Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының


Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті банктердің саны



бет7/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.46 Mb.
#22140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті банктердің саны – объективті тексерулердің жалпы санының 10% кем емес

Іс-шара: Уәкілетті банктерге тексеру ұйымдастыру (селективтік жоспарлау, жүргізу, тексеру нәтижелері бойынша актілерді ресімдеу) (жыл сайын)

2012 жылы уәкілетті банктерге қызметтері Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәніне қарай 10 тексеру (уәкілетті банктер бойынша – жоспарланған тексерулердің 25%, уәкілетті банктердің жалпы санының 10% кем емес) жүргізілді.


Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны – тексеру объектілерінің жалпы санының 30% кем емес

Іс-шара: Уәкілетті ұйымдарға тексеру ұйымдастыру (селективтік жоспарлау, жүргізу, тексеру нәтижелері бойынша актілерді ресімдеу) (жыл сайын)

2012 жылы Ұлттық Банк лицензиясының негізінде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға қызметтері Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес келу мәніне қарай 240 тексеру (уәкілетті ұйымдар бойынша – жоспарланған тексерулердің 39%, уәкілетті ұйымдардың жалпы санының 30% кем емес) жүргізілді.


2.1.3-міндет. Валюталық заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында халықтың және бизнес-қоғамдастықтың Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы хабардар болуын одан әрі, оның ішінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы арттыру.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сөз сөйлеу – БАҚ-та 5 жарияланым және сөз сөйлеу
Іс-шара: БАҚ-та жариялау және сөз сөйлеу үшін ақпарат әзірлеу

2012 жылға жоспарланған БАҚ-та жариялау және сөз сөйлеу шараларына қол жеткізілді.

2012 жылғы ақпанда «Деловой Казахстан» журналында және «Казахстанская правда» газетінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер тақырыбына 2 мақала жарияланды. 2012 жылғы 5 маусымда «Казахстанская правда» газетінде «В русле политики сокращения административных барьеров» атты мақала жарияланды. 6 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде «Әкімшілік кедергілерді қысқарту саясатының шегінде» атты мақала мемлекеттік тілде жарияланды. 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Деловой Казахстан» гезетінде «Нарық сұраныс пен ұсыныс заңына бағынады» тақырыбына мақала жарияланды.
Валюталық заңнаманың мәселелері бойынша семинарлардың саны (2 семинар)
Іс-шара: Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары, жүзеге асыру жөніндегі шаралар және талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндірме науқанын жүргізу шеңберінде семинарлар ұйымдастыру

Іс-шара 5 айдың нәтижелері бойынша орындалды:

1) 2012 жылғы 24-25 мамырда Ұлттық Банк қызметкерлері екінші деңгейдегі банктердің өкілдеріне арналған «Жаңа жағдайдағы экспорттық-импорттық валюталық бақылау» тақырыбына семинар өткізілді;

2) 2012 жылғы 31 мамырда «Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың жекелеген мәселелері: өзгерістерге қысқаша шолу, келісімшартты есептік тіркеу тәртібі» тақырыбында Ұлттық Банк аумақтық филиалдарының валюталық операцияларын бақылау бөлімдерінің қызметкерлеріне арналып қашықтықтан семинар өткізілді.

Қосымша 3 семинар және 1 вебинар өткізілді:

1) 2012 жылғы 18 маусымда «Жаңа жағдайдағы экспорттық-импорттық валюталық бақылау» тақырыбына «Ситибанк Қазақстан» АҚ клиенттері үшін семинар өткізді;

2) 2012 жылғы 27 шілдеде «Кеден Одағы аясында СЭҚ кедендік реттеу ерекшеліктері» семинары аясында Қазақстан компанияларына экспорттық-импорттық валюталық бақылау тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді;

3) 2012 жылғы 2 тамызда заңнамаға қабылданған түзетулерді ескере отырып, экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібі бойынша ҚРҰБ аумақтық филиалдары үшін вебинар өткізді;

4) 2012 жылғы 17-19 қазан аралығында «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері: 2012 жылы қабылданған өзгерістер» тақырыбында Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары үшін семинар өткізілді.

