымен;
тегіс, оңай жуылатын материалдармен қапталған немесе 3 м биіктікке дейін боялған, бұрыштары мен шығып тұрған жерлері дөңгелектелген қабырғамен;
желдетумен және жылытумен;
түсті бұрмаламайтын табиғи немесе жасанды жарықтандырумен;
қанын ағызуды, терісін сыпыруды, ішкі органдарды шығаруды және ұшалар мен ішкі органдарды сойылғаннан кейін қарап тексеру жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ұшаны іліп қоюға арналған, ұшалардың еденге, қабырғаға, технологиялық жабдыққа тиюін болғызбайтын құралмен;
пышақтарды (кемінде екі), ілгектерді, құралдарды (фонендоскоп, термометр, плесиметр, бюкс) зарарсыздандыруға арналған стерилизатор, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялағыш құралдары бар кеспек, арнайы киім бар ветеринар дәрігерге арналған орнынмен;
сарқынды суды жинау және зарарсыздандыруға арналған жабық шұңқырмен (септикпен);
асқазан мен ішектерді босатуға және тазартуға бейімделген орынмен;
ілмекті жолдардың астынан ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде қан жинауға арналған тұғырлықтармен;
персоналға арналған қолжуғышпен, бір реттік қол орамалмен (қол жууға арналған дезерітінділермен);
тот баспайтын материалдардан жасалған, оңай тазартылатын және дезинфекцияланатын құралдармен және жұмыс жабдығымен, ветеринариялық конфискаттарға арналған контейнермен жасақталуға тиіс бауыздауға арналған үй-жай болуға тиіс

Елеулі

108.

Сою объектісінің аумағынан тыс жерде қи мен сығылған қан-жынды биотермиялық зарарсыздандыруға арналған арнайы бөлінген алаңда бетондалған алаңқайдың болуы

Болмашы

109.

Ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде ілгекті жолдардың астынан техникалық қанды жинау үшін оңай жуылатын және дезинфекцияланатын материалдармен қапталған және қанның траптарға ағуы үшін еңістелген тұғырлықтар немесе қанның ағызу үшін астаушаның болуы

Болмашы

110.

Жануарларды бауыздау мен терісін сыпыру аймақтары мүшелеу және ішкі органдарды өңдеу аймағынан биіктігі кемінде 2 м қалқаның болуы

Болмашы

111.

Шошқаларды сойған кезде күйдіру, қылшығын алу, тазарту және үйіту үшін сойылған жерден кемінде 5 м ашық кеңістікпен бөлінген немесе биіктігі кемінде 3 м қалқамен қоршалған арнаулы орынның болуы

Болмашы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет