5.1-мақсат. Банк секторын реттеудің банктердің қаржылық тұрақтылығының мазмұнды мониторингіне негізделген, тәуекелдерді бағалауға негізделген, дағдарыс жағдайларының алдын алуға мүмкіндік жасайтын жүйесін жетілдіру.
Мақсатты индикатор: Қазақстан Республикасының банк секторы бойынша қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген индексі – 2,9-дан артық емес
Бұл мақсатты индикатор бойынша коэффициент 2013 жылғы 1 қаңтарда 2,48 (қанағаттанарлық) құрады. 2012 жылдың басынан бергі кезеңде көрсеткіштің мәні жоспарланған деңгейден асып кеткен жоқ.
Мақсатты индикатор: Қазақстан Республикасының банк секторы бойынша Херфиндаль-Хиршман индексі (нарықтың шоғырлану дәрежесі) – 1 400-ден артық емес
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы бойынша Херфиндаль-Хиршман индексінің мәні 959,25 (қалыпты- шоғырландырылған) құрады. 2012 жылдың басынан бергі кезеңде көрсеткіштің мәні жоспарланған деңгейден асып кеткен жоқ.
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Заемдарды/кредиттерді алудың жеңілдігі/қиындығы» көрсеткіші
Ұлттық Банктің есепті кезеңде қабылдаған шаралар кешені Қазақстан Республикасының Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Заемдарды/кредиттерді алудың жеңілдігі/қиындығы» көрсеткіші бойынша позициясын жақсартуға ықпал етті, ол 10 позицияға немесе 120-шы орыннан 110-шы орынға көтерілді19.
Мақсатты индикатор: «Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингісіндегі «Кредиттерді алу» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясы
2012 жылы «Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингісіндегі «Кредиттерді алу» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясы 83 орын болды, бұл 2012 жылғы арналған Стратегиялық жоспарда айқындалған жоспарлы мақсатты индикаторға сәйкес келмейді. Мақсатты индикаторға қол жеткізбеуге мыналар себеп болды:
1) Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары кепілге салынған мүлікті жан-жақты ерекше сипаттауды көздейді, ал Дүниежүзілік банктің ұсынысы бойынша кепіл шартындағы міндеттемелерді белгілі бір сомамен емес, ең жоғарғы сомамен көрсету арқылы жалпы сипаттау мүмкіндігін, сондай-ақ келешекте меншікке түсетін мүлікке кепіл құқығын беру мүмкіндігін көздеу қажет;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында кепіл кредиторларының абсолютті артықшылығын және сауықтыру және борышкер банкротқа ұшыраған кезде олардың талаптарын автоматты түрде тоқтатудан босатуды көздейтін нормалардың болмауы.
Бірінші тармақ бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дүниежүзілік Банктің сарапшыларына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қолданыстағы нормалары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуі талап етіледі.
Екінші тармақ бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын әзірледі, олардың шеңберінде кепілді кредиторлар құқықтарының басымдығын белгілейтін нормалар көзделеді. Бұл заң жобалары Ұлттық Банкпен келісілді және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.
5.1.1-міндет. Банк секторындағы тәуекелдерді шектеу, ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру
Банктердің сыртқы міндеттемелерінің олардың міндеттемелерінің жиынтық мөлшеріндегі үлесі (30% көп емес)
ҚҚК деректеріне сәйкес 01.01.2013ж. жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің ҚР резидент еместері алдындағы міндеттемелерінің үлесі жиынтық міндеттемелердің 13,8 %-н құрады, бұл көрсеткіштің белгіленген мақсаттарына сәйкес келеді.
Іс-шара: ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тұрақты мониторингі және жетілдіру
Қойылған міндетке қол жеткізу мақсатында есепті кезеңде Ұлттық Банктің Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға және екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған мынадай қаулыларды әзірлеп, қабылдады:
1) «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 18 қаулысында шетел валютасында шығарылған борыштық бағалы қағаздардың коэффициентін есептен шығару мүмкіндігі көзделеді, сондай-ақ коэффициентті есептеу әдіснамасы мен есептерді ұқсыну мерзімдері нақтыланады. Пруденциалық нормативтер туралы нұсқаулыққа сәйкес банктердің ҚР резидент еместері алдындағы міндеттемелеріне капиталдандыру коэффициенті к9 есептеген кезде жиынтық сыртқы міндеттемелерге шетел валютасындағы борыштық бағалы қағаздар кіреді. Яғни теңгемен борыштық бағалы қағаздар жанама түрде банктің ішкі міндеттемелері болып танылады;
2) кредиттік бюроның банк кепілдігі және/немесе кепілдемесі туралы кредиттік есепті осы кредиттік есепті алушыларға ұсыну тәртібін, кредиттік есепті алу туралы сұраныстың мазмұнына талаптарды, сондай-ақ кредиттік есепте қандай ақпараттың болуын көздейтін «Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті ұсыну, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 36 қаулы;
3) «Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 37 қаулы банк конгломератымен байланысты тұлғалардың тізбесін айқындауға бағытталған;
4) банк конгломератының құрылымындағы байланысты заңды тұлғалар тобының қаражатын өзара инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді төмендету үшін қабылданған және банк конгломератының құрылымындағы байланысты тараптарға салымның лимитін (10% мөлшерінде) белгілейтін «Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулы;
5) екінші деңгейдегі банктердің өздеріне де, банк холдингтеріне де қайта ұйымдастыруға рұқсат беру рәсімін көздейтін «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 55 қаулы;
6) «Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 қаулы Тәуекелдерді барынша азайту туралы заңды іске асыру мақсатында әзірленді, оған сәйкес «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына банк холдингінің өз облигацияларымен және осы банк холдингі еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау тәртібін уәкілетті органның айқындау қажеттігі туралы түзетулер енгізілді;
7) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №65 қаулы;
8) банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін, сондай-ақ банк конгломератына қатысты ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін белгілейтін «Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларға ертерек ден қою шараларын және оларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №73 қаулы;
9) «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес-заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулы. Бұл қаулы екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығының айтарлықтай төмендететін ашық емес меншік құрылымы бар тұлғалардың «күмәнді» мақсаттарда жүргізетін операцияларының алдын алу мақсатында қабылданған болатын;
10) «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 81 қаулы. Бұл қаулы екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығының айтарлықтай төмендететін ашық емес меншік құрылымы бар тұлғалардың «күмәнді» мақсаттарда жүргізетін операцияларының алдын алу мақсатында қабылданған болатын;
11) «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулы банктер, банктердің еншілес ұйымдары немесе банк холдингі сатып алатын акцияларға (қатысу үлестеріне) талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің не банктің меншікті капиталының 50% аспайтын мөлшердегі заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілейді;
12) «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 қаулы бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алушы екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйымы қызметінің тәртібін, көрсетілген ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды басқаратын мерзімді белгілейді;
13) банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сондай-ақ ұйымдардың капиталына айтарлықтай қатысуға рұқсат беру және рұқсатты кері қайтарып алу тәртібін айқындайтын «Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйым құруға, иемденуге, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатын кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 қаулы;
14) «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндер және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулы;
15) «Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 қаулы банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйымына берген активтерін күмәнді және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді;
16) «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 100 қаулы бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістерге жатқызу тәртібін белгілейді;
17) ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру шеңберінде әзірленген «Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 қаулы;
18) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 134 қаулы;
19) «Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 136 қаулы;
20) «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулы;
21) «Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 138 қаулы;
22) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 қаулы. Көрсетілген қаулымен ҚРҰБ Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықтың күші жойылады. Бұл ретте осы Нұсқаулық белгілеген банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру талаптары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта пруденциалық норматив ретінде көрсетілетін болады;
23) екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, банктік емес ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдерін: 1-кезектегі көрсеткіштер бойынша 2012 жылғы 1 шілдеден бастап, 2-кезектегі көрсеткіштер бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап белгілеуді көздейтін «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулы;
24) орындалуы банкке банк капиталының сапалық құрамдас бөліктерін ұлғайтуға, стресстік жағдайлардың оның қызметіне теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін іс-шаралар жоспарын ұсына отырып, банктің қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн қосымша, айтарлықтай сапалы факторды белгілеуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының Ертерек ден қою шараларын және екiншi деңгейдегi банктiң, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына ықпал ететiн факторларды анықтау әдiстемесiн қолдану ережесiн бекiту туралы 2008 жылғы 28 қарашадағы № 200 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 175 қаулы;
25) екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасы эмитенттерінің ең төменгі рейтингілік бағасының болуы жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін облигацияларды 2013 жылғы 1 шілдеге дейін өткізу мүмкіндігін беруді көздейтін «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулы;
26) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 193 қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабына сәйкес әзірленген және банктердің қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайлары мен талаптарын белгілейді;
27) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген «Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №194 қаулы, оған сәйкес банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлға ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жария етеді;
28) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 212 қаулы;
29) «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамын құруды
мақұлдау туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 213 қаулы;
30) «Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 317 қаулы;
31) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 318 қаулы;
32) «Қамтамасыз етілмеген кредиттің (банкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы № 336 қаулы;
33) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 қаулы;
34) «Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын банктердің есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандары, мерзімдері және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 375 қаулы;
35) «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 380 қаулы;
36) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383 қаулы;
37) «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 384 қаулы;
38) «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулы.
ЕДБ пруденциалық реттеу, оның ішінде өтімділік тәуекелін, кредиттік және нарықтық тәуекелді, ЕДБ капиталдандырылуын көтеруді реттеу бөлігінде реттеу
2013 жылы орындалады деп жоспарланған.
ЕДБ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Іс-шара: ЕДБ-да тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 24.12.2012 ж. № 383 қаулысымен екінші деңгейдегі банктердің кепіл мүлкін өткізудің жиілігін оңтайландыру бөлігінде екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтарға бірқатар түзетулер енгізілді.
6-стратегиялық бағыт.
Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын
одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
6.1-мақсат. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіру және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамыту
Мақсатты индикатор: Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша біріктірілген қаржылық тұрақтылық индексінің мәні – 2,4 артық емес.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша біріктірілген қаржылық тұрақтылық индексінің мәні 1,81 (тұрақты) болды.
2012 жылдың басынан бастап көрсеткіштің мәні жоспарланған мөлшерден аспады.
6.1.1-міндет. Міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру және өмірді сақтандыру нарығын одан әрі дамыту
Міндетті сақтандыру жүйесі, оның ішінде сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесін оңтайландыру мәселесін қарау
орындалуы 2013 жылдан бастап жоспарланып отыр.
1-іс-шара. Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру нарығының басқа да қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізу және жетілдіру
Қойылған міндетке қол жеткізу шеңберінде 2012 жылы ішінде мынадай іс-шаралар өткізіліп, Ұлттық Басқармасының қаулылары қабылданды:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 30;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сондай-ақ сақтандыру холдингтеріне қайта ұйымдастырылуға рұқсат беру рәсімі көзделетін «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54,
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 128 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 63;
4) «Ертерек ден қою шараларын және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 66;
5) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 83;
6) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90;
7) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98, сатып алынатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;
8) сақтандыру тобында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды жетілдіруге бағытталған «Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99;
9) сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының қызметін реттейтін ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша шаралар шеңберінде әзірленген және қабылданған «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иемденуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, иемденуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129;
10) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 130;
11) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу тәртібін айқындайтын «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173;
13) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 198;
14) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы № 338;
15) «Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандары, мерзімдері және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №376;
16) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387
Достарыңызбен бөлісу: |