Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының


ҚРПӘ-ге екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымға өткізген проблемалық активтерінің көлемі туралы ақпарат беру (ПКҚ және КАБҰ)



бет8/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.46 Mb.
#22140
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҚРПӘ-ге екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымға өткізген проблемалық активтерінің көлемі туралы ақпарат беру (ПКҚ және КАБҰ)

01.01.2013ж.15 жағдай бойынша банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі (5-санаттағы күмәнді қарыздар және үмітсіз) «БТА Банкі» АҚ-ын есептемегенде 24,9% құрады, 01.01.2012ж.16 бастап 1,9 тармаққа азайды («БТА Банкі» АҚ-ын есептегенде жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 35,7%-ды құрады). Бұл ретте жұмыс істемейтін қарыздар үлесінің төмендеуі банктердің несие портфелінің үдемелі өсуіне байланысты. Мәселен, 2012 жылы банктердің несие портфелі («БТА Банкі» АҚ-ын есептемегенде) 14,5%-ға өсті, ал жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі осындай кезеңде 6,4%-ға өсті. Банктер анағұрлым кредиттік белсенділікті бөлшек кредиттеу секторында көрсетті – 2012 жылы тұтыну қарыздарының көлемі 45,8% -ға өсті. Оған қоса, заңды тұлғаларға барлығы 7,9%-ға берілген қарыздардың ұлғаюына қарамастан олардың банк жүйесінің жиынтық несие портфелінің жалпы өсуіне үлесі («БТА Банкі» АҚ-ын қоспағанда) тиісінше тұтыну қарыздарының үлесімен тең келеді – 4,7% және 5,0% (1-кесте).


1-кесте

Кредиттеу субъектілері бойынша бөлінуде несие портфелі мен жұмыс істемейтін қарыздардың 2012 жылы пайыздық өзгеруі ( «БТА Банкі»АҚ есептемегенде), %





НП өсімі

НП өсіміне үлес

NPL өсімі

NPL өсіміне үлес

Банкаралық қарыздар

-7,5

-0,1

-73,2

-1,2

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар

7,9

4,7

9,8

6,0

Жеке тұлғаларға берілген қарыздар, оның ішінде

26,8

5,9

-3,0

-0,6

Тұтыну қарыздары

45,8

5,0

-11,2

-0,9

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар

23,6

3,9

11,4

2,2

ЖИЫНТЫҒЫ

14,5

14,5

6,4

6,4

ҚРҰБ банк секторының кредиттік портфелінің төмен сапасының проблемасын шешу үшін шаралар кешенін іске асырды, оған сәйкес: 1) проблемалық активтер «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на (бұдан әрі – ПКҚ) және/немесе бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарға (бұдан әрі – КАБҰ) берілуі мүмкін, сондай-ақ 2) қосымша салық міндеттемесінің туындауынсыз үмітсіз берешекті кешіру талаптары көзделген.


ПКҚ-мен жұмыс

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі - ПКҚ) өзінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде банктермен ынтымақтаса отырып пилоттық жобаны іске асырады, оның шеңберінде проблемалық кредиттерді беру (сатып алу) механизмін әзірлеу жүзеге асырылады.

Банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу жөніндегі пилоттық жоспар шеңберінде 2012 жылғы тамыз-қарашада ҚРҰБ ПКҚ-мен, екінші деңгейдегі банктермен және тәуелсіз бағалау ұйымдарының біреуімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің сатып алынатын проблемалық активтерін бағалау бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасқан болатын.

Қазіргі кезде тиісті шарттар екінші деңгейдегі үш банкпен жасалды және банктердің жекелеген проблемалық қарыздары бойынша талаптар құқығы сатып алынды. Бұл ретте, банктердің пікіртерімі бойынша белгіленген талаптарға17 сәйкес келетін, ПКҚ-ға тапсыруға барынша жақындастырылған проблемалық қарыздардың портфелі 49 млрд. теңгені құрайды.


КАБҰ құру

Активтерді ПКҚ-ға берумен қатар, банктер бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін (бұдан әрі - КАБҰ) құру мүмкіндігін алды. Осы механизмнің портфельді тазарту үшін ең жоғары әлеуеті бар, өйткені берілетін активтердің көлемі банктің меншікті капиталының 3 еселік мөлшеріне жетуі мүмкін.

Қазіргі кезде КАБҰ құруға 4 банк – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ рұқсат алды.

2013 жыл ішінде банктер 108 млрд. теңге сомасына проблемалық қарыздар бойынша («БТА банк» АҚ қоспағанда) талап ету құқықтарын КАБҰ-ға беруді жоспарлап отыр.


Басқа механизмдер

2012 жылдың аяғына дейін банктердің баланстарын тазарту опцияларының бірі ретінде үмітсіз берешекті кешіру тәртібін жеңілдететін арнайы механизмі ендірілді. Осы механизм шеңберінде кредиттер бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке ара қатынасының ең жоғары мөлшері және үмітсіз берешекті кешіру талаптары белгіленді. Бұл ретте кредит бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар салық кезеңінде провизиялар мөлшерлерін төмендетуден алынған кіріс деп танылмайды. Салық салудан босатқан кезде кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының ең жоғары мөлшері банктің несиелік портфелінің 10% аспауы тиіс.

Оған қоса, жақында Қазақстан Республикасының Парламенті 2013 жылдың соңына дейін үмітсіз берешекті кешіру бойынша нормалардың қолданысын ұзарту бөлігінде түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Бұл Заң Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.

Банктердің бағалауы бойынша келесі жыл ішінде кешірудің жалпы көлемі 35,3 млрд. теңге болуы мүмкін.

Сонымен қатар, банктердің баланстарын проблемалық кредиттерден тазарту және олардың ағымдағы қызметінің тиімділігін арттыратын факторларды ынталандыру арқылы отандық банктердің бәсекелестікке қабілеттілігі потенциалын күшейту мақсатында, ҚРҰБ әкімшілік сипаттағы тиісті шараларды қабылдауда.

Ертерек ден қою шаралары шегінде18 жұмыс істемейтін активтер үлесінің тікелей таргеттелетін деңгейін белгілеу (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап – несие портфелінің 20% астам емес және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15% астам емес) ҚРҰБ Басқармасы 2012 жылғы желтоқсанда қабылдаған осындай шаралардың бірі болып табылады. Осындай шара банктерді баланстарын жұмыс істемейтін активтерден тазарту бойынша белсенді іс-қимылдарға, оның ішінде жұмыс істемейтін активтерді ПКҚ және КАБҰ өткізу арқылы ынталандыруға бағытталған. Бұл отандық банктердің банк қызметі нарығындағы позицияларын нығайту үшін жағдайларды жасауға ықпал етуі тиіс.


«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту (2012 жылдың қорытындылары бойынша 10%)

Басқарманың 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 289 қаулысына сәйкес «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жарғылық капиталы 10% ұлғайтылды.



Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілді өтемақының мөлшері (5 миллион теңге)

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдікті өтеу мөлшері 5 миллион теңге деңгейінде сақталды.


4.1.2-міндет. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қаржы ұйымдарында қолдану тиімділігін қамтамасыз ету
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру бойынша әзірленген нормативтік құқықтық актілердің саны

Іс-шара. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі, сондай-ақ ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

Көрсетілген шараны іске асыру мақсатында 2012 жылы ҚРҰБ Басқармасының 9 қаулысы қабылданды:



  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 8 қаулысы;

  2. «Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысы;

  3. «Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 111 қаулысы;

  4. «Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау мерзімі және оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беру туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 қаулысы;

  5. «Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысы;

  6. «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп тану туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 271 қаулысы;

  7. «Бухгалтерлік есепті жүргізуді автоманттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысы;

  8. «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысы;

  9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 388 қаулысы.

Осылайша, 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсеткіштің нақты орындалуы жоспарланған жылдық көрсеткіштің 180%-ды құрайды (9 НҚА бекітілді).

Тікелей нәтижелердің жоспарлы көрсеткіштерінен ауытқу себептері:

Есепті кезеңде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 5.07.2012 жылғы №30-V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес келтіру үшін Ұлттық Банктің бірқатар қаулылары әзірленіп. қабылданды.


Қаржы ұйымдарына бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптардың сақталуына жүзеге асырылған тексерулер саны

Іс-шара. Қаржы ұйымдарын бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде ҚҚК қызметкерлерін тарта отырып тексеру арқылы жүзеге асыру;

Осы көрсеткішті іске асыру шеңберінде 2012 жылы 12 тексеру жүргізілді:

1) «БТА Банкі» АҚ «БТА Секьюритис» ЕҰ» АҚ (жоспарлы);

2) «Zurich Invest Management» АҚ (жоспарлы);

3) «Банк «Bank RBK» АҚ (жоспардан тыс; автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде);

4) «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ (жоспарлы);

5) «NOMAD FINANCE» АҚ (жоспарлы);

6) «Қазпочта» АҚ (жоспарлы);

7) «Punjab National»-Қазақстан» еншілес банкі» АҚ (жоспарлы);

8) «Эксимбанк Қазақстан» АҚ (жоспардан тыс; автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде);

9) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (жоспарлы);

10) «Банк «Bank RBK» АҚ жоспардан тыс; автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде);

11) «БТА Өмір» БТА Банкі өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» (жоспардан тыс);

12) «Kompetenz» СК» АҚ (жоспардан тыс).

Осылайша, жүргізілген тексерулер қорытындылары бойынша 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсеткіштің нақты орындалуы жоспарланған жылдық көрсеткіштің 100% құрайды (12 тексеру жүрігзілді).
Қаржы ұйымдарының, ҚҚК қызметкерлерін және ЖОО студенттерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру бойынша өткізілген семинарлар саны

Іс-шара. Қаржы ұйымдарының, ҚҚК қызметкерлерін және жоғары оқу орындарының студенттерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

2012 жылы 6 төмендегі оқыту іс-шаралары жүргізілді:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасында «Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп және есептілік» пәні бойынша оқыту (31 сағат);

2) халықаралық деңгейдегі «ХҚЕС қолданылуы: проблемалары, жетістіктері және перспективалары» деген тақырыптағы дөңгелек үстел;

3) қаржы ұйымдары үшін ХҚЕС жөніндегі кеңес өкілінің қатысуымен ХҚЕС мәселелері жөніндегі семинар;

4) ҚРҰБ ҚҚК Өңірлік өкілдері басқармасының қызметкерлері үшін семинар для (2 сағат);

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасында «Қаржылық есеп» пәні бойынша оқыту (177 сағат);

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және ҚРҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері үшін семинар.

Осылайша, 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсеткіштің нақты орындалуы жоспарланған жылдық көрсеткіштің 120% құрайды (6 семинар жүргізілді).
4.1.3-міндет. Банк жүйесінің өтімділігіне қолдау көрсету

Банктердің қайта қаржыландыру операциялары және берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдында өтелмеген міндеттемелерінің көлемі

Банктердің қайта қаржыландыру операциялары мен берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдындағы өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 4,86% құрады, оның 1,44% - KASE-дегі операциялар, 3,42% - екінші деңгейдегі банктер. Есепте «БТА Банкі» АҚ жеке лимитінің болуына байланысты оның меншікті капиталы мен берешегі есептелген жоқ.

Кері РЕПО операцияларын жүргізу және банктерге қайта қаржыландыру қарыздарын беру жеткілікті көлемде жүргізілді. Есепті кезеңде автоматты түрде жасалатын РЕПО операциялары арқылы KASE алаңында өтімділікті беру басталды.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері:

- ішкі міндеттемелер бойынша (2012 жылдың соңында 6% көп емес)

- өзге міндеттемелер бойынша (2012 жылдың соңында 8% көп емес)

2012 жылы ең төменгі резервтік талаптардың механизміне ең төменгі резервтік талаптардың өзін, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылдайтын екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінің құрылымын және резвервтік активтердің құрылымын айқындау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Резвервтік активтердің құрылымынан касса және шетел валютасындағы корреспонденттік шоттар алып тасталды. Банктердің міндеттемелерін қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары) міндеттемелерге әртараптандырудың қосымша критерийлері енгізілді.

Осылайша, 2012 жылы мынадай қаулылар қабылданды:


  1. Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 290 қаулысы.

  2. Ұлттық Банк Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 291 қаулысы.

2012 жылғы 13 қарашадан бастап ең төменгі резервтік талаптардың мынадай нормативтері белгіленді:

- банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелері үшін - 2,5 пайыз;

- банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін - 0 пайыз;

- банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелері үшін - 6,0 пайыз;

- банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін - 2,5 пайыз.
4.1.4-міндет. Қаржы ұйымдары қызметінің жағдайын жақсарту

Қадағаланатын субъектілерді жоспарлы тексеру санын қысқарту -(тексерумен қамтылған субъектілердің үлесі 15%)

2012 жылы ҚРҰБ Комитеті қаржы ұйымдарын 36 жоспарлы немесе қадағалауға жататын субъектілердің жалпы санының 1,4% тексеруді жүргізді:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 5.07.2012 жылғы №30-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілетін субъектілердің тізбесі кеңейтілді. Атап айтқанда, көрсетілген Заңға сәйкес Ұлттық Банк төмендегілерді: қаржы ұйымдарын, олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларды, Қазақстан Даму Банкін, бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, арнайы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, төлем жүйелерін пайдаланушыларды, сондай-ақ валюта операцияларын жүзеге асыратын тұлғаларды, уақытша әкімшілерді, банктердің тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын тексеруге уәкілетті.

Бұл жағдай 2012 жылы тексерумен қамтылған қадағалаудағы субъектілердің олардың жалпы көлемі үлесінен елеулі азаюына себепші болды.

Оған қоса, қадағалаудағы (тексерілетін) субъектілер санының ұлғаюы 2013 жылы және кейінгі жылдары инспекторлық тексерулер санын ұлғайту қажеттілігін туындатады.


Бизнесті тіркеуге және жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар алуға, аккредиттеуге; консультациялар алуға) байланысты операциялық шығыстарды азайту, уақыт пен шығындарды қоса алғанда

Іс-шара: Әкімшілік кедергілерді қысқарту бөлігінде заңнаманы жетілдіру.

1. 2012 жылғы 6 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 530-IV Заңы қабылданды, оған сәйкес:

- мәміле паспорты жойылды (келісімшарттардың есептік нөмірлерін беру рәсімі көзделген);

- құрылтай құжаттарын нотариатта куәландыру қажеттілігі жойылды, оның орнына құрылтай құжаттарының көшірмесі талап етіледі (нотариатта куәландырылған көшірмелер салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларды берген жағдайда қажет);

- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялағанда, айырбастау пункттерін тіркеген, валюталық операцияларды тіркеген және олар туралы хабарлаған кезде салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талабы жойылды.

2. 2012 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 30-V Заңы қабылданды, оған сәйкес:

1) рұқсат беру рәсімдерінің мына түрлері алып тасталды:

- өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру қағидаларын келісу;

- арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру;

- жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін уәкілетті органмен келісу;

- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының кәсіби қатысушыларын аккредиттеу;

- заңды тұлғаға өзін өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру;

- екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайлары дайындығының деңгейі туралы қорытындыны беру;

- бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытындыны беру.

2) рұқсат беру рәсімдерінің мына түрлері хабарлау тәртібіне аударылды:

- банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келісу;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келісу;

- жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келісу;

- қызметінің айырықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын келісу.

3. 2012 жылғы 24 ақпанда «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 42 қаулысы қабылданды, ол мәміле паспортын ресімдеу рәсімін сыртқы саудалық келісімшарттардың есептік тіркеу рәсіміне ауыстыру жолымен кедендік ресімдеуде талап етілетін құжаттар санын қысқарту салдарынан сыртқы саудалық қызметті жүзеге асырғанда әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған.

4. 2012 жылғы 28 сәуірде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 154 қаулысы қабылданды, ол тұтастай алғанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыру аясында валюталық реттеу мен бақылау рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

5. 2012 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілері және жинақтаушы зейнетақы қорлары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 195 қаулысы қабылданды, онда мыналар:

- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне кіргізудің жеңілдетілген рәсімін, сондай-ақ осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген рәсімін;

- исламдық бағалы қағаздарды биржаға жіберу бойынша талаптарды ырықтандыруды;

- шетелдік эмитенттердің жоғары дамыған төрт елдің немесе аудиторлық есебі Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын қор биржасын танитын аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін беру мүмкіндігі көзделеді.

2012 жылғы 4 шілдеде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 202 қаулысы қабылданды.

Лицензиаттарға (уәкілетті банктерге және уәкілетті ұйымдарға) және айырбастау пунктіне қойылатын талаптарды жеңілдету бөлігінде осы қаулыда мынадай өзгерістер көзделген:

- жарлықтың көшірмесіне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін беру қажеттілігі жойылды 12-тармақтың (2 тармақшасы), 14-тармақ);

- лицензиялаудың электронды қызметін көрсету көзделген («Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы) (14 және 21-1-тармақтар);

- қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу және сату туралы мәліметтері бар ақпараттық стендтің болуын құжаттамалық растау талабы жойылды (26-тармақ және 44-тармақ);

- кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жүргізуі бойынша арнайы дайындықтан өткенін растайтын құжаттарға қойылатын талаптары бар норманы әртүрлі түсіндіру жойылды (27-тармақ). 27-тармақтың жаңа редакциясында кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жүргізуі бойынша арнайы дайындықтан өткенін куәландыратын құжат болғанда, қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс жүргізуі бойынша кассир ретінде еңбек қызметін растайтын құжатты қоса беру талап етілмейді;

- қызметті лицензиялау және айырбастау пунктін тіркеу кезінде салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесін беру талабы жойылды (14 және 29-тармақтар);

- тиісті тұлғаны айырбастау пунктінің кассирі ретінде тағайындау туралы бұйрықты ресімдеуге қойылған бір мәнді емес талап алып тасталды (45-тармақтың 1) тармақшасы) 45-тармақтың 1) тармақшасы редакциясының бір мәнді болмауына байланысты шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаларға банкке кассир ретінде қандай да бір жеке тұлғаны қабылдау туралы бұйрықпен қоса қабылданған кассирді банктің айырбастау пунктінің кассирі ретінде тағайындау туралы қосымша бұйрықты шығару талап етілген болатын.

6. 2012 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының № 233 қаулысы қабылданды, ол:

- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ облигацияларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізудің жеңілдетілген рәсімін;

- исламдық бағалы қағаздарды биржаға жіберудің талаптарын ырықтандыруды;

- шетелдік эмитенттердің үлкен төрттіктің немесе аудиторлық есебін Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын шетелдік қор биржасы танитын аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін беру мүмкіндігін көздейді;

7. 2012 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» Ұлттық Банк Басқармасының №234 қаулысы қабылданды, оған сәйкес қолданыстағы заңнамадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (уәкілетті органның) мынадай мәселелер:

- өзін өзі реттейтін ұйым мәртебесін тағайындау;

- ҚРҰБ арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсат беруі;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ҚРҰБ алдын ала келісу бойынша рәсімдерді айқындау және нормативтік құқықтық актілерді шығаруға өкілеттіктерінің алып тасталуына байланысты 4 нормативтік құқықтық актісінің күші жойылды.

8. 2012 жылғы 24 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының №235 қаулысы қабылданды, ол:

- рұқсат ету құжаттарын беруді, сондай-ақ қаржы ұйымдарының қызметін лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талап етілетін құжаттардың тізбесін қысқартуға негіз болатын өзгерістерді енгізуді;

- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде ҚРҰБ аккредиттеу рәсімін алып тастауды көздейді.

9. 2012 жылғы 24 тамызда «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының № 250 қаулысы қабылданды, ол банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларының дайын екендігі туралы қорытынды беру тәртібінің күшін жойды.

10. 2012 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының № 297 қаулысы қабылданды. Ол қаулы қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және екінші санаттарына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін резиденттер ұйымдарының акцияларын, оларды «акциялар» секторының үшінші санатына енгізу шартымен шығаруға және (немесе) шет мемлекетінің аумағына орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу мүмкіндігін беру мақсатында әзірленді.

Осы түзетуді қабылдау әкімшілік кедергілерді төмендетеді және пәрменді дамып келе жатқан бизнесі бар орташа компанияларға шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды шығару арқылы шетелдік капиталды тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

11. 2012 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының № 298 қаулысы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен жасалған шартсыз трансфер-агенттің қызметін пайдалануға мүмкіндіктің болмауына байланысты заңнамалық кедергілерді жою мақсатында әзірленді және қабылданды.

12. 2012 жылғы 21 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының № 299 қаулысы қабылданды. № 189 қаулының нормалары мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін ашық сауда-саттық әдісімен жасасуға талаптарды белгілейді.

Сонымен бірге енгізілген түзетулер мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасасқан жағдайда оларды бастапқы орналастырған кезде жоғарыда көрсетілген талапқа ерекшеліктерді көздейді.

13. 2012 жылғы 29 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының № 332 қаулысы қабылданды.

Көрсетілген қаулымен IPO халықтық бағдарламасын іске асыру шеңберінде акцияларды ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығына шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялардың санына қатысты қор биржасының және АӨҚО арнайы сауда алаңының ресми тізімін «акциялар» секторының бірінші санатына қосу бойынша жекелеген талаптар көзделген. Атап айтқанда, еркін айналыстағы акциялар саны осы акциялармен сауда-саттықты ашқан күннен бастап бір жыл өткен соң орналастырылған акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды. Сондай-ақ көрсетілген ұйымдарға еркін айналыстағы акциялар санына акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларына тиесілі акциялар қосылмайтындығын белгілейтін талап қолданылмайды.



5-стратегиялық бағыт.

Банк секторының қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттігін арттыру, реттеу және қадағалау жүйесін жалпы әлемдік қадағалау стандарттарына жақындату

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет