Ұлттық Банктің тұрақты даму үдерісін ұйымдастыру
Іс-шара. Ұлттық Банктің тұрақты даму стратегиясын әзірлеу;
2011-2012жж. ішінде мынадай жұмыстар жүргізілді:
1) тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық тәжірибе зерттелді;
2) ҚР ҰБ қызметінің негізгі бағыттарын және тиімді көрсеткіштерін орталық банктердің озық әлемдік практикасымен (Ұлттық Банк Төрағасының 13.12.2011ж. № 347 бұйрығы) салыстырып талдау жүргізу (benchmark analysis) жөнінде жұмыс тобы құрылды;
3) зерттелген халықаралық тәжірибе негізінде, сондай-ақ Жұмыс тобының жұмысы нәтижесі бойынша әзірленген Ұлттық Банктің тұрақты даму стратегиясының жобасы (бұдан әрі – Стратегия жобасы) Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшесіне және ведомстволарына келісу үшін жіберілді (ДТБД-нің 15.09.2011ж. №26012/758, 25.11.2011ж. №26012/1257, 26.11.2012ж. №26012/2787 хаттары);
Ұлттық Банктің ұйымдық құрылымындағы өзгерістерге, сондай-ақ Ұлттық Банктің тұрақты дамуы бағыттарының өзгерістеріне байланысты әзірленген Стратегиялық жобасын Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшесіне және ведомстволарына қосымша келісуге жіберілді (ДТБД-нің 11.01.2013ж. №26008/65 хаты).
Ұлттық Банктің тұрақты дамуы процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Іс-шара. Ұлттық Банктің жүйелерін дамыту және тұрақты дамудың қағидаттары мен өлшемдеріне сәйкес инновация және үздіксіз білім беру негізінде қызметкерлер арасында тиімді өзара іс-қимыл үлгілерін әзірлеу.
Ұлттық Банк жүйесін дамытудың және қызметкерлер арасындағы тиімді өзара іс-әрекет ету үлгісін инновациялық және үздіксіз білім беру базасында тұрақты дамудың принциптеріне және өлшемдеріне сәйкес әзірлеу.
Көрсетілген жұмыстар шеңберінде мынадай мәселелер зерттелді:
1) инновациялардың ерекшелігі және білім берудегі маңызды құрайтын педагогикалық инновациялар;
2) инновациялық процесті сипаттайтын критериальді кешен;
3) білім беру процесінде инновация түрлері;
4) Өзіне өзі білім беру үшін «Педагогикалық технологиялар»;
5) Интеграцияланған оқудағы технологиялар.
АҚ, Еуроодақтың және ТМД кейбір елдерінің білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу нәтижесінде талдамалық есеп дайындалды (21.12.2012 ж.).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес 2012-2014 жылдарға жоспарланған Ұлттық Банктің жүйелерін дамыту және тұрақты дамудың қағидаттары мен өлшемдеріне сәйкес инновация және үздіксіз білім беру негізінде қызметкерлер арасында тиімді өзара іс-қимыл үлгілерін әзірлеу. Осыған байланысты осы жұмыстар жалғасатын болады.
Іс-шара. Ұлттық Банк ресурстарын тиімді пайдалану үлгілерін әзірлеу.
Көрсетілген жұмыс шеңберінде АҚШ, Сингапур, Жапония, Ресей және Еуроодақтың кейбір ұйымдарының қызметінде ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша халықаралық тәжірибе зерделенді:
1) ұйымның ресурстарын стратегиялық басқару;
2) бизнес-процес үшін ресурстардың ерекшеліктері, түрлері мен рөлі;
3) ресурстар тарту принциптері, тәсілдері және шарттары;
4) ресурстарды басқарудың жүйесі және оның басымдылығы;
Халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелері бойынша талдамалық есеп дайындалды (21.12.2012 ж.).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес 2012-2014 жылдарға жоспарланған Ұлттық Банк ресурстарын тиімді пайдалану үлгілерін әзірлеу. Осыған байланысты осы жұмыстар жалғасатын болады.
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін дамыту
Іс-шара. Ұлттық Банктің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік сатып алуды көрсетуді оның қамтамасыз етуі.
Ұлттық Банктің автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметінің тізбесін қалыптастыру.
Лицензиялау бойынша Ұлттық Банктің 21 мемлекеттік қызметінен автоматтандыруға жататын тізбе қалыптастырылды және Ұлттық Банктің барлық мүдделі бөлімшелермен және ҚҚК-мен келісілді.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңына (77-1-бабы) өзгерістер енгізілуіне байланысты автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызмет тізбесі «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия, беру лицензияларды қайта ресімдеу, дубликаттарын беру» мемлекеттік қызметімен толықтырылды.
Ұлттық Банк мемлекеттік қызметін электрондық форматқа аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Мемлекеттік қызмет тізбесінің қалыптастырылуына қарай электрондық форматқа көшіруге жататын ҚРҰБ мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру/автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобалары (бұдан әрі - жоспар жобалары) ҚРҰБ ОА және ҚҚК мүдделі бөлімшелерімен келісіліп дайындалды, ККМ-не 01.06.2012 жылғы
№ 19011/978 хат арқылы келісуге жіберілді.
ККМ «ҰАТ» АҚ-ның талдаушыларымен іс-шаралар жоспарының жобаларын өңделгеннен кейін жоспар жобалары ҚРҰБ ОА және ҚҚК мүдделі бөлімшелерімен қайтадан өңделді.
Қазіргі уақытта бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халықтан қажет етілетін құжаттар санын қысқарту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына ҚР ҰБ қол қойды (25.12.2012ж.) және ККМ-нің ҰАТ» АҚ-на қол қоюға жіберілді.
Ұлттық Банк беретін лицензиялардың барлық түрі бойынша «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпарат жүйесін (бұдан әрі - бойынша «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) пайдалану.
Ұлттық Банктің орталық аппараты және аумақтық филиалдары беретін лицензияларға қатысты (банктер болып табылмайтын заңды тұлғаларға шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беру және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру).
2012 жылы ҚРҰБ-де ЕЛ МДБ АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін байланыс, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметті автоматтандыру үшін бақылау саласындағы БАМ функциялары мен өкілеттіктері ККМ-не берілуіне байланысты ККМ ҚРҰБ-не қайтарды (2012 жылғы 6 қаңтардағы №18106/60 хат арқылы). Оның үстіне «ККМ «ҰАТ» АҚ іске асыруы тиіс ЕЛ МДБ АЖ тестілеу, сондай-ақ пайдалану барысында анықталған ескертулер орын алды.
04.01.2012ж. бастап ҚРҰБ филиалдары уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияларды ЕЛ МДБ АЖ-де береді. 2012 жылғы 8 маусымда «Е-лицензиялау» МДБ АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды. Қазіргі уақытта көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша лицензияларды ҚРҰБ ЕЛ МДБ АЖ арқылы береді.
-
Ұлттық Банктің ҚҚК беретін лицензияларға қатысты.
2012 жылдың басында ҚҚК ЕЛМДБ АЖ-не қосылған болатын, ҚҚК лицензияларын электрондық форматта беруге көшу үшін техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етті. Пайдалану жүргізу кезінде ҚРҰБ ҚҚК Лицензиялау департаменті ҚҚК «ҰАТ» АҚ іске асырған ЕЛ МДБ АЖ-не ескертулер ұсынылды.
18 маусымда Актінің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ескерілгендерімен ҚР ҰБ ҚҚК-де «Е-лицензиялау» МДБ АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды.
2012 жылғы қазаннан ҚРҰБ ҚҚК лицензияларды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы беруге 100% көшті. ҚРҰБ ҚҚК ескертулер туындаған жағдайда ККМ «ҰАТ» АҚ-ның қызметкерлеріне хабарлайды және ескертулер жойылуына қарай тиісті Актіге қол қойылады.
ҚРҰБ 2012ж.07.12. № 19011/807 хатпен ҚР Көлік және коммуникация министрлігін барлық лицензияны 100% (о.і. ҚҚК) электрондық форматта беретінін хабарлады.
3 бөлім. Тәуекелдерді басқаруды талдау
Сыртқы тәуекелдер
Энерготасымалдаушыларға әлемдік бағаның төмендеуі
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар:
Экспорт түсімдерінің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігімен және төлем қабілетімен жағдайдың тұрақсыздануы.
1. Активтердің жоғары өтімділігін және инвестициялық кірістің өсуін қамтамасыз ететін Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резерв құралдарын тиімді басқару.
2. Дағдарысқа қарсы жедел жауап қату шараларын және оларды қолдану механизмдерін әзірлеу
Іс-шара:
2. АВА инвестициялық портфелінде валюталық әртараптандыру мақсатында бірінші жартыжылдықта еуроның үлесі гонконг және сингапур долларының, сондай-ақ дат кронасының пайдасына 7%-ға азайды (тиісінше 3%, 2% және 2%).
Ықтимал тәуекел. Қаржы тұрақтылығына қауіп
Тәуекелді басқару бойынша іс-шараларды қабылдамаған кездегі болуы мүмкін салдарлар.
Қаржы жүйесіндегі жүйелік дағдарыстың дамуы.
Тәуекелді басқару бойынша іс-шаралар
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және
№ 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел жауап қату жоспарының шараларын іске асыру.
2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру.
Тәуекелдерді нақты басқару
1. Тәуекел іске аспағандықтан, 2012 жылы шаралар қабылдау қажеттігі болған жоқ.
2. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңесінің 12 отырысы өткізілді, онда мынадай мәселелер қаралды:
1. 2012 ж. ақпанда (1 отырыс):
- зейнетақы жүйесін дамыту;
- қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы қызметінің нәтижелері;
- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ жұмыс істеуі;
- соттардың банктердің қатысуымен азаматтық істерді қараудың қалыптасқан практикасына байланысты проблемалар;
2. 2012 ж. сәуірде (2 отырыс):
- жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін валюталық тәуекел лимиті және екінші деңгейдегі банктер үшін биржадағы хеджирлеу;
- екінші деңгейдегі банктердің лизинг компанияларына – еншілес ұйымдарына қойылатын талаптар;
- бағалы қағаздар нарығын дамытудың маңызды мәселелері;
- зейнетақы жүйесін қолданыстағы реттеуді жетілдіру;
- салымшы/алушы қайтыс болған немесе ол Қазақстан Республикасынан тыс жерге ТТО кеткен жағдайда зейнетақы жинақтарын төлеу және ДЗЖ жабу бойынша шаралар қабылдауды ЖЗҚ-на міндеттейтін талаптарды әзірлеу;
- өмірді, оның ішінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-на және «Актуарлық статистикалық бюросы» ЖШС-не жарналарын сақтандыру бойынша компания қызметінің қаржылық үлгісін жасау;
- Қазақстан Республикасының банк секторы үшін бәсекелестік талаптарын теңдестіру.
3. 2012 жылғы мамырда (1-отырыс):
- екінші деңгейдегі банктер үшін бәсекелестік талаптарын теңдестіру және банктік секторды реттеудің болашағы.
4. 2012 жылғы шілдеде (2-отырыс):
- қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындаған кезде қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- Екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтері бойынша провизиялар қалыптастыру және активтерді жіктеу тұжырымдамасы. Капиталдың жеткіліктілігін анықтаған кезде провизияларды есепке алу;
- ҚР резиденті емес, тиісті рейтингі жоқ банктік холдингтердің қызметін шектеу;
- Сақтандыру омбудсманы институтын дамыту;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол жүру қағидаларына енгізетін өзгерістеріне байланысты көлік құралдары иелерін міндетті сақтандыру бойынша заңға өзгерістер енгізу;
- өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-на зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша жарналар есептеу және төлеу.
5. 2012 жылғы қазанда (1-отырыс):
- ЖЗҚ салымшыларының деректер базасын салымшылардың дара зейнетақы шоттарын «қайтыс болған», «ТТО кеткен» және «төлемдері жоқ» деген мәртебелерімен оңтайландыру арқылы маңызын арттыру мәселелері;
- қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамтамасыз етудің жүйелі мәселелері. Ұзақ мерзімді сипаттағы зейнетақы аннуитеттерімен қамтамасыз ету;
- қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін бағалау. Теңдестірілген жүйенің механизмі кәсіби аурулар бойынша шығындарды жабу.
6. 2012 жылғы қарашада (3-отырыс):
- зейнетақы жүйесін реформалау мәселелері;
- АҚШ-тың «Шетел шоттарын салықтық бақылау туралы» Заңын Қазақстан Республикасында қолдану;
- Базель III стандарттарын Реттеудің Қазақстан тәжірибесіне ендіру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талқылау;
- екінші деңгейдегі банктерді орта мерзімді облигацияларды шығару арқылы қорландыруды қамтамасыз ету;
7. 2012 жылғы желтоқсанда (2-отырыс):
- орта мерзімді облигациялар шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қорландыруды қамтамасыз ету (жалғастыру, талқылау);
- Қазақстан Республикасында ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығын реформалау мәселесі.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар:
Капиталдың тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қолданылатын жедел ден қою шаралары
Іс-шара:
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
Ішкі тәуекелдер
Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бойынша іс-әрекеттерінің үйлеспеуі
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар:
Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару тәуекелінің ұлғаюы
Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау
Іс-шара: Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар:
Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін.
Күнтізбелік тоқсанда 1 рет тексеріледі (әрбір тоқсанның 10-шы жұмыс күнінде). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелін толықтыру жүргізіледі
Іс-шара: Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар:
Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген өңірлерде қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы
Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақша жеткізу шараларын әзірлеу.
Іс-шара: Ұлттық Банктің жалпы резерв қорларында да (қоймасында), сондай-ақ аймақтық филиалдардың резервтік қорларында қолма-қол ақшаның жеткіліксіздігі кезінде ықтимал тәуекелдерді шараларды іске асыру және барынша азайту үшін Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 177 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банктің филиалдарында эмиссия-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті Ұлттық Банктің филиалдарының резервтік қорлары қалдықтарының ұсыныс жасалған қорын әзірледі және Төрағаның жетекшілік ететін орынбасары бекітті.
Ұлттық Банктің филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаға деген кез келген көзделмеген күрт ұлғайған қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражат шоғырланған. Осы іс-шаралар, бір жағынан аймақтарды қолма-қол ақшаға деген сұраныстың кез келген көзделмеген артуын арттыру үшін қаражаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында және екінші жағынан Ұлттық банктің резервтерін аймақтар бойынша бөліп жайғастыру. Соңғысы өз кезегінде түрлі ықтимал төтенше жағдайлар – су тасқыны, өрт, жер сілкінісі салдарынан бір жерде шоғырландырылған қолма-қол ақшаның жойылуының ықтимал тәуекелін төмендетеді.
Ұлттық Банк Басқармасы 2013 жылға ұлттық валюта банкноттары мен монеталары көлемін бекітті:
1) «2013 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын дайындау туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 29.10.2012 жылғы № 324 қаулысы;
2) «2013 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарын дайындау туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 248 қаулысы.
Кадрлардың тұрақтамау тәуекелі
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар:
Ұлттық Банк қызметі нәтижелігінің төмендеуі
Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің мақсаттарына, міндеттеріне және құндылықтарына адалдық қағидаттарымен, өз ісіне берілген және адал қызмет ететін, сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне қарсы тұратын жоғары нәтижелі, кәсіби жетілген, жауапты және этикасы жоғары қызметкерлерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қызметкерлерді іріктеу, жалпыға қолжетімді (қашықтан) оқыту жүйесін жетілдіру және біліктілік деңгейін арттыру.
Қызметкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында мынадай жұмыс жүргізілді:
1) «ҚРҰБ бос техникалық қызмет орындарына арналған конкурс шеңберінде тестілеу» міндеті үшін сатып алынған «AVELife TestGold Studio 2008» бағдарламалық қамтамасыз ету тестіленді;
2) ҚРҰБ-нің және оның ведомстволарының қызметшілермен лауазымға тағайындау және еңбек шартын тоқтату қағидалары ҚРҰБ Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 261 қаулысымен бекітілді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 қазанда 7996 нөмірімен тіркелді.
Іс-шара. Кәсіби мәнді сапаға ие жоғары құзыретті мамандардың және басшылардың үнемі тиімді шешімдер қабылдау қажеттілігі Ұлттық Банк алдында өз қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыру міндетін қойып отыр.
Ұлттық Банктің қызметкерлерін мына бағыттар бойынша оқыту жүргізілді: кәсіби қызметтің жекелеген бағыттар бойынша біліктілігін арттыру (оның ішінде қашықтан оқыту); басқарудың дағдыларын, көшбасшылық және стратегиялық ойлауды дамыту.
ҚРҰБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының шегінде, ҚРҰБ базасында және шетелде семинарларда (курстарда, тренингтерде) және тағлымдамаларда оқыды. Шетелде оқыту ХВҚ, ОВИ, Франция, Германия, Чехия, Австрия, Нидерланд, Польша сияқты және басқа да халықаралық ұйымдар базасында және шетелдік орталық банктерінде оқыды. ҚРҰБ филиалдарының қызметкерлері үшін қашықтан оқытудың 4 вебинарын өткізілді. Сондай-ақ ҚРҰБ қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізетін 4 қашықтан оқыту семинарында оқыды.
ҚРҰБ орталық аппаратының және ведомстволарының басшылары мен қызметкерлері үшін Дойче Бундесбанктің ислам банкингі мәселелер бойынша өкілдерін, SESRIC желісі бойынша ынтымақтастық шеңберінде Түркия Орталық Банкінің өкілдерін, SSgA компаниясының және Швейцария Ұлттық Банкінің өкілдерін тарта отырып семинарлар өткізді. Ұлттық Банктің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері жөнінде, құндылықтар және корпоративтік мәдениет мәселелері жөнінде, гендерлік теңдік мәселелері жөнінде оқыды.
Ұлттық Банкте тұрақты түрде оқу іс-шаралары өткізілді, олардың мақсаты Ұлттық Банктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тиімді шешім қабылдауға қабілетті Ұлттық Банктің қызметкерлерін мотивациялау және кәсіби дамыту.
Ұлттық Банкте кадрлардың тұрақтамауын төмендету және оны кәсіби дамыту мақсатында оқуға қажеттілікті айқындау, шетелдің орталық банктерінен және халықаралық ұйымдардан тәжірибелі лекторлар тарта отырып оқыту іс-шараларын өткізу жалғасатын болады, оқу процесі жетілдірілетін болады.
Стратегиялық жоспарды іске асырудың
қорытындылары туралы тұжырым
Жүргізілген талдау нәтижелері Ұлттық Банктің 2012 жылы Ұлттық Банктің Стратегиялық жоспарында көрсетілген Ұлттық Банк қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша барлық жоспарланған міндеттерінің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалғандығын растайды.
Ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банк қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша барлық жоспарланған міндеттерінің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне жету бойынша жұмыстарды одан әрі орындауды жалғастыру
-
Ұлттық Банктің
Төрағасы
|
Г. Марченко
|
Ескерту: қысқарған сөздердің талдамасы:
ААШЖ – автоматтандырылған ақпарат шағын жүйесі
ҚРПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ҚРҰБ ӘШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік-шаруашылық қызметі
ЕДБ – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері
T24 БАЖ – Т24 банктік ақпарат жүйесі
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
МДҚ АЖ – «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі
ҚРҰБ ҚБЕО – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы
ҚРҰБ ҚҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
АӨҚОДК – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҚРҰҚ – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
БААЖ – банкаралық ақша аудару жүйесі
БСБ РМК – Банктік сервис бюросы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
БКЖ – Системы межбанковского клиринга
ПКҚ – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ
Достарыңызбен бөлісу: |