3-стратегиялық бағыт.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2012 жылы Ұлттық Банк Қазақстанның төлем жүйелерін одан әрі дамыту және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру саласында заңнамалық базаны жетілдіру жұмысын жалғастырды.

Бір жыл ішінде төлем жүйелері, ақша төлемдері мен аударымдары, корреспонденттік шоттарды ашу, Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеу мәселелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасының 14 қаулысы және Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің 3 қаулысы бекітілді.

2012 жылы Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің базасында жүйе қатысушысы қазақстандық банктер шығарған электрондық ақшаны пайдалану арқылы Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерге төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық ақша жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға ендірілді.

Жеке және заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшіру жөніндегі жоба шеңберінде 2012 жыл ішінде Ұлттық Банк дайындық іс-шараларын іске асыру бөлігінде төлем жүйелерінің барлық пайдаланушылары мен операторларының іс-әрекеттерін ұйымдастыру, үйлестіру және мониторинг жүргізу бойынша кешенді жұмыс жүргізді, төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған жүйесіне және төлем жүйелері операторларының бағдарламалық-техникалық кешеніне кешенді тестілеу жүргізілді.
Мақсатты индикатор: 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің кемінде 5% өсуіне қол жеткізді.

2012 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің көлемі елде 2010 жылмен салыстырғанда 5,5% (13,4 трлн. теңге) ұлғайып, 255,0 трлн. теңге (1 710,2 млрд. АҚШ долл.) болды. Оның ішінде, қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 170,7 трлн. теңге, Авангард Plat бөлшек төлемдер жүйесі арқылы – 15,7 млрд. теңге өткізілді. Жеке және заңды тұлғалар халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 248,2 млрд. теңге өткізді. Қазақстандық банктерге және оның клиенттеріне Қазақстан банктері арасында теңгемен ашылған корреспонденттік шоттар арқылы елдің аумағына - 1,4 трлн. теңге, банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы шетелге – 81,9 трлн. теңге жіберілді. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауар және қызмет көрсетуге 769,4 млрд. теңге сомаға қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізілді.


3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті11, кемінде 90%

2012 жылғы Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,989%, Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,998% болды, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.


Қазақстанның төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару

2012 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару:

1) 2012 жылғы 26 наурызда сағат 21:21-де жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің резервтік серверлердегі жұмысы 2012 жылғы 30 наурызға дейін жүзеге асырылды, негізгі серверлерге кері аудару 2012 жылғы 30 наурызда 21:28 сағатта жүзеге асырылды;

2) 2012 жылғы 11 шілдеде 20:57 сағатта жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің резервтік серверлердегі жұмысы 2012 жылғы 18 шілдеге дейін жүзеге асырылды, негізгі серверлерге кері аудару 2012 жылғы 18 шілдеде 20:30 сағатта жүзеге асырылды.



Іс-шара: ҚБЕО төлем жүйелерінің (БААЖ және Банкаралық клирингі жүйесі) үздіксіз жұмыс істеуінің мониторингі және бақылау, іркілістер мен тұрып қалулар болған кезде жылдам жауап қату және техникалық проблемаларды жою

1. Төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті коэффициентінің белгіленген кемінде 90% мәнге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК тұрақты негізде төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің мониторингін, операциялық және техникалық тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырды.

2012 жылы БААЖ және БКЖ-да мынадай іркілістер байқалды:

1) 2012 жылғы 18 қаңтарда сағат 9:00-де технологиялық пайдаланушылар парольдерінің қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты БААЖ-ға келіп түсетін хабарламаларды жаңарту тоқтап қалды, жүйенің жұмысы сағат 9:11-де жаңартылды, БААЖ тоқтау уақыты 11 минутты құрады.

2) 2012 жылғы 2 шілдеде сағат 10:30-да пайдаланушылардың шлюздік терминалдарының қайталанатын хабарлама пакеттерін жіберу жағдайлары тіркелді. Жағымсыз салдарларды болдырмау үшін сағат 10:49-дан 10:54-ке дейін және 10:56-дан 10:59-ға дейін құжаттарды өңдеу тоқтатылды. БААЖ және БКЖ тоқтап тұру уақыты 8 минутты құрады.

2012 жылы БААЖ іркілісінің жалпы уақыты 19 минутты құрады, бұл жүйенің жалпы жұмыс уақытының 0,01%-ын алады, БКЖ 8 минутты құрайды, бұл жұмыстың жалпы жұмыс уақытының 0,002% болады. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін барлық іркіліс оқиғалары бойынша БААЖ мен БКЖ жұмысы уақтылы қалпына келтірілді.

2. Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) жүзеге асыру шеңберінде:

2.1) күн сайынғы негізде 108 Ережеге12 сәйкес БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы төлемдердің ағындары бойынша ақпаратты, ай сайынғы негізде 16 Ережеге13 сәйкес электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы жүзеге асырылған ақша төлемі мен аударымы жөніндегі мәліметтерді және 388 Ережеге14 сәйкес төлемдер мақсатының бірыңғай жіктеушінің кодтары бойынша төлемдер жөніндегі мәліметтерді жинау және өңдеу жүзеге асырылды;

2.2) күн сайынғы негізде БААЖ өтімділік және айналымдылық коэффициенттерін, Банкаралық клирингі жүйесінің айналымдылық коэффициентін есептеу жүргізілді;

1-сурет
БААЖ өтімділік коэффициентінің, БКЖ айналымдылық коэффициентінің орташа айлық мәндерінің

2012 жылғы өзгеру динамикасы

2.3) операциялық күн ішінде кезекте болған, пайдаланушы кері қайтарған, операциялық күн ішінде БААЖ-да орындалмаған төлемдер және олар болған кезде БКЖ жойылған төлем құжаттары бойынша ақпаратқа күн сайынғы негізде талдау жасалды.

2012 жылы жартыжылдықта БААЖ-дегі төлем құжаттарын орындамаудың немесе кері қайтарудың мынадай факторлары анықталды:

- 2012 жылғы 4 қаңтарда 1 төлем құжаты орындалған жоқ;

- 2012 жылғы 18 қаңтарда 44 төлем құжаты орындалған жоқ;

- 2012 жылғы 23 ақпанда 1 төлем құжаты кері қайтарылды;

- 2012 жылғы 15 мамырда 1 төлем құжатының қате жіберуіне байланысты кері қайтарылды;

- 2012 жылғы 23 мамырда 1 төлем құжаты кері қайтарылды;

- 2012 жылғы 10 тамызда төлем құжаты орындалған жоқ;

- 2012 жылғы 28 қарашада 1 төлем құжаты кері қайтарылды;

- 2012 жылғы 10 желтоқсанда 2 төлем құжаты кері қайтарылды;

- 2012 жылғы 13 желтоқсанда 1 төлем құжаты орындалған жоқ;

- 2012 жылғы 20 желтоқсанда 1 төлем құжаты орындалған жоқ.

БКЖ-да 2012 жылы төлем құжаттарын жоюдың мынадай фактілері анықталды:

- 2012 жылғы 22 қазанда 168 құжаттың күші жойылды.

БААЖ-да барлық кері қайтарылып алынған және орындалмаған төлем құжаттары (15.05.2012 жылғы қате жасалған төлемнен басқасы), сондай-ақ БКЖ-жа күші жойылған құжаттар қайтадан табысты өткізілді және есепке алынды.


3. «Ақша аударымдарының банкаралық жүйесіндегі және банкаралық клирингтегі айналымдар бойынша есептілік» MIS-12 Ұлттық Банк басшылығына ақпарат ұсынылды (2011 жылғы желтоқсан үшін 06.01.2012ж. № 29308/36Н, 2012 жылғы қаңтар үшін 08.02.2012ж. № 29307/322Н, 2012 жылғы ақпан үшін 06.03.2012ж. № 29307/603Н, 2012 жылғы наурыз үшін 09.04.2012ж. № 29307/822Н, 2012 жылғы сәуір үшін 10.05.2012ж. № 29307/1097Н, 2012 жылғы мамыр үшін 11.06.2012ж. № 29307/1372Н, 2012 жылғы маусым үшін 11.07.2012ж. № 29307/1598Н, 2012 жылғы шілде үшін 14.08.2012ж. № 29307/1933Н, 2012 жылғы тамыз үшін 10.09.2012ж. №29307/2152, 2012 жылғы қыркүйек үшін 08.10.2012ж. №29307/2376Н, 2012 жылғы қазан үшін 09.11.2012ж. №29307/2647Н, 2012 жылғы қараша үшін 10.12.2012ж. №29307/2917Н).
4. Ұлттық Банк нақты уақыт режиміндегі төлем жүйелерін пайдаланушылардың позицияларына тұрақты негізде мониторинг пен бақылау жүргізді. Тұтастай алғанда 2012 жылы БААЖ-да пайдаланушылардың өтімділігінің орташа күндік көлемі 912,0 млрд. теңге (пайдаланушылардың айналымдарының орташа күндік сомасы кезінде = 674,0 млрд. теңге) болды, бұл жүйені пайдаланушылардың төлемдер жүргізу үшін өтімділікпен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді сипаттайды.
2-сурет

БААЖ-дағы пайдаланушылар өтімділігінің 2012 жылғы өзгеру динамикасы



5. Екінші деңгейдегі банктердің «ҚБЕО» РМК төлем жүйелерін пайдаланушының жұмыс орнына қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша Ұлттық Банк Төрағасы бекіткен 2011 жылғы 24 қарашадағы 2012 жылғы І тоқсанда тексеру жүргізу жоспары негізінде төлем жүйелерін пайдаланушыларға мынадай тексеру жүргізілді:

1) «Еуразия даму банкі» АҚ-ға 2012 жылғы 12-25 қаңтар аралығында (Тексеру тағайындау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 4 акті, Тексеру нәтижелері туралы 2012 жылғы 25 қаңтардағы акті);

2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға 2012 жылғы 6-24 ақпан аралығында (Тексеру тағайындау туралы 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 9 акті, Тексеру нәтижелері туралы 2012 жылғы 24 ақпандағы акті);

3) «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ға 2012 жылғы 6-27 наурыз аралығында (Тексеру тағайындау туралы 2012 жылғы 28 ақпандағы № 13 акті, Тексеру нәтижелері туралы 2012 жылғы 27 наурыздағы акті).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің тексерушілер тобының құрамында 2012 жылғы І жартыжылдықта «ҚБЕО» РМК төлем жүйелеріне енуді ұйымдастыру бөлігінде мына банктерге тексеру жүргізілді:

1) «АТФ Банк» АҚ-ға 04.04.2012ж. 08.06.2012ж. дейін (Тексеру жүргізуге арналған 04.04.2012ж. №665/101/22 Тапсырма негізінде);

2) «Punjab National»-Казахстан» еншілес банкі» АҚ-ға 04.04.2012ж. 11.05.2012ж. дейін (Тексеру жүргізуге арналған 04.04.2012ж. №665/101/23 Тапсырма негізінде);

3) «Kaspi Bank» АҚ-ға 14.05.2012ж. 12.06.2012ж. дейін (Тексеру жүргізуге арналған 04.05.2012ж. №665/101/39 Тапсырма негізінде);

4) «Цеснабанк» АҚ-ға 18.06.2012ж. 22.06.2012ж. дейін (Тексеру жүргізуге арналған 15.06.12ж. № 665/201/48 Тапсырма негізінде);

5) «Темiрбанк» АҚ-ға 10.09.2012ж. 08.11.2012 жылға дейін (Тексеру жүргізуге арналған 10.09.2012ж. № 665/101/73 Тапсырма негізінде).

Сондай-ақ, «ҚБЕО» РМК төлем жүйелеріне қолжеткізуді ұйымдастыру бөлігінде мына жоспардан тыс тексеру жүргізілді:

- «Kaspi Bank» АҚ-ға 23.10.2012ж. 23.11.2012ж. дейінгі кезеңде (Тексеру тағайындау туралы 2012 жылғы 23 қазандағы № 46 акті, Тексеру нәтижелері туралы 2012 жылғы 23 қарашадағы акті);

- «Сенімбанк» АҚ-ға 26.11.2012ж. 25.12.2012ж. дейінгі аралықта (Тексеру тағайындау туралы 2012 жылғы 20 қарашадағы № 47 акті, Тексеру нәтижелері туралы 2012 жылғы 25 желтоқсандағы акті).


Іс-шара: Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу.

Ұлттық Банк Төлем жүйелерінің жұмыс істеу мүмкіншіліктері коэффициенттерінің мәні ай сайын есептеді (3-суретті қараңыз). 2012 жылы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,989%, БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,998% болды.


3-сурет


Төлем жүйелерінің 2012 жылғы жұмыс істеу қабілеті коэффициенттерінің өзгеру динамикасы


Іс-шара. «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу

Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жұмысы:

1) 2012 жылғы 26 наурызда сағат 21:21-де жүзеге асырылды, негізгі серверге қайтадан кері көшіру 2012 жылғы 30 наурызда сағат 21:28-де жүргізілді.

2) 2012 жылғы 11 шілдеде сағат 20:57-де жүзеге асырылды, негізгі серверге қайтадан кері көшіру 2012 жылғы 28 шілдеде сағат 20:30-да жүргізілді.

Көшіру кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтау жұмысында проблемалар болған жоқ.

4-стратегиялық бағыт.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) жарияланған ақпаратына сәйкес 2012-2013 жылдары Қазақстан «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші бойынша дүние жүзінде 11 позицияға көтеріліп, 120 орынды (мақсат – 129) иеленді. Осы көрсеткіш деңгейі 3,9 болған өткен кезеңмен салыстырғанда ұлғайып, 4,3 болды. Осылайша, мақсатты индикаторға толық қол жеткізілді.


Мақсатты индикатор: Әкімшілік кедергілерді төмендету (2011 жылмен салыстырғанда 30%)

4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімділігін қолдау
Кредит нарығының параметрлерін зерделеуді жариялау

Банктердің «Кредиттік нарық өлшемдерінің жай-күйі және болжамы» зерттеу банктер ұсынған ақпаратты талқылай отырып, сауалнама және банктің жауапты қызметкерлерінен сұхбат алу нысанында өткізілді. 2012 жылдың қорытындылары бойынша 4 зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері Ұлттық Банк басшылығына ұсынылды және Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланды (қаңтар, сәуір, шілде, қазан). Осылайша, тоқсан сайын зерттеу жүргізу міндеті орындау мерзімдеріне сәйкес орындалды.

Банктердің кредит нарығының сапалы өлшемдері туралы тексеруге сәйкес 2012 жыл ішінде корпоративтік сектор мен жеке тұлғалардың тарапынан кредит ресурстарына деген сұраныс жоғары деңгейде сақталды. Бұл ретте корпоративтік сектор тарапынан сұраныс көбіне жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдауға бағытталған. Қаржы емес ұйымдар тарапынан анағұрлым көп сұраныс экономиканың мына салаларында байқалды: сауда және жөндеу, құрылыс, өңдеуші өнеркәсіп, өндіріс және электроэнергияны, газды және суды бөлу. Жеке тұлғалар тарапынан тұтыну кредиттеріне сұраныстың өсуі экономикалық жағдайдың жақсаруы, кредит алуға өтінімді қарау мерзімінің қысқаруы және банктердің кредит саясатын кейбір жұмсартуы нәтижесінде халықтың төлем қабілеттілігінің қалпына келуімен түсіндіріледі. Оған қоса, несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту жөнінде қабылдаған шараларына қарамастан төмен деңгейде қалып отыр.

Банктердің бағалауы бойынша кредиттеу саласындағы 2012 жылдың басты оң оқиғасы болып банктер арасында бәсекелестіктің елеулі өсуін атап өтуге болады, оның нәтижесінде кейбір құнның төмендеуі және кредитке қолжетімділіктің өсуі байқалды. Жалпы алғанда, банк секторында кредиттеудің өсуі нарықта қолжетімді өтімділіктің көлеміне, сондай-ақ оны қалыптастырудың болуы мүмкін көздеріне байланысты болады.



Қаржылық тұрақтылық туралы есепті жариялау

Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ресми жариялатын құжат болып табылады, онда Қазақстан қаржы жүйесінің барлық тәуекелдері (әлеуметті және сол сияқты басталған), сондай-ақ мемлекеттің елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралары толық көлемде ашылған. Есепті жариялау Қазақстан экономикасы мен қаржы жағдайы туралы ақпаратқа еркін кіруді болжайды, бұл қоғамның (оның ішінде халықаралық) Қазақстанның қаржы өкіметінің қызметіне деген сенімін арттыруға жәрдемдеседі.

2012 жылғы Қаржылық тұрақтылық туралы есеп Ұлттық Банк сайтында 2013 жылғы қаңтарда жарияланды. Ақпаратты жария ету және қаржылық тұрақтылықтың тәуекелдерін бағалау бойынша қосымша жұмыстарды жүргізуге байланысты. Жарияланымды кешіктірудің маңызды сипаты жоқ.

Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны – 0

2012 жылы жүйе құраушы қаржы институттары сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.


Банк секторына стресс-тест жүргізу – кемінде жылына 1 рет

2012 жылы Комитет 5 стресс тестілеу жүргізді. Атап айтқанда:

2012 жылғы ақпанда 01.01.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс тестілеу өткізілді (сценарийлер – валютаның айырбастау бағамын төмендету, жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі, Қазақстан экономикасының негізгі салалары бойынша несие портфелі сапасының нашарлауы). Стресс тестілеу сценарийлері мен нәтижелері, күтпеген оқиғалар туындаған жағдайда ЕДБ іс-әрекеттерінің жоспары қаралып, талданды

2012 жылғы наурызда ХВҚ кеңесшілермен бірлесіп Қазақстан банк секторының кредиттік тәуекелін әртүрлі стресстік сценарийлерді пайдалана отырып стресс тестілеу үлгісін есептеу жүргізілді. Осы стресс тестілеу шеңберінде:

- әртүрлі стресстік сценарийлерді қолдану жолымен банктер мен банк жүйесінің бухгалтерлік балансы негізінде әзірленген ХВҚ ұсынған кредиттік тәуекелдің стресс тестілеу моделін ендіру және бейімдеу;

- кредиттік тәуекел мен макроэкономиканың өзара байланысын бағалау;

- екінші деңгейдегі банктердің макроэкономикалық стресс тестілеу моделінің нәтижелерін CAMELS-ге ендіру тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді.

2012 жылғы сәуірде 01.03.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарий – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) зейнетақы активтерін басқарушыны құру). Осы стресс – тест қаржы нарығына Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) зейнетақы активтерін басқарушыны құрудың ықпалын анықтау үшін жүргізілді.

2012 жылғы қыркүйекте 01.08.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарий – банктердің левереджін шектеу мақсатында меншік капиталының жеткіліктігі (1-1 коэффициентіне) есебіне шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелерді енгізу болжанады; шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің бас ұйымдарға, банк холдингіне ықпалы; тәуекелдің ең көп мөлшерінің бір қарыз алушыға (к3, к3") коэффицентін есептеу, мұнда тәуекелдің мөлшерінен ашық корреспонденттік шоттар түрінде бас банктерге, банк холдингіне, сондай-ақ банкпен үлестес заңды тұлғаларға қойылатын талаптар сомасынан 70% (болған кезде) мөлшерінде қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасы шегеріледі).

2012 жылғы желтоқсанда 01.11.2012ж. жағдай бойынша ҚР банк жүйесі бойынша сезімталдықты талдау көмегімен стресс-тестілеу өткізілді (сценарий – есепте ХҚЕС бойынша көрсеткіштерді пайдалана отырып меншік капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін есептеу).

2012 жылдың қыркүйек және желтоқсан айында жүргізілген екінші деңгейдегі банктерді стресс –тестілеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу кезінде к1-1 жеткіліктілік коэффицентін есептеу, валюталық позицияны, сондай-ақ бір қарыз алушыға тәуекелдің ең көп мөлшері коээфициенттерін есептеу бөлігінде ескерілді.
Аймақтар бөлігін қоса алғанда, елдің кредит нарығының жай-күйі туралы мынадай бағыттар бойынша статистикалық ақпарат жариялау:

- кредиттеу объектілері

- қызмет түрлері

- халыққа ипотекалық кредит беру

- тұтынушылық кредиттеу

- шағын бизнес

( 2012 жылдың қорытындылары бойынша 24 жарияланым)

Ақпарат «Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінде» жарияланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет